1.4. Ӛндірісті автоматтандырудың негізгі артықшылықтары
Ӛндірістік үрдістерді автоматтандыру ( Ӛ Ү А ) деп жаңа үдемелі технологиялық үрдістерді жасап шығару бойынша техникалық шаралар кешенін және олардың негізінде адамның тікелей қатысуынсыз бұйым жасау бойынша барлық негізгі және кӛмекші үрдістерді орындайтын жоғары ӛнімділікті құрылғы жасауды айтады. ӚҮА жаңа техника жасаудың кешенді- технологиялық және экономикалық міндеті болып табылады.
17
Автоматтандыруға әркез механикаландыру балама болатын — бұл оператор басқаратын технологиялық құрылғы негізінде ӛндірістік үрдістердің жартылай (алғашқы ретті) автоматтандырылуы. Одан басқа, ол бұйымды бақылау, құрылғыны реттеу және қосу, бұйымды тиеу-түсіруді, яғни қосымша үрдістерді жүзеге асырады. Механикаландыру нақты ӛндірістің автоматтандырылуымен жеткілікті түрде тиімді үйлесім таба алады, бірақ ӚҮА ғана ӛнімнің жоғары ӛнімділігі барысында жоғары сапаны қамтамасыз ете алады.
Ӛндірістік үрдістердің механикаландырылу және автоматтандырылу жағдайының сапалық және сандық бағалануы қарастырылады. Маңызды сапалық кӛрсеткіш — α. Автоматтандырылу деңгейі. Ол автоматта, желіде, аумақта орындалатын автоматтандырылған үрдістердің (ауысулар) павт жалпы үрдістер (ауысулар) побщ санына қатынасымен анықталады:
α = павт/побш ’
α шамасы ӛндіріс типіне байланыс болады. Егер біртекті ӛндірісте α шамасы 0.1 ... 0, 2 шамаларынан аспайтын болса, онда жаппай ӛндірісте ол 0.8. 0.9 шамаларын құрайды.
Автомат (гректің automatos — ӛздігінен әрекет етуші) — қабылдау, ӛзгерту, энергия, материал, ақпарат беру және пайдалану үрдістерін адамның қатысуынсыз белгіленген бағдарлама бойынша орындайтын ӛз бетінше әрекет етуші құрылғы немесе құрылғылар жиынтығы.
Автоматпен бағдарламаланған реттілікпен орындалатын әрекеттерді жұмыс айналымы дейді. Егер жұмыс айналымын қайта жаңартуға адам қатысуы қажет етілсе, бұл құрылғы жартылай автомат деп аталады.
Белгілі бір уақыт аралығында қайталанатын жұмыс айналымдарын орындауда адам қатысуын қажет етпейтін үрдіс, құрылғы немесе ӛндіріс автоматты деп аталады. Егер үрдістің жартысы автоматты түрде жүзеге асырылып, ал екінші бір бӛлігі оператор қатысуын қажет етсе, онда бұндай үрдіс автоматтандырылған деп аталады.
Ӛндірістік үрдістің автоматтандырылу деңгейі бұл үрдісті басқарулда опператор қатысуының қажетті үлесімен анықталады. Толық автоматтандырылу барысында белгілі бір уақыт ішінде адам қатысуы тіптен қажет етілмейді. Бұл уақыт қаншалықты ұзақ болса, соншылықты автоматтандырылу деңгейі жоғары болады.
Адамсыз режим жұмысы деп адам қатысуынсыз кем дегенде бір ӛндірістік ауысым (8 сағат) бойы станок, ӛндірістік аумақ, цех, тұтастай бір зауыттың автоматты жұмыс істеуі барысындағы автоматтандырылу деңгейін атайды.
Қолмен басқарылатын балама жүйелермен салыстырғанда ӛндірістік жүйелерді автоматты басқарудың техникалық ерекшеліктері келесідей: үрдістің жалғасуының жылдамдығын,
сәйкесінше, ӛндірістік құрылғының ӛнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін ӛте жоғары жылдам әрекет ету: материалдар мен энергияны үнемді шығындау барысында ӛнімнің жоғары спалығын қамтамасыз ететін үрдістерді ӛте жоғары және сапалы түрде тұрақты басқару; адамға ауыр, зиянды және қауіпті жағдайларда автоматтардың жұмыс істеу мүмкіндігі; жұмыс қарқынының тұрақтылығы, адамға тән шаршаңқылықтың болмауы есебінен үзіліссіз ұзақ мерзімді жұмыс жасау мүмкіндігі.
Ӛндірісте автоматты жүйелерді пайдалану барысында қолжетімді экономикалық артықшылықтар техникалық артықшылықтар нәтижесі болып табылады. Оларға еңбек ӛнімділігін айтарлықтай арттыру мүмкіндігін жатқызуға болады; ресурстардың (еңбек, материал, энергиялар) үнемшілікпен пайдаланылуы; ӛнім сапасының жоғары және тұрақты сапасының артуы; бұйымды жобалау мен оған қол жеткізуге дейінгі уақыт кезеңінің үнемделуі; еңбек ресурстарын арттырусыз ӛндірісті кеңейту мүмкіндігі.
Ӛндірісті автоматтандыру еңбек, материал, энергияны үнемдірек қолдануға мүмкіндік береді. Ӛндірісті автоматты жоспарлау және жедел басқару тиімді ұйымдастыру шешімдерін қамтамасыз етеді, аяқталмаған ӛндіріс қорларын азайтады. Үрдістің автоматты реттелуі құралдардың сынуы және мәжбүрлі тоқтап қалуы нәтижесінде туындайтын жоғалтулардың алдын алады. ЭЕМ қолданумен жобалау және ӛнімді дайындаудың автоматтандырылуы автоматтандырылмаған ӛндірістегі жасалып және сақталып, берілуі мен пайдаланылуына ұзақ уақыт жұмсалатын қағаз жүзіндегі құжаттар (сызбалар, сызулар, кестелер, сипаттамалар және басқалары) қатарын азайтуға мүмкіндік береді.
Автоматтандырылған ӛндіріс жоғары білікті, техникалық сауатты қызмет кӛрсетуді талап етеді. Оған қоса, автоматты ӛндірісте жұмысты ұйымдастыру және қосу, жӛндеу, бағдарламалаумен байланысты еңбек сипаты да айтарлықтай ӛзгеріске ұшырайды. Бұл жұмыс ӛте терең және жан-жақты білімді талап етеді, ол ӛз кезегінде алуан түрлі және қызық болып келеді.
Ӛндірістің даму деңгейіне ӛнеркәсіптің барлық салаларының дамуы байланысты болады. Сондықтан да, ӛндірістің тиімділігін және ӛндірістің автоматтандырылу деңгейін арттыру басым рӛль атқаруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |