|
Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)
|
бет | 99/147 | Дата | 05.12.2022 | өлшемі | 6,41 Mb. | | #40466 | түрі | Оқулық |
| Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif5. Басқарудың жүйелік әрекеті
TQM принциптеріне сәйкес мекеме іс-әрекетінің нәтижелілігі мен әсерлілігі өзара байланысқан жүйені құру, қамтамасыз ету және басқару процестерінің көмегімен жоғарылайды. Бұл мекеменің өнім немесе қызметтің тапсырушы сұранысына сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін процестері мен өнім немесе қызметті жасау процестерінің бірлесуіне ұмтылу қажеттігін білдіреді.
Басқарудың жүйелік әрекеті кезінде сапа жөніндегі стратегиялық жоспарлар мен интеграцияланған жоспарларды дайындау үшін тапсырушымен қайта байланысты толықтай пайдалану мүмкін болады.
6. Тұрақты жақсару
Бұл аумақта мекеме тек пайда болған мәселелерді шешіп қана қоймай, сонымен бірге басшылықтың мұқият талдауынан кейін қажетті түзетуші және ескертуші әрекеттерді орындауы қажет.
Мақсаттар мен тапсырмалар тапсырушының қанағаттану деңгейін бағалау нәтижелеріне (қайта байланыс арқылы алынған нәтиже) және мекеме әрекеттерінің көрсеткіштеріне негізделеді. Бұл процестегі жақсартуларға басшылықтың қатысуымен, сондай-ақ қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға қажетті барлық ресурстарды қамтамасыз ету арқылы жүргізіледі.
7. Фактілерге негізделген шешімдер қабылдау әрекеттері
Әсерлі шешімдер тек нақты деректерге негізделеді. Мұндай деректердің негізгі көзі сапа жүйесін ішкі тексеру, түзетуші және ескертуші іс-әрекеттер, тапсырушылардың арыздары мен шағымдары, т.б. нәтижелері болып табылады. Сондай-ақ ақпараттар мекеме қызметкерлерінен түсетін және өндірістілікті көтеріп, шығындарды азайту және т.б. бағытталған ұсыныстар мен идеялардың талдауына негізделеді.
8. Жеткізушілермен қарым-қатынас
Мекеме өзінің жеткізушілерімен тығыз байланыста болғандықтан, олармен ары қарай әрекет жасау мүмкіндіктерін кеңейту мақсатымен өзара табысты қатынастар орнатқан дұрыс. Бұл сатыда бірлесіп еңбек етудің барлық сатыларында жеткізушінің орындауы міндетті құжатталған процедуралар орнатылады.
TQM жүйесін табысты енгізу үшін жобалау сатысында өнім сапасын көтеруге және оны дайындау бойынша шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін кейбір ғылыми әдістерді игеру қажет. Негізінен бұл әдістер тұтынушының максималды талаптарына және осы тапсырманы шешу әдістері мен құралдарын жасау талаптарына сәйкес өнім немесе қызметті жасау тапсырмасының талдауы қызметін атқарады. Оған өнімді дайындау кезіндегі технологиялық талаптарды жасау, азайту мақсатымен бұйым құнының бағасы, бұйым конструкциясы мен оның жұмыс істеу принциптерін дайындау процестері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|