Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



жүктеу 5,05 Mb.
бет262/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

Қоғамдық қатынастарды жалпы түрде алғанда горизонтальды және вертикальды деп екіге бөліп талдауға да болады. Студенттердің оқу барысындағы бір-бірімен қарым-қатынасы, әрине, горизонтальды. Ал студенттер мен профессордың арасындағы қатынастар - вертикальды. Ол катынастар заңмен бекітілген. Окытушы мен кафедра меңгерушісі, соңғының оқу орнының басшысымен қарым-қатынасы да вертикальды. Өйткені оның негізінде әртүрлі дәрежедегі билік лауазымы жатыр. Олай болмайынша, коғам хаосқа айналып, ешқандай тәртіп орнамас еді.

Қоғамдық қатынастар қажетті түрде әртүрлі әлеуметтік ролдерді тудырады. «Студент», «профессор», «кафедра меңгерушісі», «ректор», т.с.с. қоғам өмірінде мыңдаған рөлдер бар. Тұлға жалғыз ғана бір рөлді ойнап қоймай, оның сан алуанына ие болады. Мысалы, профессор сонымен катар «әке», «ата», «саяси қайраткер», «спортшы», «театрсүйгіш» т.с.с. сияқты рөлдерді аткаруы мүмкін. Сонымен, тек актерлер ғана театр сахнасында ойнап қоймай, әр адам белгілі бір рөлдерді ойнайды, оның сахнасы әлеуметтік кеңістікте. Окырманның байқағанындай, әртүрлі рөлдер бір-біріне тең емес, әрбіреуінің өз «бағасы» бар. Оны әлеуметтануда статус(алатын орны) деген ұғыммен береді. Мысалы, қарапайым мұғалім мен ректордың статусы екі түрлі. Бірақ сол қарапайым мүғалім ректорлық жұмыска тағайындалса, ол дереу сол статустың дәрежесіне сай келуі керек. Яғни статус оның мінез-кұлкына, жүріс-тұрысына, ой-өрісі мен сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне т.с.с. өз әсерін тигізбей қоймайды.

Әлеуметтік статусы жағынан тең тұлғалар бір-бірімен горизонтальдық қоғамдық катынастарға түсіп, еңбек нәтижелерімен алмасып, өз мұқтаждықтарын өтейді. Әлеуметтік статусы тең емес жағдайда вертикальдық байланыстар пайда болады. Бұл жағынан алғанда, қоғам құрылымының иерархиялық (жоғарғы-төменгі дәрежеде), яғни теңсіздік түрде өмір сүретінін байқауға болады. Жоғарғы, орта деңгейдегі және төмендегі әлеуметтік топтар деп адамдардың ойнайтын рөлдері мен статусы бойынша қоғам құрылымын анықтауға болады. Сонымен статус — адамның қай әлеуметтік топқа жататынын көрсететін категория. Сословиелік капитализмге дейінгі қоғамдарда әлеуметтік статус адамға туа беріледі. Еріктінің отбасында дүниеге келсең - еріктісің, құлдың баласы болсаң - құл болып кала бересің, шаруаның статусы сол қалпында оның өмірін анықтайды, саудагердің баласы сол іспен айналысады, ал ақсүйектің отбасында тусаң, еш нәрсе жасамасаң да, үстем таптың мүшесі болып, әртүрлі жеңілдіктерге ие боласың. Бір топтан екіншіге өту - мұндай жағдайда өте киын шаруа



Бүгінгі қоғамға келер болсақ, адам өз белсенділігі, табиғи дарыны, тапқырлығы, білім деңгейі т.с.с. арқасында әртүрлі статусқа жетуі мүмкін. Мысалы, біздің Елбасы қарапайым шаруаның отбасында дүниеге келіп, әртүрлі өмір сатыларындағы статустарға жетіп, ақырында, бүгінгі ең биік лауазым иесі болып отыр. Егерде қоғам тұлғаның белсенділігі арқасында жоғарыға көтерілуіне мүмкіндік ашса, ондай қоғамды «ашық қоғам» деп айтуға болады. Мысалы, бүгінгі таңдағы Қазақстан қоғамын «ашык қоғам» деп әбден айтуға болады. Соңғы жылдары қаншама жастар өз белсенділігі, тапқырлығы, білімі аркасында биік статустарға жетіп жатыр! Жас дос, қажымай-талмай терең білім алып, сен де өз бағыңды сынап көр!«Жабық» және «ашық» қоғам деген ұғымдарды кейбір жағдайда казіргі саясаттануда тоталитарлық және демократиялық қоғамдарды салыстырғанда қолданады. Мысалы, бұрынғы кеңес қоғамын «жабық коғамға» жатқызады. Өйткені ол қоғамда идеология кең орын алып, шетелдерде болып жаткан өзгерістер халыққа «өлшемді түрде» ғана көрсетілді, шетелдік газет, журналдарды таратуға тыйым салынды, халықаралық сауда толығынан мемлекеттің қолында болды т.с.с.

Қоғамның белгілі бір саласындағы әлеуметтік рөлдер мен статустар жиынтығы әлеуметтік институт (орнығу) деген ұғымды тудырады. Қоғам өміріндегі әртүрлі әлеуметтік институттар неше түрлі әлеуметтік нормалар арқылы адамдардың іс-әрекеттерін белгілі бір жолға қойып, оны қадағалап отырады. Егер адам оның талаптарын бұзса, оған неше түрлі санкциялар қолданылуы мүмкін. Әлеуметтік институттарға отбасын, балабақша мен мектепті, жоғары оку орнын, еңбек ұжымын, парламент пен сотты, армияны т.с.с. жатқызуға болады. Солардың кызметінің арқасында адам әртүрлі рөлдерді меңгеріп, неше түрлі статустарға ие болып, тұлғаға айналады. Ол ең алдымен сәби кезінде отбасының риясыз сүйіспеншілігіне бөленіп, содан кейін балабақшаға барып, алғашқы әлеуметтілікпен кез болады, әрі қарай мектепті бітіріп, жоғары оқу орнына оқуға түсіп, мамандық алады, азаматтық дәрежеге көтеріледі. Енді ересек өмір басталып, тұлға еңбек ұжымына кіріп, саяси институттардың жұмысына қатысып, әрі қарай шыңдала түседі т.с.с.



Қоғам өмірін талдауда «Шығыс» және «Батыс» қоғамы деген ұғымдарды аттап өтуге болмайды. Шынында да, егер сіз Франция мен Мысырға турист болып барып, коғамдағы тәртіпке, адамдардың арасындағы қарым-қатынасқа, әдет-ғұрпына, салт-дәстүрлеріне мұқият қарасаңыз, осы екі қоғамның арасындағы айырмашылықтарды әлеуметтану маманы болмасаңыз да аңғарасыз. Ол - шындық. Олай болса, біз оны түсінуіміз керек.

Шығыс қоғамы, өркениетінің тарихы сонау көне заманға кетеді. Мұндай қоғамдардың классикалық түрі ретінде Қытай қоғамын келтірсе де жеткілікті. Бұл ел мыңдаған жылдар бойы бүкіл адамзаттың алдында болып келді, тек 18 ғасырдан бастап, Батыс Европа капиталистік қоғам шеңберінде ғылым мен техниканы дамытып, машиналық өндірісті пайдаланып, алғы шепке шығып кетті. Бүгінгі таңда Шығыс қоғамдары (Қытай, Үндістан, Иран, Араб елдері т.с.с.) заманның талабына сай жауап тауып, өте тез қаркынмен дамып келеді. Шығыс коғамының негізгі ерекшелігі - қауымдасып өмір сүрудің биік мәртебесінде. Жеке адамның мүддесі әркашанда ұжымның шеңберінде болып, соның талаптарына сай болуы кажет. Рулық, жерлестік, діни, касталық, отбасылық т.с.с. кауымдастықтың шеңберінде пайда болған моральдық, руханияттық, мәдени т.с.с. түсініктер, нормалар, құндылықтар тұлғаны баурап алып, өз еркіне көндіреді. Сонымен қатар ұжым жеке тұлғаны әрқашанда өз қамқорлығының шеңберінде ұстайды, ол - қорғалған. Сондықтан бұл қоғамдарда әлеуметтік әділеттілікке көп көңіл бөлінеді. Әрине, мұнда да байлар мен кедейлер бар. Бірақ ол таптық емес, сословиелік негізде кұрылған. Жекеменшікке де Батыстағы сияқты толыққанды құқық мұнда жоқ. Көп жағдайда байлық мемлекеттің, я болмаса қауымдастықтың қолында. Экономика бұл қоғамдарда ешқашанда негізгі мақсат-мұратқа айналмаған, ол - негізгі қажет-тіліктерді өтейтін құрал ғана. Негізгі байлық - рухани жетілу, адамгершілік, ар-намыс пен абыройды биік дәрежеде ұстап қорғау болып табылады. Мұның себебі айнала қоршаған ортаға мыңдаған жылдар бойы бейімделуден шықса керек. Мысалы, Қытай елі мыңдаған жылдар бойы жүздеген мың адамдардың басын біріктіріп, алып каналдарды қазып, суармалы егіншілікпен айналысты, көшпенділерден қорғану ретінде ұзындығы 6000 шақырымнан артық «¥лы қорғанды» соқты. Қытайдың ұзындығы 1000 шақырымнан артық кемелер жүретін каналы - олардың мақтанышы. Мұндай жағдайда, әрине, мемлекеттің рөлі өте зор болды. Осы күнге дейін Қытайда жер мемлекеттің қолында. Ол тек жеке адамдарға жалға ғана беріледі. Мемлекеттің рөлінің тым биіктігі неше түрлі шен иелерінің құзырын арттырып, елбасының шектелмеген абсолютті билігін құрайды. Оны Батыс елдерінде «Шығыс деспотиясы» деп атап кеткен болатын. Егерде қайсыбір себептер болып, мемлекет әлсізденсе, мұндай қоғамдар тез уақытта тарқап отырған.

Енді Батыс қоғамына келер болсақ, оның негіздері сонау көне гректерге кетеді. Бұл ел жылы теңіздермен қоршалған, қысы жоқ, суы мол, жері құнарлы, сондықтан сонау ерте заманнан бастап, жеке адамның белсенді іс-әрекеті нәтижелі болған. Еңбек еткен адамға табиғат өз жемісін аямай берген. Сондықтан Батыс өркениеті жеке адамның мүддесін биік ұстап, оны қорғау жолын іздеген. Мұндай өмір бағытын әдебиетте индивидуализм дейді. Жеке тұлғаның өзіндік кұндылығы мен жеткіліктігі, оның еркіндігі мен өз іс-әрекеттерін билеушілігі негізгі құндылықтар болып есептелінеді. Екінші ерекшеліктерінің бірі - рационализм, істеген істің бәрін есеп-қисаптан өткізу, көп жағдайда адамның сезімдік дүниесімен есептеспеу т.с.с. Яғни адамның іс-әрекеттерінің бәрі пайда табуға, өз мүддесін ғана қамтамасыз етуге бағытталған. Мұндай ахуалда коғамның біртұтастығы көп жағдайда заңдар арқылы қорғалады. Сонымен қатар діни құндылықтар да адамдарға өмір бағытын анықтауға көмектеседі.

Мұндай қоғамның материалдық байлықты жасауға көп мүмкіндіктері болғанмен, рухани жүдеуінің себебі де жекенің қауымдық мүддеге қарағанда жоғарылығында болса керек, өйткені шынайы адамгершілік қоғамдық мүддені жекеден гөрі жоғары ұстағанда ғана болады. Екінші жағынан, Батыс өркениеті техниканы, соғыс құралдарын дамытудың негізінде 16 ғ. бастап бүкіл дүние жүзін өзіне бағындыру саясатын жүргізіп, көп елдерді бодандап, бүкіл жер бетінің ресурстарын өз пайдасына жаратты. Яғни бүгінгі Батыс өркениетінің материалдық жағынан алып қарағандағы гүлденуіне ғасырлар бойы бүкіл адамзат өз үлесін қосты деп айтуымызға болады.

Соңында біздің бүгінгі өмірмен тығыз байланысты «нарықтық қоғам» деген ұғыммен танысайық. Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың (қоғамның қай саласы болмасын) шешуші рөлімен санаспайтын адам жоқтың қасы шығар. Әсіресе бұл қоғамда материалдық игіліктерді өндіру, сауда-саттық негізгі сала болып есептеледі. Мемлекет заң шығару арқылы нарықты дамытуға барлық жағдай жасайды, ал іскерлер тобы қоғамның негізгі «қозғаушы күшіне» айналады. Сонымен қатар нарықтық қоғамда әр адамның өз «бағасы» бар, ол өз қабілеттерін, шеберлігін, білімін т.с.с. нарық таразысына салады. Сонымен нарықтық қоғамда әр адам, бір жағынан, сатып алушы болса, екінші жағынан, өз тауарын сатады. Ол, мысалы, профессордың білімі, артистің өнер шеберлігі, жазушының романы, суретшінің суреті, архитектордың үй жобасы, қолөнершінің сақинасы мен шолпысы т.с.с. Адамның әлеуметтік статусы - оның істейтін ісінің тауар ретіндегі өтімдігі, ақшаға айналуы. Сонымен адам қалтасындағы ақшасының қалыңдығымен бағаланатын болды. Егерде адамның статусы тек байлыққа келіп тірелсе, онда адамдардың арасында қатты бәсекелестік басталып та кетеді. Әлсіз, сайысқа шыдамағандар қоғамның шетіне шығып, өзін бейшара ретінде сезінеді. Пайда әкелмейтіннің бәрі есепке алынбайды. Мұндай жағдайда жақсы жасалған жеңіл машина нарықта өтеді де, композитордың жазған симфониясы, я болмаса реквиемі, ақынның өлеңі өтпей қалуы мүмкін. Достық, сүйіспеншілік, нәзіктік, абырой-намыс сияқты моральдық кұндылықтар көп жағдайда «бос сөз» болып, ескерілмей қалады.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау