35
функциясын іске асыруды қамтамасыз ететін міндеттер зерттеледі.Бұл
ретте басқару иерархиясы туралы айту орынды. Басқару иерархиясы
үш деңгейді белгілеуді көздейді:
1)
операциялық — ағымдағы міндеттерді шешу;
2)
ортаншы — басқару міндеттерін шешу;
3)
стратегиялық (жоғарғы) — ұзақ мерзімді жоспарлау
міндеттерін шешу.
Басқару пирамидасын талдау қосалқы жүйелерді жəне олар
алдында тұрған міндеттер тізбесін айқындауға мүмкіндік береді.
Жүйені тексеру үдерісінде жиналған ақпарат мəндік саланың
моделін жасауға мүмкіндік береді. бұл ретте осы жүйенің жұмыс
істеуі үшін маңызды оқиғалар тіркеледі жəне осы оқиғалардың
қатысушылары – ақпараттық мəндер белгіленеді.
Құжаттық ақпараттық жүйені əзірлеген кезде құжат айналымын
талдау үдерісінің маңызы зор. Құжат айналымын талдауоның
мынадай ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді:
•
құжаттар саны;
•
құжаттың деректерін қалыптастыру орны;
•
құжаттарды құрған
кезде олардың өзара байланысы;
•
құжаттың қозғалыс маршруты жəне уақыты;
•
осы құжатты пайдалану жəне
сақтау орны;
•
ішкі жəне
сыртқы ақпараттық байланыстар;
•
құжаттың белгілердегі ақпараттық көлемі.
Жүйенің белгіленген функцияларын қажетті, қалаулы, болжамды
жəне жоқ функциялар ретінде сыныптауға болады.
Ұйым қызметінің жалпыланған ақпараттық моделі «ҚАЗІРГІ
ҚАЛПЫ» қағидаты бойыншанемесе «НЕ БОЛУЫ ТИІС» қағидаты
бойынша құрылуы тиіс. Бірінші жағдайда ұйымдағы іс жүргізу
қағидалары есепке алынады, екінші модель ақпараттық жүйені
енгізгеннен кейін құжат айналымында қандай өзгерістер пайда
болатыны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Жобалауды орындаған кезде аралық нəтижелерді тестілеуді
орындайтын арнайы сарапшылар тобы бөлінеді. Тестілеу үдерісінде
қателердің қайталануын жібермеу мақсатында жүйені əзірлеу тарихын
қарап шығу үшін қателер репозиторийін
құру ұсынылады.
Үлгілі техникалық тапсырма. Оның мынадай бөлімдері бар
:
•
жалпы мəлімететр;
•
жүйенің толық атауы жəне
оның шартты белгісі;
•
жүйенің міндеті жəне оны құру немесе жаңғырту мақсаттары;
•
автоматтандырылатын қызмет түрі;
•
автоматтандырылатын объектілердің сипаттамасы;
•
жүйеге қойылатын
талаптар;
•
математикалық, ақпараттық, лингвистикалық, бағдарламалық,
36
техникалық, метрологиялық, ұйымдық, əдістемелік қамсыздандыруға
қойылатын талаптар;
•
жүйені құру жөніндегі жұмыстардың құрамы жəне мағынасы,
жұмыстардың кезеңдері
мен сатылары тізбесі;
•
жүйені бақылау жəне қабылдау тəртібі;
•
жүйені сынау түрлері, құрамы, көлемі жəне əдістері;
•
автоматтандыру объектісін жүйені іске қосуға дайындау жөніндегі
жұмыстардың құрамына жəне мағынасына қойылатын талаптар;
•
құжаттауға қойылатын талаптар, əзірлеуге жататын құжаттар
тізбесі;
•
олар негізінде техникалық тапсырма жəне жүйе əзірленетін
құжаттар жəне ақпараттық материалдар.
Біртұтас жүйеге қойылатын талаптар бес түрге бөлінеді:
1)
жүйенің құрылымына жəне жұмысына қойылатын талаптар —
қосалқы жүйелер тізбесі, иерархия деңгейлері, орталықтандыру дəрежесі,
ақпараттық алмасу əдістері, жұмыс істеу режимдері, қосалқы жүйелермен
жəне басқа жүйелермен өзара іс-қимыл, жаңғырту перспективалары;
2)
персоналға — пайдаланушылар саны, олардың біліктілігі, жұмыс
режимі;
3)
басқару үдерістерін жəне өлшемдердің мағыналарын өзгертуге
жүйеніңбейімделу дəрежесіне;
4)
сенімділікке,
қауіпсіздікке,
эргономикаға,
к
надежности,
безопасности, эргономике, мобильдікке;
5)
стандарттауға жəне бірегейлендіруге.
Бұдан басқа, қосалқы жүйелер-функцияларға қойылатын талаптар
мынадац түрде тұжырымдалады: автоматтандыруға жататын міндеттер
тізбесі; əр функцияны іске асыруға уақытша шектеулер; əр функцияны
іске асыру сапасына қойлатын талаптар; кіріс жəне шығыс ақпаратқа
қойылатын талаптар; бас тартулар тізбесі жəне оларды табу критерийлері.
Техникалық жоба. Техникалық тапсырма техникалық жобада
рəсімделеді. Техникалық жобаның мазмұны мынадай бөлімдерді
қамтиды:
•
жүйені əзірлеу үшін дəлелдеменің түсіндірме жазбасы;
•
əзірлеуші-ұйымдар тізбесі;
•
жүйенің функционалдық жəне
ұйымдық құрылымы;
•
міндеттерді қою жəне шешімдердің алгоритмі;
•
ақпараттық қорды ұйымдастыру (ақпараттың көздері жəне оны
беру əдістері);
•
құжаттар нысандарының альбомы;
•
матемактикалық қамсыздандыру жүйесі (математикалық
қамсыздандыру құрылымын, бағдарламалау жүйесін таңдауды
дəлелдеу);
•
стандарттық бағдарламалар тізбесі;
•
техникалық құралдар кешенін құру қағидаты, деректерді
өңдеудің технологиялық үдерісінің схемасын сипаттау жəне дəлелдеу;