Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075. 8)


Сапа жүйесі (жоспарлау және тұтынушыға бағытталу)



жүктеу 6,41 Mb.
бет107/147
Дата05.12.2022
өлшемі6,41 Mb.
#40466
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   147
Bilim Mendebaev-Stand-metr-sertif

1.2. Сапа жүйесі (жоспарлау және тұтынушыға бағытталу)
Бұл бөлім мекеменің сапа жүйесінің сипаттамасынан тұрады. Мекемеде сапаны жоспарлауды қамтамасыз ету үшін құжат түрінде рәсімделген сапа жүйесі болуы қажет.
Мұнда:
– қолданылған әдістер жазбаша түрде алынып, сәйкес күйде ұсталуы, яғни актуалдануы қажет;
– белгіленген талаптар әдістемелік ережелерде, жұмысшы ережелерде, сынау бойынша ережелерде сипатталуы қажет;
– құжатталған процедуралар мен ережелердің әсерлі қолданылуы қамтамасыз етілуі қажет;
– сапаның бүкіл жүйесі тұтынушы сұранысын қамтамасыз етуге көзделуі қажет.

1.3. Келісім шартты талдау
Периодты бақылау мен келісім шарттарға талдау жүргізуге қажетті, сондай-ақ осы жұмыстың мекеме немесе тапсырушы арқылы координациялануы үшін қажетті процедураларды дайындау және жұмыс күйінде ұстап тұру қажет. Ол:
– түсінікті техникалық тапсырманы;
– ұсыныстар мен келісім шарттардың орындалу мүмкіндігін тексеруді;
– келісім шарттың тапсырушымен келісімділігін қарастырады.
ИСО 9000 стандарты мекеме мен тұтынушының келісімшарт мерзіміндегі өзара бірізді қатынасын болжайды.
2. РЕСУРСТАР МЕНЕДЖМЕНТІ
2.1. Ресурстармен қамтамасыз ету
Бұл бөлімде сапа жүйесін сәйкес күйде ұстау үшін ресурстармен қамтамасыз ету туралы айтылады.
Ресурстар мен өнімді жоғалту, зиян келтіру немесе оны пайдалануға жарамсыздығы жөніндегі барлық жағдайлар тіркелуі тиіс және тұтынушыға хабарлануы тиіс, яғни тексеру, сақтау, түзету мазмұны, сондай-ақ тұтынушыға бұзылулар мен ақаулар туралы хабарлау қажет.
2.2. Өнімді идентификациялау және қадағалау
Өнім идентификациялау дегеніміз бұйымның белгіленуі, ал қадағалау – бұл технологиялық процесте бұйымның қай жерде орналасқанын, қандай өндіріс сатысында және ол қандай күйде екенін кез келген уақытта айту үшін оны басынан аяғына дейін анықтау мүмкіндігі.
Мекеме тұтынушы талаптарын қанағаттандыруда сенімділікті қамтамасыз ету үшін материалдар мен олардың өндіріс, қаптау және жеткізу процестеріндегі қозғалысын идентификациялау процедурасын қолдау қажет. Мекеме өнімнің идентификациялау және қадағалау әдістері құжат түрінде рәсімделіп, олардың тұтынушы талаптарына сәйкестігін көрсету үшін жауапты болып табылады.

жүктеу 6,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   147




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау