Тарих философиясы. Еріктік мәселесі
Қоғам дамуының ерекшелігін Шеллинг «екінші табиғатты» жасаудан көреді: өз-өзін анықтаған субъект енді айнала қоршаған заттарды игеріп, оларды қайта жарастырып, құрып, өз еркіне көндіреді, яғни адамның шығармашылык іс-әрекетінің негізінде объективтік пен субъективтік бір-біріне өтіп, қайта косылады. Бұл кісі Қайта өрлеу заманынан бері келе жатқан «іс-әрекет арқылы тану», «жасадың - таныдың» деген нақыл сөздерді колдайды.
Бірақ, Шеллингтің ойынша, Дүниені ең терең түрде тану басқаша жолмен беріледі. Ол - эзотерикалық (esoterikos - грек сөзі, ішкі, кұпия деген мағына береді) жол, ол тек қана интеллектуалдык интуиция арқылы ғана болуы мүмкін. Ал оның өзі барлық адамдардын қолынан келе бермейді. Оған тек таңдаулы, аса дарынды адамдар ғана жетпек.
Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы - мақсатқа лайыкты дамып жатқан Абсолюттің дамуының ең құнды сатысы. Ол өзі тудырған адамзаттың шығармашылык іс-әрекеті арқылы іске асып жатады. Бірақ осы жолда адамдар каншалықты талпынғанымен, Абсолютке жете алмайды. Ол мақсат тек қана адамзаттың шексіз идеалдық қоғам орнату жолымен жылжуында ғана іске асады. Сондықтан тарихта адамдар өз заманының мұқтаждықтарынан шығатын, шешуге келетін, шынайы мақсаттарды ғана қойып, соларға жетуге тырысуы қажет. Бұл идеяны қазіргі замандағы мәселелермен ұштастырсақ, онда «коммунизм коғамы» сияқты идеалды, барлық қайшылықтар жойылған қоғамға ешқашанда жетуге болмайды, оған тек шексіз жақындай беруге болатын сияқты.
Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы үш сатыдан өтуі қажет. Бірінші - трагикалық саты, мұнда тағдырдың ессіз күштері көне замандағы ұлы мемлекеттерді келмеске жібереді. Екінші сатыда халықтар мен әртүрлі мемлекеттер табиғи заңдылықтарға сай біріге бастайды, үшінші — әлі тарихқа келмеген болашақта — тағдыр мен табиғаттың күштері бір-бірімен ұласып, Дүниеге Мессия (Құтқарушы) келеді. Әрине, мұндай көзкарастан біз Шеллингтің бірте-бірте теософиялық ағымға өтіп бара жатқанын байқаймыз.
Шеллинг еріктік мәселесіне, Фихте сияқты, көп көңіл бөледі. Бірақ ол бұл категорияны қажеттікпен тығыз ұштастырады.
Еріктік дегеніміз - ол тарихи қажеттікті танып-білу, ал оның кілті - жеке адамдарда емес, тек қана адамзаттың қолында, өйткені әр адам ез өмірінің шеңберінде өзінің жеке мақсаттарын койып, соған жетуге тырысады. Бірак барлық адамдардың косыла жеткен тарихтағы нәтижелері баскаша болып шығады.
Осы тұрғыдан өз заманының тудырған талаптарын талдай келе, Шеллинг алдағы тұрған негізгі мақсат - құктық мемлекетті орнату деген ойға келеді, өйткені абсолюттік еріктік мүмкін емес, толығынан еріктікке ұмтылған адамдарды шектеу қажет, ал оның өзі құқтық мемлекеттің шеңберінде заңдық жолмен жасалуы ғана мүмкін. Сонда ғана нақтылы тарихи негізделген еріктік мөлшеріне жетуге болады.
Шеллингтің бұл ғажап идеясы бүгінгі Қазақстан қоғамындағы болып жатқан процестерді сараптауға жол ашады, өйткені тоталитарлык теңдіктен либерализм (еріктік) жолына өту бүгінгі таңда өте үлкен қиындықтарды туғызып отыр. Егер біреулер осы уакытка шейін өзінің ерікті тұлға екенін жете түсіне алмай отырса, екіншілер еріктікті «ойыма не келсе, соны істеймін» дегенге теңеп, моральдык және құктық нормалардың шеңберінен шығып, асқан арсыздықтың жолында басқалардың несібесін тартып жеуде. Осы аталған және де басқа кемшіліктерді жоюдың негізгі жолдары - ол саясаттың адамгершілік жолдан таймауында, сонымен қатар қоғамның заңдық негіздерін жетілдіруде болса керек.
Достарыңызбен бөлісу: |