Оқулық баспа Философия тарихы Болмыс ілімі (Онтология) Эпистемология



жүктеу 5,05 Mb.
бет131/298
Дата07.01.2022
өлшемі5,05 Mb.
#37044
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   298
философия Серик Мырзалы (1)

§ 1. XVIII ғ. ағылшын философиясы

Ағылшын философиясының XVIII ғ. көрнекті өкілі Джон Толанд (1670-1722 ж.ж.) Англия, Шотландия, Голландия елдеріндегі университеттерде оқып, білім алған.

Негізгі еңбектері: «Христиандық құпиясыз білім», «Пантеистикон».

Бұл еңбектерінде Д.Толанд христиан дінінің мистикалық, ақыл-ойға сыймайтын жақтарын қатты сынға алады. Оның ойынша, қайсыбір Дүние жөніндегі ақпарат түсінікті болуы керек, ал істейтін іс мүмкін болуы қажет. Ақыл-ойға сыймайтын, оған қайшы келетіннің бәрі жоққа шығарылуы керек, өйткені ол мүмкін емес, я болмаса еш нәрсе емес.



Д.Толандтың ойынша, христиан діні алғашқы пайда болған кезінде өте жақсы дін болған. Бірақ, жүре келе, діни қызметкерлер неше түрлі діни рәсім, ырымдарды ойлап шығарып, оның мән-мағынасын бұрмалаған.

Өзінің онтологиялық (болмыстық) көзқарастарында ол деистік қағиданы ұстаған. Құдай материалдық Дүниені жаратқанда оған ішкі күш беріп, белсенділік қасиеттерін берген. Сондықтан материя өне бойы қозғалыста (moving forse - қозғаушы күш).

Ал адамның ойлау қабілетіне келер болсақ, ол - адамның миының қызметі. Идеяны денеден бөліп алып карауға болмайды. Ойлауды табиғи нәрсе ретінде көрсету үшін, Д.Толанд: «Бүкіл табиғат тірі (гилозоизм), өйткені оны тудырған Құдай - ғарыштың ақыл-ойы мен рухы», - деген көзқарасқа келеді.

Келесі ағылшын философы - Антони Коллинз (1676-1729 жж.) Итон және Кембридж университеттерінде окып, білім алған. Негізгі еңбектері: «Адамның еріктігі жөніндегі философиялык зерттеулер», «Ерікті ойлау жөніндегі қағидалар» т.с.с.



Өзінің шығармаларында А.Коллинз адамның еріктілігіне қарсы шығып, адам - қажеттіліктің пендесі деген пікірге келеді. Адамның идеяларды кабылдауына, яғни оның түйсіктері мен дуниетануына келер болсақ, олардың бәрі де сыртқы дүниеге, солардың бізге тигізетін әсеріне байланысты, біз олардан ерікті емеспіз. Сондай-ақ, адамның ойлау қабілетін алар болсақ, ақиқатқа жету де сол қаралып жатқан біздің ойымыздағы заттардың табиғатына байланысты. Ал адамның ынтык болып тілейтінінің өзі де оның қажеттіліктерімен байланысты, ал оларды да ол сыртқы Дүниеден табады.

Ал біз іс-әрекет жасауға кіріссек, ол іс те сыртқы бір кедергі кездескен кезде заңды түрде тоқтап қалады т.с.с.



Сонымен А.Коллинз қажеттілікті асыра көрсетіп, адамның еріктігін жокқа шығаруға тырысады.

Ал өзінің болмысқа деген көзкарасында А.Коллинз деистік бағытта болды, Дүниенің алғашқы рухани себебі бар деген пікірге келді. Осы тұрғыдан алғанда, Дүниедегі қажеттілік - ол Құдайдың алдын ала бәрін болжауы.

Сонымен қажеттіліктен еріктік тумаса да, А.Коллинздің ойынша, еріктіктін «екінші түрі» бар. Адам өзіне қалай ұнаса, солай іс-әрекет жасай алады. Адам ерікті түрде Дүние, коғам жөнінде ойлай алады. Әрине, ең соңында, біздің іс-әрекетіміз де, ой-өрісіміз де заттың өзіндік табиғатымен анықталады.

Бірақ адамның ерікті ойынан жақсы еш нәрсе жоқ. Нағыз акиқатқа бізді жеткізетін кұрал - ол ерікті ой-өріс. Ақыл-ой аркылы тек қана табиғатты зерттеп қоймай, діннің қағидаларын да сынға алу керек. Өйткені ұзақ ғасырлар бойы діни қызметкерлер діннің негізгі мәселелері жөнінде ортақ пікір таба алмай, дауласып келеді.

Мысалы, Құдай дене ме, жоқ па? Адамға ұқсай ма, әлде жок па? Ол ашуланып, я болмаса қуана ала ма? Ол кекшіл ме, иә тек ізгілікті жақтай ма? т.с.с.

- Біреулер киелі кітап деп Библияны есептесе, екіншілер Құранды, үшіншілер Авестаны т.с.с. санайды. Христиан дінінің үштігі, қайта тірілу, о дүниедегі жұмак пен тозак, алғашқы күнә сияқты мәселелер бойынша осы уакытқа дейін дұрыс түсінік жок, - деп корытады А.Коллинз.

Сондыктан әр адам өзінше ерікті ойлау керек, сонда ғана діндегі неше түрлі бұрмалаулардан кұтылуға болады.

А.Коллинз дін саласында төзімшілдік керек екенін баса айтып, қайсыбір діни фанатизмге қарсы шығады. «Көне және қазіргі тарихтағы болған қандай оқиғаларды діни фанатизмнің қатыгездігімен салыстыруға болады? Дінге бола қаншама қан төгіліп, елдер дағдырап қалды? Бұл А.Коллинздің уақытында койған сұрақтары бүгінгі таңдағы адамзатқа да өзекті мәселе емес пе?


жүктеу 5,05 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   298




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау