Оқулық «Білім беруді дамытудың Федералдық институты»


Ӛндірістік және технологиялық ҥрдістер



жүктеу 6,23 Mb.
бет4/142
Дата21.12.2022
өлшемі6,23 Mb.
#40728
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142
Шишмарев Технологиялық үрдістерді автоматтандыру. Оқулық (1)

Ӛндірістік және технологиялық ҥрдістер


«Үрдіс» термині табиғат ӛнімі мен еңбек арасындағы қажетті нәтижеге қол жеткізуге бағытталған ӛзара реттелген әрекет деп түсіндіріледі.
Ӛндіріс екі түрлі мағынаға ие. Алғашқысы «кәсіпорын», «зауыт»,
«фабрика», «телім» және басқалармен байланысты болса, ал екіншісі — «үрдіс» терминімен байланысты, мысалы, ӛндірістік үрдіс немесе ӛндіріс үрдісі. Алғашқы түсінік мағынасын қарастырайық.
Ӛндіріс — еңбек ӛнімін қол жеткізуге бағытталған еңбектің техникалық-ұйымдастырылған бӛлігі. Анығында, ӛндірістің дәл анықтамасы аталған бӛліктің құрылымдық иерархиялық деңгейіне және оның құрамына байланысты болып табылады.
Ӛндіріс сипаттамасы ол туралы келесідей ақпараттарды қамтиды:

    • ӛнім номенклатурасы (станок, бӛлшек, бұранда және басқалары);

    • ӛнім кӛлемі және оны шығару режимі;

    • үрдіс түрі (механикалық ӛңдеу, жинақтау, термоӛңдеу және басқа);

    • элементтік құрамы (цех, телім, бӛлім, қызмет және басқа);

    • бӛлімдер қызметі, олардың ӛзара байланыса әрекет етуі, бағыныстылық құрылымы және жекелену деңгейі;

    • Құрылымдық деңгейі және элементтері бойынша келісілген сапалық, сандық, экономикалық және басқа да кӛрсеткіштері.

Одан басқа, қызмет ету ортасы, автоматтандырылу деңгейі, үзіліссіздігі және басқа да ортасы туралы ақпараттың маңыздылығы зор. Әдетте ӛндіріс онда ӛндіріліетін негізгі ӛнім түрі бойынша сипатталады: кӛлік жаску зауыты, жабын/корпус бұйымдар цехы, тісті дӛңгелек аумағы, гальваникалық жабын бӛлімі және басқалар.
Ӛндірістік үрдіс — бұл жартылай ӛнімдер немесе ӛндірістік бӛлім қызметімен байланысты дайын ӛнім шығаруға арналған қажетті әрекеттер жиынтығы. Кез-келген ӛндіріс сатылы құрылымға ие, сәйкесінше, ондағы жүзеге асырылатын үрдістер балама құрылымға ие болуы қажет.
Осылайша, тұтастай зауыт немесе цехтың, бӛлімнің, телімнің, қызметтің, станоктың, қондырғының технологиялық жүйесі түріндегі кіші құрылымдарына дейін ӛндірістік үрдісі туралы айтуға болады.
Ӛндірістік үрдістің негізгі кезеңдеріне келесілер жатуы мүмкін: дайын ӛнімдерді алу және қоймаға сақтау, оларды жұмысшы аумағына (орындарына) жеткізу, ӛңдеудің алуан түрлері, жартылай ӛнімдерді жұмысшы аумақтары (орындары) арасында тасымалдау, сапа бақылауы, қоймада сақтау, бӛлшектерді жинау, сынау, реттеу, бояу, әрлеу, қаптау және жӛнелту. Кӛлік жасау зауытындағы ӛндірістік үрдістің түрлі кезеңдері бӛлек цехтарда немесе бір цехта орындалуы мүмкін. Алғашқы жағдайда, ӛнім жасаудың ӛндірістік үрдісін бӛліктерге бӛліп және сәйкесінше орындалатын ӛндірістік үрдіс деп атайды, мысалы, дайындау, жинау, механикалық цехтарда және т. б. Екінші жағдайда, үрдісті кешенді ӛндіріс деп атайды.
Технологиялық үрдіс — аталған үрдістің талап етілетін шығу парметрлерінің қамтамасыз етілуімен байланысты іс-әрекеттер жиынтығы.
Технологиялық үрдіс ӛндірістік үрдістің негізгі бір бӛлігі болып табылады, сондықтан да, ӛндірістік негізгі ӛнімге қатысты негізгі немесе кӛмекші қызмет атқаратындығына байланыссыз аталған ӛндірістік жүйенің кез-келген бӛлімшесінде технологиялық үрдістің орын алуы туралы айтуға болады.
Шындығында, кез-келген ӛндіріс қызметтік бӛлімшелер түріндегі ӛзінің ұйымдық құрылымына ие: цехтар, бӛлімдер, қызметтер, телімдер және басқалары.
Технологиялық үрдіс сонымен қатар, белгілі бір элементтер құрылымына ие болады. Бастапқыда бұл элементтер механикалық ӛңдеу саласына қатысты болатын. Қазіргі таңда оларға технологиялық әсер ету әдістері жан-жақты қамтылған жалпы ұғым беру қажет: термикалық ӛңдеу, химиялық ӛңдеу, жинақтау, сонымен қатар, тасымалдау және қоймада сақтау және тағы басқалар.
Ӛндірістік үрдістің техникалық-ұйымдық элементтерінің құрылымын анықтайық.
Жұмысшы жүрісі (еңбек құралы қасиетін ӛзгертетін әсер етудің технологиялық әдістері үшін) — аталған бұйымның талап етілетін параметрлерін қалыптастыратын бір ретті технологиялық үзіліссіз әрекет ету (кеңауқымдылық, қаттылық, үстіңгі беткей сапалығы және басқалар.). Жалпы жағдайда бұл белгілі бір (тұрақты немесе ӛзгермелі) құрал параметрлерімен, технологиялық орта (қыздыру, салқындату, химиялық ӛңдеу және басқалар) параметрлерімен, үстіңгі беткей немесе байланыстыру кинематикасымен кейбір қарпайым түрдегі аяқталған технологиялық айналым.
Жинақтау үрдісінің балама элементі болып байланыстыру – екі бұйымды байланыстыруды қалыптастырудың технологиялық үздіксіз айналымы табылады.

жүктеу 6,23 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау