Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 2,02 Mb.
бет45/111
Дата21.11.2023
өлшемі2,02 Mb.
#44410
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111
Bilim Bahisheva-Ped-jobalau (2)

ІІІ. Жүзеге асыру кезеңі
Мақсаты: педагогикалық ұжымның инновациялық өзгерістерге жүзеге асыруын қамтамасыз ету.
Бұл кезеңнің мазмұны:

  1. Педагогикалық ұжымның инновациялық мүмкіндіктерін дайындық кезеңі бойынша аралық диагностикалау;

  2. Бағдарлама бойынша теориялық білімді Д. Колб әдісімен тақырыптық семинарлар, іскерлік ойындар, практикумдар, тренингтер түрінде жүргізу, оны келесі семинарға дейінгі аралықта тәжірибеде бекіту, талдау, әріптестерімен талқылау;

Бағдарлама бойынша практикалық, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды төмендегі бағыттарда жүргізу: сабақтарға қатысу, талдау сияқты дәстүрлі әдістемелік қызметтер, сонымен қатар, матрицалық түрдегі шығармашылық зертханалар, тәжірибе алаңдары, филиалдар, ғылыми – кеңесшілік топ; оқу зертханаларында тәжірибелік жұмыстарды шыңдау.
Ұжымдағы іс әрекеттердің мазмұндық өзгерістері: сыныпішілік, сыныпаралық, ұжымдық жобалар жасалуы; білім беру жобаларымен қатар, тәрбиелік, әлеуметтік мәнді жобалар жасалуы; білім алушылар мен педагогтар және ата- аналардың қатысатын бірлескен жобалар пайда болуына жағдайлар туғызу;
Басқару құрылымының өзгеруі, матрицалық құрылымдар пайда болуы, педагогтар ұжымының, білім алушылардың, ата–аналардың түрлі тақырыптардағы инновациялық жобаларға белсенді қатысуы.
IV. Бақылау -бағалау кезеңі
Мақсаты: Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудағы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтау.
Мазмұны:
1.Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудың қорытындыларын бағалау көрсеткіштері:

  • Педагогтардың жаңалықтарға көзқарасы, оларды қабылдай алуы;

  • Жаңалықтарды меңгеруге даярлығы;

  • Ұйымдағы педагогтардың жаңашылдық деңгейі;

  • Педагогтардың шығармашылық белсенділігі;

  • Өзара қарым қатынастарының деңгейі.

2. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытудан күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктердің себептерін анықтау
3. Педагогикалық ұжымның инновациялық дамытуды одан әрі жалғастыру бағдарламасын жасау.
Берілген параметрлер мен өлшемдер бойынша педагогикалық ұжымның жобалау қызметі нәтижесіндегі көрсеткіштерді салыстыру арқылы күтілетін деңгей мен қалыптасқан деңгейлердегі сәйкессіздіктерді анықтауға болады. Ол үшін педагогикалық ұжымда жүргізілген сауалнамалар мен құрастырылған жобалардың нәтижелері жинақталады. Сонымен қатар, олардың өлшемдері түрліше болғанымен, нәтижесін есептеудің коэффициенті зерттеу қорытындыларын жүйелеу үшін өзара сәйкестендірілді.
Нәтижелік көрсеткіштер төмендегі бағалар бойынша анықталады: Мысалы, толық сәйкес – 3 балл, ішінара сәйкес –2 балл, сәйкес емес–1 балл. Жобаның сәйкестік формуласы: К = Кф : Км. Аталған нәтижелерді бағалауда төмендегі коэффициенттік көрсеткіштер пайдаланылады: өте төмен – К < 0,45; төмен– 0,45 < К < 0,65; жеткілікті– 0,65 < К < 0,85; қажетті – К > 0,85.
Осы коэфициенттердің әр ұжым бойынша мақсаттық- бағдарлы жобалардан бұрынғы және одан кейінгі көрсеткіштері тәжірибелік эксперимент барысында эксперименттік және бақылау топтарында анықталып, салыстырылады.
Жобаны ұйымдастыру және жүзеге асыру ұжымның басқа мүшелеріне түрткі болатын белсенді топтар құруды қажет етеді және олар уақытша жұмыс топтары ретінде ұйымдастырылып, белгілі бір жобалау қызметі аяқталғанда таратылуы тиіс деген тұжырымы дәлелденді. Ол жобаның тиімділігі оның өлшемдері арқылы, педагогикалық ұжымның белгілі бір жетістіктерінің көрсеткіштері негізінде дәлелденіп, онын ұйым тәжірибесіне ендіру аяқталған соң, шығармашылық топ таратылды.
Жобалауды ұйымдастыру барысында педагогикалық жүйені басқару матрицалық немесе иерархиялық– матрицалық түрде ұйымдастырылуы, көптеген шығармашылық және зертханалық топтар мен филиалдардың көлденең басқарылуы қажет болды. Сөйтіп, аталған түрлі қызметтер уақытша басқару құрылымдары арқылы жүргізілді. Оның басты ерекшелігі–басқарудағы дәстүрлі және жүйелік элементтер мен басқарушы органдар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді мақсатқа сай үйлестіре отырып, мақсаттық-бағдарлы іс-әрекеттерді ұйымдастыруы.
Жобалау технологиясын жүзеге асыру жоба жетекшілері ретіндегі басқарушылардың үйреншікті іс-әрекеттері мен қажеттіктеріне өзгерістер ендіреді. Басқарушылардың арнайы дайындықтан өтуі кез келген деңгейдегі семинарлар мен тренингтерде берілген жобалау технологиясын пайдалана отырып, мәселелерді анықтауда, шешімін табуда ұжымдық әрекеттерді ұйымдастыра алуына мүмкіндік береді.
Өйткені, олар енді тек әрекетті жоспарлау, бақылау, бағалау ғана емес, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету қызметтерін атқаруы тиіс болады. Осы мақсатта дәстүрлі басқарудағыдай әкімшілік жиналыстары орнына семинарлар мен тренингтер жүргізіледі. Семинарларда жобалау тұжырымдамасы мен жоспарлары, жоба барысында пайда болған мәселелерді талдау, шешім қабылдау, жобалардың жүргізілуін бақылау, бағалау жүзеге асырылады.
Бұл өзгерістер иерархиялық түрдегі жоғарыдан төмен қарай басқарудың орнына, басқарылатын кіші жүйелердің немесе элеметтердің әрқайсысының мақсатын орындауды көздейтін жүйеаралық көлденең байланыстардың болуына негізделеді.
Әкімшілік жиналыстан семинар мен тренингтердің негізгі ерекшелігі–оларды басқарушы ғана талдап, қорытынды жасамайды, талдау мен шешім қабылдау ұжымның барлық мүшелерінің қатысуымен орындалады. Сондықтан, педагогтардың шығармашылық белсенділіктерін көтеру, жүйелі және желілі ойлауға үйрету рефлексиялық іскер ойындар арқылы да жүзеге асырылады.
Бірлескен ұжымдық әрекеттер негізінде жобалардың іске асырылуы жариялылық пен белсенділік жағдайында орындалып, олар өз кезегінде ұжым мүшелерінің нәтижелі қызмет атқаруға, ортақ мүддені іске асыруға қызығушылықтарын арттыратыны сөзсіз.



жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   111




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау