Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Аймақтық  басқарудың ерекшеліктері



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет74/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   189
стратегиялық менеджмент

Аймақтық 
басқарудың ерекшеліктері
Республикалық өзін-өзі басқару тұжырымдамасына төмендегідей 
жағдайларды енгізу қажет:

  территориялық  деңгейдегі  мүдделер  жүйесі  және 
басымдықтар;

  өзін-өзі  басқарудың  субъектілер  жиынтығы,  олардың 
функциялары, құқықтық негіздері және іскерлік қағидалары;

  өзін-өзі  басқарудың  мүдделеріне  жету  үшін  өндіріс-
материалдық және қаражаттық құралдардың болуы;


97

  экономикалық 
кешеннің 
тиімділігін 
бағалайтын 
көрсеткіштер;

  мемлекеттік  басқару  мен  территориялық  өзін-өзі  басқару 
мәселелері үйлесімді болуы қажет.
Өзін-өзі  басқарудың  нәтижесі  нақтылы  территориядағы 
тұрғындардың мұқтажын қамтамасыз ету деңгейі және сол өңірдің 
ұлттық  табысқа  қосқан  үлесі.  Осы  екі  өлшемнің  біртұтастығы 
территориялық басқарудың үйлесімді көрсеткіші болып табылады.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, келешек өрлеуі 
көбінесе  оның  аймақтарының,  облыстарының  даму  деңгейімен 
сипатталады.  Қазақстанның  әрбір  облысы  өзінше  қалыптасқан 
күрделі,  аумақты,  өз  ерекшелігі  мол  әкімдік-шаруашылық  кешен. 
Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді шешу 
әбден  мүмкін.  Облыстық  органдардың  орталықсыздандыруды 
пайдалана  отырып,  көптеген  мәселелерді  өз  бетімен  бақылау 
және оны тез шешуге мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, 
саясаттық  процестердің  қандай  жағдайда  өтіп  жатқаны  туралы 
мәліметтер  аумақты  шеңберінде  тез  пайдаланып  керекті  басқару 
шешім қабылданады. Бұл экономикалық бостандықтың белгісі.
Осыған  орай  экономика  ғылымының  шұғылданатын 
мәселесі:  нақтылы  облыстардағы,  аудандардағы,  қалалардағы 
шаруашылықтардың құбылыстары мен процестерін зерттеу болып 
табылады. Мәселенің осылай қойылуына көптеген жағдайлар әсер 
етеді. Олар мыналар:

  тоталитарлық  жүйе  кезінде  облыстардың  жағдайларына 
орталықтандырылған  басқарушылық  тарапынан  мүлде  көңіл 
бөлінбеуі;

  өз кезеңіндегі салалық басқарудың күйреуі;

  республикада  жалпы  экономика  салалық  негіздерінің 
әлсізденуі, технологиялық бірліктің ажырауы;

  республика егемендік алғаннан кейін халық шаруашылығын 
жаңадан  жіктеу  қажеттілігі.  Ол  өндірісті  аймақтарда  жаңартуға 
тікелей әсер етеді;

  нарықтық  механизмді  аймақтық  экономиканы  басқарудың 
негізгі қозғалтқыш күші деп ұғыну.
Қазақстанда  оңтайлы  құбылыстың  бірі  –  аймақтық  басқаруға 
бетбұрыс  жасалуы.  Мысалы,  Үкіметтің  1996-1998  жылдары 
қабылданған  бағдарламасында  аймақтық  басқарудағы  негізгі 


98
бағыттары  белгіленген.  Нақтылы  айтқанда,  онда  қабылданған 
қағидалар төмендегідей:

  негізінде  экономиканы  басқаруды  аймақтық  деңгейге 
ауыстыру;

  аймақтық 
деңгейде 
орталықтандырылған 
және 
орталықсыздандырылған  сәйкестікті  ұқыпты  іске  асыру,  орталық 
үкіметтің көптеген өкілеттігін жергілікті органдарға өткізу;

  аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз 
ету үшін жергілікті әкімдікке кеңейтілген өкілеттілік беру.
Мемлекеттік реттеу әр түрлі аудандарда арнайы тәсілдерді жасау 
арқылы, олардың толықтай әлеуетті мүмкіндіктерін ашу мақсатында 
құрылады.  Осы  тұрғыдан  Қазақстанның  барлық  аймақтары  төрт 
топқа бөлінеді.
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың 
керемет қорларымен және де ғылыми өндірістік әлеуеттің қарқынды 
дамуының жоғары импульсі бар облыстар. Бұл аймақтарға Қазақстан 
экономикасын  дағдарыстан  шығару  және  тұрақтандырудың  рөлі 
беріледі. Олар еліміздің әлеуетін анықтайды.
Екінші  топ  –  жоғары  ғылыми-өндірістік  әлеуетті,  ауыр 
индустриялды  салалардағы  ашық  көрсетілген  мамандандыру, 
жоғары технологиялы ғылыми көлемді өндіріс құру үшін жағымды 
экономикалық шарттары мен жағдайлары бар облыстар. Бұл негізінде 
қаржы қорымен өзін-өзі қамтамасыз еткен облыстар, бірақ жоғары 
дәрежелі негізгі қорлардың тозуы, дағдарысты экономикалық және 
экологиялық жағдайлардың болуын назарға алу қажет.
Үшінші  топ  –  АӨК  (агроөндірістік  кешен)  салаларында 
маманданған  облыстар.  Олар  республикада  азық-түлік  қорларын 
құрушылар алдыңғылары болып табылады.
Төртінші  топ  –  экстремалды  табиғи-климаттық,  әлеуметтік-
экономикалық  және  техника-технологиялық  жағдайларымен, 
экономикалық  ептілік  мүмкіндіктерінің  қатаң  шектелуімен, 
халық  шаруашылығының  салалық  құрылымының  өте  тиімсіздігі 
және  экономикалық  дағдарыстағы  аудандармен  көрсетілетін 
депрессиялық облыстар.
Бірінші  топтағы  аймақтарда  аймақтық  инфрақұрылымды 
(әсіресе,  көліктік),  нарық  инфрақұрылымын  құру,  сонымен  қатар, 
шетел  инвесторларының  қатысуын  немесе  мемлекеттік  қолдау 
жүйесін тартудың маңызы бар.


99
Екінші  топтағы  аймақтарда  мемлекеттік  реттеу  аймақ 
экономикасының  құрылымын  қайта  құру  кең  көлеміндегі 
жекешелендіру арқылы бағытталады.
Үшінші топтағы аймақтарда меншіктің әр түрлі формаларының 
дамуы,  экономикалық  тетіктер  мен  ынталандырулар  ауыл 
шаруашылығы  өндірісін  реформалау  бағытын  жалғастыру 
төңірегіндегі шоғырландыру іс-әрекеттері көрсетіледі.
Депрессиялық  (төртінші)  топтағы  облыстарда  мемлекеттік 
реттеу  әдістері  басым  болып  табылады,  дәлірек  айтқанда  – 
белгілі  жобалауға  сай  қаржылық  көмек  көрсету  және  де  олардың 
пайдалануына қатаң бақылау жүргізу.
Мұндай тәсіл басқарудың аймақтық мәселелерін шешуде өнімді 
болып  келеді,  сонымен  қатар,  ол  жергілікті  шаруашылықтың 
қарқынды  дамуына  мүмкіндік  береді  және  де  аймақтық 
экономиканың тұрақтануына әкеледі.
Аймақтық  саясаттың  тұжырымдамасы  шеңберінде  аймақты 
дамытудың  әр  түрлі  тетіктері  пайдаланады,  солардың  бірі  болып 
бағалау  жүйесі  қолданылады.  Осы  жүйе  арқылы  аймақтардағы 
жағдайлар туралы үнемі нақтылы ақпараттар алып отыруға болады. 
Бұндай жүйе үкіметке мәселелерді тез шешуіне ықпал етеді.
Макроэкономикалық  тұрақтандыруда  баланстық  әдісті 
қолданудың  рөлі  ерекше.    Бұл  әдіс  Кеңес  Одағы  кезеніңде 
өте  пайдалы  және  ұтымды  құрал  екенін  көрсеткен.  Халық 
шаруашылығын пропорциялы дамытудың әдісі болып есептелген. 
Жоспарлы  шаруашылық  капитализмге  қарағанда  социализмнің 
басты әрі ең шешуші артықшылықтарының бірі болып танылған.
Өтпелі  кезеңде  кеңінен  қолданылып  жүрген  әдістердің 
бірі  мақсатты  бағдарламалар.  Аймақтық  мақсатты  бағдарлама 
белгіленген  мүддеге  жету  жүйесі  болып  сипатталады.    Халық 
шаруашылығының  әр  түрлі  деңгейінде  қолданылатын  мақсатты 
әдістерінің өзінше ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер шешілетін 
мәселелердің  маңыздылығымен,  шаруашылық  ауқымымен, 
кірістің  молшылығымен,  басқарушы  органдардың  біліктілік 
деңгейімен  анықталады.  Мысалы  үшін  «Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  1996-1998,  1998-2000  жылдарға  арналған    іс-қимыл 
бағдарламаларын» аталмыш әдістің үлгісі деп ұғынуға болады.
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  1998-2000  жылдарға 
арналған  іс-қимыл  бағдарламасында  аймақтық  дамудың  негізгі 


100
бағыттары белгіленген.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты реформалардың 
салмақ  орталығын  аймақтар  деңгейіне  дәйектілікпен  ауыстыру 
және  орталық,  жергілікті  басқару    органдарының  тиімді  өзара  іс-
қимылын, аймақтық өзін-өзі басқару қағидаларын дамытуы ескеріле 
отырып жүзеге асырылуы керек.
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  1998-2000  жылдарға 
арналған  іс-қимыл  бағдарламасында  аймақтық  дамудың  негізгі 
бағыттары белгіленген.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясаты реформалардың 
салмақ  орталығын  аймақтар  деңгейіне  дәйектілікпен  ауыстыру 
және  жергілікті  басқару  органдарының  тиімді  өзара  іс-қимылын, 
аймақтық  өзін-өзі  басқару  қағидаларын  дамыту  ескеріле  отырып 
жүзеге асырылуы керек.
Үкімет 
тарапынан 
барлық 
деңгейдегі 
бюджеттерді 
қалыптастырудың  жергілікті  өкімет  органдарының  өкілеттігін 
күшейтуді көздейтін пәрменді жүйесін енгізу маңызды. Аймақтарға 
орталықтандырылған  көмектердің  атаулылығын  қамтамасыз  ету, 
жергілікті  бюджеттерге  орталықтандырылған  қолдау  ұсынудың 
нысандарын әртараптандыру, аймақтардың ерекшеліктерін  ескере 
отырып  білім  беруге,  денсаулық  сақтауға,  халықты  әлеуметтік 
қорғауға  арналған  мақсатты  субвенцияларды  тәжірибеге  енгізу, 
реттелетін кірістердін жоғары тұрған бюджеттерге аударымдардың 
тұрақты жылдық мөлшерін белгілеу қажет.
Жергілікті атқарушы органдарға кедейлік пен жұмыссыздыққа 
қарсы  күрес,  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамыту,  жұмыс 
істелмейтін өндірістерді қайта құрылымдау және бөліктеу, дәрменсіз 
кәсіпорындарды, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінде санациялау, 
банкроттық  және  тарату  рәсімдерін  жүзеге  асыру  мәселелерінде 
міндеттер мен жауапкершіліктерді шешу жүктеледі.
Үкімет  жұмыс  күнін,  капиталды  және  ақпаратты  еркін 
ынталандыра  отырып,  қаржы,  білікті  еңбек,  инвестициялар  және 
жаңа жұмыс орындары рыноктарында аймақаралық бәсекелестікті 
күшейтуі көзделуі керек.
Жергілікті  атқарушы  органдарға  дәйекті  түрде  әрбір 
кәсіпорынның әлеуетті салық төлеуші және жұмыс орнының көзі 
ретіндегі  тиімді  жұмысы  үшін  жауапкершілік  жүктеледі.  Осы 
жағдайларда  аймақтық  мамандыру  күшейетін  және  аймақтардың 


101
инвестицияларды  тартуға,  жаңартуға  және  жеке  негіздегі  жаңа 
құрылысқа жауапкершілігі артылады.
Үкіметтік Бағдарламада инвестициялық жобалар мен ниеттерге 
сәйкес  алдағы  кезеңде  аймақтардағы  өндірістік  күштердің  дамуы 
жеке-жеке көзделген.
Бұл  тұрғыдан  республикамыздың  барлық  аймақтарын 
сипаттаудың  қажеті  жоқ.  Мысалға  кейбір  аймақтарды  алсақта 
жеткілікті.  Атырау  облысы  бойынша  мұнай-газ  өндірудің  және 
мұнай  өңдеудің  көлемін  арттыру,  мұнай  машиналарын  жасауды, 
химия  және  мұнай  өндірісін,  сондай-ақ  тамақ,  бірінші  кезекте  – 
балық  өнеркәсібін  дамыту  көзделінген.  «Ембі  мұнай-газ»  АҚ  кең 
орындарын,  Кісембай,  Аққұдық,  Теңіз  мұнай-газ  кең  орындарын 
жайластыру  және  қазіргі  замаңғы  өндірістік  және  әлеуметтік 
инфрақұрылымдар құру, Теңіз ГӨЗ (Гурьев өңдеу зауыты) қуатын 
кеңейту белгіленді.
Алматы облысында Оңтүстік Қазақстан ГРЭС-інің құрылысын 
салу  және  АЭС  құрылыстарының  әлеуметтік  және  техникалық-
экономикалық негіздемесін орындау, түсті металлургия мен металл 
өңдеуді, құрылыс материалдары өнеркәсібін, сондай-ақ бұқаралық 
туризм  мен  демалыс  индустриясын  дамыту  жүзеге  асырылады. 
Егіншілікке,  бірінші  кезекте  су  мелиорациялық  жұмыстарына 
байланысты  интенсивті  технологияларды  игеру,  көкөністер  мен 
жемістер  өсіру,  қайта  өңдеу  және  сақтау  жөнінде  мамандануды 
күшейту  белгіленген.  Сондай-ақ  басқа  да  өндіріс  орындарының 
дамуы қарастырылған.
Аймақтық  басқару  жүйесіндегі  болашақтағы  күрделі 
мәселелердің  бірі  2000-2005  жылдардағы  кезеңге  арналған 
«Селоның  әлеуметтік-экономикалық  дамуы»  туралы  мемлекеттік 
бағдарламаны іске асыру.
Бағдарламаның  мақсаты:  тіршілікті  қамтамсыз  етудің  толық 
бағалы жүйесін қалыптастыру және селода жиынтық кірістер мен 
шығыстарды  арттырудың  негізінде  әлеуметтік  игіліктердің  қол 
жетімділігін жақсарту арқылы село халқының тұрмыс деңгейі мен 
сапасын жоғарылату.
Бағдарламаның міндеттері:

  тұрақты  экономикалық  өсуді  және  село  халқының  әл-
ауқатын  арттыруды  қамтамасыз  ету  мақсатында  селода  басталған 
реформаларды  тереңдетуге  және  ауыл  шаруашылығы  өндірісін 


102
экономикалық сауықтыруға жәрдемдесу;

  халықтың  тұрмыс  деңгейі  мен  сапасын  арттыруға 
бағытталған, нарықтық жағдайда селоның әлеуметтік-экономикалық 
дамуы жөніндегі жүйелі шешімдер әзірлеу;

  қолайлы  тұрғын  үй  және  мәдени  жағдайлар  жасау, 
медициналық  қызметтерге,  білімге,  байланыс,  электрлендіру, 
газ  құралдарына,  таза  суға  және  қолайлы  қоршаған  ортаға  қол 
жетімділіктің  өсуі  арқылы  тіршілікті  қамтамасыз  етудің  лайықты 
жүйесін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

  жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және кедейлікпен күрес.
Аталмыш  бағдарламаның  жүзеге  асыру  процесі  негізінде 
аймақтық  басқарудың  нақтылы  өзекті  мәселесі  болып  табылады. 
Оған себеп ауылдың хал-жағдайын толық, әлеуметтік-экономикалық 
жағдайдың жан-күйін, әлеуметтік саланы дамыту және қызметтердің 
қол  жетімділігін  қамтамасыз  ету  Қазақстан  Республикасындағы 
жергілікті өзін-өзі басқаруға байланысты.
Жергілікті  өзін-өзі  басқару  туралы  заңдар  Қазақстан 
Республикасының 
Консутитуциясы 
және 
Қазақстан 
Республикамының өзге де заңдарынан құралады.
Басқару  процесінде  Бағдарламаны  іске  асырудан  күтілетін 
нәтижелер  –  2000-2005  жылдардағы  кезеңге  арналған  селоның 
әлеуметтік-экономикалық дамуы бағдарламасының шараларын іске 
асырудың  нәтижесінде  селода  тұрақты  жұмыс  істейтін  тіршілікті 
қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру. Экономиканың нақты өсуі 
және село халқының жиынтық кірістері мен шығыстарының артуы 
негізінде  сапалы  әлеуметтік  игіліктердің  жаппай  қол  жетімділігін 
қамтамасыз ету көзделеді.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау