Іздену әдісі арқылы автоматты қҧрастыру
«Қатаң базалау» жүйесінің кемшіліктері бір-біріне қарасты құрастыру үдерісі кезінде бӛлшектердің ӛз-ӛзін бағдарлауға негізделген автоматты құрастырудың пайда болуына әкеліп соқты. Бұл ретте әдетте түйісетін бӛлшектердің бірі қатаң бекітіледі, ал екінші түйісетін бӛлшек шектеулі кеңістікте орын ауыстыру
еркіндігін алады және ӛз-ӛзін орнатуға мүмкіндікке ие болады.
Ӛз-ӛзін бағдарлаудың қарапайым әдіс толқынды пішіндегі жұдырық арқылы ішке кіретін бӛлшектің теңселуі арқылы жүзеге асырылады (12.4, а сур.). Ішке кіретін бӛлшек қатаң базаланған бӛлшек үстінен бірнеше рет ӛтеді және қажетті түсетін орнын
«іздейді».
Рига политехникалық институтымен зәкірлері құрастыру құрылғының атқарушы органымен біріктірілген, бір-біріне перпендикулярлы орналасқан екі электрмагниты бар дірілді құрылғы ұсынылған. 1 және 7 электрмагниттер (12.4, б сур.) құрастыру құрылғының тұғырына бекітіледі. 2 және 6 зәкірлер автоматпен қосылатын 3 бӛлшек орнатылған 5 құрастыру құрылғымен байланысты.
Басқа бӛлшек сызба жазығына перпендикулярлы бағытында беріледі. 5 құрылғы екі магнит әрекетінің бағытында жылжуы мүмкін.
Сурет 12.4. Іздену әдісі арқылы құрастыру: а — толқынды пішіндегі жұдырық арқылы ӛз-ӛзін бағдарлау; б — екі электрмагниты бар
дірілдік құрылғы: 1, 7 — электрмагниттер; 2, 6 — зәкірлер;
3 — біріктіретін бӛлшек; 4 — серіппе; 5 — құрастыру құрылғысы;
в, г — қалқыма жұмыс бӛлігі бар механизмдер: 1 — қозғалыс механизмі; 2 — жетек; 3 — тұтқа; 4 — орнату құрылғысы; 5 — бағдарланатын бӛлшек; с — жетек қозғалысының бағыты; ф0 — қозғалыс механизмінің бағыты
4 серіппе құрылғыны бастапқы орынға қайтарады. Электрмагниттердің екеуін қосқанда құрылғы дӛңгелек немесе эллипстік траектория бойынша тербелістер жасайды, осылайша бӛлшектердің қосылуын қамтамасыз етеді.
Ізденіс әдісі бойынша істейтін ең әмбебап құрастыру механизмі қалқыма жұмыс бӛлімі бар құрылғылар болып табылады. (12.4, в, г сур.). Аталмыш құрылғының агрегаттық құрастыру бастиегі арнайы жіберу механизмімен тірелгенше жұмыс күйге шығарылады. 3 тұрқының саңылауы ішіне кӛлденең жазықтықта 0 қалқыма ӛсь айналасында бұрылатын 2 жетек орнатылады, оның бір ұшы бағдарлау қозғалысының 1 механизмімен байланысты, ал екіншісі 5 бағдарланатын бӛлшек үшін бекітіп тұратын 5 құрылғымен қамтылған. Егер жетектің ұшын ықтырмалы бағдарлау қозғалысы механизмінің дискімен байланыстырса және оны дискіні радиал саңылауында орталықтан айналдыруымен бір мезгілде жылжытса, бағдарлау қозғалысты бұрылым бойынша жасауға болады (12.4, в сур. қараңыз). Егер жетектің ұшын ықтырмалы механизмінің сырғағымен байланыстырса (12.4, г сур. қараңыз) және оған сырғақтың саңылауында қайтымды iлгерiлеме қозғалысты қылса, онда синусоид немесе оған ұқсас басқа қисық бойынша бағдарлаудың қозғалысы пайда болуы мүмкін.
Сурет 12.5. Ізденіс арқылы құрастыру үш бастиек
а — бӛлшекті құрастыру сұлбасы; б — ізденіс ӛрісі: 1 — тіреу; 2 — салынатын
бӛлшек; 3 — екінші салынатын бӛлшек; 4 — орнату құрылғысы; 5 — сұқпажабқыш; 6 — жиналатын тораптың серіппелері.
Осы құрылғылардағы бағдарлау үдерісі екі кезең бойынша іске асырылады. Жиналатын бӛлшектер алдын ала 1 тіреудің жіберуіменен бағдарланады (рис. 12.5, а сур.), содан кейін Рсб күші салынатын 2 бӛлшекті 3 бӛлшекпен түйіндесу бағытына жылжытады.
Егер жиналатын бӛлшек кедергі кездестірсе және бұл кедергі Δ0 алдын ала салыстырмалы бағдарлаудың дәлдігінің жетіспеушілігінен орын алса, онда бӛлшек Δθ қапсыру жүзбен түпкілікті бағдарланады.
К бӛлшектердің байланыс нүктесінде Р0 күші пайда болады,
оның әсерінен 2 бӛлшек түйіндесуге қажетті орынға жылжиды. 4 қалқыма орнату құрылғысы радиалды орналасқан 6 серіппелердің 5 сұқпажапқыш тесіктеріне қатысты тепе-теңдік орталық күйде болуда. 1 бӛлшекті автоматтың құрастыру күйінде алдын ала орнатқан кезде оның түйіндес тегістігі А ізденіс ӛрісте, яғни қалқыма құрастуры құрылғының жылжу ӛрісінде болуы қажет (12.5, б сур.) Ізденіс ӛрістің шамасын ӛзгерту үшін қайта жӛндеу кӛзделуі мүмкін.
Ізденіс ӛрістің шамасы
A > A0; Δ0 = ΣΔф + ΣΔи,
мұндағы, Δ0 — қозғалмайтын бӛлшекті алдын ала бағдарлаудың дәлдігі, мм; Δф — қозғалмайтын бӛлшекті бағдарлаудың дәлдігі, мм; Δи —қозғалмайтын бӛлшекті жасаудың дәлдігі, мм.
Достарыңызбен бөлісу: |