Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет65/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   189
стратегиялық менеджмент

Қазақстанның реттеулі нарықтық 
экономикаға өту тұжырымдамасы
Экономиканы  тұрақтандыру  мақсатында  Республика  Үкіметі 
нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарды. Тұжырымдама 
мемлекеттік  және  экономикалық  егемендіктің  қағидаларына 
негізделген.  Онда  нарыққа  өтудің  стратегиялық  бағыттары 
анықталған.  Реттеулі  нарықтық  экономикаға  өту  келесі  негізгі 
бағыттардан құралады:
-  мемлекет  иелігінен  меншікті  алу  –  ол  мемлекеттік  меншік 
монополиясын  жою  және  өндірушілердің  бәсекесін  дамытуға 
жағдай  туғызу.  Қазақстан  жағдайына  акционерлік,  ұжымдық, 
кооперативтік, мемлекеттік және жекеменшікке ауыстыру арқылы 
жүргізу;
-  монополиясыздандыру  және  монополияға  қарсы  шаралар  – 
аталмыш заңды қабылдау, еркін кәсіпкерлікке жағдай туғызу және 
қатарлы  өндірістік  құрылымдарды  дамыту,  шетелдік  капиталды 
ұдайы қатыстыра отырып бірлескен кәсіпорындарын ұйымдастыру;
- қаржылық сауықтыру және экономиканы тұрақтандыру;
- баға құрылымы саясаты (басты тағам өнімдерін басқа тұтыну 
өнімдері  мен  қызмет  түрлеріне  бағаны  нарық  талабына  қарай 
қалыптастыру).
Аталған реттеулі нарықтық экономикаға өту тұжырымдамасында 
негізгі қағидалар белгіленген. Олар төменде көрсетілгендей:
- Республика территориясында заңдылықтың басымдылығы мен 
үстемділігі;
- меншік түрлерінің әртурлілігі және олардың еркін дамуы мен 
бәсекесі;
- дербес баға белгілеу саясаты, еркін бағалау;
- сыртқы экономикалық саясатты жүргізудегі толық дербестік.
Нарық  жүйесін  ұйымдастыру  мен  оларды  реттеу  тетіктері 
келесіні қамтиды:
-  нарықтық  инфрақұрылымды  қалыптастыру  (коммерциялық 
банктер, тауар және қор биржалары, маркетинг орталықтары, көлік 
қызметі, коммерциялық ақпарат орталықтары, т.б.);
- өндірістік құралдар нарығы;
- тұтыну тауарлары мен қызмет көрсету нарығы;


81
- еңбек нарығы;
- қаржы нарығы. Республикадағы қаржы нарығының қалыптасуы 
банк  жүйесі  заңдылықтары  негізінде,  Ұлттық  Банктің  бірінші 
деңгейдегі  банк  ретіндегі  мәртебесін  белгілеуді;  коммерциялық 
банктердің  екінші  деңгейдегі  банк  ретіндегі  қызмет  жасау 
шарттарын  анықтауды;  қаржы  нарығының  заңдылық  актілерін 
қабылдауды;  сондай-ақ  шетелдік  капиталды  ішке  енгізуге  жағдай 
туғызуды қамтиды.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау