Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет22/95
Дата01.01.2020
өлшемі4,22 Mb.
#25654
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95

70
9000 (бұдан былай – ИСО серия 9000) сериясындағы халықаралық 
ұйымның халықаралық стандарттары бойынша сапа жүйесін енгізу 
мен сертификаттау процесіне көп көңіл бөлуге тұрарлықтай.
Дүние  жүзі  елдеріндегі  көптеген  фирмалар  мен  компаниялар 
өздерінің  сапа  жүйелерінің  осы  халықаралық  стандарттарға 
сәйкестігін тіркеді.
Өнім сапасы мен өндіріс тиімділігін арттыру көбіне өнімді өңдеу 
мен  өндіру  кезіндегі  басқарудың  озық  формалары  мен  әдістерін 
енгізуге байланысты болады.
Сапа  мәселесін  шешуде  өнім  сапасын  басқарудың  қазіргі 
заманғы  әдістерін  тәжірибеде  қолдануға  қабілеті  жоғары  білікті 
кадрлардың бар болуы міндетті шарт болып табылады.
12. Бағаны басқару стратегиясы
Бағаның мәні
мен факторлары
Рыноктық  қатынастар  жағдайында  бағаның  мәні  өте  күрделі. 
Өндірістің  құрылымы,  материалдық  тасқындардың  жылжуына, 
толып жатқан тауарлардың бөлінуі. Халықтың әл-ауқаты мен өмір 
сүру  деңгейі  дәл  бағаға  байланысты.  Адамның  өмір  сүру  деңгейі 
көптеген  тауарларға  байланысты.  Адамның  өмір  сүру  деңгейі 
көптеген  факторларға  тәуелді.  Бірақ  солардың  ішінде  шешуші 
әсер  ететіні  –  табыс    (жалақы)  пен  баға.  Бұл  екеуі  әлеуметтік 
басқарудағы  өзекті  де  және  күрделі  проблема.  Ол  стратегияның 
ұзақ  мерзімдегі  тұрақты  бағыты.  Бағаның  деңгейін  анықтау  үшін 
дұрыс  әдістеме  керек.  Ғылыми  негізделген  баға  стратегиясы  кез-
келген  кәсіпорынның  табысты  жұмыс  істеуінің  кепілі  деп  айтуға 
болады.  Сонымен  қатар  проблеманың  өзектілігі  кәсіпорынның 
сыртқы рынокқа шығуына байланысты.
Бағаны қалыптастыруға көптеген факторлар әсер етеді. Іс жүзінде 
олардың  бәрін  санап,  түгендеп  шығу  қиынға  түседі.  Сондықтан 
олардың мәнін және әсерін анықтау үшін жіктеу қажет. Баға құрудың 
жіктелмесі мынадай: а)факторлардың мазмұны бойынша олардың 
түрлері  –  техникалық,  экономикалық,  әлеуметтік,  психологиялық, 
ұйымдастырушылық,  саясаттық;  ә)факторлардың  көріну  аясы 
бойынша – сыртқы  және ішкі; б)факторлардың көріну формалары 
–  инновациялық, объектіні бір ізге салу және стандартизациялау; 


71
объектінің  өмір  циклының  сатылары  бойынша  стратегиялық 
маркетинг, ғылыми зерттеу – тәжірибелік конструкторлық жұмыстар 
(ҒЗТКЖ), өндіріс, айналым, тұтыну; рыноктік құрылымы бойынша 
–  монополия,  олигополия,  монополиялық  бәсекелестік,  таза 
(жетілдірілген) бәсеке; факторлардың уақыт әрекеттері бойынша – 
стратегиялық , техникалық, оперативтік.
Баға  құрудың  факторлар  жіктемесі  жолдауға  және  сараптауға 
пайдалы.  Баға  құрудың  стратегиялық  мәселелері  маркетингтік 
зерттеулер жүргізілген кезде шешімді. Тауардың сапасы мен бағасына 
байланысты  бағаны  белгілеу  барысында  тоғыз  стратегияларды 
пайдалану ұсынылады. Бұл стратегияның үлгісі төмендегідей. 
                                         
2-кесте.  Бағаны  белгілеу  стратегиясы  (Р.  А.  Фатхудинов 
бойынша)
Сапа
Баға
Жоғары
Орташа
Төмен
Жоғары
1. Сыйлықтық 
үстеме 
стратегиясы
2. Терең ену 
стратегиясы
3. Көтеріңкі 
құндылық мәні 
бар стратегия
Орта
4. Көтеріңкі 
бағаның 
стратегиясы
5. Орта деңгей 
стратегиясы
6. Сапасы 
жақсы 
стратегия
Төмен
7. Тонау 
стратегиясы
8. Жасанды 
жылтырауық 
стратегиясы
9. Төменгі 
құндылық 
стратегиясы
Баға  стратегиясына  тікелей  қатысы  бар  мәселе,  ол  -  ресурс 
үнемдеу  стратегиясын  таңдау.  Осыған  байланысты  тауардың 
ресурсын (қор) қажет ететін көрсеткіштері бар. Олар: абсолюттік, 
құрылымдық, салыстырмалық, үлестілік. Тауардың ресурсты қажет 
ететін абсолюттік көрсеткіштеріне жататындар:

  маркетингке шығын (бір тауарға).

  ҒЗТКЖ шығындары (бір тауарға).

  жаңа  тауарларды  өндіру  үшін  ұйымды-технологиялық 
шығындар;

  тауарды өндіру шығындары;

  тауардың жұмыс істеуіне байланысты шығындар және т.б.


72
Құрылымдық көрсеткіштер:

  тауардың  өмірлік  циклдарына  байланысты  шығындардың 
құрылымы:

  шикізат пен материалдар;

  қосалқы бөлшектер;

  отын-энергетикалық ресурстар;

  фирма персоналының жалақысы (бір тауарға шаққанда);

  негізгі өндіріс қорларының амортизациясы (осы сатыда бір 
тауарға есептегенде).
Ресурс сақтау 
стратегияларын таңдау 
Ресурс сақтау стратегиясы – ол қағидаттар, факторлар, әдістер, 
шаралар  кешені.  Ол  ішкі  ұлттық  өнімнің  бір  бірлігі  жиынтық 
ресурстарының  шығынын  төмендетуді  қамтамасыз  етеді.  Елдің, 
экожүйенің,  аймақтардың,  адамдардың  қауіпсіздігі  қамтамасыз 
етілсе, онда мұны іске асыруға болады. 
Осы ұғымды элементтер және деңгейлер иеархиясы тұрғысынан 
қарастыруға болады.
Ел шеңберіндегі ресурс сақтаудың қағидалары:

  тұтынылатын ресурстардың құрылымын жетілдіру. Ол үшін 
экспортқа  шығаратын  ресурстардың  үлесін  азайту,  экологоиялық 
таза және ресурстардың тиімді түрлерінің үлесін өсіру;

  қазып алынатын минералдардан пайдалы элементтерді алу 
коэффициенттерін өсіру;

  ресурс сақтау технологияларының үлесін өсіру;

  объектінің  өмірлік  барлық  сатысында  ресурстарды 
пайдалануды талдау;

  ресурстарды  пайдалануды  жақсарту  үшін  талдау,  болжау, 
оңтайландыру және ынталандыру әдістерін дамыту;

  ресурс  сақтау  проблемаларын  әзірлеуде  менеджменттің 
ғылыми тәсілдерін пайдалану.
Фирмалар  деңгейі  үшін  бұл  келтірілген  қағидалар  нақтылы 
объектілерге,  технологияларға,  мүмкіндіктерге,  стандарттарға 
бейімделуі керек.
Жалпы бағаны басқару стратегиясы туралы айтқанда есте мұқият 
ұстайтын проблема – бағаның қалыптасуы, оның деңгейін белгілеу, 
сапа  саясатын  бұлжытпай  іске  асыру,  экономикалық-әлеуметтік 


жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау