Ф.Ницше және оның «билікке деген еркі»
«Өмір философиясының» шеңберінде неміс философы Фридрих Ницшенің (1844-1900 жж.) еңбектері ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдік Ерікті болмыстың алғашқы негізіне жатқызса, Ф.Ницше Ерік категориясына әлеуметтік-моральдық мән-мағына беріп, оны «билікке деген ерік» ретінде тұсінеді. Оның ойынша, өмір билікті неғұрлым жете сезінгісі келеді. Егер А.Шопенгауердің «Әлемдік Еркі» біреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистік көзқарастан бас тартып, еріктің көптігін (плюралистігін), сол себепті олардың бір-бірімен бітпейтін күресте екендігін мойындайды. Үшінші ерекшелігі, А.Шопенгауер адам еріктен бас тартып қана өзін сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керісінше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билікке деген еркін өмірге енгізеді, сол үшін күреседі.
Не жақсы деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған: «Билікке деген сананы, іңкәрді, сол адамның билігінің өзін күшейтетіннің бәрі», -деп жауап қайтарады. Не жаман деген сұраққа: «Әлсіздіктен шығатынның бәрі», — дейді. «Ақыл-ой арқылы жүретін дүниета-іс-әрекет билікке деген ерікті күшейте ме» деген сұраққа: өйткені интеллектінің басымдылығы билікке деген ерікті, онын ұмтылысы мен іс-әрекетін әртүрлі ойдың толғаныстарымен ауыстырып, тоқыратып тастайды. Мораль да басқалардың қамын ойла» деп, билікке деген ерікті әлсіретеді», - деп жауап береді.
Билікке деген ерік күштінін құқының негізін құрайды. Күштінің құқы неше түрлі қоғамда қабылданған моральдық, діни т.с.с. нормативтік ережелерден биік болуға тиісті, сондықтан нағыз адам осы қағиданы өз өмірінде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдік болу керек деген қағиданы таратады. Бірақ ол өмірдің терең мәнін құрайтын билікке деген ерікті құртады, сондықтан ол керек емес. Демократия да билікке ұмтылған адамдардың мүддесіне қарсы, өйткені тобыр қайсыбір билікті ұлатпайды, яғни олар күштінің құқына қарсы тұрады. Ал еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркекті күшті қылып жаратты, олай болса, оған билікке деген құқты берді. Сондықтан қайсыбір еркек пен әйел арасындағы теңдікке деген ұмтылыс - қоғамның іріп-шіруінің көрінісі.
Жоғарыда көрсетілген көзқарас Ф.Ницшенін моральдық ілімінің негізінде жатыр. Моральдың негізгі ұғымдары - жақсылық пен жамандық - тарихи күштілер, жақсылардың әлсіз, жамандарға қарағандағы артықшылығынан шығады. Осы ойын дәлелдеу ретінде ол моральдықты көрсететін сөздерге талдау жасап, неміс сөзі «зһіесһі» жаман, түрсіз деген мағына берсе, оған жақын «зһіісһі» деген сөз де «қарапайым адам» деген мағына береді, - деп қорытады. Тарихи бай, атақты, асылдарды көрсететін ұғым «жақсылықпен» теңеліп, кедейлік, қарапайымдық «жамандық», «залымдық» деген ұғымдарды тудырды деп есептейді Ф.Ницше.
Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар өздерінің моральдарын бүкіл қоғамға тануға тырысты. Оны ол «құлдардың моральдағы көтерілісі» деп атайды. Ал оны жасаған дүниедегі ең «теоретиқалық халық» - еврейлер. Олар қоғамның «құндылықтарын қайта бағалап», аристократиялық бір-бірінен туатын «жақсы – асыл-күшті - әсем - бақытты - құдайдың сүйгені» деген құндылықтарды толығынан теріске шығарып, оған қарама-қарсы «тек бақытсыз адамдар жақсылар», «кедейлер, әлсіздер, төмендегілер ғана - жақсылар», «тек зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана - тақуалар, масайрауға лайықты адамдар» деген қағидаларды ұсынды.
Ф.Ницшенің ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан «қайта қарап», «мырзалардың моральдық құндылықтарын» тағы да өмірге енгізу керек. Оның негізінде мынандай қағидадап жатуы қажет:
«өмірдің құндылығы» - сөзсіз негізгі құндылық;
Адамдар бір-бірімен табиғи түрде теңсіз болып жаратылған;
Күшті адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес.
Жоғарыдағы көрсетілген моральдық құндылықтарға сәйкес келетін адам әлі дуниеге келген жоқ. Егер дүниеде болған қайсыбір жануардың түрі өмірден жойылардың алдында өзінен жоғары тіршілікті тудырса, адам өзінен жоғары пендені тудыра алмай отыр. Өйткені адам - ауру жануар. Оның алғашқы табиғат берген инстинктері сөніп, оның орнын сана алды, Ал, енді, Ф.Ницшенің ойынша, «адамнан жоғарының» дүниеге келетін уақыт жетті. Ол -«ақкұба әзәзіл». Тұқым куу жағынан алғанда, олар «арий нәсілінен» шыққан адамдар (нордикалық тип). Ал моральдық жағынан алғанда, олар бір-бірімен ұстамды, кішіпейіл, назды, мейірімді. Басқаларға олар жабайы, ауыздығы жоқ жануарлардан да жаман сияқты. Басқаларды көргенде олар жыртқыштың алғашқы күнәсіз ұжданына қайта оралғандай болып сезінеді: өлтіреді, жағады, зорлайды, қуртады, енді оларды жыраулар көп уақыт бойы өздерінің өлеңдерінде жырлайтынына кәміл сенеді.
Ал енді «адамнан жоғарылардың» сыртқы кейпіне келер болсақ, олардың «туа біткен асылдығы» бір қарағанда-ақ көрініп тұрады. «Осы қасиет бүгінгі таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей түр десеңізші», - деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпеті оның асылдығын көрсетіп тұрса, онда «тобыр» оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы кездейсоқ келген бақ пен байлық қана адамдарды көтереді деген ойға келіп, олай болса, біз де өзіміздің бағымызды сынап көрейік деген жаман ойға өтуі мүмкін. Ал Бұл ой социализмді әкеледі, - деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенің бұл ойларына фашизм идеологиясының біршама жақтары жақын екенін мойындамай болмайды.
Ф.Ницшенің христиан дініндегі моральдық қағидаларға қарсы келуі, осы кездегі ғылын мен техниқадағы ашылған жаңалыңтар, ойшылдан бұрын өмір сүрген ағартушылардың дінге қарсы бағытталған іс-әрекеттері-барлығы жиналын, оның «Құдай өлді!», өйткені Құдайға сенудің өзіне сенбеушілік пайда болды, - деген тұжырымға келуіне себеп болды. «Болашақта, Құдайдың орнын «адамнан жоғары» пенде алады», - деп қорытады Ф.Ницше.
Әрине, Ф.Ницшенің философиясы қайшылықтарға толы, ешбіртұтастық жүйелігі жоқ, өз заманының әртүрлі өзекті мәселелерін көбіне көркем сөзбен берген көзқарас. Бірақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенің ез заманының әлсіз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберін тиістілік негізінде аттап өту қажеттігін көрсетуі т.с.с. ойлары болашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерін тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: |