Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет79/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   189
стратегиялық менеджмент

Қазақстанның тұрақты 
даму стратегиясы
Тұжырымдамада  біртұтас  мақсат  ретінде  елдің  дамуының 
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық үш векторы қарастырылған. 
Тұжырымдаманың мақсаты ұзақ мерзімді болашақта экономикалық, 


113
әлеуметтік, экололгиялық және саясаттық даму аспектілерін өмірдің 
сапасын көтеру және елдің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету.
Тұжырымдамада белгіленген даму мақсаттарының параметрлері 
жалпы  елді,  салаларды,  аймақтарды  дамыту  үшін  индикативтік 
жоспарлаудың  негізі  болу  керек.  Елдің  тұрақты  дамуға  өту  үшін 
қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарларды әзірлеуді қажет етеді. 
Бұл  құжатта    тәжірибеде  алғашқы  рет  санатты  белгілер, 
тапсырмалар анықталған: әлеуметтік, экономикалық, экологиялық 
дамудың мүдделі мақсаттары. 
Бұрын  соңды  болмаған  тәсіл  ұсынылған.  Не  өндірілседе 
барлығын энергетикалық параметрлерге ауыстыру және бірінші рет 
жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) есептеу үшін ақша өлшемінен бас тарту.
Тұрақты    дамуға  көшу  кезеңдері.  Қазақстан  Республикасы 
үшін тұрақты дамуға көшу кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. Ол 
үлкен тұрақты дамудың әр кезеңіне арналған белгіленген өлшемде 
анықталған.  Мысалы,  Қазақстанның  тұрақты  дамуға  көшуін 
белгіленген өлшемдерге бағалау (2005-2024ж.ж.) халық саны (млн.
адам) 15.05-18.18. өмір сүрудің орташа ұзақтығы (жыл) 65.91-73.14; 
қуатты  өндіру  (ағымдағы  жылы)  гвт  29.40-248.24;  ресурстарды 
пайдалану  тиімділігі  (РПТ)  0.31-0.53;  қоршаған  табиғи  ортаны 
сапасы 0.91-0.95.
Бұл  келтірілген  көрсеткіштер  нақтылы  стратегиялық 
болашақты анық сипаттайды және оларды орындауда стратегиялық 
менеджменттің рөлін асыра түседі.
Аталмыш үдерістерді іске асыру мерзімі мынадай кезеңдерден 
тұрады:

  Дайындық  кезеңі  (2007-2009  жылдар)  –  тұрақты  даму 
қағидаттарын қоғамдық және саяси қызметтің барлық салаларына 
енгізу,  экономиканы  әртарптандыру,  технологиялық  алға  өсуді 
жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

  Бірінші  кезең  (2010-2012  жылдар)  –  Қазақстан 
Республикасының  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  елу  елдің 
қатарына кіруін қамтамасыз ету.

  Екінші кезең (2013-2018 жылдар) - өмір сүру сапасы деңгейі 
бойынша  әлемдік  дамудағы  көшбасшылар  арасындағы  еліміздің 
жағдайын  нығайту,  табиғи  ресурстарды  орынсыз  пайдалану 
салдарынан  болатын  шығындарды  айтарлықтай  қысқарту,  елдің 
экологиялық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.


114

  Үшінші  кезең  (2019-2024  жылдар)  –  тұрақты  дамудың 
қабылданған халықаралық өлшемдеріне қол жеткізу.
Тұжырымдамада 
көзделген 
стратегиялық 
бағыттарды 
жүзеге  асыру  үшін  мынандай  қағидаттарды,  басымдылықтарды, 
мақсаттарды басшылыққа алу қажет.
Қағидаттар:  бүкіл қоғамды тұрақты дамуға қол жеткізу процесіне  
тарту;  тұрақты  даму  үшін  саяси  негіз  жасау;  мекемеаралық 
ықпалдасу,  мемлекетті  басқаруға  деген  жүйелі  көзқарас,  дамудың 
негізгі  көрсеткіштерін  болжамдау,  жоспарлау  және  реттеу 
тиімділігін  арттыру;  ел  экономикасына  жоғары  технологияларды 
белсенді енгізу нәтижесінде экономикалық прогреске қол жеткізу; 
ресурстарды  пайдалану  тиімділігін  арттыру;  ғылым  мен  білім 
берудің бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету және т.б.
Басымдылықтар:  

  өндіріс пен тұтынудың орнықты үлгілерін енгізу;

  жаңа және экологиялық қауіпсіз технологияларды пайдалану;

  тұрақты көлік жүйелерін дамыту;

  энергетикалық тиімділік және энергия жинақтау;

  тұрақты дамудың өңірлік проблемалары;

  халықтың әлеуметтік қауіпсіздігінің деңгейін арттыру және 
көптеген басқа басымдылықтар.
Мақсат: өмір сүру сапасын арттырудың және елдің ұзақ мерзімді 
келешекте  бәсекеге  қабілеттілігін  қамтамасыз  етудің  Қазақстан 
Республикасының  экономикалық,  әлеуметтік  және  экологиялық 
даму аспектілерінің теңгеріміне қол жеткізу болып табылады.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау