Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология


§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы



жүктеу 5,05 Mb.
бет160/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 4. Гегель - неміс классикалық философиясының шыңы

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.) Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биік шен иесінің отбасында дүниеге келген. Гимназияны үздік бітіріп, 1788-1793 жж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды.

Негізгі еңбектері: «Рухтың феноменологиясы (құбылысы)», «Логика ғылымы», «Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы», «Құқ философиясы», «Эстетикаға арналған лекциялар» т.с.с.

Өзінің философиялық жүйесін жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдігінен бастайды. Ал онда оның Шеллингтін философиясынан айырмашылығы неде деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Расында да, Шеллинг, жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттің ойлау мен болмысының тепе-теңдігін мойындады. Бірак сол тепе-теңдіктен шығудың қайнар көзін ол белгісіз бір құдіретті күштен көреді де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен ссзінуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдігін ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара ішкі диалектикасын ұғымдык (категориялық) деңгейде түсінуге болатынын айтады.

Екіншіден, Гегель Абсолютті дамып жатқан субстанция ретінде қарап, философияға тарихи көзқарасты енгізеді. Сонымен қатар дамудын өзі қайшылықтың негізінде, заттың бүгінгі жағдайының теріске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуі, соңғының өзі жүре келе теріске шығарылатыны т.с.с. ретінде қаралады.

Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат - алдын ала құйылып, қалтаға салуға дайын тұрған күміс ақша емес», оған жету үшін жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей біліп, игеру керек екенін айтты.

Осындай диалектикалық көзқарастың негізінде Гегель өзінің орасан зор философиялық жүйесін тудырды. Ол Абсолюттік идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол - абсолюттік білім, таза ұғым - шынайы болмыстың өзі. Оның өз-өзіне келіп тануын, өз-өзін анықтауын ол «Логика ғылымы» арқылы береді.



Сонымен қатар абсолюттік идея өз-өзіне тең ойлау сатысынан өтіп, іс-әрекет арқылы өзінің өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегеніміз, Гегельдің ойынша, немқұрайды сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзінің тікелей сезімдік сатысынан өтіп, Феникс құсы сияқты өзін қайта жаңару үшін жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретінде қайта дүниеге келу болып табылады.

Рух дегеніміз - шектелген сана, ойлай алатын қабілеті бар пенде, яғни - адам. Бірақ ол табиғаттан шыкса да, Гегельдің ойынша, оның туындысы емес - ол өзінің өзіндік нәтижесі. Рух өзінің алғышарттарынан - логикалық идея мен сыртқы табиғаттан - өзін тудырады. Сонымен абсолюттік идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның ішінен адамзат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдің ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.

Бірінші, ол - Логика. Ол - өзінде және өзіне бағытталған идеяны зерттейтін ғылым.

Екінші - табиғат философиясы. Ол - өзінің өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтін ғылым.

Үшінші - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзіне оралып жатқан идея жөніндегі ғылым.



Сонымен Гегельдің абсолюттік идеализм жүйесінің кабырғалары осылай калыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдің философиялық жүйесін объективті идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады.

Осы арада оқырманның шыдамы бітіп, мынандай сұрақ қоюы мүмкін: табиғатқа дейін таза акиқат ретінде өмір сүрген «абсолюттік идея» - ол не? Бұл сауалды уақытында Гегельдің лекция-ларын тыңдаған оқушылары да койғаны туралы аңыз бар. Әрине, ол басқаша сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дініндегі Құдайға қарағанда, оның денелік адамдық касиеттері жоқ, ол - таза логикалық идея ғана. Сонымен біз Гегельдің жасаған философиялық жүйесін неше түрлі философиялық категориялармен (ұғымдармен) әсемделген нәзік діни көзқарас десек те болғаны. Егер біз Гегельдің философиясындағы алғашқы абсолюттік идеяны сызып тастап, өзіміздің Дүние жөніндегі ой-өрісімізді мәңгі өмір сүріп жаткан «ұлы мәртебелі Табиғаттың» өзінен бастап, тіршілік әлемін, тіпті сана-сезімі бар адамның өзін соның туындысы ретінде қарасак, онда біз таза материалистік көзкараста болар едік.

Алайда Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең құндысы оның рух жөніндегі ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму сатылары жөнінде тамаша ойлар мен пікірлер айтады.

Гегельдің ойынша, рух даму процесінде өзінің үш сатысынан өтеді:

  1. Субъективті рух, яғни жеке адамның санасы.

  2. Объективті рух, оған ол кұк, мораль, адамгершілік, отбасы, азаматтық, мемлекеттікті жатқызады.

3. Абсолюттік рух - ол өнер, дін және философия.
Субъективті рухты Гегель үш ғылымның шеңберінде карайды. Олар: антропология, феноменология және психология. Антропология ілімінде ол жеке адамның тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, дене мен жанның арақатынасына, адамзаттың нәсілдік айырмашылықтарына, мінез-құлық пен темпераментіне, адамдардың өмір кезеңдеріндегі айырмашылыктарға т.с.с. көңіл бөліп талдайды. Гегельдің ойынша, адамның басқа тіршіліктен бірде-бір айырмашылығы - оның тік жүруінде. Ашық нәсілшілдікті колдамағанмен, Гегель нәсілдер мен ұлттардың арасындағы айырмашылықтарды «абсолютті рухтың» әртүрлі сатыларындағы өз-өзін анықтауымен теңеп, олардың арасындағы мәдени айырмашылыктар ешқашанда жойылмайды деген кертартпа пікір айтады. Адамның өмір кезеңдеріндегі айырмашылықтарды карап, ойшыл қоғамдық катынастардағы тәртіпке адамдар тек қана жастык шағында ғана қарсы шығады, есейе келе, пісіп-жетілген шағында олар қирату мен бүлдіруден гөрі тәртіпті сактауды, жасампаздық еңбекті қалайды.

Субъективтік сананың дамуының екінші сатысы «Рух феноменологиясында» каралады. Онда, негізінен, адамның санасы сезімдік сатысынан ақыл-ойға, одан әрі зердеге карай көтеріледі.

«Психология» тарауында Гегель адамның танымдық кабілеттеріне көңіл бөліп, рухтың теоретикалық, практикалық және ерікті сатыларын талдайды. Адам теоретикалық сана шеңберінде калып коймай, әркашан оны өзінің еңбек процесімен ұштастырып, жасампаздык сатысына көтеріледі. Міне, осы теоретикалык және практикалық рухтың бірлігі ерікті рухты тудырады. Ал соңғы өзінін мазмұнын, ішкі сырын дереу объективациялауға (сырткы дүниеге тануға) тырысады. Осы сатыға жеткен кезде субъективтік рух секіріс арқылы объективтік рухқа айналады.

Объективтік рух, Гегельдің түсінігі бойынша, қоғам өміріндегі құқтық және адамгершілік қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәні еріктікте болғаннан кейін, құқтық қатынастардың өзі тікелей шынайы өмірге енген еріктіктің болмысы болып есептеледі. Осы тұрғыдан ол - қайсыбір озбырлыққа, тәртіпсіздікке қарсы жатқан құбылыс. Кұққа иеленген адам өзінің еркін сыртқы дүниедегі заттарға таңып, оларды иеленіп, «Менікі» дейді. Жекеменшік сонымен, Гегельдің ойынша, еріктіктің қажетті де субстанциалды өмірге енуі. Тек жекеменшікте адамның еркі өз-өзіне тұлғалық ерік ретінде қалыптасады. Сонын арқасында адамның еркінің субъективтігі жойылып, ол зерделі тұлғаға айналады. Олай болса, тарихи жерге деген жекеменшіктің ұзақ күрес жолында қоғамдық меншікті жеңуі - занды нәрсе, ол - зерденің жеңісі.

Мораль кұқтық сатыға карсы тұрып, оны ауыстырады. Ол саналы еріктің субъективтік құкы. Үшінші сатыда құқ пен моральдық саты өнегелікке, адамгершілікке айналады. Ол семьяда, азаматтық қоғамда, мемлекетте іске асады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамзат тарихы - халықтар рухының дамуымен тең. Бірақ ол - тек қана объективтік рухтың өзіндік санасы ғана. Шынайы өмірде адамдар өз алдына әртүрлі мақсаттар қойып, соған жетуге тырысса да, нәтижесінде басқаша бір биік, алыстағы, өздері түсіне алмайтын нәрсенің атқарушыларына ғана айналады. Оны Гегель «дүниежүзілік рухтың қулығы» дейді. Сонымен Гегельдің философиясында адамдар мен халықтар -дүниежүзілік рухтың пайдаланатын құралы ғана. Қоғам тарихының мақсаты бар. Ол - жер бетінде идеалдық мемлекетті орнату. Енді объективтік рух өзінің абсолюттік сатысына көтеріледі.

Тарихи абсолюттік идея өзінің абсолюттік рух сатысына көтерілген кезінде, өзін-өзі түбегейлі танып-біліп, қанағаттанады. Өнер саласында ол өзінің толық еріктігін сезінеді, дінде өзін маркабатты түрде кабылдайды, ал философияда өзінің мәнін категориялдық (ұғымдық) дәрежеде түсініп, таниды. Олай болса, философия діннен жоғары, өйткені діндегі кабылдау философиядағы ұғымнан төмен. Сонымен философиямен рухтың дамуы бітеді, өйткені ол өзін-өзі түсініп тынышталады.

Бізді бүгінгі таңда Гегельдің жасаған философиялық жүйесі қанағаттандырмауы мүмкін. Алайда осы жүйені жасау жолында ол көне заманда негізі қаланған диалектикалық ілімді пайдаланып, бүкіл табиғат, тарих және рухани өмірді белгілі бір процесс, яғни тоқтаусыз қозғалыс, өзгеріс, қайта құрылу, даму ретінде карап, олардың ішкі қайшылықтары мен байланыстарын зерттеді. Ал мұның өзі диалектика ілімін жаңа сатыға кетеріп, дүниеге деген жаңа таным теориясын тудырды. Негізінен алғанда, Гегельдің философия саласындағы қалдырған өшпес ізін көп ғалымдар осыдан көреді. Бұл пікірге толығынан қосылуға болады.

Гегельдің ойынша, диалектика шынайы танымның ішкі қозғаушы күші, ол қайсыбір ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілікті енгізеді, соның арқасында білім теориялық сатыға көтеріледі. Гегельдің өшпес еңбегі - ол диалектикалық тұрғыдан бүкіл философия саласында қорытылған ұғымдарды сараптап шықты. Соның ішінде ол алғашқы рет диалектиканың үш негізгі заңын ашып, сонымен қатар барлық парлық категорияларды белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың өзара бір-біріне өтетіндігін, ішкі байланыстарын көрсете білді. Сонымен қатар Гегель адамнын дүниетанымын терең зерттеп, оның да диалектикалық жолмен жүретінін көрсетті.

Гегельдің ойынша, адамдар өздерінің күнбе-күнгі өмірінде ақыл-ой арқылы заттар мен құбылыстарды талдап, олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтайды. Тікелей заттарды аңдауға қарағанда, ақыл-ой оларды бір-бірінен абстракциялау арқылы бөліп алып қарайды. Ол - шынайы адамдардың күнбе-кунгі өмірінде де, таныш процесінде де қажетті нәрсе. Мысалы, коғам өміріндегі адамдардын өзара байланыстары мен іс-әрекеттері жемісті болуы үшін, олардың алдына қойған мақсаттары айқын да анықталған болуы керек. Немістің ұлы ойшылы Гете айткандай, ұлылыққа жеткің келсе, өзіңді-өзің шектей біл. Кімде-кім бәріне жеткісі келсе ол оның, шынында да, ештеңеге құштарлығының жоқ екенін керсетеді.



Өнер саласына келер болсак, ондағы ұлы туындылардың да құлдылығы әсемдіктің айқын да айрықша бітімін көрсетуде болса керек. Қайсыбір ғылым саласында, тіпті философияның өзінде де, ойлау процесінде қолданылатын ұғымдар айқын, сонымен катар тұрақты мағыналы болуы қажет. Егер олар бұлдыр және тұраксыз болатын болса, онда біз ешқандай нәтижеге жете алмай, бір-бірімізді түсінуден қаламыз. Енді сол біздің жан-дүниемізде бейнеленетін Дүниенің өзін алып карасақ, онда да біз заттардың өзгеруімен қатар белгілі бір жағдайдағы тұрақтылығын байқаймыз.

Алайда біз осы ұғымдардың тұрақтылығын шегіне шейін жеткізсек, онда олар өзінің қарама-қарсылығына айналып, абстрактылык ойлауды тудырады. Гегельдің ойынша, ол қуыс кеуделікті, мәселеге үстірт қарауды туғызады. Мысалы, дарға асуға қылмыскерді әкеле жатыр. Оны қарапайым жұрт тек қылмыскер ретінде қарауда. Бірақ кейбір әйелдер оған қарап: «Ол кандай сұлу, қайратты, тартымды еді», - деп қалуы мүмкін. Сол сәтте-ақ басқа адамдар оларға бас салып: «Қалай? Қылмыскер сұлу ма? Қалайша бұлай ойлауға болады?! Шамасы, өздері де сол қылмыскерден артық емес шығар», - деп қорытады. Осы мысалды келтіріп, Гегель оны абстрактілі ойлау түріне жатқызады. Өйткені алаңдағы жиналған адамдар қылмыскерден оның тек қылмыс жасағанынан басқа ешқандай қасиеттерді көрмейді. Мұндай ойлау бітімін Гегель метафизикалық ойлау әдісі деп қорытады.



Алайда абстрактілік - таным процесіндегі бір сәт қана. Таным ол сатыда тоқтап қалмай, одан әрі жылжып, нақтылыққа жетуі керек.

Бізді айнала қоршаған ортаның өзін-ақ диалектиканың үлгісі ретінде қарауға болады. Өйткені дүниедегі қай зат болмасын шектелген, ол тұрақтылығымен қатар өне бойы өзгерісте, өтпелі. Оның ішіндегі жатқан өзінің қарама-қарсы өзгеше болмысының ұрықтары сол заттың ішкі қайшылықтарын тудырып, нақтылы қазіргі өмір сүріп жатқан болмысының шеңберінен тайдырып, оны ертелі-кеш басқаға айналдырады. Олай болса, диалектика - тек ойлау жолында ғана емес, ол бүкіл объективтік дүниеге тән нәрсе. Мысалы, шегіне жеткен абстрактілік құқ әділетсіздікке әкеліп соғады. Мораль саласынан Гегель мына накыл сөздерді келтіреді: «Тәкаппарлық құлдыраудың алдында жүреді», «Өте өткір нәрсе тез мұқалады» т.с.с.



Диалектика жөніндегі өзінің терең ойларын Гегель былайша қорытады: «Еш жерде - аспанда, жерде, рухани өмірде, табиғатта болмасын, ешкандай ақыл-ойдың белгілейтін абстрактілі «немесе бұлай - немесе олайы» жоқ. Қай жерде болмасын өмір сүріп жатқан барлык - ол нақтылы, олай болса, өз ішінде белгілі-бір айырмашылық пен карама-қарсылықты қамтиды. Заттың өтпелілігінің өзі оның ішкісіне сыртқы нақты болмысының сай келмеуінде...Қайшылық міне, бұл дүниенің шынайы қозғаушысы, ал кайшылықты ойлауға болмайды деген пікір тек күлкі туғызады».

Сонымен Гегель диалектикалық таным эдістемесін жасап, философияның ғылымдык абыройын бұрын болмаған дәрежеге көтерді. Оның философиясының осы құнды жағы болашақ марксизмнің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны болашақ тарауда талдайтын боламыз. Ал енді неміс философиясының осы замандағы көрнекті ойшылы Фейербахқа келіп токтайық.


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау