44
4-кесте. Қоғамның табиғатқа əсерінің арта түсуі
Табиғи орта-
ның
құрамдас
бөліктері
Қоғамның
табиғатқа әсері
Алғашқы
қауымдық
кезең
Ауыл ша-
руашылық
төңкерісі
кезеңі
Өнеркәсіп
төңкерісі
кезеңi
Ғылым мен
техника
төңкерісі
кезеңі
Эколо-
гиялық
қатынастар
кезеңі
Тау
жыныстары
1
2
3
5
Жер бедері
1
3
4
5
Топырақ
1
2
3
4
5
Өсімдік
1
2
3
5
5
Жануарлар
1
3
3
5
Ауа (климат)
1
3
4
5
Су
1
1
3
4
5
Геожүйелер
1
1
3
4
5
Кестедегі əсер дəрежесі: 1 – əлсіз; 2 – күштілеу; 3 – күшті; 4 – өте күшті, бірақ
үнемді; 5 – өте күшті жəне қайта тіктеу, қорғау.
5. Экологиялық қарым-қатынастар кезеңі – қоғамның салауатты және
экологиялық тұрғыдан таза ортаны экономикалық өсумен тең дәрежеде қадір-
леуге негізделген өмір салты. Бұл кезеңнің белгілері кейбір дамыған мемле-
кеттерде байқалып, адамды биологиялық және әлеуметтік ағза ретінде сақтап
қалу, сонымен қатар оны қоршаған табиғи ортаны экологиялық қауіпсіз күйде
сақтау мақсатымен қорғау негізгі міндет етіп қойылған, ресурстардың қайта
тіктелуі қоғамның есебінен жүзеге асырылуда, экологиялық заңдылық одан
әрі жетілдірілген, табиғатқа келтірілген зиянның орнын толтыру бойынша әр-
бір геожүйенің геоэкологиялық жағдайы ескеріліп, жіктелген күйде белгіле-
неді, “экологиялық мәдениет төңкерісі” туындап келеді. Жалпы айтқанда, бұл
кезең қоғам мен табиғат өзара үндестікте дамитын кезең болып саналады.
Табиғат, қоғам, табиғи ресурстар, географиялық орта, табиғи орта, техногенді орта, ай-
нала-төңірек, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп төңкерісі, ғылым мен техника төңкерісі,
табиғатқа ықпал.
1.
Адамның табиғатты өзгертпей, оған бейімделгені қайсы кезең?
2. Өнеркәсіп төңкерісі қашан болды?
3. Қайсы кезеңде экологиялық тепе-теңдік бұзыла бастады?
4. Өнеркәсіп және ғылым мен техника төңкерісі кезеңдерін салыстыр.
45
§ 11. АНТРОПОГЕНДІК ЛАНДШАФТАР
Жер бетінде адам пайда болғаннан бері, ол табиғатқа үздіксіз әсер
көрсетіп, оны пайдалану және өзіне қолайлы ету мақсатында өзгертіп
келеді. Адамның шаруашылық қызметінің әсері антропогендік әсер деп
аталады, оның салдарынан геожүйелердің өзгеру дәрежесі, шеңбері мен
қарқыны әр түрлі болады. Бұл бір жағынан геожүйелердің өзіне тән та-
биғи ерекшеліктеріне байланысты болса, екінші жағынан адамның ге-
ожүйеге әсер көрсетуіне байланысты.
Геожүйелердің табиғи ерекшеліктері, яғни өзін-өзі басқаруы мен қай-
та тіктелу ерекшелігінің күштілігі яки әлсіздігі, антропогендік әсерге
шыдамдылығы яки шыдамсыздығы түрлі геожүйелерде әр түрлі бола-
ды. Сонымен қатар адамның қызметі де алуан түрлі. Мысалы, адам
геожүйе ге геология өнеркәсібі арқылы бір әсер көрсетсе, қала құрылы-
сында екінші түрлі, диқаншылық, мал шаруашылығы, орман шару-
ашылығы бойынша басқаша әсер көрсетеді. Соның нәтижесінде адам
үшін алуан түрлі дәреже мен көріністегі ұнамды және ұнамсыз геожүй-
елер пайда болады.
Адамның шарушылық қызметі көбінесе белгілі бір табиғат компо-
ненттерімен байланысты болып келеді. Мысалы, ол тәлімі егіншілікте
топырақпен, мал шаруашылығы мен орманшылықта өсімдікпен (шөп-
тесін өсімдіктер мен ағаштар), кен өнеркәсібінде тау жынысымен (пай-
далы қазба) байланысты. Расында да сол компоненттер сол аумақтарда
белгілі бір дәрежеде өзгеріске ұшырайды. Кейде бұл өзгерістер басқа
компоненттердің де айтарлықтай дәрежеде өзгеруіне себеп болады. Адам
кейбір шаруашылық салаларында екі және одан артық табиғат компо-
ненттерімен қарым-қатынаста болады. Суармалы егіншілікте топырақ
пен су, өнеркәсіп өндірісінде топырақ, су, ауа және өсімдік өзара қа-
рым-қатынас жасайды.
Табиғат компоненттерінің, сондай-ақ қатар орналасқан геожүйелердің
тығыз байланыста болуы сол компоненттердің біреуіне бірер мақсатпен
жасалған әсер көбінесе басқа компоненттерге әдейі жасалмаған әсердің
туындауына әкеледі (су қоймаларын салу – айналадағы жер алқаптарын
су басуына, жерасты суларының алынуы – жер бетінің шөгуіне т.б.).
Түптеп келгенде, шаруашылық қызметтің дерлік барлық түрі (өндіріс,
рекреация, табиғатты қорғау, ғылыми-зерттеу) іс жүзінде геожүйелер-
ге тұрақты түрде яки оқтын-оқтын әсер етеді. Геожүйелер бұл әсердің