Оқулық «Білім беруді дамытудың федералды институты»



жүктеу 5,83 Mb.
Pdf просмотр
бет26/65
Дата19.11.2018
өлшемі5,83 Mb.
#21364
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65

Сұр — осылайша ақ және қараның көптеген қоспаларын атайды. Сұрдың 
кем  дегенде  үш  реңк  ажырату  қажет:  ашық,  қара  және  орташа.  Олардың 
психологиялық  әсері  әртүрлі.  Ашық  сұр  аққа  жақын  және  қозғалған 
эмоцияларымен оған дерлік ұқсас. Қара сұр қараға жақын, тиісінше психикаға 
әсері  жөнінде  оған  ұқсас.  Орташа  сұр  бұл  екі  реңктен  ерекшеленеді.  Ол 
өзгелерден  гөрі  қозуды  азайтады,  және  көңіл-күйді  баяулатады, 
эмоциялардың  кернеуін  жояды,  тіпті  көңілсіздік,  мұң,  үмітсіздік  (әсіресе, 
майлы  бояу  түрінде)  сезімдерін  шабыттандырады.  Сұр  түс,  қымбат 
фактураларда  (жібек,  атлас,  барқыт,  тері)    құстардың  қауырсынында, 
бұлттарда,  ескі  қақталған  ағашта  (сұр  үйшіктер),  мәрмәр  мен  асыл  тастарда 
жақсы  көрінуі  мүмкін.  Үлкен  сұр  фасадтары,  тротуарлары  және  бұлтты 
аспаны бар қалалық ортада бұл түс басымдық және абыржуды тудырады. 
Заманауи  еуропалық  мәдениеттегі  түстің  символикасы  және  түстік 
ассоциациялар.  Түстер  физикалық,  этикалық,  эмоционалды,  географиялық 
және т.б. қоса алғанда, түрлі ассоциацияларды тудырады. Бір мағыналықтарға 
температуралық,  салмақтық  және  акустикалық  ассоциациялар  жатады. 
Сонымен,  жеңіл  түстерге  жасыл,  көк,  ақ,  ашық  сұр;  ауыр  түстерге  -  қызыл, 
көк,  күлгін,  қара  сұр,  қара  жатады.  Түске  және  онымен  байланысты 
ассоциацияларға  болатын  реакция  мәдениетке  байланысты  өзгеруі  мүмкін. 
Түрлі  мәдениеттер  түстерді  белгілі  бір  қабылдау  ерекшеліктеріне  ие. Қазіргі 
заманғы  еуропалық  мәдениет  туралы  айтатын  болсақ,  келесі  түстік 
ассоциацияларды ажыратуға болады. 
Ақ  —  тазалықты  (стерилдікті),  пәктікті,  жоғары  әлеуметтік  мәртебесін 
білдіреді.  Дәстүрлі,  артықшылықты  спорт  түрлеріне  арналған  деп  танылды 
(мысалы, теннисшілердің немесе яхтсмендердің костюмдері). 
Қара  —  бір  жағынан,  дәстүрлі  түрде  өмірдің  қараңғы  жағын,  қайғы-
қасіретті бейнелейді, ал екінші жағынан - сән-салтаның түсі, әсіресе қара түсті 
беттің  жылтыр  текстурамен  біріктірген  кезде.  Мәдени  тұрғыда  асыл  және 
талғампаз  қараны  қайғылы  қарадан  оңай  айыруға  болады..  Жарнамада  қара 
түс жоғары сапаның белгісі ретінде жиі кездеседі. 
Сұр  —  ақ  пен  қара  арасындағы  ортасы  болып  табылатындықтан  тұман, 
түтін,  ымыркай,  яғни  пішіні  мен  түстері  бұлыңғыр  болатын,  анықтылығын 
жоғалтатын  күйлермен  байланысты.  Сұр  түстің  өзі де  реңкке  қарай  әр  түрлі 
жолмен қабылданады. 
Қызыл  —  дәстүрлі  түрде  күш,  өрт,  энергия,  кейде  қауіпті  білдіреді 
(мысалы,  бағдаршамның  сигналы).  Әдетте  қызыл  түстің  мәні  реңкке 
байланысты.  Қызғылт  сары-қызыл  агрессиялықты  көрсетеді,  ал  қызыл 
дәстүрлі  түрде  ұлылықты  және  билікті,  қалыпты  қызыл  белсенділікті,  күшті 
және  қозғалысты  бейнелейді.  Бұл  реңктер  табиғи  күшті,  сондай-ақ 
ынталандырушы  және  нығайтатын  өнімдердің  әсерін  айырықша  көрсету 
мақсатында  қолданады.  Шие  қызыл  -  бұл  сезімталдығы  көбірек  түс. 
Неғұрлым  қызыл  қараңғырақ  болса,  соғұрлым  ол  қатаң  және  тереңірек 
көрінеді, ал неғұрлым ашығырақ болса, соғұрлым көңілдірек және образдарға 
бай  болады  дей  аламыз.  Қызылдың  ашық  реңктері  -қызғылт,  асшаяндық  - 
романтикалық  сезіммен  тығыз  байланысты,  сондықтан  мұндай  түстерді 
іскерлік жағдайларда қолдану - қажет емес. 
 
 
 
   72 


 
Сары  —  реңкіне  байланысты  ол  күн  сәулесімен  немесе  лимон  немесе 
жұмыртқаның  сарысымен  ассоциациялар  тудыруы  мүмкін.  Тиісінше,  сары 
түсті  қабылдау  оның  реңкіне  қатты  тәуелді.  Сары  түс  жақсы  көрінеді, 
жарнамалық және тамақ қаптамаларында жиі пайдаланылады. 
Көк  —  аспан,  мұхит,  алыстағы  таулармен,  яғни  қол  жетімсіздікпен, 
үйлесіммен, айқындықпен және тыныштықпен ассоциацияланады. Неғұрлым 
көк қоюрақ болса, соғұрлым ол байсалды және теңдестірілген болып көрінеді. 
Жасыл  —  табиғатпен,  өмір  күшімен,  теңдікпен  байланыс  орнатады.  Бір 
қызығы,  табиғат  қорғаушылардың,  яғни  «жасыл»  деп  аталатындардың,  іс-
әрекеттеріне байланысты, жасыл түстің қабылдануы айтарлықтай өзгерді. ХХ 
ғасырдың  ортасында  тамақ  қаптамасында  жасыл  түсті  қолдануға 
ұсынылмаған  (қажетсіз  ассоциациялар  туғызбау  үшін),  ал  қазір  жасыл, 
қоректік, табиғи, пайдалы өнімдермен тығыз байланысты. 
Қоңыр  —  тәуелсіздік,  күш  және  тұрақтылықты  білдіреді.  Орташа  және 
қою қоңыр реңктері тыныш, тыныштандыратын, беделді болып қабылданады, 
киімде көбінесе жоғары әлеуметтік жағдайдың және ерекше сәндік көрсеткіші 
болады. 
Жасыл-қоңыр  («хаки»  делінетін)  армия  мен  әскери  нысандармен  тығыз 
байланысты. 
Қызыл-қоңыр  қызыл  энергиясын  қоңыр  түстің  басылдылығымен 
байланыстырады. 
             
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ  
 
1. 
Түс дегеніміз не? Түстің табиғаты қандай? 
2. 
Түстерді жіктеу қағидалары қандай? 
3. 
Түстерді араластырудың қандай процесстері сізге белгілі? Оларды сипаттаңыз. 
4. 
Түстерді визуалды қабылдау ерекшеліктері қандай? 
5. 
Сіз білетін түске адамның физиологиялық реакциялары қандай? 
6. 
Заманауи еуропалық мәдениеттегі түстің символикасы және түстік 
ассоциациялар қандай? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
73 


 
4
 ТАРАУ
 
БАСПА ӨНІМДЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫ 
 
 
 
 
       
ТАНЫСТЫРУ ӨНІМДЕРІНІҢ ДИЗАЙНЫ 
 
Таныстыру өнімдері - ол компания сөйлесе алатын, қарым-қатына, көрнекі 
тіл. Таныстыру өнімдердің міндеті - әлеуетті тұтынушылар мен серіктестердің 
алдында компанияның оң имиджін қалыптастыру. 
Таныстыру  өнімдердің  негізгі  элементтеріне  мыналар  жатады:  визит 
карточкасы, бланкілер, папкалар, конверттер, буклеттер, блокноттар, шақыру 
қағаздары, ашық хаттар. 
Фирмалық  стиль  -  жарнаманың  барлық  түрлеріндегі  түс  комбинациясы  
және  кескіндерінің,  іскерлік  құжаттарының,  құжаттамалардың,  ораманың, 
кеңсеге  және  тіпті  жұмысшылардың  киіміне  арналған  бірыңғай  дизайн 
қағидаларының жиынтығы. 
Фирмалық  стиль  -  тасымалдаушыдан  тәуелсіз,  жалпы  графикалық  схема 
арқылы  қажетті  идеяны  біртұтас  белгілер  жүйесі,  тұтас  визуалды  тіл 
көмегімен жеткізеді. 
Фирмалық  стиль  элементтері.  Қызмет  түріне  қарай,  фирмалық  стиль 
аудиторияға әр түрлі әсер ету түрлерін қамтуы мүмкін. Бұл  фирмалық аудио 
немесе  бейне  тізбегі,  графикалық  немесе  тактильді  әсер  болуы  мүмкін. 
Дегенмен, ең көп тараған визуалды әсер болып табылады. 
Дәстүрлі  түрде  келесі  элементтер  фирмалық  стиль  деп  қарастырылады: 
сауда  белгісі  (логотип),  фирмалық  түстер,  фирмалық  шрифт,  фирмалық 
беттеу, суреттер стилі, фирмалық материалдар, фирмалық бизнес құжаттары, 
орау,  кәдесый  өнімі,  сыртқы  жарнама,  фирмалық    киім,  кеңсенің  фирмалық 
безендірілуі және жұмыс орындары. 
Фирмалық стильдің негізгі элементі сауда белгісі немесе логотипі (фирма 
атауының немесе сауда белгісінің ерекше жазылуы) болып табылады. Белгіні 
немесе логотипті жасау графикалық дизайнның ең күрделі міндеттерінің бірі 
болып  табылады.  Белгі  тек  барлық  ықтимал  ассоциацияларды  ескеріп  қана 
қоймай,  сондай-ақ  кеңейтілген  (мысалы,  маңдайша  жазуда)  немесе 
қысқартылған  (визит  карточкасында)  пішінде  жақсы  қабылдануы  керек, 
сондай-ақ  кез-келген  тәсілмен,  соның  ішінде  трафареттік  басып  шығару 
немесе  плоттерді  кесу  арқылы  басылып  шығуы  тиіс.  Технологиялық 
талаптарға  сүйене  отырып,  белгі  (логотип)  ұсақ  бөлшектер  мен  жартылай 
реңктерсіз өте шағын болуы керек. Сонымен қатар, белгі жақсы есте сақталуы 
керек және патент тазалығы деп аталатын, яғни жақын аналогы жоқ, қасиетке 
ие болу керек. 
 
 
 
74 
 4.1. 


жүктеу 5,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау