Оқулық Бірінші басылуы Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен



жүктеу 4,01 Kb.
Pdf просмотр
бет22/53
Дата30.05.2018
өлшемі4,01 Kb.
#18517
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53

62
Күрделі  геожүйелерге  конустәрізді  жайылмалар  мен  атыраулардың  орта 
бөліктері  және  аллювиалды  террасалар  енеді.  Жерасты  суларының  гори-
зонталь  қозғалысы  жақсы  емес,  суару  кезінде  олардың  деңгейі  көтеріліп, 
топырақта  тұз  жинала  бастайды.  Бұның  алдын  алу  үшін  горизонталь  және 
вертикаль  дренаждар  құру  қажет. 
Өте  күрделі  геожүйелердің  қатарына  атыраулардың  етек  бөліктері,  про-
лювиал  жазықтардың  төменгі  және  шеткі  бөліктері,  адырлар,  қыраттар  мен 
үстірттер  жатады.  Жерасты  суларының  горизонталь  қозғалысы  қамтамасыз 
етілмеген,  суару  кезінде  олардың  деңгейі  күрт  көтеріліп  кетеді.  Бұның 
алдын  алу  үшін  тығыз  дренаждар  тармағын  құру,  жерді  сапалы  шайып, 
тегіс теу,  жел  эрозиясына  қарсы  шөлге  төзімді  ағаш  алқаптарын  қалыптас-
тыру  керек.  Судың  босқа  сіңіп  кетуін  болдырмау  үшін  оны  тамшылатып, 
жаңбырлатып  және  топырақ  астынан  суару  тәсілдерін  қолданған  жөн.
Рекреация  ресурстарын  бағалау.  Геожүйелердің  демалу  мақсаттарына 
пайдаланылатын  ерекшеліктері  немесе  компоненттері  рекреациялық  ресурстар 
деп  аталады.  Мысалы,  әсем  көріністі  ормандар,  теңіздер  мен  мұхиттардың 
жағалаулары,  тау  аңғарлары,  көлдер,  үңгірлер,  саялы  және  сәндік  өсімдіктер, 
жер  бедерінің  ғажайып  пішіндері,  мұздықтар  солардың  қатарынан.
Рекреацияның  (тіктеу,  орнын  толтыру)  қамту  аясы  кең,  ол  адамдардың 
тынығуы,  денсаулығын  тіктеуі,  мәдени  демалуы  мағынасында  қолданылады.
Геожүйелерді  рекреациялық  көзқарас  тұрғысынан  зерттеу  негізінен 
олардың  рекреациялық  мүмкіндіктерін  және  оларға  рекреациялық  қысым-
ның  әсерін  бағалаудан  тұрады.
Демалыс  ұйымдастырылған  және  ұйымдастырылмаған  (ерікті)  түрде 
болуы  мүмкін.  Ұйымдастырылған  демалыс  түрлі  мекемелер  тарапынан 
қолға  алынады.  Ал  ұйымдастырылмаған  (ерікті)  демалыс  адамдардың 
өз  қалауы  бойынша  бір  немесе  бірнеше  кісі  болып,  өздері  таңдаған  ау-
мақтарда  өткізіледі.
Демалыстың  мақсаты  алуан  түрлі  болады:  емделу,  сауықтыру,  спорт, 
танысу  және  т.б. 
Демалыстар  жыл  маусымына  орай  да  алуан  түрлі  болады.  Жазғы  дема-
лыс  түрлері  төмендегілерді  қамтиды:  шомылу,  күн  ванналарын  қабылдау, 
жаяу  серуен  (емделу,  денсаулықты  нығайту,  экскурсия),  қайық  спорты,  ба-
лық  аулау,  алуан  түрлі  жеміс-жидектер  мен  саңырауқұлақтар  теру,  атпен  се-
руендеу,  альпинизммен  айналысу  және  т.б.  Қысқы  маусымда  төмендегідей 
демалыс  түрлерімен  шұғылдануға  болады:  шаңғы  тебу,  мұз  астынан  балық 
аулау,  спорттық  аңшылық,  емделу,  денсаулықты  тіктеу  және  жаяу  серуен.


63
Рекреациялық  бағалау  нысаны  –  ландшафтар  және  олардың  бөліктері 
болуы  мүмкін.  Рекреация  кешендерін  орналастыруды  жобалау  кезінде 
ландшафтарды  талдау  жақсы  нәтиже  береді.  Бұнда  түрлі  ландшафтарды 
рекреациялық  мақсаттарға  пайдаланудың  дәрежесіне  қарап  ең  қолайлы 
ландшафт  түрі  таңдалады.  Мысалы,  өзен  аңғары,  тау  баурайы,  көлдің  не-
месе  су  қоймасының  жағалауы,  жазықтық,  мұхит  яки  теңіз  жағалауы,  ор-
ман  және  т.б.
Дербес  рекреациялық  кешендерді  (демалыс  үйлері,  санаторийлер,  ту-
ристік  кешендер  және  т.б.)  жобалау  кезінде  нақты  бір  орынды  бағалау 
жақсы  нәтиже  береді.
Рекреациялық  мақсаттар  үшін  бағалау  кезінде  оларды  эстетикалық 
тұрғыдан  бағалаудың  да  маңызы  зор.  Бұл  ретте  табиғи  жағдайдың,  жер 
бедерінің,  өсімдіктердің,  ландшафтың  жалпы  көрінісінің  эстетикалық 
тұрғыдан  ләззат  бере  алу  мүмкіндігі  ескеріледі.  Бағалаудың  соңғы  саты-
сында  геожүйелердің  рекреациялық  ғимараттарды  орналастыру    үшін  жа-
рамдылығы  және  рекреациялық  қысымға  тұрақтылық  дәрежесі  ескеріледі. 
Географиялық бағалау, егіншілік, рекреация, бағалау сатылары, бағалаудың сапалық 
және мөлшерлік тәсілі.
1.  Географиялық бағалау деп нені айтады?
2.  Географиялық бағалау қандай сатылардан тұрады?
3.  Географиялық бағалаудың қандай әдіс-амалдарын білесің?
4.  Сен жасайтын жер егіншілікке қолайлы ма, әлде қолайсыз ба? Пікіріңді негіздеп, 
дәптеріңе жаз.
§ 15. ГЕОГРАФИЯЛЫҚ БОЛЖАМ
Адам  шаруашылық  қызметпен  шұғылдану  барысында  табиғи  жағдай-
дың  сол  күндегі  күйіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  келешекте  болатын 
түрлі  өзгерістерге  де  мән  береді.  Өйткені  адам  мүдделері  тұрғысынан  қа-
расақ,  табиғи  жағдайдың  өзгеруін  болжау  мен  оны  терең  талдай  білудің 
маңызы  орасан  зор.
Ғылымда  бірер  құбылыстың  немессе  бірер  нысанның  жағдайы  өзге-
ретінін  алдын-ала    тұспалдап  айта  білу  болжам  деп  аталады.
Географиялық  болжам  жасау  –  табиғи  және  әлеуметтік-экономикалық 
ортаның  дамуы  мен  өзгеруі  жөнінде  мәліметтер  жинау  және  қайта  өңдеу 
үдерісі  болып  табылады.


64
Табиғи  орта  мен  аумақтық  өндіріс  кешендерінің  өзгеруіндегі  негізгі 
бағыттарды  ғылыми  тұрғыдан  алдын-ала  негіздеп  беруді  географиялық
болжам  деп  атайды.
Географиялық  болжамдар  бірнеше  варианттар  бойынша  жүзеге  асыры-
лады.  Алдымен  олардың  арасынан  бірнеше  жақсылары,  сосын  ең  қолайлы 
варианты  таңдап  алынады  да,  барлық  есеп-қисап  жұмыстары  сол  вариант 
негізінде  жүргізіледі.
Географиялық  болжамдар  түрлі  мерзімдерге  жасалады.  Сондықтан  бол-
жамдар  мерзімдеріне  орай  төмендегідей  түрлерге  бөлінеді:  оперативті  бол-
жам – 1 айға, қысқа мерзімді болжам – 1 айдан 1 жылға дейін, орта мерзімді 
болжам  –  1  жылдан  5  жылға  дейін,  ұзақ  мерзімді  болжам  –  5  жылдан  15 
жылға  дейін,  өте  ұзақ  мерзімді  болжамдар  15  жылдан  астам  мерзімге.
Табиғи  географиялық  болжамдарды  жүзеге  асыру  үшін  геожүйелер 
компоненттерінің  болжамдық  қасиеттерін  анықтап  алу  қажет.  Белгілі  бір 
орынның  жер  бедері,  тау  жыныстары,  топырақтары,  сулары,  өсімдіктері 
мен  жануарлар  дүниесі  өзіндік  ерекшеліктерге  ие  болады.  Бұл  ерекшелік-
тер  туралы  мәліметтер  табиғи  географиялық  болжамдарда  пайдаланылады. 
Геожүйелер  компоненттерінің  табиғи  ортаның  ластануын  азайтатын 
ерекшеліктері  төмендегілерден  тұрады:
1.  Жер  бедері.  Ойыстар  техногенді  өнімдерді  (шығындыларды)  жи-
нақтайды,  ал  биіктіктер  оларды  таратып  отырады.  Баурайлардың  көлбеу-
лігі  олардың  бөлшектену  дәрежесіне,  тығыздығына,  жерасты  суларының 
қозғалысына  ұнамды  не  ұнамсыз  әсер  етуі  мүмкін.
2.  Тау  жыныстары.  Су  өткізетін,  су  өткізбейтін  жыныстар,  олардың 
қалыңдығы  табиғи  ортаға  әсерін  тигізеді.
3.  Сулар.  Оларда  еріген  органикалық  заттардың  мөлшері,  жылдық  су 
ағынының  мөлшері,  ағыстың  жылдамдығы  аса  маңызды.  Ағыстың  жыл-
дамдығы  қаншалықты  жоғары  болса,  оны  ластайтын  заттар  да  сонша-
лықты  тез  ағып  кетеді.  Судағы  органикалық  заттар  ауыр  металдардың 
еруін  жеделдетеді.
4.  Топырақтар.  Оксидтену,  қышқылды-сілтілі  жағдай  топырақты  лас-
тандыратын  заттардан  өзін-өзі  тазалау  қабілетін  белгілейді.
5.  Өсімдіктер.  Ластандыратын  заттарды  сіңіріп  алатын  өсімдік  түрлері.
Аталмыш  ерекшеліктер  негізінде  табиғи  ортаның  өзгерістерін  алдын- 
ала  айтып  беруге  болады.
Географиялық  болжамдар  ғаламшарлық,  аймақтық  және  жергілікті 
шеңберлерде  жүргізіледі.


жүктеу 4,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау