Фрейдизм ағымы. Сана мен бисаналық мәселелері
«Өмір философиясының» XX ғ. беделді ағымдарының бірі фрейдизм болып табылады. Негізін қалаушы Зигмунд Фрейд (1856-1939 жж.) - австриялық дәрігер, психолог, философ. Негізгі еңбектері: « Мен және Ол», «Тотем мен Табу» т.с.с.
З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бисаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбір невроз ауруларының себебін ғалымдар сананың шеңберінен іздеген болса, ол оны бисаналықтан көріп, жүйке ауруларын емдеудің «психоанализ» әдістерін жасап, біршама жетістіктерге жетеді. Бұл оған шабыт беріп, ол психоанализдің негізгі қағидаларын бүкіл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.
Сонымен бисаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өміріне, қоғамға тигізетін әсерін зерттеу - Фрейдтің ғылымға енгізген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тілектері мен құштарлықтары бисаналықты түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсінде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбір дене қозғалысында т.с.с. көрініп қалады.
З.Фрейдтің ойынша, адамның психиқасының үш деңгейі бар: оның ортасында «Еgо» (латын сөзі, «Мен» деген мағына береді), яғни адамның өзіндік сана-сезімі орналасқан. Екінші кұрамдас бөлігін өзіндік сана-сезімнен жоғары деп атайды. Оған неше түрлі қоғамның тұлға алдына қоятын талаптары, әлеуметтік нормалар, әке-шешенің бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кіреді, ол - тәрбие барысында адамның психикасына енгізіліп, соңынан оның барлық жүріс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтіріп отыратын ішкі механизм. Адам психикасының іргетасы ретінде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлігі - ол құштарлық, іңкәрлік, зауықтану деген мағына береді.З.Фрейдтің ойынша, оған адамның барлық бисаналық түрде өтіп жататын психикалық кұбылыстарының бәр; де кіреді. Оларға инстинктер, күнгірт сезімдер мен түйсіктер,тілектер т.с.с. жатады. Бисаналықтың өзегіне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бүкіл адамның психикалық жан дуниесіне өзінің ықпалын тигізіп, адамның «өздігін», ерекшелігін құрайды.З.Фрейдтің ойынша, егер адам психиқасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керісінше, сыртқы дүниеге, айнала қоршаған ортаға бейімделуге асығады. Осы себепті сана мен бисаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан дүниесіне енгізілген әлеуметтік нормалардың талаптары өте күшті болса, онда ләззат алуға бағытталған жыныс күш-қуаты сыртқа шыға алмай, бір жағынан, адамды невроз ауруларының түрлеріне әкелсе, екінші жағынан, ол белгілі бір жағдайда сублимацияланып (латын сөзі, «биікке көтеремін» деген мағына береді), яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналын, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуі мүмкін.
Жүре келе, З.Фрейд бисаналықтың шеңберінен екі негізгі инстинктерді бөліп алады. Олар - «өмір инстинкті» - эрос, «өлім инстинкті» - танатос. Егер эрос инстинкті өмірге деген сүйіспеншілікті, достықты, іңкәрліктін тудырса, танатос адамды өлімге қарай итеріп, оның агрессивтік, қанішерлік, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған іс-әрекетін тудыруы мүмкін.Дегенмен З.Фрейд бисаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы түрде басқара алады деп есептеді. Әңгіме адамды алаңдататын бисаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркіне көндіруге мүмкіндік алуда болса керек. Қоғам өмірінде адамның күңгірт инстинктерін ауыздықтайтын құрал бар. Ол - мәдениет. Мәдениеттің құндылықтары арқылы адамдар өзінің табиғатпен, өз-өздерімен қарым-қатынасын ретке келтіріп, деструктивті күңгірт инстинктерін шектеп ығыстырады. Бірақ ығыстырылған күңгірт күштер ешқашанда мүлде жойылмайды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып, неше түрлі бақытсыздыққа әкеледі. З.Фрейдтің айтуына қарағанда, жыныстың құмарту мен қатыгездік, мейірімсіздік бір-бірімен өте тығыз байланысты. Сонымен екі негізгі инстинктер әрдайым бір-бірімен күресте болып, мәдениеттің дамуының негізгі бағыттарын анықтайды.
Сонымен бисаналықтың екі негізгі инстинктін мойындау, бір жағынан, шығармашылық жолмен дүниені қайта құру, екінші жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтің ізін куган ғалымдардың еңбектерінде неше түрлі қайшылықтарды тудырды. Олардың көбін З.Фрейдтің бисаналықтың өзегін жыныс әнергиясына теңеуі қанағаттандырмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |