Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі



жүктеу 5,05 Mb.
бет166/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 1. А.Шопенгауердің әлемдік еркі

Артур Шопенгауер (1788-1860 жж.) Данциг қаласында бай саудагердің отбасында дүниеге келеді. Геттинген мен Берлин қалаларында философиялык білім алады. Негізгі еңбегі «Дүние ерік пен елестету ретінде» деген атпен 1844 ж. жарық көреді. Берлин университетінде 1819 ж. оқыған лекциялары ешкімді қызықтырмайды. Сондыктан ол өмір бойы әкесінен қалған капиталдың жылдык пайыздарын жұмсап, өз замандастарынан оқшау да жалғызілікті өмір сүреді. Өмірінің соңғы 10 жылында ол даңқтың шапағатына да ие болады. Бірақ нағыз атақтылық оған XX ғ. келеді.

Шопенгауердін ойынша, Дүниенің негізінде өмір сүруге деген бітпейтін іңкәрі бар Әлемдік Ерік жатыр. Сонымен материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы философтар жатқызған Дүниенің негіздерін ысырып тастап, ойшыл «ерік» ұғымын дүниені түсінудегі негізгі категорияға айналдырады.

Бұл ұғымның тарихына кез жүгіртсек, көне заманда «сана» мен «ерік» категориялары әлі бір-бірінен бөлініп алынған жоқ-ты. Мысалы, Сократ адамдардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттеріндегі келеңсіз жайттар оларды білмегендерінде деген пікір айткан болатын. Егер адам жамандықты білетін болса, онда ол оған бармайды. Алайда Орта ғасырда өмір сүрген ұлы христиан философы Августин мұндай көзқарасты толығынан теріске шығарады. «Жамандықтың не екенін білсем де, соған карай мені тартады, мен соны іске асыруға ынтықпын», - дейді ұлы ойшыл. Өйткені ақыл-ой - біледі, ал ерік - таңдайды. Міне, осы сәтте Августин сана мен еріктің екі түрлілігін айқын көрсетеді. Діни ойшыл адамның Құдай алдындағы күнәкәрлігінің негізгі себебін еріктің алғашқы көрсетілген түзу жолдан ауыткуынан табады.

Жаңа дәуірде неміс философиясының шеңберінде Кант практикалық зерденің үстемдігін көрсете келіп, оның негізін еріктің бостандығынан көреді. Канттың бұл идеясын Фихте әрі қарай дамытып, «Меннің» ерікті іс-әрекетінен Дүниенің пайда болуының рухани қайнар көзін көреді. Қалай айтканда да, Шопенгауерге дейін ерік категориясы ерекше түрде алынып, Дүниенің негізіне жатқызылған жоқ-ты.

Сонымен, Шопенгауердің ойынша, Дүниенің негізінде жатқан Ерік - ол біреу және одан басқа еш нәрсе жоқ, бірақ ол өзінің өмірдегі құбылуында шексіз сан алуан болып көрінеді. Ол - өзінің толык еркімен теңелетін бейтұлғалық орасан зор құдіретті күш. Ол бейсаналы болғаннан кейін, өзінің мәңгілік қалыптасу, мақсат-мұратсыз өмірге ынтық болу барысында неше түрлі залымдықты тудыруы мүмкін. Әлемдік еріктің ешқандай себебі, белгілі бір негізі болмағаннан кейін, ол ешқандай зандылықтарға бағынбайды. Өзінің өмірде болуға деген іңкәрінің негізінде ол бүкіл дүниені тудырса да, оған ешқандай тәртіп, жоспар сияқты нәрселерді әкеле алмайды, керісінше, ол заттарды бір-бірінен бөліп, қиратып, карсы қойып, оған тағы да канағаттанбай, өзінің шексіз ізденісін, күресін жалғастыра береді. Ол ызаға толы, не істеу керектігін білмегеннен кейін, өзін-өзі тырнап, жыртып жаткан жануарға ұқсайды.

Енді әлемдік еріктің тудырған дүниесіндегі оның көріністеріне назар аударсақ, олар - өлі табиғаттағы дүниежүзілік тарту, магнетизм, химиялык қосындылар т.с.с. табиғат күштері. Тірі табиғатта - тіршіліктер формаларының өмірге деген еркі, сол үшін өзара бір-бірімен күресі, өмірді жалғастыруға бағытталған жыныс инстинктері, адам өміріндегі ешкашанда ойдағы нәтижелерге әкелмейтін саналы талпьшыстар, бейсаналық түрде пайда болатын әртүрлі сезім толқындары т.с.с.

Бірақ қандай да болмасын өмірдегі кұбылыстарды тудырса да, олар күрделеніп, саналы түрде сезінілген сайын, әлемдік ерік оларға канағаттанбай, өзін зардап шегіп, азапқа толы, бақытсыз ретінде сезінеді. Мысалы, адам өмірінің деңгейіндегі еріктің көрінісіне келер болсақ, онда мынаны байқауға болады: егер адам ой өрісі мен адамгершілік тұрғысынан катты дамыса, соғұрлым оның өмірде неше түрлі қайшылықтарға келуі көбейіп, зардап шегуі де өседі, әлеуметтік өмірде көре алмаушылык, надандық пен екіжүзділік жиі кездеседі. Адамдардың өмірі жетіспеушілік пен үрейге, кайғы мен қасіреттерге толы. Өмірге келген жана ұрпактар өткендердін қателіктерін тағы да қайталайды, адамгершілігі жоқ адамдар қоғамды билейді, ғылыми жетістіктер залымдық жолында жұмсалады. Ал моральдық салаға келер болсақ, соңғы ғасырларда онда ешқандай алға жылжушылық болған жоқ - езілу, зардап шегу, қантөгіс, қатыгездік осы уақытқа шейін азаюдың орнына көбейіп келеді. Мәңгілік алаңдаушылық пен тұрақталынған адамдардың бір-біріне деген сенбеушілігі өмірді шырмап алған.

Әрине, Шопенгауердің жоғарыдағы көрсетілген коғам өміріндегі келеңсіз жайттар жөніндегі ойларын біз сырттата алмаймыз. Керісінше, оның санын бүгінгі өмірге қарап өсіртуге де болар еді. Өмір алдына үлкен мақсат-мұраттар қойып, соған жету жолында неше түрлі «тар жол, тайғак кешуден» өтпеген адам кемде-кем болса керек. Бұл өмірдің трагикалық диалектикасын өмірден әсіресе көп зардап шеккен қазак халқы «орындалмайтын арман», «жалған», «дүниенің төрт құбыласы ешқашанда бір-біріне тең емес т.с.с. ойлармен беріп, нағыз бакытты өмірді о дүниедегі жұмақтан іздеген болатын.

Сонымен, Шопенгауердің ойынша, зардапка толы дүниенің негізгі күнәкары - әлемдік Еріктің өзі. Бірақ оның санасы болмағаннан кейін, ол өз істеріне жауап бере алмайды, тек қана мәңгілік бір трагедиядан өтіп, екіншіге т.с.с. ауыса береді. Бұл арадағы бір үміт — әлемдік Ерік сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелді. Міне, дүниенің ажырамас бір бөлігі ретіндегі адамдардың өзі ғана сол әлемдік Ерікке карсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана Дүниенің зардабы токтатылады. Ол үшін адам өзінің өмірлік күш-қуатын, өз бойындағы еркін сол дүниені тудырған әлемдік Ерікке қарсы қоюы қажет. Ал мұның өзі ең алдымен адамдардың философиялық таным арқылы әлемдік Еріктің терең мәнін зерттеп-білуімен тығыз байланысты. Содан кейін адам екі сатыдан етуі керек. Алғашқысы - эстетикалык аңдау, соңғысы - моральдык жолмен жетілу.




жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау