§2. Жаһандану үрдісі шеңберіндегі өзекті мәселелер
Ең бірінші орында ядролық соғыс қару-жарақынаң жетілуі мен халықаралық бақылаудың шеңберінен шығып кетуі жатыр. Бұрыннан келе жатқан ядролық қаруы бар бес мемлекетке бүгінгі таңда Үндістан, Пәкістан, Оңтүстік Африка, Израйль сияқты елдер қосылды. Біршама елдер ядролық технологияны меңгеру үстінде (Иран, Солтүстік Корея). Әңгіменің қиындығы - бұл қосылған жаңа елдер халықаралық шиеленістер аймағында орналасқан. 2001 ж. Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыстар сол елдердің мемлекет қайраткерлерінің «ядролық қаруды қолдануымыз мүмкін» деген жантүршігерлік қорқытуымен аяқталғанын білеміз. Бұл проблеманы шешудің негізгі жолы -барлық ядролық елдерді (соның ішінде ешкімге де артықшылық жасамай) халықаралық бақылау негізінде жаппай қарусыздандыру болмақ. Атомның күш-қуаты тек АЭС-терді салу арқылы бейбіт жолға қойылуы керек. Өкінішке қарай, ядролық мемлекеттердің «өзімшіл пиғылы» бұл мәселені үзілді-кесілді шешуге кедергі жасауда. Алайда бұл мәселе ертелі-кеш шешілмейінше, бүкіл адамзат үстіндегі «ядролық дамокл қылышы» сол үрейінде тұра бермек.
Екінші үлкен мәселе - бүгінгі қалыптасқан тәндік-сезімдік өмір бағыт негізінде тойымсыздық, табиғи ресурстарды өлшемсіз пайдалану, қоршаған ортаны ластау - адамзатты болашақ экологиялық апатқа әкелу мүмкіндігі. Біз бұл мәселеге толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.
Қайсыбір қоғам - өте күрделі, өзін-өзі ұйымдастырып дамыта алатын жүйе. Өйткені қоғамның «атомы» - адам. Оның денесімен қатар, ішкі рухани дүниесі ой-өріске, қиял-арманға, шаттық пен әсерге, қайғы-мұң мен махаббатқа, неше түрлі жарқын және күңгірт сезімдерге толы. Әр адам өз өмірінің шеңберінде алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларға жетуге ұмтылады. Егер жануарлар табиғатпен бірге, соған сәйкес өмір сүрсе, өзін табиғатқа қарсы қоя алмаса, адам өзінің санасы арқасында айнала қоршаған ортаны өз мұқтаждығына сай етіп өзгертеді, оны таза табиғат қанағаттандыра алмайды. Осы ерекшелікке сай, бүгінгі таңда жер бетінде мыңдаған қалалар, миллиондаған шақырым асфальт және теміржолдар, бүкіл жер бетін қамтитын интернет, теледидар, ұялы телефондар жүйесі, жасанды су коймалары, алып зауыттар мен фабрикалар т.с.с. адамның шығармашылық еңбегі арқылы дүниеге келген заттарды көреміз. Сонымен қоғам табиғатпен сан алуан байланыстарға түсіп, өмір сүреді. Ал осы байланыстарды жете түсіну ұшін «табиғат» үғымын талдаудан бастайық.
«Табиғат» ұғымы, негізінен, үш мағынада қолданылады. Ең кең түрде алғанда Дүниеде табиғаттан басқа еш нәрсе жоқ (Құдай идеясын жақшаға алсақ). Қазіргі американ астрофизиктерінің деректеріне сүйенсек, бұл Дүние осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Үлкен Жарылыстың» негізінде пайда болды. Яғни Ғарыштың бір шеті мен екіншісіне дейінгі қашықтық - 13 млрд. сәулелі жылдар.
Ең тар мағынада алғанда «табиғат» ұғымы «мен» категориясымен теңеліп кетеді. «Осы заттың табиғаты неде деген сұрақ «Осы заттың мәні неде деген сұраққа тең.
Үшінші мағынада «табиғат» деп Жер бетін, оны қоршаған атмосфера, гидросфера, тропосфераны, сан алуан тіршілікті, қоғамды қоршаған ортаны айтамыз. Міне, осы мағынада біз табиғат ұғымын пайдаланамыз.
Бірінші жақындағанда біз табиғатты екіге бөлеміз. Олар - өлі және тірі табиғат. Өлі табиғатқа неше түрлі механиқалық, физикалық-химиялық, магниттік, электрлік т.с.с. үрдістерді жатқызуымызға болады.
Ал Жер бетіндегі тіршілікке келер болсақ, ол - Дүниеде болып жатқан бір ғажап оқиға. Олай дейтін себебіміз, осы уақытқа дейін, теориялық тұрғыдан Ғарыштың басқа да кеңістігінде тіршілік болуының мүмкіндігін мойындасақ та, тек Жер бетіндегі тіршіліктен басқасын таба алмадық. Кең түрде алғанда, тіршілік деп қоршаған ортамен заттық, энергетикалық (күш-қуаттық), ақпарат-тық алмасуға түсіп, өзін-өзі сақтап жетілетін, сонымен қатар өмірін жалғастыра алатын күрделі жүйені айтамыз. Тіршіліктің жер бетіндегі дүниеге келгеніне 3,5 млрд. жыл болыпты. Осы уақыттың шеңберінде сансыз әртүрлі тіршілік формалары дүниеге келіп және кетіп, бүгінгі жетілген формаларын тудырды. Оның ең биік теңдесі жоқ түрі - сана сезімі бар рухани пенде - адамның өзі.
Жер бетіндегі миллиардтаған жылдар бойы бір-бірімен өзара байланыста, сәйкестікке келген тіршілікті біз Үлкен Жүйе деп атауымызға болады. Оның, негізінен алғанда, 3 құрамдас бөлігі бар. Олар: а) өсімдіктер әлемі; в) жануарлар әлемі; с) микроорганизмдер әлемі. Олар, әрине, салыстырмалы түрде дербес болғанымен, бір-бірімен тығыз байланыста болып, Үлкен Жүйені кұрайды.
Өсімдіктер әлемін көркем тұрде аса теңдесі жоқ күн сәулесін қорландыратын аккумулятор десек те болады, өйткені олар жапырақтарын күнге қарай бұрып, тамырлары арқылы жер астындағы неше түрлі минералдарды бойына тартып, фотосинтез арқылы өз денесіне айналдырады.
Жануарлар сол өсімдіктермен қоректеніп, олардың денелеріндегі қорланған энергия мен минералдық элементтерді өз бойына сіңіріп, өсіп-өніп, сонымен қатар кеңістікте қозғалуға мүмкіндік алады.
Енді көзге көрінбейтін тірі организмдер - микробтар мен вирустар әлеміне келер болсақ, оларсыз жоғарыдағы екі әлем де өмір сүре алмас еді. Күзде шөптер сарғайып, шіри бастайды. Микроорганизмдер оларды қайтадан табиғатқа минералдык тұздар мен элементтер ретінде кіргізеді. Жануарлар жегендерін микроорганизмдер болмаса қорыта алмас еді, ал олар өлгенде, олардың денесін шірітіп, қайта табиғатқа қосатын да сол микроорганизмдер.
Сонымен, қарап отырсақ, осы үш тіршілік әлемі бір-бірінсіз өмір сүре алмайды екен. Бұл үлкен жүйені ғылыми тілде биосфера (тіршілік аймағы) дейді. Биогеоценоз дейтін екінші ұғым - белгілі бір географиялық аймақта миллиондаған жылдар бойы үйлесімді қалыптасып қалған тіршілік әлемін көрсетеді. Мысалы, Қазақстан көлдері мен өзендерінде қолтырауын деген жануар өмір сүрмейді. Ол экватор бойындағы өзендер имен көлдерде ғана өмір сүреді. Сонымен қатар тропиктегі көп өсімдіктер мен микроорганизмдер, жануарлар да біздің жерімізде өмір сүре алмас еді. Өйткені бұл жердегі қоршаған ортаға олар бейімделмеген.
Енді табиғат пен қогамның өзара байланысын талдайтын уақыт та келді. Көне тарихта табиғат қоғамның қалыптасуы мен дамуына екі түрлі әсер тигізді. Біріншіден, табиғаты өте бай, ауа райы жұмсақ жерде, сонымен қатар табиғаты өте қатал, ауа райы суық жерлерде қоғамның дамуы тоқырап, бір орында тоқтап қалғандай болды. Оның негізгі себептері мынада. Экватордың тұсындағы көп аралдарда адам өзіне керекті нәрселердің бәрін де даяр түрде гүлденген табиғаттан тауып алады. Табиғат адамды жас бала сияқты әлпештейді. Ол теледидардан көрсететін «Баунти» жарнамасындағы көрініс сияқты. Адам ұйқылы-ояу, оған еш нәрсені ойлап шығару тіпті де қажет емес.
Ал енді солтүстіктегі артта қалған халықтарға келер болсақ, ондағы табиғаттың қаталдығы соншалықты, бүкіл адамдардың бірлесе жасаған іс-әрекеттері мен күш-қуаттары тек өмірде тірі қалуға ғана жетеді, сондықтан айнала қоршаған қатал табиғатты өз еркіне көндіруге мүмкіндіктері болмай қалады.
Тіпті алыска кетпей-ақ, біздін арғы бабаларымыздың өмір салтына көз жіберсек, мыңдаған жылдарға өзгермей созылған көшпенділік дәстүрінің өзі Сары Арқаның қатал табиғатынан шықпай ма?
Сондықтан қоғамның дамуына жақсы жағдай табиғаты жұмсақ, суы мол, бірақ еңбек етуді талап етіп, оның қайырымы мол жерлерде дамыды. Олай болса, алғашқы көне цивилизациялардың жұмсақ табиғаты бар ұлы өзендердің жағасында орналасуы - заңды нәрсе. Олар - Тигр мен Ефрат, Ганг пен Инд, Хуанхе мен Янцзы өзендерінің екі ортасы, Нилдың бойында т.с.с. жерлерде дүниеге келіп, дамыды.
Мыңдаған жылдардың шеңберінде адамзат өндіргіш күштерді дамытып, қаншалықты айнала қоршаған ортаны өзгерткенмен, Табиғат өзінің ішкі тұрақтылығын сақтап, щаруашылық қоқыстарын өз мүмкіндіктерін пайдаланып қорытып , қайтадан өз бойына сіңіріп отырды. Тек тарихка Жаңа Дәуір келіп, қалалар күрт өсіп, мыңдаған зауыттар мен фабрикалар миллиондаған тонна өндіріс қоқыстарын қоршаған ортаға шаша бастаған кезде, табиғаттағы экологиялық тепе-теңдік бұзыла бастады. Адам қоршаған ортаны өз еркіне көндіріп, оны қайта құру жолында тез дами бастады. Алғашқы кездерде табиғатқа жасалған жаралар тіпті байқалған да жоқ, оған коғамдық сана да көп көңіл бөлген жоқ-ты.
Табиғат пен қоғамның арасындағы ахуал әсіресе XX ғ. күрт өзгере бастады. Ол ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін өндірісте кеңінен колданып, соның негізінде қоғамдық-материалдық байлықты өсіріп, адамдарға жақсы жағдай жасау әрекетінен шығатыны сөзсіз. Бір жағынан, адам өз шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелілігін күрт өсірді, оның тұрмысы жақсарды, орташа өмір ұзақтығы да біршама өсті. Екінші жағынан, тек өз қамын ойлау, табиғатты тек қана белгілі бір ресурс, шикізат ретінде пайдалану өзінің теріс салдарларын өмірге әкелмей қоймады. Табиғаттың жүйелі ұйымдасқанын ескермей, онын кейбір элементтерін өзгерту айнала коршаған ортаның сапасын төмендете береді. Өзінің мақсаттарын іске асырудағы қоғамның алғашкы жоспарлары мен нақтылы өмірдегі өзгерістердің салдарлары жер мен көктей болып, үлкен кайшылыктарға әкеледі. Адам өз шаруашылык іс-әрекетінің алыс болашақтағы салдарларын (көбіне теріс) көп жағдайларда ескере алмайды. Тек бірнеше ғана мысал келтірейік. Соңғы 100 жылда ауадағы көмірқышқыл газдың үлесі 20%-ға дейін өсті, теледидар мен радионың дамуы жер бетіндегі метрлік толкындағы радиосәулелерді 1 млн. есе өсіріп, Күндегі радиосәулелермен теңдеді. Қоршаған ортада миллиондаған тонна улы заттар айналымда. Тек кана 1тонна мұнай теңізге төгілгенде 12 кв км. кеңістікті жауып кетіп, оның астындағы тіршілікті құртады екен. Қоршаған ортаны ластаудың нәтижесінде ананың организмінде мутациялар болып, туа мүгедек балалардың саны бүкіл жер бетінде жыл сайын үрейлі түрде өсуде.
Әсіресе экологиялық ахуал бүрынғы Кеңес Одағында қатты бұзылды. Капиталистік коғамдық жүйемен жарыс барысында алып өндіріс ошақтары жоспарланып салынғанда, оның әкелетін экологиялық салдарларына мән берілмеді. Тек қана бірер мысал келтірейік. Кремльдегі қартайған партия олигархтары 60-шы жж. біз күріш пен мақта өндіруде дербестік дәрежеге жетуіміз керек деген жалған ойды басшылыққа алып, Амудария мен Сырдария суын Өзбекстан мен Қазақстанның шөл далаларына ағызды. Соның нәтижесінде 30 млн. жыл бойы өмір сүрген Арал теңізі құрып, ширек ғасырдың шеңберінде экологиялық апат осы аймаққа келіп жетті. Орталық Қазақстанның әйгілі киігі Байқоңырдан ұшырылатын ракеталардың жағатын уға толы жанармайының салдарынан толығынан құрып кету жағдайында. Семей аймағындағы радиация мыңдаған адамдардың өмірін қысқартып, практикалық түрде геноцидке әкеліп жатыр. Мұндай деректердің санын жүздеп келтіруге болар еді. Оның көпшілігімен оқырман да таныс болар.
Соңғы жылдары ешқандай ғылыми зерттеулерсіз-ақ жер бетіндегі ауа райының өзгеріп жатқанын байқауға болады. Теңіз бен мұхитқа жақын елдер неше түрлі цунами, тайфундардың зардабын көруде. Аляскадағы мұхит жағалауындағы қалашықтар су астында қалып, көшірілуде. Орта Азия мен Қазакстанның ауа райы да өзгеріске түсуде. Әсіресе аянышты жағдай Африка континентінде байқалуда. Ал бұл деректердің өзі экологиялық мәселелердің бүкіладамзаттың мүдделеріне әсерін тигізетінін көрсетеді. Оның негізгі себебі ауаның, өзен мен теңіздің суларының ұлттық шекарасының жоқтығынан шығады. Егер бір жер ластанса, ауа мен су арқылы ол басқа жерлерге де тарайды. Сондықтан бүкіл адамзаттың басы бірікпей, экологиялық мәселелерді шеиіу мүмкін емес.
Бұл арада бүгінгі таңда кейбір мемлекеттердің ұлттық жақын арадағы мүдделері мен адамзат арасында қайшылықтар пайда болуда. Мысалы, Бразилия тез қарқьшмен дамып, Сельвадағы (ну орман) құнды ағаштарды қырқып, босаған жерлерге кофе плантацияларын отырғызып жатыр. Ал атмосфераға оттегін беретін -мұхит пен теңіз, Сібір мен Сельвадағы ну ормандар. Яғни ол Бразилияға пайда әкелгенмен, бүкіладамзат мүддесіне қайшы келеді. Сол сияқты, Каспий теңізіндегі мұнайды Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей мемлекеттері аса тез қарқынмен игеруде. Ал Каспийдің мұнайдан тыс биологиялық байлығы 500 млрд. доллардан асады. Сондықтан Каспийдің табиғи байлығын құртып алу үрейі осы арада тұрып жатқан халықтарды алаңдатуда.
Соңғы жылдары бірнеше бүкіладамзаттық деңгейге көтерілген ғылыми конференциялар (Рио-де-Жанейро, Киото, Буэнос-Айрес) өтіп, жақсы шешімдер жасалды. Бірақ, өкінішке қарай, олар орындалмауда. Мысалы, Киото конференциясында анықталған атмосфераға шығаратын улы лас түтіннің мөлшерін қысқарту шешімін АҚШ - көш басындағы дамыған ел - орындамай отыр. «Ол біздің ұлттық мүддемізге қайшы келеді», - дейді олар. Мұндай жағдайда экологиялық мәселелерді шешу қиын шаруаға айналмақ.
Табиғат пен қоғам арасындағы қайшылықтарды шешу жолында қоғамдық санада, негізінен, екі пікір қалыптасты. Біреуі -сциентистік (ғылыми), екіншісі - антисциентистік, гуманитарлық бағыттар.
Сциентистік бағыттың өкілдері - бүгінгі адамзат ғылым мен техниканың дамуының алғашкы сатысын ғана бастан кешуде. Жас кезінде неше түрлі бала ауруларынан өтіп есейген адам сияқты, болашақта неше түрлі экологиялық қайшылықтардан өтіп, адамзат сол ғылым мен техниканың дамыған сатысында барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік алады, сондықтан экологиялық үрейлерден қорықпау керек деген оптимистік өміршеңдік пікір ұстауда.
Екінші антисциентистік бағыт - барлық экологиялық қайшылықтардың түп-тамырын ғылым мен техниканың дамуынан көріп, оларды құмыраның ішінен шығып кетіп, адамның өзіне, бүкіл тіршілікке үрей туғызып отырған жынға теңейді. Сондықтан олар жаңа өндіріс кешендерін салуды дереу тоқтату керек, өйткені тіршілік әлемі оның қысымын әрі қарай көтере алмайды деген пікір айтады.
Бұл пікірлердің сыңаржақтығын, бір қарағанда, байқауға болатын сияқты. Біріншіден, ғылыми-техникалық революцияны тоқтату мүмкін емес, оның өз объективті даму заңдылықтары бар. Керісінше айту - адамдардың шығармашылық еңбегін токыратуға тең, онда адамдардың өмірінің мән-мағынасы, оның басқа тірші-ліктерден негізгі ерекшелігі жойылар еді. Екінші жағынан, жаңа ғана дамып келе жатқан елдерге өндіріс кешендерін салмаңдар деу олардың мәңгі артта қалуымен тең бағаланып, практикалық түрде үлкен қайшылықтар тудырып, ондай шешімдерге ешбір ел құлақ салмас еді.
Біздің ойымызша, шындық осы екі пікірдің ортасында болса керек. Қазіргі дамыған бай елдердің тәжірибесі энергияны аз қабылдайтын, экологиялық таза технологияларды өмірге енгізіп, көп мәселелерді шешуге болатынын дәлелдеп отыр. Алайда біз мынаны ұмыт қылмауымыз керек. Қазіргі дамыған елдер, практикалық түрде, көп экологиялық зияндықтары бар шикізат өндірісін жаңа ғана дамып келе жатқан елдердің үлесіне еткізіп, өздері аса биік технологиялық дәрежеге көтерілген өндірісті ұстап отыр. Сондықтан олардың өндіретін заттары басқаларға қарағанда ондаған есе қымбат. Тағы бір естен шығармайтын нәрсе - байлықтың күрт өсуіне байланысты тұтыну қоғамы пайда болып, тойымсыздыққа, соның негізінде бақталастыққа жол ашылды. Егер осы жолмен барлық елдер дамыса, онда адамзат тіршіліктің ішіне кіріп, соны құртып жатқан қатерлі ісікке айналады.
Бұл айтылған ойлардан шығатын бірауыз сөз - ол қазіргі адамзаттың рухани тоқыраудан тезірек шығу қажеттігі, Батыс технократизмі мен сциентизмінің болашағының жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір негізгі мәселелерінің шешілмейтіндігі болса керек..
Біздің ойымызша, бұл жолда көшпенділердің тарихи тәжірибесі қазіргі адамзатқа ауадай қажет сияқты. Қазақ санасында «қанағат» ұғымы үлкен орын алады. Өмір бағытына келер болсақ, онда «алудан» гөрі бабаларымыз «болуды» биік ұстаған. Біздің ойымызша, Қазақстан кезекті тарихи жаңару сатысында бүкіла-дамзаттық өрлеу үрдісіне сай келу, экологиялық мәселелерді шешу үшін жаңа технологияларды игеріп қана қоймай, олардың жаңа түрлерін тудыра алатын дәрежеге көтерілуі қажет. Ол үшін жоғары білім бсру саласы ғылым мен техниканың дамуы жаңа дәрежеге көтерілуі керек. Сонымен қатар жалаң еліктеушіліктен арылып, өз жеріміз, еліміз, руханиятымыздың ерекшеліктерін ескере білуіміз қажет. Қазақстан тіпті де Бразилия, я болмаса Оңтүстік Корея, Австралия т.с.с. емес. Адамның өмір сүру құны бізде біршама қымбат, өйткені жылына жеті ай бойы от жағу қажет. Біздің елімізге шикізат өндірісіне ғана шетел қаражаты келуінің себебі де осында. Қолдағы байлықты бағалай біліп, оны әртүрлі деңгейде өңдеп сатудың тиімділігі анағұрлым артық. Ол үшін отандық іскерлер тобының қорланған қаражаттарын біріктіріп, ұлттық экономиканың әлсіз жақтарына жұмсау қажет.
Ерекше атап өтетін кемшілік - Батыстағы тұтыну қоғамының үлгілеріне тамсана қарап, соған еліктеу болса керек. Бұл жолда біз сәтсіздікке ұшырауымыз мүмкін. Біріншіден, біз оларды қуып жету барысында олар бір орында тұрып қалмас. Екіншіден, материалдық тәндік-сезімдік өмір жолында өз руханиятымыздан жұрдай болып қалуымыз мүмкін. Үшіншіден, «Мерседес» мініп, уланған, жараланған аянышты табиғатымыздың ортасында масаттанып жүргеніміз бізге лайықты болмас.
Сондықтан табиғат пен қоғамды өзара үйлесімді дамыту үшін біз болашақта өзіміздің рухымызға негізделген жаңа өмірдің сапасын тудыруымыз қажет. Яғни адамға керек негізгі қажеттіліктер толығынан өтелуі керек. Олар: ішетін таза су, дем алатын таза ауа, сапалы тамақ, биік дәрежедегі барлық адамдар пайдалана алатын білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет, спорт жүйелері т.с.с. Оның сыртындағы байлық табиғатты тазартуға, оны аялауға жұмсалуы қажет.
Бүгінгі таңда аса керекті нәрсе - табиғаттың, яғни болашақ ұрпақтардың құқын заң жүзінде қорғау болмақ. Өйткені адамның өзі - табиғаттың ең әсем гүлі, ол адам арқылы ғана өз-өзін сезініп, түсіне алады. Табиғатты бүлдіретін де, оны аялайтын да - адам. Олай болса, сапалы жасалған қатаң экология заңдары қажет. Әсіресе шикізат өндірісіне қойылатын экологиялық талаптар өте қатал болуы керек, өйткені олар - қоршаған ортаны ластауға негізгі «үлес» қосады. Өндіріске енгізілетін бірден-бір кешен экологиялық талаптарды орындамай, іске қосылмауы керек.
Соңғы - халықтың экологиялық санасын биік деңгейге көтеру. Ол жұмыс мектеп табалдырығынан басталып, барлық ұжымдарда жүйелі түрде жүруі қажет. Күнбе-күнгі ақпарат құралдарында бұл мәселе өз орнын тауып, қоғамдық сананың өткір сұрағына айналуы қажет.
Жас дос, қорыта келе, сіз де өз Отанын, оның сұлу да қатал табиғатын жан аямай қорғайсыз ғой деп сенеміз.
Үшінші демографиялық мәселелер, яғни жер бетіндегі халықтың тым тез қарқынмен өсуі. Егер соңғы мыңжылдыкта жер бетіндегі халықтың саны 15 есе өссе, оның бірінші рет екі есеге өсуі 700 жылда болса, соңғысы - 40 жылда (егер 1956 ж. жер бетінде 2,8 млрд халық өмір сүрсе, 2004 ж. - 6,3 млрд.). Әрине, бұл деректер үлкен ойға қалдырады. Бұл өсімнің 9/10 даму барысындағы елдерге жатады. Сонымен қатар дамыған елдердегі халықтың қүрылымын алар болсақ, онда кәрілердің саны өсіп (жақсы жағдайдағы өмір үзақтығына байланысты), сонымен қатар туу деңгейі тым төмендеп кеткен. Сондықтан ол елдерде халықтың өсуі түгіл, оны ескі деңгейде сақтау үлкен мэселеге айналуда.
Демографтардың болжауынша, алдағы уақытта Үндістан халқының саны қытайлықтардан да гөрі өсіп, ал Африкада халықтың саны 1,5 млрд. дейін жетуі мүмкін. Халқы тез өсіп жатқан даму үстіндегі елдердегі өндіргіш күштердің төмендігі, ауыл шаруашылығы өнімділігі, тұрғындардың жалпы мәдени деңгейі, білім беру саласы – бәрі де сын көтермейтін жағдайда. Мұндай ахуал бүрыннан келе жатқан өмір салтын үстау, бала тууға шек қоймау әдетімен байланысты екені айдан анық. Сондықтан бұл үрдіс таяу арада бәсеңдейді деу артығырақ болар. Дегенмен де Қытай еліндегі соңғы 15 жыл шамасында жүргізілген демография-лық саясат өз күшін көрсетті. Ертелі-кеш басқа елдер де сондай саясатқа көшуі мүмкін.
Жаһандану үрдісі «Солтүстік пен Оңтүстік» проблемасын тудырды. Бүл - төртінші мәселе. Жалпылай келе, экватордан жоғары орналасқан елдердің даму қарқыны мен өмір сүру деңгейі төмен жатқан елдерден гөрі анағұрлым биік. Егерде дамыған елдерде тойымсыздық жолына түскен «алтын млрд.» тұрып жатса, жер бетінде осы күнге дейін тағы 1 млрд. жуық адам, басқа қажеттіліктерді өтеуді айтпағанның өзінде, күнбе-күн азық-түлікке жарымай отыр, ал 75 млн. адам аштықтың зардабынан жыл сайын дүниеден кетеді. Бұл дамыған елдер мен дамып келе жатқан елдердің арасындағы қайшылықтың өсуімен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда дамып келе жатқан елдердің дамыған елдерге 1 трлн. доллардан артық берешегі бар!!! Олар оны өтеу түгіл, оның өсімінің өзін төлеуге қиналады. Сондықтан да Кубаның көсемі Ф.Кастро БҰҰ-ның мінбесінен осы борышты сызып тастауға шақырды. Алайда дамыған елдер ондай шараға барар емес. Ал мұндай жағдайдың өршуі кедей елдердің наразылығын тудырып, неше түрлі экстремистік қозғалыстарға дем береді.
Әрине, дамыған елдер оларға көмек жасағандай болады. Жылына шамамен 50 млрд. доллларға жуык қаржы бөлінеді (салыстырыңыз: 2003-2004 жж. АҚШ бір ғана Ирактағы соғысқа 200 млрд. артық каражат жүмсады). Өткен ғасырдың екінші жартысында дамыған елдер «көмек» ретінде ауыр да кір өндіріс салаларының біршамасын дамып келе жатқан мемлекеттерге аударды. Нәтижесінде олар үш ұтысқа ие болды: өз елдерінін экологиясын дүрыстады, екіншіден, арзан жұмыс күшін пайдаланып, табыстарын өсірді, үшіншіден, ол елдердің шикізаттарын пайдаланды. Дегенмен де ол кезде дамыған елдер мен дамып келе жатқандардың арасындағы айырмашылық бірте-бірте қысқарады деген үміт болатын-ды. XX ғ. 70-80 жж. бұл айырмашылық, керісінше, күрт өсе бастады. Өйткен себебі, біршама дамып келе жатқан елдер жаңа компьютерлік бағдарламаға негізделген технологияларды игеруге халықтың жалпы білімінің төмендігінен қол жеткізе алмады. Ғалымдардың есебі бойынша, кейбір елдер дамыған мемлекеттерден 150 есеге дейін қалып койыпты!!! Егерде, шикізатқа бай елдер табиғи байлықтарын сатып күн көрсе, жоқ елдер дүниежүзілік сауда үрдісінің шетіне ысырылып, қайыршылықтың ауыр зардабын көруде. Сонымен, құрметті оқырман, халықаралық терроризм мен экстремизмнің негізгі қайнар көзі Ислам дінінде емес, дамып келе жатқан елдердің аянышты элеуметтік-экономикалық жағдайында екенін түсінген боларсыздар.
Енді бесінші мәселеге келер болсақ, жоғарыда көрсетілгендей, халықтың білім деңгейін көтермей, бүгінгі технологияларды игеру мүмкін емес. Адам тіпті әріптерді танып, оқи алғанның өзінде де «функционалдық надандықта» болуы мүмкін. Яғни ол компьютерлік технологияларды игеріп, жүмыс істей алмайды. Олай болса, білім беру мәселесі де жаһандану үрдісінің негізгі проблемаларының біріне айналып отыр. Екінші жағынан, надандық демографиялық мәселені шешуге де кедергі тудыратыны белгілі. Дүниежүзілік практика «отбасын жоспарлау» тек сауатты, салауатты да білімі жоғары елдерде ғана іске асатынын көрсетеді.
Алтыншыдан, соңғы кезде ғалымдар жаһандану үрдісінің негізгі проблемалары ретінде денсаулықты сақтау мэселесін атауда. Өйткені бүгінгі таңда адамзаттың коршаған ортаны түбегейлі өзгертуі мен адамдардың денсаулығы темендеуінің арасындағы байланысты анықтап отыр. Оның куәсі ретінде жүрек, бүйрек, бауыр, мұрыннан кан кету, СПИД, қатерлі ісік т.с.с. «цивилизация ауруларын» келтіруге болады. Егерде, дамыған елдердегі аурулардың көбі тамакты көп ішу, аз қозғалыста болу, шылым шегу, тәндік-сезімдік өмір бағытын үстаудағы жолда байлыкты өсіремін деп жұйкені тоздыру т.с.с. себептерден болса, дамып келе жатқан елдерде қоршаған ортаның ластануы, баспана киындығы, ішетін ассу сапасының төмендігі туберкулез, трахома, малярия т.с.с. «әлеуметтік ауруларды» тудырады. Жаһандану үрдісі миллиондаған адамдардың бір елден екіншіге, бір континенттен келесіге миграция жасауына әкеліп жатыр. Сондыктан жұқпалы аурулар бүкіл Дүниеге кеңінен тарап, адамзаттың үрейін туғызуда...
Жаһандану мэселелерін шешу жолдарын зерттеуде, негізінен, екі бағыт қалыптасты. Олар: технооптимизм (болашақ жарқын) және технопессимизм (болашақ касіретті).
Достарыңызбен бөлісу: |