Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2


Екінші бөлім, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет63/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   189
стратегиялық менеджмент

Екінші бөлім, ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ 
МЕНЕДЖМЕНТ
13. Экономикалық егемендік жолындағы алғашқы 
стратегиялар
Қазақстан экономикасын стратегиялық 
басқарудың саяси-экономикалық негіздері 
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын 
басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігі болып 
табылады.  Сексенінші  жылдардың  екінші  жартысынан  бастап 
бұрынғы Кеңес Одағында, сондай-ақ Қазақстанда қоғамдық-саяси 
ахуал қарама – қайшылықтар  сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты 
көрсетті.
Мәскеудің  Республика  мен  оның  аймақтарының  мүдделерін 
ескермеуі,    қоғамдық  және  территориялық  еңбек  бөлінісінде 
орын  алғандай,  мекемелік  және  жергілікті  мүдделердің  қарама-
қайшылығын  үдете  түсіп,  табиғи  ресурстардың  бей  –  берекет 
пайдалануына  мүмкіндік  берді,  мұның  ақыры  экономикалық 
ахуалдың  шиелене  түсуіне  әкеліп  соқтырды.  Тұрақсыздықтың  ең 
басты  себебі,  жоғарыда  аталғандай,  жүйенің  ішкі  тоқырауында 
болды. Кеңестік жүйенің күйреу алдындағы айқын дәлел ауқымды 
кезекке тұру, ақшаның құнсыздануы болды. Тіпті 1993 жылдың аяқ 
кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. Сонымен 
қатар,  көптеген  мемлекеттердің  тәжірибесі  айқын  дәлелдегендей, 
барлық  шаруашылық  жүргізу  жүйелерінің  ішіндегі  ең  тиімдісі 
нарықтық  экономика  еді.  Ол  еңбекті  ынталандыруды  жетілдіреді, 
өнім  өндірушілердің  экономикалық  дербестігін  қамтамасыз  етеді, 
өндірушілердің  монополиясына  жол  бермейді  және  өндірісті 
тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда  терең  де  батыл  өзгерістерді  жүзеге  асыруда 
нақтылы  алғышарттар  қажет  болды.  Осы  бағытта  1990  жылы 
25  қазанда  «Қазақстанның  мемлекеттік  егемендігі  туралы 
Декларациясы» және 1993 жылдың 28 қаңтарында Республиканың 
Ата  Заңының  (Конституциясының)  қабылдануы  мемлекетіміздің 
тарихындағы  жаңа  сәт  болып  табылды.  Қазіргі  кезде  Қазақстан 
Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші 
Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған 


77
«Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы» 
конституциялық заң еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуында 
айрықша орын алады.
Аталып 
өткен 
құжаттардың 
Республикадағы 
саяси-
экономикалық  процестерді  басқаруда  маңызы  зор.  Оларда 
экономикалық  тәуелсіздіктің  негіздері,  нарықтық  қатынастарды 
қалыптастырудағы  экономиканы  басқарудың  маңыздылығы 
көрсетілген.  Бұл  жәйт  республика  дербестігінің  экономикалық 
алғышарты  мен  өмір  тіршілігін  басқарудың  барлық  сферасын 
анықтайды.  Атап  айтқанда,  олар  Қазақстанның  экономикалық 
тәуелсіздігінің  негізі:  жерге,  оның  қойма  байлықтарына,  ішкі 
және территориялық су ресурстарына, өсімдік пен жан-жануарлар 
әлеміне, тарихи, мәдени құндылықтарына, материалдық, қаржылық 
ресурстарына, өндірістік және өндірістік емес объектілігіне деген 
төтенше меншігі.
Қазақстан экономикасы мемлекеттік реттеудің субъектісі болып 
табылады. Бұған басқару функциясы ретіндегі мемлекеттік реттеуде 
аса  маңызды  өзіндік  қаржы-несие  жүйесі,  дербес  мемлекеттік 
бюджет  қалыптасуы,  салық  және  кеден  жүйесін  ұйымдастыру 
жатады.
Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  құрамында 
экономиканы басқаруды ұйымдастырудың әдістемелік қағидалары 
бар.  Біріншіден,  Қазақстан  экономикасы  меншіктің  әр  түрлі 
нысандарына  барлық  субъектілерінің  теңдігін  қамтамасыз  етеді. 
Екіншіден,  жеке  меншікке  қол  сұғуға  болмайды.  Үшіншіден, 
мемлекет  жеке  кәсіпкерлік  қызметтің  еркіндігіне  кепілдік  береді 
және  оны  қорғау  мен  қолдауды  қамтамасыз  етеді.    Төртіншіден, 
монополистік  қызмет  пен  бәсекелестің  кез  келген  шектеуіне  жол 
берілмейді.  Бесіншіден,  әкімшілік  аймақтың  бірліктері  дербес 
болып табылады.
Бұл  қағидалар  Қазақстан  экономикасын  басқарудың 
қазіргі  жүйесінің  негізін  құрайды  және  республиканың  халық 
шаруашылығының  әлеуметтік  бағыттағы  нарықтық  экономикаға 
орнықты  енуін  қамтамасыз  етуі  тиіс.  Бұл  қағидалар  тек  саяси-
әлеуметтік  мәнге  ие  болып  қана  қоймай,  Қазақстандағы 
менеджменттің  ұйымдастырушылық  бастамасына  да  тікелей 
қатысты.  Басқарудағы  ұйымдастырушылық  фактордың  рөлі 
кәсіпкерлік  ортада  әрдайым  жоғары  бағаланған.  Көпшілікке 


78
әйгілі,  американдық  миллиардер  Карнеги  «Біздегі  барлық  завод, 
фабрика, байланыс құралдары мен ақшаны алып қойып, тек біздегі 
ұйымдастыруды  қалдырсаңыз,  төрт  жылда  бәрі  де  қайта  қалпына 
келеді»,  деп  айтқан.  Нашар  ұйымдастырылған  компанияны 
ешқандайда нарықтық тетіктер құтқара алмайды.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау