Майда топтамалы ӛндіріс және жекелеген типтегі ӛндіріс жағдайында әмбебап токарлық станоктар металл ӛңдеуде кеңінен қолданыс тапты. Металл кесуші Тәжірибелі ғылыми-зерттеу институтының (ТҒЗИ), деректері бойынша, әмбебап станоктар жалпы қорының 28 % токарлық станоктар құрайды. Токарлық станоктар ӛнімділігі салыстырмалы түрде кӛп емес. Бұл жиі қайта орынатуға кететін ӛндірістік емес шығындармен, сонымен қатар, жұмыс әдістерінің механикаландырылмағандарының кӛп кӛлемімен түсіндіріледі.
Белгілі болғандай, операцияларды орындауға қажетті уақыт даналық уақытпен Тшт. анықталады.
Даналық уақыт құрамына мыналар кіреді:
Кесу, яғни бұйымның пішінін және ӛлшемін ӛзгерту жасалатын негізгі уақыт То,; токарлдық станоктарда ол машиналық, машиналы-қолды (қолмен беру барысында) және қолды;
Бұйымды орнату және ағыту, әр бұйымды ӛңдеуге қажетті құрал ауыстыру, станокты басқару және шығарылған ӛнімді ӛлшеуге (бақылау) кететін қосымша кӛмекші уақыт Твсп,;
Ӛтпей қалған құралды ауыстыруға, станокты үйлестіруге, жоңқаларды жинауға кететін жұмыс орнына техникалық қызмет кӛрсету уақыты Тто,;
Құралды жаю және жинау, станокты майлау және тазалауға ктетін жұмыс орнына қызмет кӛрсетуді ұйымдастыруға кеткен уақыт Тоо,.
Одан басқа, ӛндіріске жіберілетін бұйым тобына бұйым сызбасы
және технологиялық картасын оқып-білуге, жаңа операцияға арналған құралды беру және қабылдау және станокты үйлестіруге қажетті дайындалу-аяқтауға арналған уақыт Тп.з, қалыптастырылады. ТҒЗИ жекелеген және майда топтағы ӛндіріс типті зауыттарының зерттеулері нәтижесі бойынша әмбебап токарлық-бұранда кескіш
станоктарының жалпы уақыт қоры келесідей жұмсалады ( %):
Негізгі уақыт 26
Кӛмекші уақыт 24
Дайындау-аяқтау уақыты 16
Жұмыс орнына техникалық қызмет кӛрсету уақыты 5
Ұйымдастырушылық-техникалық шараларға арналған уақыт 29
Барлығы 100
Қатты қорытпалы құралды кеңінен қолдануға негізделген жылдамдата кесуді енгізу кесуге жұмсалатын уақыт шығындарын азайтуға мүмкіндік береді; ол станоктың барлық уақыт қорының 1/4 құрайды. Еңбек ӛнімділігін арттырудың негізгі қоры келтірілген
деректерден кӛргеніміздей, кесу жылдамдығын одан әрі арттыруға байланысты емес, бұл жағдайда автоматты басқарудың болмауы еңбек жағдайын жақсартуда жұмысшының кӛп ауырпалық сылынып және шаршаңқылығы туындайтынын байқаймыз.
Жонғыштық ӛңдеу барысында еңбек ӛнімділігін арттыруға әсер ететін түрлі жұмыстардың автоматтандырылуы мен механикаландырылуын қарастырайық. Жонғыш станоктардың жүктелуі (қуатталуы) бірмезетте бұйымды орнатуға және бекітуге уақыт шығындарын азайта отырып, жонушы жұмысын жеңілдетеді.
Қолданылатын тиеуші қондырғылар геометриялық пішіндеріне, ӛлшемдеріне және бұйымдар салмағына байланысты болады. Мысалы, шыбықтан бұйым жасау үшін ӛңдеу аумағына шыбықты автоматты беру қондырғысы кӛмегімен оны станоктың едендік сүмбісінен ӛткізуге болады. Жоғарыда айтып ӛткендей, бір-бірлеп шығарылатын бұйымдарға арналған қондырғылар кеңінен қолданыс табуда. Жинақтаушы науадан жонушы станоктардың орталық таспасына бұйымды беру үшін дайындамаларды кӛп мӛлшерде жасау барысында автооператор (қуаттаушы) қолданылуы мүмкін.
Бұйымдарды механикалық, пневматикалық, гидравликалық және бақа да жетектер қолданумен бекіту барысында жонушы станоктар жұмысының механикаландырылуы кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |