Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 2,02 Mb.
бет43/111
Дата21.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#44410
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

Осылайша, педагогикалық жобалауға дайындық барысында:

  1. Жағдайды талдау: түрліше диагностикалау арқылы мәселенің пайда болуы мен сипаттамасы жасалады;

  2. Мәселені шешудің түрлі жолдары қажетті ресурстар және жүзеге асыру мүмкіндіктерін бағалау тұрғысынан қаралады;

  3. Мақсатқа сай нәтиже беретін тиімді жолдар жоба ретінде таңдалады;

  4. Жобалауды тәжірибеде ұйымдастырудың тәсілдері мен оны жүзеге асырудың материалдық- техникалық, қаржылық, құқықтық-нормативтік шарттары мен ресурстары анықталады.

Жағдайды талдау үшін ең алдымен берілген жағдайды қарастыру аясы шектелуі керек, ол үшін мәселеге қатысы бар субъектілерді, қалыптасқан жағдай кімдер үшін қиындық тудырып отырғанын белгілеу, қиындықтың мәнісі неде екенін, оның пайда болуы мен тәжірибеден орын алу себептерін анықтау қажет.
Талдау пәнінде қарастырылатын педагогикалық жүйенің, ішкі сипаттамалары: құрылымы, қызметі, байланыстары, ішкі және сыртқы ортаға қатысты сипаттамалары жатады. Бұл жұмыстардың барлығы жобалау алды зерттеу кезеңін құрайды.
Бұнда бастапқы кезең талаптарына сай жобалау жұмысы кіші жүйе құрылымының өкілдерінен құрылған шығармашылық топтар құрудан басталып, педагогикалық ұжымды инновациялық дамытуды жобалау алды зерттеулер мен қалыптасқан жағдайды талдау негізінде жұмыстың қажеттігін анықтап, жобаның тұжырымдамасын құрастырды.
Нақты жобадан мысал. Тақырыбы: Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамытуды жобалау. Қысқаша тұжырымдамасы: Қазіргі педагогикалық жүйелерді дамыту ондағы педагогтардың инновациялық өзгерістерді қабылдауға, жүзеге асыруға, нәтижелерін талдай, бағалай білуіне байланысты. Сондықтан, педагогикалық жүйелерді дамытудың маңызды факторының бірі–ондағы адам ресурстары ретіндегі педагогтардың инновациялық мүмкіндігінің жеткілікті деңгейде болуы. Педагогикалық ұжымның инновациялық деңгейі оның жаңа идеялар мен жобаларды, инновациялық технологияларды жүзеге асыру мүмкіндігінен көрінеді. Осыған сай, білім беру ұйымдарының жүйелі өзгерістерін жүзеге асыру үшін ондағы педагогтардың инновациялық мүмкіндерін арнайы дамыту қажет.
Тәжірибеде орын алған түрлі жаңа бағыттардың ішінен педагогикалық жүйелердің жаңа өзгерістерін қамтамасыз ете алатын негізгі бағыт, жүйенің адам ресурстарын дамыту болып табылады. Соған орай, педагогтарды инновациялық дамыту жүйенің жаңа өзгерістерін қамтамасыз ететін жүйеқұраушы элементі бола алады және осы бағыттағы инновациялық жобаны жүзеге асыру ұжымның одан кейінгі даму сатыларында өтуге мүмкіндік береді».
Одан әрі ұсынылған мәселені шешуде бұрыннан бар амалдардың белгілі бір себептермен нәтиже бермейтіні негізделеді немесе жаңа жағдайлар туындағаны нақтыланады. Осыдан соң, жаңа жағдайларға сай өзгерістерді жүзеге асырудың мақсаты мен міндеттерін анықталып, жобалау технологиясының келесі кезеңіне өтеді.
Осылайша, педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту жобасын жүзеге асыру жолдары белгіленеді.
Педагогикалық ұжымның бұл бағыттағы мәселелері мен оны шешу жолдарын, мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін айқындау нәтижесінде жобалау болжамы белгіленді.
Болжам бойынша, егер, педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жұмыстарының мазмұны, әдістері мен түрлері оның әрбір кезеңінің мақсатына сай педагогтардың жаңалықтарға көзқарасын дамыту, оларды қабылдай алуы мен жаңалықтарды меңгеруін ұйымдастыру; ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі мен педагогтардың шығармашылық белсенділігін арттыру; өзара қарым қатынастарын дамыту педагогикалық-психологиялық, ұйымдастырушылық ресурстық тұрғыдан қамтамасыз етілсе, онда педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту тиімді жүзеге асырылады.
Осы болжамға сай, ұжымның инновациялық өзгерістерге даярлық көрсеткіштері төмендегі сапалардан тұрады деп белгіленді:

  1. Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;

  2. Жаңалықтарды меңгеруге және қолдануға даярлығы;

  3. Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;

  4. Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;

  5. Өзара қарым қатынастарының деңгейі.

Оны тәжірибеде жүзеге асыру кезеңдері анықталып, күтілетін нәтижелері төмендегідей белгіленді:
Дайындау кезеңінде–педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге мотивациялық даярлығы;
Ұйымдастыру кезеңінде – теориялық даярлығы;
Жүзеге асыру кезеңінде – тәжірибелік даярлығы;
Бақылау бағалау кезеңінде – күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердің сәйкестігін анықтау, сәйкестендіру.
Одан соң, шығармашылық топ әрбір кіші жүйе құрылымында талқыланған педагогикалық ұжымды инновациялық дамыту жобасын ұйымдастыру бағдарламасын педагогикалық кеңеске ұсынып, бекітілген соң жүзеге асыру жұмысы басталды.
Жобалауды жүзеге асыру оны кезеңдерге бөліп, және әр кезеңнің нәтижесін белгілеуді, соған сәйкес бақылап, бағалап отыруды қажет етеді. Осыған орай, барлық кезеңдерде дәстүрлі басқаруға тән емес өзгеше жұмыс түрлері пайдаланылады.
Жобалау арқылы педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дамыту үшін, ұйым ішінде оқу мен тәжірибені ұштастыруға жағдайлар туғызылды. Олар ұжым жағдайында тұрақты түрде қызмет істейтін арнайы семинарлар мен практикалық жұмыстың тәжірибелік алаңдары ретінде ұйымдастырылды.

жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау