95
барлық табыстар (әр түрлі жәрдемдер, займдар, т.б.); субсидиялар –
пайызсыз берілетін ақшалай жәрдемнің түрі.
Жаңа кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуда аймақтық
басқару саласы онан әрі өріс алып, ерекше әсер етуі күмән
келтірмейді.
Аймақтық рынокты объект ретінде екі жағынан қарауға болады.
Бірінші жағынан, ол елдің халық шаруашылық рыногының
ажыратылмайтын бөлігі, екінші жағынан, дербестік жүйе. Аймақтық
рыноктың екі жақтығы әуелі аймақтың өз ішіндегі субъектілерде
нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру арқылы білінеді,
сонан кейін, аймақ шеңберінен тыс шаруашылық субъектілердің
жалпы ұлттық болмаса дүниежүзілік рынокпен ұштасумен көрінеді.
Оған көп себептердің бірі – нарықтық факторлардың аймақтық
саралануы (дифференциация). Материалдық элементтер, ұйымдық
құрылымдар, өндірістің әр түрлі реттеушілері аймақтарда бірдей
емес, олар әр түрлі болады. Аймақтарда өндіріс күштерінің
аймақтарды әр түрлі орналастырылуы мен дамуы, аймақтық
экономикада белгілі бір маңызды рөл атқаратын фактор болады.
Барлық деңгейде бюджетті қалыптастыру мен пайдалану
жүйесін енгізуде жергілікті органдарының өкілеттілігін арттыру
қажет. Республикалық және жергілікті бюджеттердің әрекеттестік
тиімділігін қамтамасыз ету келесідей негізгі бағыттарда жүргізілуі
керек:
- аймақтарға орталықтандырылған тікелей көмекті қамтамасыз
ету, соның мүдделі пайдалануының
бақылау тетіктерін әзірлеу;
- жергілікті бюджеттерге орталықтандырылған қолдаудың
нысандарын жаңарту, аймақтардың ерекшеліктерін ескере отырып
білімге, денсаулық сақтауға, тұрғындарды әлеуметтік қорғауға
мүдделі субвенцияларды
бөлуді тәжірибеге енгізу;
- экономикалық даму жағынан артта қалған аймақтар мен
дағдарысқа ұшыраған шағын және орта қалалар, алыстағы селолық
аудандардың дамуын жеделдету үшін салық, кеден және тағы басқа
режимдерден жеңілдіктер енгізу қажет.
Аймақтық басқарудың тиімділігі, оның ұйымдастырушылық
құрылымы өте күрделі аймақтық басқару объектісінің құрылымына
сәйкес келуімен сипатталады. Оған себеп: басқару объектісінің
көптеген қайшылықтары, жеке нышандары болады. Оларға
ұлттық-мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылыс, өндіріс
96
күштерінің орналастырылуы мен адамдардың, тұрғындардың
орналасу тығыздығы, көлік байланыстары және т.б. жатады.
Аймақтық басқару жүйесіне кейбір объективтік қайшылықтар тән.
Ол қайшылықтарды бәсеңдету үшін, басқаруды үнемі жетілдіріп
отыру қажет.
Аймақтық басқару жүйесін жетілдіру мақсаты кем дегенде екі
элементтердің бірімен байланысты. Оның бірі – аймақтық басқару
объектісі, яғни негізгі аймақтық жүйесі (ұлттық-мемлекеттік деңгей,
т.б.), екіншісі – оның субъектісі, яғни аймақтық басқару жүйесі.
Оған өзін-өзі басқару ұйымдары кіреді.
Ынта қойып зерттейтін мәселелердің бірі – аймақтық басқарудың
әдістерін жетілдіру. Бұл мәселе өзін-өзі басқарумен тығыз
байланысты. Жетілдірудің негізгі жолдарының бірі – экономикалық
әдістерге көшу. Өйткені жергілікті өкімет органдарына көптеген
өкілеттілік беріліп жатыр. Нақты айтқанда, қаржының бірталай
үлесін, материалдық қорларды өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылымдарға бағыттауды басқару болып табылады.
Аймақтық басқарудағы күрделі мәселелерге әлеуметтік-
экономикалық әрекеттестіктің үш түрін жедел дамыту үшін
функциялар мен өкілеттіліктердің кеңейтілуін қамтамасыз ету
керек: а) аймақтық – салалық өзара байланыстар (әлеуметтік және
өндірістік инфрақұрылымдарының дамуы, қоршаған ортаны қорғау
және т.б.); ә) салааралық байланыстар (салааралық өндірістің
дамуы, ресурстарды қайта пайдалану, өндірістік кооперация)
аймақтың шеңберінде; б) жоғарыға қарайтын кәсіпорындарда
өндірісті дамыту (жоспарларды үйлестіру, олардың орындалуын
бақылау, халықтың тұтыну тауарларын өндіру).
Достарыңызбен бөлісу: