Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»


ИӚЖ қолданылуының тиімділігі



жүктеу 6,23 Mb.
бет130/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

ИӚЖ қолданылуының тиімділігі


ИӚЖ тиімділігі техникалық, ұйымдатырушылық және экономикалық тиімділіктерден құралады.
Қолмен басқарылатын әмбебап құрылғыдан немесе СББ жеке жұмыс атқаратын құрылғыдан ИАБ және ИАЖ-ге ӛту барысында ИӚЖ енгізудің техникалық және ұйымдастырушылық тиімділігі технологиялық құрылғыны жаңа ӛнімге қайта үйлестіру барысндағы уақытты қысқарту есебінен технологиялық құрылғыны қолдану тиімдігін арттырумен, сонымен қатар, операторды құрылғы жұмысын ұдайы бақылап отырудан босату және кӛпстанокты қызмет кӛрсетуге ӛтумен қолжетімді болады.
Бір топтың түрлі бұйымдарын кез-келген реттілікте ӛңдеу операцияларын орындау тәулік бойы мүмкін болады, яғни
«адамсыз» (нақтырақ айтқанда, еңбек үнемдеуші) технологияға ӛтеді.
Жеке қолданылатын құрылғымен салыстырғандағы ИӚЖ пайдаланудың экономикалық тиімділігі мыналардың негізінде құралады:

  • Құрылғылар санын қысқартумен байланысты оған кететін шығындар кӛлемін азайту (негізгі қорды үнемдеу), себебі құрылғының ӛнімділігі 2-3 есеге артып және оның қолданылуы жақсарады;

  • Құрылғылар санын азайтумен ӛндірістік алаңдар салуға кететін шығындарды азайту;

  • Ӛндірістік және қызмет кӛрсетуші персонал құрамын қысқартумен (үш ауысым барысында 91 ден 47 адамға дейін қысқарту, мысалы, АЛП-3-2 механикалық ӛңдеудің ИАБ) байланысты жалақы қорын үнемдеу (2 есеге және одан да кӛпе);

  • Айналым қорларына салымдардың азаюы, себебі бұйым дайындауда ӛндірістік айналым, оның топтастырылуы, қажетті қоры және т.б. қысқарады.

Одан басқа, барлық жағдайда ақаулық жоғалтулар болмайды және кӛп жағдайда жарақтандырумен байланысты шығындар қысқарады.
Икемді ӛндірістік жүйені енгізудің экономикалық тиімділігінің кӛрсеткіштер қатарына жатады: қор қайтарымдылығы,жылдық экономикалық тиімділік (келтірілген шығындар үнемделуі) Э және ӛтелім коэффициенті
Кок = Ток / Ток.н
мұндағы, Ток шығындардың ӛтелім мерзімі; Ток.н қалыпты ӛтелім мерзімі.
Жылдық ӛтелім мерзімін Ток, мына формула бойынша анықтайды
Ток = (K1 - К2)/(С1 - С2),
мұндағы, К1 К2 — сәйкесінше ИӚЖ енгізілгенге дейін және кейінгі бір ретті шығындар; С1 С2 сәйкесінше ИӚЖ енгізілгенге дейін және кейінгі ӛзгермелі элементтер бойынша шығарылатын ӛнім бірлігінің технологиялық ӛзіндік құны.
Тиімділіктің қалыпты коэффициенті Ен = 0,15болғандағы, қалыпты ӛтелім мерзімін Ток.н, жыл, мына формула бойынша анықтайды
Ток.н = 1/Ен = 6,7
Міндетті ӛтелім шарты болып Ток< Ток.н. табылады. Мүмкіндігінше ИӚЖ енгізудің ӛтелімі 2,5-3,5 жылда жүзеге асырылғаны жӛн. К1 - К2 айырмасы арқылы ИӚЖ енгізуге қажетті қосымша капиталдық салымдар және шығындар бағаланады. С1 - С2 айырмасы ИӚЖ енгізуден қол жеткізілетін шартты-жылдық қаржы үнемделуін құрайды. К1 және К2 шамаларын сәйкес капитал салымдарымен құралға, ЭЕМ және техникалық басқару құралдары, тасымалдау-қоймалау құралдары және құралмен қамтамасыз ету жүйесі, технологиялық жарақтандыру, ӛндірістік, кӛмекші және тұрмыстық алаңдарды ӛндіріске дайындау және игеру бойынша шығындарымен, аяқталмаған ӛндірістегі айналым қорлары және басқа да бір ретті шығындарды қоса есептейді.
С1 және С2 шамалары ӛндірістік, кӛмекші жұмысшылар, ТЖА кӛмекші персонал жалақысына кеткен шығындардың (аударымдармен бірге) қосындысын білдіреді; құрылғыны үйлестіруге кеткен шығындар; амортизацияға және құрылғыны, ЭЕМ және АБЖ техникалық құралдарын, негізгі тасымалдау- қоймалау құрылғыларын, құралдық қамтамасыз ету жүйесін, қымбат жарақтандырулар және алаңдарға кеткен шығындар; құрал тозуына және арнайы мақсатта қолданылатын қосалқы бӛліктерге кеткен шығындар;ӛндірісті игеру және ақаулардан болатын шығындар қосындысын білдіреді.
Егер барлық аталған шығындарды нормативтерге сәйкес есептейтін болсақ, онда ИӚЖ енгізгеннен алатын жылдық экономикалық тиімділік мынаны құрайды:
Э = 1 - С2) N - Ен - К2) + СэΔгр,
мұндағы, N — жыл бойы шығарылған ӛнім бірлігінің саны; Сэ — бір босатылған жұмысшыдан келген әлеуметтік тиімділік; Δгр босатылған жұмысшылар саны.
Икемді ӛндірістік жүйе тек техникалық –экономикалық тиімділік беріп қана қоймай, сонымен қатар, ӛндірісте маңызды әлеуметтік ӛзгерістер тудырады. ИӚМ, ИАЖ және ИАБ енгізуден болатын үлкен әлеуметтік тиімділік қызмет кӛрсетуші персоналдың еңбек мәдениетін арттыруда, оның жұмыс режимін жақсартуда (жекелеген жағдайда, жұмысшыны түнгі уақытта жұмыстан босатумен), ауыр қол еңбегінің болмауы, қауіпсіздік техникасының жақсартылуы және ӛндірістік жарақаттың қысқаруымен байқалады.

жүктеу 6,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау