Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет60/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95

189
межеден  төмен  белгіленеді.  Шындығында  көптеген  фирмалар 
үшін кеміту операцияларды оңтайландыру мен қайта бағдарлаудың 
сенімді жолын білдіреді.
Кеміту  баламаларының  аясында  бірнеше  нұсқалар  болуы 
мүмкін:
1. Тарату. Кемітудің ең ұйымды нұсқасы ұйымның материалдық 
қорлары мен активтерін толық көтере сату болып табылады.
2.  Артықтарды  алып  тастау.  Фирмалар  өзінің  бірқатар 
бөлімшелері  мен  қызмет  түрлерін  өзінен  бөліп  тастауды  пайдалы 
деп есептейді (кәсіпорынның бір бөлігін сату және т.б.).
3.  Кеміту  және  қайта  бағдарлау.  Тоқыраған  экономикадағы 
көптеген фирмалар пайданы көбейтуге талпынғанда өз қызметінің 
бір бөлігін қысқартуды қажет деп санайды.
Кеміту  стратегиясына  көбінесе  компания  қызметінің 
көрсеткіштері  нашарлауын  тоқтатпағанда,  экономика  құлдыраған 
немесе ұйымды құтқару үшін жүгінеді.
Ұштастыру стратегиясы.  Ол барлық баламаларды (аталғандарды) 
ұштастыруды  ұйғарады.  Оны  ең  алдымен  бірнеше  салаларда 
белсенді  әрекет  ететін  ірі  фирмалар  қолданады.  Ұштастыру 
стратегиясы жоғарыда келтірілген – шектеулі өсу, өсу және кеміту – 
үш стратегияның кез келгенін біріктіруді білдіреді.
Стратегиялық баламаларды қарастырғаннан кейін менеджмент 
олардың  біреуіне  нақты  тоқталады.  Стратегиялық  баламаларды 
таңдаудағы мақсат – ұйымның ұзақ мерзімді тиімділігін барынша 
арттыру.  Жоғары  буынның  басшылары  тиімді  стратегиялық 
таңдауға  қол  жеткізу  үшін  фирмалардың  (кәсіпорынның)  және 
оның болашағының дәл әрі бөлуші барлық тұжырымдамаларына ие 
болуы керек. Стратегиялық таңдау нақты әрі бір мәнді болуы қажет. 
Қандай  да  бір  нақты  таңдауды  жақтаушылық  (басыбайлы  етіп 
алушылық) әдетте, келешек стратегиясын шектеп тастайтындықтан 
шешім мұқият зерттеліп, өз бағасын алуы керек.
Басшылар  жүзеге  асыратын  стратегиялық  таңдауға  әр  түрлі 
факторлар  әсер  етеді  –  тәуекелдік,  бұрынғы  (өткен  шақтағы) 
стратегияларды  білу,  меншік  иесінде  тудыратын  әсер,  уақыт 
факторы.
Мынаны есте ұстау қажет: стратегиялық менеджмент орындау 
қызметін  ұйғарады,  яғни  тек  ойлап  қана  қоймай,  соны  іс  жүзіне 
асыруды қажет етеді.


190
Менеджменттің 
стратегиялық бағыттары
Менеджмент  тұтас  нарықтық  экономиканы  және  ішінара 
кәсіпорындарды  басқарудың  тұрақты  тетіктерінің  болғанын 
қалайды  (ұйғарады).  Менеджменттің  өз  стратегиялық  бағыты 
болуы  керек.  Бұл  бағыттардың  сызбасы  нарықтық  экономиканы, 
менеджментті  дайындауды,  ұйымдық  қатынастағы  басқаруды 
қайта құруды, шетелдік тәжірибені және ком¬пьютерлік техниканы 
зерделеп (үйреніп), пайдалануды қамтиды.
Менеджментті  дайындау  басқарушылық  және  экономикалық 
білімдердің  философиясын;  дайындау  сапасын;  технологиялық 
білімді; дайындау формаларын; дайындау әдістерін қамтиды.
Менеджменттің басты бағыты ретінде болатын өз компоненттері 
бар  меншік  түрлері;  бәсекелестік;  монополиясыздандыру;  банк-
несие жүйелерін дамыту.
Басқару  ісін  қайта  құру  басқаруды  орталықсыздандыру; 
басқарудың  жаңа  түрін  құқықтық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету; 
экономикалық  басқаруды  демократияландыру;  басқарудың 
(ұйымдастыру  нысандары)  икемділігі;  басқаруды  кәсібилендіру 
сияқты бағыттарды қамтиды.
Әр түрлі басқару жүйесіндегі менеджметтің орнын анықтау үшін 
типология  деп  аталатын  басқару,  яғни  құбылыстарды  жіктеудің 
ерекше түрі қарастырылады. Ол бір үлгідегі белгілердің шектеулі 
шеңберін пайдалануды ұйғарады.
Басқарудағы нарықтың рөлі белгілі бір дәрежеде назар аударуға 
тұрады.  Бірінші  белгі  –  директивтік  басқару  –  өз-өзін  ақтаудан 
қалған,  көнерген  белгі.  Маркетинг  типіндегі  басқару  ұсыныс 
пен  сұраныстың  арақатынасын  ескеретін  және  тауарды  нарықта 
жылжытатын менеджмент қызметін білдіреді.
Мақсатты  басқару  –  бұл  нарықтық  (экономикалық)  басқаруды 
жоққа  шығармайтын  мақсаттар  бойынша  басқару.  Басқарудың 
мұндай  типі  адами  құндылықтар  мен  мүддені  өз  тірегіне 
айналдырады.
Мақсаттық  бағдарламалы  басқару  –  даму  бағдарламаларын 
пайдаланатын  мақсатты  басқарудан  гөрі  ұйымдастырылуы 
әлдеқайда қатаң болатын басқару.
Ғылыми ұстаным тұрғысынан басқарудың мына ерекшеліктерін 
атауға болады:


191
- идеологияландыру – экономиканың даму қарқынына жағымсыз 
әсер етеді;
-  тұжырымдамалық  тұрғыдан  басқару  ғылыми  негізделген 
ережелердің тұтас жиынтығын білдіреді, жүйе осы тұтас жиынтыққа 
сәйкес дамиды;
-  эмпирикалық  басқару  ең  алдымен  тәжірибеге,  оны 
қорытындылау мен зерделеуге негізделеді;
-  прагматикалық  басқару  –  бұл  бір  сәттік  (қысқа  мезеттік) 
жетістікке  бағдарланатын  басқару.  Жылдам  реакцияны  және 
оперативтік  тапқырлықты,  сондай-ақ  нарықтық  ахуалдағы 
ерекшелікті білуді ұйғарады.
25. Бизнес жүйесі және басқару
Бизнес категориясының мазмұны 
және оның өзіне тән белгілері
Жалпы  адамзат  тарихы  бизнеспен  байланысты.  Қарапайым 
анықтаманы терминнің этимологиясына жүгінбей-ақ беруге болады. 
Бизнес – бұл іс. Тарихи «іс» ұғымы – «бизнес» ұғымын білдіреді.
Алайда,  бизнес  –  тек  жай  ғана  іс  емес,  ол  адамдардың 
арасындағы, іске қатысушылардың арасындағы іскерлік қатынасты 
қамтиды. Белгілі бір іске қатысу арқылы адамдар іскер адамдарға 
немесе бизнесмендерге айналады.
Экономикада  барлық  «іс»  өнім  өндірумен  және  оны  тұтыну 
саласында жылжытумен байланысты. Сондықтан да шаруашылық 
өмірдің кез келген эпизоды әр қилы іс пен іскерлік қатынастардың 
әр  түрлілігімен  сипатталады.  Өндірістік  қатынастардағы 
субъектілердің  қандай  да  бір  қызметі  –  оның  өз  ісі.  Ал  қызмет 
пен оның нәтижелерінің орнына «іс», іскерлік байланыс, басқаша 
айтқанда, мәміле жүреді.
ҚР Азаматтық кодексінде арнайы тарау (4-тарау) бар – Мәміле 
деген.  Онда  мәміленің,  бір  жақты  мәміле  мен  келісімшарттың, 
құқықтық реттеудің ұғымдары беріліп, мәміле формасы айтылған.
Бизнес  –  бұл  табыс  алуға  бағытталған  қызмет.  Ол  әр  түрлі 
салаларда  жүзеге  асырылады.  Атап  айтқанда,  өндірісте  және 
тауарлар мен қызметтердің саудасында, банк ісінде және сақтандыру 
қорында,  көліктік,  жалға  беру  және  қызмет  түрі  ретінде  болатын 
басқа  да  операцияларды  жүзеге  асырады.  Субъектінің  айналымға 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау