Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет59/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95

186
АҚШ  Еңбек  министрлігінің  қызметкердің  сапасына  қоятын 
кәсіби талаптары:
- оқытудың (үйретудің) қажеттілігі (жалпы білім);
- оқытудың (үйретудің) қажеттілігі (арнайы);
- қабілеттердің деңгейі және бағыты (бағыттылығы);
- мүдделер;
- жеке мінездемесі;
- физикалық мүмкіндіктері;
- еңбек жағдайы.
5-кесте – Қызметкерді аттестациялау көрсеткіштері
1. Білім
4. Сұхбаттасу қабілеті
1.1. Жалпы дайындық деңгейі. 4.1. Анық сөйлеу.
1.2. Арнайы дайындық деңгейі. 4.2. Психологиялық 
табандылығы.
1.3. Шектес мәселелерді білу.
4.3. Ақылдылығы.
2. Жеке басының сапасы
5. Жұмыс тәжірибесі.
2.1. Адалдық.
5.1. Еңбек өтілі.
2.2. Дені сау болу.
5.2. Қызметінің өсуі.
2.3. Сымбаттылығы.
5.3. Қызметіне сай болу.
3. Қабілеті
6. Тілек
3.1. Ұйымдастырушылық.
6.1. Жеке қалауы.
3.2. Шығармашылық 
(творчестволық).
6.2. Фирма жұмысындағы 
тілегі.
3.3. Басқарушылық.
6.3. Болашаққа талпыну.
Менеджменттің 
стратегиясы мен тактикасы
Стратегия – мақсатқа жетудің құралы, пайданы ең көп шамада 
алу  үшін  ресурстарды  қалай  пайдалану  керектігін  кеңінен 
ұғындыратын  тұжырымдама.  Мақсаттарға  қол  жеткізу  бірқатар 
мәселелерді  шешуді  қажет  етеді:  стратегиялық,  әкімшілік, 
оперативтік. Стратегиялық мәселеге өндіруге қажетті өнімдер мен 
қызметтерді  таңдау,  осы  өнімдерді  сатуға  болатын  нарықтар  мен 
тұтынушыларды таңдау жатады.
Бизнес  мәселелері  бойынша  тәжірибелі  маман  фирманы 
жетістікке жеткізетін өзгеше стратегияларды танып, көре біледі.


187
Стратегияны  таңдау  барысында  орталарға,  әрекеттердің 
тактикалық  мағынасына,  бәсең  және  белсенді  стратегиялардың 
таңдауына баға беріледі.
Стратегия ұйымның өз қызметінде басшылыққа алатын шешімді 
қабылдаудың таңдау ережесі болып табылады. Ереженің төрт тобы 
бөліп көрсетіледі:
- осы шақта да және болашақта да фирма қызметінің нәтижелерін 
бағалауда  пайдаланылатын  ережеге  (сапалық  –  бағдар,  сандық  – 
тапсырма);
- қандай өнім түрін және технологиялық әзірлеуді, бұйымдарды 
қайда  өткізуге  болатынын,  бәсекелестерден  қалай  асып  түсудің 
жолдарын анық анықтайтын сыртқы ортамен фирманың қатынасын 
қалыптастыратын  ереже.  Бұл  ережелердің  жиыны  өнімдік-нарық 
стратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады;
-  ұйым  ішіндегі  қатынас  пен  тұжырымды  белгілейтін  ереже. 
Оны ұйымдық бәсеке деп жиі атайды;
-  негізгі  оперативтік  тәсілдер  деп  аталатын  фирманың  өз 
қызметінде күнделікті жүргізетін ереже.
Стратегияны жасау үрдісі қандай да бір жылдам әрекетпен біте 
қоймайды.  Әдетте  ол  фирманың  өсуі  мен  ұстанымын  нығайтуды 
қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеу арқылы аяқталады.
Қалыптастырылған стратегия іздестіру әдістерінің стратегиялық 
жобаларын (нақты участкелер мен мүмкіндіктерге назар аударуды 
күшейтіп,  стратегиямен  қиыспайтын  қалғандарын  тастап) 
дайындауда пайдаланылуы керек.
Мақсаттардың  жиынына  қол  жеткізудің  ықтимал  әр  түрлі 
жолдары бар: бұл жолдар стратегия деп аталады. Мысалы, мақсат: 
неге қол жеткізілді? Үш жылдық кезеңді аяқтауға айналымды 50%-
ға және табысты 60%-ға өсіруді қамтамасыз ету.
Менеджментте  мақсаттарға  қол  жеткізу  үшін  баламаны 
пайдалану қажет. Мысалы, мақсатқа жетудің баламалары:
- шығарылған өнімдердің есебінен нарықтың үлесін көбейту;
-  шығарылатын  өнімдердің  атауын  көбейту  есебінен  нарықты 
кеңейту;
- жаңа нарыққа, мүмкін болса, халықаралық нарыққа шығу;
- өндіріс шығындарын кеміту;
-  түпкілікті  өнімнің  сатылу  көлемін  өзгертпей  тік  интеграция 
есебінен өндірістің объектілерін ұлғайту;


188
-  ағымдағы  кәсіпорындарды  сатып  алу  немесе  қосу  есебінен 
өсіру және т.б.
Басқа да стратегиялар болуы ықтимал.
Ұйымның  алдында  төрт  негізгі  стратегиялық  баламалар  тұр: 
шектеулі өсу, өсу, кеміту және осы үш стратегияны ұштастыру.
Шектеулі өсу. Көптеген ұйымдар шектеулі өсу болып табылатын 
стратегиялық  баламаларды  ұстанады.  Бұл  стратегияға  ақпаратты 
ескеру  арқылы  түзетілген  әрі  қол  жеткен  межеден  мақсаттарды 
белгілеу  тән.  Шектеулі  өсу  стратегиясы  негізінде  өз  жағдайына 
қанағаттанатын  тұрақты  технологиялы  өнеркәсіптің  кемеліне 
келген  (қалыптасқан)  салаларында  қолданылады.  Ұйымның  бұл 
баламаны таңдау себебі, ол ең оңай, әлдеқайда қолайлы әрі әрекет 
етудің  қатері  аз  тәсілі.  Егер  фирма  шектеулі  өсу  стратегиясын   
ұстану  арқылы  өткен  шақта  пайдаға  кенелген  болса,    онда  сол 
стратегияның жолымен жүреді.
Өсу. Өсу стратегиясы жыл сайынғы қысқа мерзімді және ұзақ 
мерзімді  мақсаттардың  деңгейін  өткен  жылдағы  көрсеткіштердің 
деңгейінен  елеулі  асыру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бұл 
стратегия  жиі  таңдап  алынатын  екінші  балама  болып  табылады. 
Ол  технологиясын  жылдам  өзгертіп  отыратын  серпінді  дамитын 
салаларда қолданылады. Оны тоқырауға ұшыраған нарықты тастап 
шығу өз фирмаларын жан-жақты дамытуға, яғни әртараптандыруға 
(өнім  номенклатурасының  әр  түрлілігі)  ұмтылатын  басшылар 
ұстануы мүмкін. Өсуі жоқ тұрақсыз салалар банкротқа ұшырауды 
білдіреді. Тұрақты салалардағы өсудің болмауы немесе жан-жақты 
дамытудағы сәтсіздік пайданың түсуін тоқтатуға әкеп соғады.
Ішкі  және  сыртқы  өсу  болады.  Іштей  өсу  тауарлардың 
ассортиментін  кеңейту  жолдарымен  болуы  мүмкін.  Сырттай  өсу 
сатылас немесе деңгейлес өсудің формасындағы шектес салаларда 
болуы  ықтимал  (мысалы,  өндіруші  көтерме  сауда  фирмасын  – 
жабдықтаушыны  сатып  алады  немесе  өнімнің  белгілі  бір  түрін 
өндіретін  бір  фирманы  (айталық  сусын  шығаратын)  немесе 
басқасын сатып алады).
Өсудің 
әлдеқайда 
мойындалған 
әдеттегі 
формасы 
корпорациялардың қосылысы болып табылады.
Кеміту.  Басшылар  сирек  таңдайтын  әрі  соңғы  құралдың 
стратегиясы  деп  жиі  аталатын  балама  кеміту  стратегиясы  болып 
табылады.  Мақсаттардың  деңгейі  өткен  шақтағы  қол  жеткен 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау