Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53

53
есі  болғандықтан,  оларды  ойдағыдай  ұйымдастыру  үшін  төмендегідей  ге-
ографиялық-экологиялық  қағидаттар  сақталады.
Геожүйелердегі  жанды  жəне  жансыз  табиғат  ортасындағы  өзара 
экологиялық  тепе-теңдік  қағидатына  орай,  әрбір  табиғи  шекараланған 
аумақта  жанды  және  жансыз  табиғат  ортасында  тең  қарым-қатынас  бар, 
яғни  олар  бір-бірімен  белгілі  бір  табиғи  тепе-теңдікте  болады.  Бірақ  олар-
дың біреуі сыртқы әсердің салдарынан бұзылcа, ұзақ мерзімді тепе-теңдік-
ті  ізден  тайдырады.  Табиғаттағы  экологиялық  тепе-теңдік  өте  морт  бола-
ды,  ол  көп  жағдайларда  өсімдіктер  әлемінің  жұтаңдауына,  су  қалыбының 
бұзылуына  және  топырақ  қабатының  үгітілуіне  байланысты.
Экологиялық  тепе-теңдіктің  баяндылығы  геожүйелердің  қайсы  таксоно-
миялық  сатыдан  екендігіне  де  байланысты  болады.  Мысалы,  экологиялық 
тепе-теңдік  ландшафтарда  орынға  қатысты,  орындарда  аңғарға  қатысты, 
ал  аңғарларда  фацияға  қатысты  тұрақты  болып  саналады.
Адамның  еңбек  қызметінің  экологиялық  тұрғыдан  тазалық  қағидаты 
негізінде  өндіріс  үдерісінде  және  күнделікті  тұрмыста  пайда  болатын  түр-
лі  шығындыларды  қоқысқа  тастаудан  бұрын  оларды  тазалап,  бүтіндей  за-
рарсыздандыру  қажет.  Бұл  қағидаттың  практикаға  енгізілуі  экологиялық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету,  тұрғындардың  денсаулығын  нығайту,  ауру 
туғызатын  және  тарататын  көздерді  жою  секілді  экологиялық  проблема-
лардың  алдын  алуда  жоғары  тиімділік  көрсетеді.
Табиғи  ресурстарды  мөлшерге  сай  пайдалану  қағидаты    табиғи  ресурс-
тардың  белгілі  бір  мөлшерге  ие  екендігіне,  олардың  да  өзіндік  пайдалану 
мөлшері  бар  екендігіне  негізделеді.  Бұл  мөлшерге  мойынсұнбау  олардың 
жұтаңданып,  ластануына,  зат  және  энергия  алмасудың  бұзылуына  соқты-
рады.  Оның  салдарынан  геожүйелердің  экологиялық  тепе-теңдігі  бұзылып, 
өзгеріске  ұшырайды,  табиғи  ресурстарды  пайдалану  үдерісі  күрделенеді, 
жасанды  тапшылықтарға  себеп  болады.  Мысалы,  егіншілікте  суды  артық 
пайдалану  тауалды  және  жоғары  терраса  ландшафтарында  эрозия,  суф-
фозия,  карст,  сорылу  секілді  табиғи  географиялық  үдерістерді  шапшаңда-
тады  немесе  туындатады.  Ал  төменгі  террасалардағы  ландшафтарда  су 
тапшылығы,  батпақтану,  флора  мен  фаунаның  азаюы  сияқты  көптеген 
экологиялық,  экономикалық  және  әлеуметтік  ділгірліктерге  себеп  болады.
Ақпараттың  толықтығы  қағидаты.  Геожүйелердің  ерекшеліктері  мен 
дамуы туралы өте сенімді, ғылыми негізделген мәліметтерді білмей тұрып, 
оны  игеруге  ұрыну  себепсіз  зардаптарға  соқтыруы  ықтимал.  Геожүйелер 
жайында  анық  мәліметтерсіз  жүзеге  асырылған  шаралардың  салдарынан 


54
табиғатта  белгілі  бір  өзгерістер  орын  алады,  табиғаттың  кері  әсері  оған 
жасалған  әсердің  көлемінен  бірнеше  есе  асып  кетуі  де  ғажап  емес.  Мы-
салы,  Арал  және  Аралбойындағы  экологиялық,  әлеуметтік-экономикалық 
проблемалар  осыны  көрсетеді.
Алуан  түрліліктің  қажеттілігі  қағидаты.  Табиғатты  қорғау  және  та-
биғатты  пайдалану  шараларын  қолдану  кезінде  алуан  түрлі  тәсілдерге, 
әсіресе  биологиялық  алуан  түрлілікке,  негізінен  жергілікті  элементтер-
ге  айрықша  назар  аудару  керек.  Өйткені  өсімдіктер  эрозия,  сел,  көшкін 
тәріздес  үдерістердің  алдын  алуда  және  геожүйелердің  баяндылығын 
қамтамасыз  етуде  ең  маңызды  себепшарт  болып  саналады.  Əсіресе  антро-
погендік  ландшафтар  бір  түрлі  егіндерден  құралса  (мысалы,  мақта,  күріш, 
бидай,  жүгері),  ауа  райының  аздаған  өзгерісі  немесе  кейбір  аурулар  мен 
зиянкес  жәндіктер  бұндай  ландшафтарды  бірден  жарамсыз  етуі  мүмкін. 
Сондықтан  табиғатты  қорғау  және  табиғатты  пайдалану  ісінде  бұндай 
жағдайларды  міндетті  түрде  ескерген  жөн.
Табиғатты қорғау, айрықша қорғалатын аумақтар, ұлттық бақ, қорық, биосфера резер-
ваты, тапсырыс орны, табиғат ескерткіші.
1.  Табиғатты қорғау дегенде нені түсінеміз?
2.  Табиғатты қорғаудың қандай формалары бар?
3.  Табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану шараларында қандай геогра-
фиялық-экологиялық қағидаттарға сүйену керек?
4.  Республикадағы айрықша қорғауға алынған бірер аумақ туралы ақпарат дайында. 
ІV ТАРАУ. ҚОЛДАНБАЛЫ
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР
§ 13. ТАБИҒИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР
Табиғатта  болатын  барлық  үдерістер  сыртқы  және  ішкі  күштердің 
әсерінен туындайды. Табиғи географиялық үдерістердің табиғи себепшарт-
тардың  ықпалымен  болатын,  яғни  үгітілу,  сел,  эрозия,  абразия,  сорылу, 
карст,  сортаңдану  сияқтылардың  келіп  шығу  себептерін  анықтау  және 
олардың  жүзеге  асу  үдерістерін  талдау  ерекше  маңызды.  Табиғатта  болып 
жатқан  үдерістерге  әсер  ететін  антропогендік  себепшарттар:  мысалы,  жер-


55
лердің  сортаңдануы,  ирригация  эрозиясы,  опырылулар,  шөлге  айналу  си-
яқтыларды  талдау,  олардың  алдын  алу  шараларын  қарастыру  қаншалықты 
маңызды  екенін  тақырыпты  меңгеру  барысында  біліп  аласың.
Табиғи географиялық үдерістер деп, Жердің сыртқы (экзогенді) күштері 
мен  адамның  шаруашылық  қызметі  әсерінен  туындайтын  үдерістерді  ай-
тамыз.
Табиғи  географиялық  үдерістер  тау  жыныстарының  мүжілуінен,  тау 
жыныстарының  физикалық  жағдайының  өзгеруінен,  жер  бедерінің  қа-
лыптасуы  мен  өзгерісінен,  атмосфералық  құбылыстардың  дамуынан  көрі-
неді.  Олар  дамыған  аумақтарда  түрлі  құрылыстарды  орналастыруда,  салу 
мен  іске  қосуда  белгілі  бір  қиыншылықтар  туындайды.  Сондықтан  бұн-
дай  үдерістер  дамыған  және  тараған  жерлерде  түрлі  құрылыстар  салудың 
ғылыми  негіздерін  жасап  алу  ділгірлігі  келіп  шығуда. 
Бүгінгі  таңда  сел,  сорылу,  көшкін,  батпақтану,  көп  жылдық  мұздық, 
құрғақшылық,  опырылу  секілді  үдерістер  тараған  жерлерде  құрылыс  жұ-
мыстарын жүргізу үшін арнаулы ережелер мен нұсқаулықтар шығарылған.
Табиғи  себепшарттар  негізінен  екі  үлкен  топқа  бөлінеді:  Жердің  ішкі 
күштерімен  байланысты  және  сыртқы  күштермен  байланысты  себепшарттар.
Жердің  ішкі  күштері  эндогенді  (грекше  ендо  –  ішкі,  генос  –  келіп 
шығу)  күштер  деп  аталады.  Олардың  әсерімен  жанартаулар  атқылайды, 
жер  сілкінулер,  тектоникалық  қозғалыстар  болады.  Бұндай  үдерістер  эн-
догенді  немесе  геологиялық  үдерістер  деп  аталады. 
Сыртқы  себепшарттар  экзогенді  (грекше    екзо  –  сыртқы,  генос  –  келіп 
шығу)  себепшарттар  яки  күштер  деп  аталады.  Сыртқы  күштердің  әсерімен 
туындайтын  үдерістерді  экзогенді  үдерістер  немесе  табиғи  географиялық 
үдерістер  дейді.  Бұндай  үдерістер  Күннің  нұры,  ауырлық  күші,  жерүсті 
және  жерасты  сулары,  алуан  түрлі  ағзалар  әсерімен  туындап,  дамиды.  Эк-
зогенді  үдерістерге  үгілу,  эрозия,  абразия,  дефляция,  сорылу,  карст,  сел, 
қар  көшкіні  сынды  құбылыстар  жатады.
Температураның  өзгеруі,  химиялық  үдерістер,  атмосфера,  су  және  ағ-
залар  әсерімен  тау  жыныстарының  мүжілуін  үгілу  дейді.  Үгілу  үш  түрге 
бөлінеді:  физикалық,  химиялық  және  органикалық.
Физикалық  үгілу  негізінен  температура  мен  ылғалдылықтың  өзгеруі 
нәтижесінде  болады.  Күндіз  ауа  температурасының  көтерілуінен  тау  жы-
ныстары  жарылып,  бөлшектенеді.  Бірақ  тау  жыныстарының  химиялық 
құрамы  өзгермейді.  Физикалық  үгілу  шөлдер  мен  жартасты  тауларда  кең 
тараған. 


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау