56
Химиялық үгілу деп тау жыныстарының ауа мен судың әсерінен мүжілуі
мен химиялық өзгеруін айтады. Химиялық үгілудің әсерінен тұрақты ми-
нералдар түзіледі.
Органикалық үгілуге тау жыныстарының ағзалар (өсімдіктер мен жа-
нуарлар дүниесі, микроағзалар) әсерінен мүжіліп, үгітілуі жатады.
Эрозия (лат. еросио – мүжілу, шайылу) – тау жыныстары мен топы-
рақтың ағын сулардың әсерінен шайылуы. Эрозия беткі және сызықты
түрлерге бөлінеді. Беткі эрозия үдерісі тау бөктерлерінде кең тараған.
Оның салдарынан тау бөктерлеріндегі жыныстар шайылып, төменге
түседі. Жұмсақ жыныстардан құралған қия беткейлердегі шайылудың
себебінен жарлар пайда болады. Сызықты эрозия өзен эрозиясы деп
те аталады. Бұның себебінен өзен арналары мен жағалаулары жуылып,
мүжіледі.
Өзен жағалауларының шайылуы Хорезм мен Қарақалпақстанда “дей-
гиш” деп аталады. Əмудария 1925 жылы бұрынғы Төрткөл қаласының
жанынан ағатын еді. Ол 1938 жылы Əмудария қаласын шая бастады. Ал
1950 жылға қарай өзен Төрткөл қаласын толығымен шайып, ағызып әкет-
кен. Содан соң өзен арнасынан едәуір ұзақта қазіргі жаңа Төрткөл қала-
сы бой көтерді.
Абразия (лат. абрасио – қырнау, тегістеу) – мұхит, теңіз және көл
жағалауларының толқындар әсерінен мүжіліп, тегістелуі. Абразия үдерісі
себебінен мұхиттар мен теңіздердің, көлдердің жағалауларында жазықтар
пайда болады. Еліміздегі ірі көлдер мен су қоймаларының жағалауларына
барған адам абразия үдерісін бақылай алады.
Дефляция (лат. дефлатсио – үрлеу) – тау жыныстарының желдің
әсерімен үгітіліп, уатылған түйіршіктердің басқа жерлерге көшуі. Дефля-
ция құрғақ өлкелерде, әсіресе шөлдер мен шөлейттерде күшті болады. Жел
құмды бір жерден екінші жерге ұшырып апарады да, үйлерге, жолдарға,
құдықтарға зардабын тигізеді. Əсіресе өсімдік қабатын жойып, мал шару-
ашылығына зиян келтіреді. Дефляцияның алдын алу және келетін зиянды
азайту үшін шөлді зоналарға ағаштар мен бұталарды көбірек егу керек.
Сел – тау аңғарларынан, сайлар мен жыралардан қысқа уақыттың
ішінде өте жоғары жылдамдықпен ағып келетін тас аралас лайлы су ағы-
ны. Сел, яғни тасқын сулар таулы өлкелерде нөсер жауынның нәтижесін-
де туындайды. Ол өзімен бірге лайлы су мен тастарды ағызып әкеледі.
Жылдамдығы сағатына 10-15 км-ге жетуі мүмкін. Сел жолында кездескен
барлық нәрсені шайып әкетеді де, өте үлкен материалдық және рухани
57
зиян шектіреді. Сел тасқындары Орта Азияда, Кавказда, Батыс Еуропада,
Солтүстік және Оңтүстік Амеркиканың таулы өлкелерінде көбірек бола-
ды. Біздің еліміздің таулы аудандарында да сел тасқындары жиі кездеседі.
Олардың зардабын азайту және сел суларын ұтымды пайдалану үшін тау
бөктерлері мен тау етектерінде сел тоғандары құрылған.
Карст – суда жақсы еритін тау жыныстарының жерүсті және жерасты
суларының әсерімен еріп, ағып кетуіне байланысты жер астында түрлі
қуыстар мен бос кеңістіктердің (үңгірлердің), ал жер бетінде опырылғыш
жарлар мен ойыстардың пайда болуы. Суда тез еритін жыныстарға әктас,
доломит, бор, мергел, гипс және түрлі тұздар жатады. Бұндай жыныстар
кең тараған жерлерде құрылыс жұмыстарын жүргізу күрделі үдеріс бо-
лып саналады.
Көшкін – ауырлық күші әсерінен тау жыныстарының бөктерді бойлап
төмен қарай жылжуы. Көшкіндер негізінен таулы өлкелерде жиі кездеседі
(6-сурет). Ол көбінесе сулы және су өткізбейтін тығыз қабатты тік беткей-
лерде пайда болады. Көшкіндер де сел секілді шаруашылыққа өте үлкен
материалдық зиян келтіреді. Ол тау бөктеріндегі топырақ пен өсімдіктерді
қоса әкетіп, жолдар мен ғимараттарды көміп тастайды. Көшкіндердің ал-
дын алу үшін тау бөктерлерінде сулы қабатқа түсетін су мөлшерін азайту
шаралары жүзеге асырылады.
Суармалы егіншіліктің әсерінен оқпандар, яғни жер қабатының ой-
ылып, қуыстануы көбейіп, ауыл шаруашылығына жарамсыз күйге келеді.
Антропогендік себепшарттарға адамның алуан түрлі шаруашылық қыз-
меті жатады: ауыл шаруашылығы, су шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі,
металлургия, құрылыс, көлік және т.б. Антропогендік себепшарттардың
әсерінен антропогендік яки техногендік
үдерістер туындайды. Бұндай үдерістерге
көшкіндер, жер бетінің шөгуі, опырылуы,
жерасты сулары деңгейінің көтерілуі не-
месе төмендеуі, өзендер мен көлдердің
тартылуы, жаңа су айдындарының пайда
болуы, жерлердің сортаңдануы және т.б.
Бұл үдерістер шаруашылық қызметке үл-
кен зиянын тигізеді.
Ауыл шаруашылығының дамуы нәти-
жесінде cортаңдану, жел және су эро-
зиясы да дамиды. Жерасты суларының
6-сурет. Арқытсайдағы көшкін
58
деңгейі жер бетіне жақын орналасқан болса, сулардың булануы себепті
топырақ сортаңдана бастайды. Өйткені су буланғанда оның құрамындағы
тұздар топырақта қалып, тұз мөлшерінің артып кетуіне соқтырады. Бұндай
жағдай Хорезм көгалы мен Мырзашөлде көбірек байқалып келеді.
Дефляция тұрақты жел есетін жерлерде көбірек кездеседі, сол се-
бепті жыртылған жерлерде топырақтың беткі қабатындағы өнімді бөлі-
гі ұшып кетеді.
Жерлерді игеріп, жырту және суару нәтижесінде эрозия жеделдей
түседі. Бұндай үдерісті ирригация эрозиясы деп атайды. Ирригация эрози-
ясы тау етегіндегі аумақтарда лёсс және лёсс тәрізді жыныстар тараған,
қиялығы 2º-тан жоғары жерлерде суару мөлшері мен ережелері сақтал-
маған жағдайда өте күшті жүреді. Соның салдарынан жерлер жарланып,
топырақтың өнімді қабаты шайылып кетеді. Бұның алдын алу үшін жерді
пайдаланудың агротехникалық ережелерін қатаң сақтаған орынды.
Су нысандарының құрылысы да кейбір келеңсіз құбылыстарға себеп
болады. Қарақұм каналының құрылысы, Əмудария және Сырдария өзен-
дерінің суы игерілген көлемді алқаптарды суаруға жұмсалуы себепті 1960
жылдарда Арал теңізінің су деңгейі төмендей бастады. Арал теңізі түбінің
ашылып қалған тұстарындағы шөгінді тұздарды жел ұшырып әкетуі сал-
дарынан Арал бойындағы жерлердің сортаңдану дәрежесі күшейді. Бүгін-
гі таңда бұл проблеманың алдын алу мақсатымен ол жерлерге сортаңға
бейімді өсімдіктер егіліп жатыр.
Өнеркәсіп тармақтарының дамуына байланысты түрлі келеңсіз табиғи
географиялық үдерістер пайда болады. Мысалы, тау-кен өнеркәсібінің да-
муы нәтижесінде өте үлкен көшкіндер, жер бетінің шөгуі, опырылуы, же-
расты сулары деңгейінің төмендеуі және басқа құбылыстар орын алады.
Ахангаран аңғарында 20-25 жыл бойы көмірдің газға айналдырылуы сал-
дарынан жер астында жалпы көлемі 1 шаршы км-ден астам бос кеңістік
қалыптасқан. Сол себепті тау бөктерінің тұрақтылығы бұзылып, көлемі
700-800 млн м³-ты құрайтын жер көшуі болып, шаруашылыққа үлкен ма-
териалдық зиян келтірді. Қазба байлықтарды өндіру үдерісінде суды кен
орнынан сыртқа шығарып жіберу салдарынан жерасты суларының деңгейі
шұғыл төмендейді. Ал аса көлемді алаңдардан мұнай мен газ өндіру жер
бетінің шөгуіне себеп болады. Мысалы, мұнай мен газ өндіріп алуға бай-
ланысты Ресейдің Батыс Сібір ойпаты шөгіп барады. Соның салдарынан
бұл ойпатта орналасқан жерасты суларының деңгейі көтеріліп, батпақтар
мен көлдердің алаңы ұлғая түсуде.
Достарыңызбен бөлісу: |