Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет80/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   189
стратегиялық менеджмент

Индустриалды-инновациялық
даму Стратегиясы
Индикативтік жоспарлаудың стратегиясы өзінің құрамына 2003-
2015 жылдарда экономиканың басты бағыты ретінде инновациялық 
даму  Стратегиясында  қосады.  Қазіргі  әлемде  мемлекеттер  даму 
жолының үш негізгі үлгісі бар: инновациялық; технологтялық және 
шикізаттық. 
Мемлекет инновациялық үлгімен дамуды қаласа бірінші орынға 
жаңа  білім  өндіруді  қояды:  негізделген  ғылыми  зерттеулерден 
басталатын ноу-хау. Осы негізде шығарылған тауар бірегей болып 
есептеледі, сондықтан әлемде ең қымбат болады.
Технологиялық  үлгі  шеңберінде  ақша  жаңа  үдерістерге 


115
және  өнімдерге  салынады.  Бұл  үлгілер  «бөтен»  негізделінген 
зерттеулерге  сүйенеді.  Мұндай  жағдайда  инновациялық  үлгіге 
қарағанда қайтарымдық өте тез, бірақ инновациялық экономикасы 
бар дамыған елдерден асып түсу мүмкін емес. Технологиялық үлгі 
ноу-хауы бар шетелдерден экономикалық  тәуелдікке алып келеді 
және әлемдік дамуда екінші эшелонда қала беруге мәжбүр етеді.
Шикізаттық үлгіде негізгі көңіл шикізатты экспортқа шығаруға 
бөлінеді.  Дамудың  бұл  жолы  қазір  ең  тиімсіз,  экономиканы 
тоқырауға, елді жоқшылыққа әкеледі.
Сонымен,  тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  экономикадағы 
табыс  тек  жаңа  білім  мен  технологиялық  үдерістерді  қамтамасыз 
етеді. Осыдан былай қарай өңдірістің көлемі ғылым  жетістіктерін 
пайдаланбай-ақ  ұлғайып  жатады.  Ол  экономикалық  өсу  болып 
есептелмейді.  Экономистердің  бұдан  басқа  да  пікірі  бар: 
Өнеркәсіпте  пайданы  тек  арзан  жұмыс  күшін  пайдалану  арқылы 
алатын дәуір бітуге айналды. Қазіргі уақытта табысқа қол жеткізу 
үшін капиталды ең басты ресурсқа салу қажет – ол адам ресурсы. 
Осылай  болған  жағдайда  ғана  экономика  инновацияны  жақсы 
қабылдайды және іске асырады.
АҚШ-тың  ғылымды  қажетсінуі  өнеркәсіп  салаларының 
жоғарғы  психологиялық  және  бәсекеге  қабілеттілік  деңгейі 
(аэрокосмостық,  ақпараттылық,  биотехнологиялық)  негізінде 
мемлекеттік  ғылымды  қолдаумен  байланысты.  Қазіргі  АҚШ-тың 
экономикалық  саясаты  жаңа  технологияларды  тиімді  пайдалану 
үшін  жеке  инвестицияларды  тартуға  негізделген.  Адам  факторы 
америка  экономикасының  инновациялық  мүмкіндіктерінің  басты 
шарты.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау шеңберінде инновациялық 
сілкіністің  (прорыв)  стратегиялық  бағдарламасы  әзірленді.  Оның 
бастапқы  кезеңі  технологиялық  кешеуілдеуді,  негізгі  салаларды  
жаңғырту проблемаларын шешу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2002 жылы Инновациялық 
қорды    құрды  және  Республиканың  инновациялық  даму 
бағдарламасын бекітті.  Бұл жағдай білімді, ғылымды және өндірісті 
біріктіру  жолындағы  нақтылы  жасалған  қадам.  Республикада 
(2003ж.)  жүзден  астам  шағын  кәсіпорындар  мен  өндірістер 
ғылымды қажетсінетін өнімдер шығарумен айналысқан. Олардың 
ішінде  «Прогресс»  АҚ  атауға  болады.  Мұнда  дәнді  жан-жақты 


116
өңдеу технологиясы енгізілген. Жезқазған мысбалқыту заводында 
мыс қалдықсыз өндіріледі; мыс, қорғасын-цинк және алтыны бар 
рудаларды биотехнология әдістерімен жөндейді. 
Мемлекеттің  инновация  саясатының  негізгі  мақсаты  12-15 
жыл  ішінде  экономиканың  экспорт  секторының  әлеуеті  арқылы 
елдің өндірістік мүмкіндігін күрделі арттыру. Бірақ әзірше жалпы 
экономикада  маңызды  салалардың  (машина  жасау,  металл  өңдеу, 
жеңіл кәсіп және т.б.) үлесі бес пайызға жетпейді. Сондықтан  да 
елдің барлық импорт көлемінде тұтыну тауарлар жартысынан көбін 
құрайды. 
Қазақстан 11 жыл тәуелсіздікте (1991-2002 ж.ж.) экономикалық 
секторға  21  млрд.  долларды  құрайтын  шетелдік  инвестициялар 
тартты. Мемлекет шетел капиталын барынша мол тартуды негізгі 
шарт  деп  есептейді  және  соған  тартымды  факторлар  кешенін 
жасайды.
Аталмыш Стратегия жалпы «Қазақстан-2030» Стратегиясының 
ең  нақтылы  бөлігі  болып  есептеледі.  Бұл  стратегия  экономиканы 
әртараптандыру және негізінде нақтылы өнім түрлері мен жаңғырту, 
экспортты  өсіру  үшін  жағдайлар  жасау  арқылы  елдің  тұрақты 
дамуын қамтамасыз етуге ұмтылады.
Стратегияның  басты  авторлары  Индустрия  және  сауда 
Министірлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау Министірлігі.
Индустриалды-инновациялық  даму  (ИИД)  Стратегиясы  2003 
жылы  17  мамырда  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
Жарлығымен бекітілген.
Стратегияның  басты  айырмашылығы  –  оның  негізінде 
жекеменшік  сектормен  «диктатсыз  әріптестік»  қағидасы  жатыр. 
Түбінде  экономиканы  әртараптандыру  және  қазіргі  шикізаттық 
бағыттан Отанымыздың кәсіпорындарын жоғарғы қосымша құны 
бар өнімдерді шығаруға қол жеткізу.  
Стратегия  (ИИД)  үш  кезеңде  іске  асырылуы  керек.  Бірінші 
кезең (2003-2005 ж.ж.). Бұл жоспарлау кезеңінде мынадай шаралар 
белгіленген:  Заңнама  мен  салалық  бағдарламаларға  өзгеріс 
енгізу; ғылым, білім және жоғары кәсіби мамандар дайындаудағы 
жұмсалатын  қаржы  көлемін  анықтау.  Даму  институттарын  құру 
және олар арқылы мемлекеттің жобаларға қатысуы.
Бұл  кезеңде  экономиканың  дамуы  индикативтік  жоспардың 
болжамдауына сәйкес жүргізіледі. Жалпы ішкі өнімді екі есе өсіру, 


117
болжам  бойынша  ЖІӨ  өткен  жылдардың  динамикасын  еселеп 
алады.
Екінші  кезеңде  (2006-2010ж.ж.)  –  негізгі  назар  жекеменшік 
сектордың ынтагерлерін зерттеу, инвесторларды іздестіру, сонымен 
қатар  инженер-  техникалық  кадрларды  және  басқарушылық 
инфрақұрылымды қалыптастыру.
Экономиканың  дамуы  негізіне  мұнай  мен  газды  өндіру  және 
экспорттау жатады.
Үшінші  кезең  (2011-2015  ж.ж.)  –  негізгі  кезең.  Бұл  кезенде 
ұйымдастырушылық  шараларды  реттеу,  өңдеу  өнеркәсібінің 
бәсекеге  қабілеттілігін  күшейту  және  соның  нәтижесінде 
экономиканың  құрылымы  өзгертіледі  және  әртараптандырылады. 
Өндірістің және тауар экспортының өсу қарқыны мұнай мен газдың 
өсуінен артық болады.
Егерде осы белгіленген жағдайлар іске асырылса, онда ұлттық 
экономиканың  жылдық  орта  өсуі  9-9,5  пайыздан  кем  болмайды, 
өңдеу  өнеркәсібінде  –  8,4  ол  2015  жылы  2000  ж.  салыстырғанда 
жалпы ішкі өнімнің көлемі  3,5-3,9 есе өседі деп күтуге болады.
Алдын  ала  есептеуге  қарағанда  белгіленген  мақсаттарды 
орындау  үшін  жоғарыда  аталған  салаларға  жылма-жыл  1,2  млрд. 
доллар  салыну  керек  (жекеменшік  инвестицияларды  қосқанда). 
Мемлекет  тарапынан  берілетін  инвестициялар  көлемі  260  млрд. 
доллардан кем болмауы керек.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономика құрылымын 
қайта  құруға  30  жылдай  уақыт  керек  екен.  Ал,  2002  жылдың 
басында  негізгі  құралдың  тозыу  деңгейі  33  пайызды  құраған,  ол 
өңдеу өнеркәсібінің көптеген салаларында, ауылшаруашылығында 
және көлікте – 50 пайыздан артық.
Бәсекеге қабілеттілікті көтеруде басты проблемалар мынандай: 
еңбек  өнімділігінің  өсуі,  өндірістің  материал  энергетиканы 
қажетсінуді  төмендету.  Негізгі  құралдардың  ішінде  ең  тозығы 
машиналар мен жабдықтар. Тозық деңгейі  2000 жылы 42,1 пайызды 
құраған, көлікте - 41,0 пайыз, ғимараттарда -36,5 пайыз.
Жалпы  1  доллар  тұратын  ішкі  өнімді  шағыруға  келетін 
электроқуаттың шығыны, экономика салаларында еңбек өнімділігі 
бойынша Қазақстан кейбір индустриалды дамыған елдерден 7-8 есе 
кейін қалған. Қазақстанда Жалпы ішкі өнімнің 1 долларға килловат-
сағат керек екен, ал басқа елдерде, мысалы Ұлыбритания, Германия, 


118
Италия, Жапонияда бұл көрсеткіш 0,22-0,3     долларды құрайды.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау