Дағдарысқа қарсы
реформалар бағдарламалары
Өтпелі кезеңде республика экономикасын басқаруда ерекше
орынды экономиканы орнына келтіру, тұрақтандыру және жақсарту
(санация) үшін қабылданатын ең басты шаралар алады. Стагнациядан
(тоқырау) шығу дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы көмегімен
жүзеге асырылады.
Бұл бағдарламаларды жасау реформалардың қайта қарастыруды
107
қажет ететін кейбір принципиалды бағыттарына негізделген.
Оның ішінде:
•
Кеңес Одағының ыдырауы және Қазақстанның егеменді
мемлекет ретінде қалыптасуы;
•
Қазақстанның өз бетінше әлемдік шаруашылық кеңестігіне
шығуы;
•
алынған
тәжірибе,
талдау
және
экономикалық
реформалардың халықаралық тәжірибесі;
•
өзара есеп айырысу механизмінің практикалық дамуында,
қаржы-несие саясатының тәртіпке келтірмеуінде және банк
жүйесінің өзара әрекетінде көрінетін рубль аймағындағы
дағдарыстық процестер;
•
жекелеген бағыттар бойынша өзгерістерді жүргізудің әр
түрлі жылдамдығы.
Экономикалық
реформалар
бағдарламасы
Қазақстан
шаруашылығының қайта өрлеуіне, әлеуметтік рыноктық
шаруашылық негіздерінің қалыптасуына, тұрғындарды тиімді
әлеуметтік қорғау жүйесін құруға бағытталған.
1993 жылға қарай Республикада жағымсыз экономикалық қиын-
қыстау кезеңі қалыптасты.
1991 жылмен салыстырғанда 1992 жылғы ұлттық табыс 19,2%-
ға, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 14,8%-ға , тұтыну тауарларының
өндірісі 21,5%-ға кеміген.
Мемлекетаралық, аймақаралық және ішкі салалық байланыстар
қатаң өзгерістерге ұшырады және бұзылды. Толық құрылыстың,
әсіресе өндіріс объектілерінің, көлемі айтарлықтай төмендеді.
Өндіріс пен ауыл шаруашылығындағы, кен өндіруші салалар
мен соңғы өнім өндірушілер арасындағы бағалық тепе-теңділік
айтарлықтай бұзылған.
Кәсіпорындарға тең құқықтар беру нарықтың өзін-өзі реттеу
механизмінің жоқтығы кезінде мемлекеттің еңбек және тұтыну
мөлшерін бақылаудан айырылуға алып келді.
Қуат көзіне бағаның үздіксіз өсуі, кәсіпорындардың және
тұрғындардың қаржы жағдайын нашарлатады, бағаның ары қарай
өсуін ынталандырады.
Жоғарыда айтылғандардан басқа экономиканы басқару
сферасында меншік, монополия, бәсекелестік, құрылымдық
әртараптандыру сұрақтарына байланысты көптеген мәселелер бар.
108
Айтылған жағдайлар мен сыртқы-экономикалық факторлар
дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасап шығаруға негіз болды. Оның
негізгі мақсаты: нақты рыноктық механизмнің және әлеуметтікке
бағытталған экономиканың қалыптасуы.
Бағдарламаның негізгі міндеттері:
•
макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткізу және
инфляциямен күрес;
•
меншік қатынастарының өзгеруін тездету;
•
бәсекелестік
нарықтық
ортаны
және
нарықтық
инфрақұрылымды құру, кәсіпкерлікті белсендіру;
•
тиімді сыртқы сауда саясатын жүргізу;
•
экономикадағы құрылымдық өзгерістер және оларды
мемлекеттің қолдауы;
•
қоғамның кедей тұрғындарына бағытталған әлеуметтік
саясат жасау;
•
шаруашылық міндеттерді шешу, сонымен қатар, болжау,
есепке алу және бақылау функцияларының нығаюында, мемлекеттік
реттеудің қосымша әдістерінің күшеюіне мемлекеттің тікелей
араласуының әлсіреуі.
Дағдарысқа қарсы шұғыл шаралардың бағдарламасы және
әлеуметтік-экономикалық реформалардың тереңдеуі келесі
маңызды бөлімдерден тұрады:
Құрылымдық және инвестициялық саясат. Экономика
құрылымын оңтайландыру және басымдылықты анықтау.
Материалдық өндіріс сферасында келесі басымдықтар негізгі болып
табылады: отын-энергия кешені, металлургия кешені, нарықты
азық-түлікпен және тұтыну тауарларымен толтыру, коммуникация,
агроөнеркәсіп кешені, қаржы-несие саясаты. Бірқатар арнайы
шараларды жүзеге асыру арқылы қаржы жүйесін жақсарту және
бюджет тапшылығын қысқарту үшін, қатаңдығы біркелкі ұзақ
мерзімді қаржы және инфляцияға қарсы саясат жүргізіледі. Арнайы
шаралар: импорт пен экспортқа кеден тарифін енгізу, экономиканың
жеке монополияландырылған секторында ойда болмаған табысқа
салық, қосымша құн салығының қызмет ету өрісін (сфера) кеңейту,
кейбір тікелей салықтардың мөлшерін көтеру. Мемлекеттік бюджет
қаражатын тиімді пайдалануға басты назар аударылған. Салық
салу жүйесінде және республикалық валюта қорының қалыптасу
қағидаларын қайта қарауда түбегейлі өзгерістер жүргізіледі, ең
109
керекті деген дотациялар мен субсидияларды сақтауға біртіндеп
көшу; импорт тауарларына бюджеттен алынатын дотацияларды
төмендету іске асырылады.
Жекешелендіру саясаты. Бұл бағдарламада ерекше орын алады.
Жекешелендіру проблемалары макроэкономикалық міндеттер
кешенінде шешілуі қажет. Мемлекеттік кәсіпорындар және
ұйымдардың басқа меншік нысанына өзгеруі еңбек ұжымдары және
делдалдар арқылы емес, тек мемлекет тарапынан сәйкес басқару
органдарының көмегімен жүзеге асырылуы керек.
Кәсіпкерліктің дамуы және монополияға қарсы саясат
бағдарламаның дербес бөлімі болып табылады. Кәсіпкерлік
саласында төмендегі шараларды жүзеге асыру қажет еді:
•
кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың арнайы коммерциялық
банкін құру;
•
жеке кәспкерлерге сатып алған мүлкін бөліп-бөліп төлеу мен
өндірістік ғимараттарды және техникалық құралдарды аукциондық
және конкурстық негізде сатуды ұйымдастыру;
•
жабдықтар лизингі жүйесін (әр түрлі техникалық құралдарды,
ғимараттарды жалға беру) енгізу, соның ішінде, әскери-өнеркәсіп
кешенінің мүлкін тарту;
•
өндірістің басымды даму аясына бағытталған инвесторларды
мемлекеттік сақтандыруға тарту.
Нарықтық инфрақұрылымның дамуында ерекше көңіл келесі
аяларға бөлінеді: инвестициялық қорлар және холдингтер,
сақтандыру компаниялары және қорлар, аудитор фирмалары, кеңес
беруші орталықтар және т.б.
Монополияға қарсы саясат Республика ауқымындағы
нарықтың шекарасын анықтау әдістемесін жасауды болжайды,
осыған байланысты шаруашылық субъектісін монополист немесе
нарықтағы басымды жағдайларға ие болушы ретінде мойындаудың
тұжырымдамалары мен әдістерін дәлелдеуді қарастырады.
Сонымен қатар бұл саясат – ауыл шаруашылығын, бірінші
кезекте тауар өндіруші торабын, жүк және жолаушы тасымалын
монополиясыздандыру тұжырымдамасын қабылдауды; көп салалы
корпорациялардың, компаниялардың қалыптасуына белсенді
жағдайды жасауды; жыл сайын монополист категориясына жататын
кәсіпорындарды түгендеу және мемлекеттік қайта тіркеуден өткізуді
қарастырады.
110
Дағдарысқа қарсы бағдарлама: әлеуметтік қорғау жүйесі;
сыртқы экономикалық саясат; ұйымдасқан қылмыспен күресті
күшейту; атқарушы билік және басқару органдарды қайта құру және
бағдарламаны жүзеге асыру механизмі сияқты бөлімдерден тұрады.
Дағдарысқа қарсы шаралардың берілген бағдарламасы уақытша
шектелген (1993-1995 жж.), бірақ ол экономиканы басқарудағы
басты өзгерістерге сәйкес толықтырылып өзгертілуі орынды.
Осылайша Қазақстан Республикасының Президентінің «Болашақта
экономикалық реформаны жүргізудің белсенді шаралары туралы»
қаулысы қабылданған. Мұнда ұлттық валютаның енгізілуімен
Қазақстанның халықаралық ұйымдар және әлемдік бірлестіктің
жекелеген елдерімен жасаған келісімдердің енгізілуін ескере
отырып, «Дағдарысқа қарсы шаралар және 1994-1995 жылдардағы
экономиканы тұрақтандыру бағдарламасын» жасап шығару
көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |