Бірінші кезең
1992-1995 жылдарды қамтиды және
макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен
сипатталуға тиіс: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде
алу, оны жекешелендіру және тұтыну рыногын тауарлармен толтыру.
Меншікті реформалау бұл уақыт ішінде белгілі бір формада
мемлекеттік меншіктің барлық объектілерінде, стратегиялық
маңызы бар және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуден басқаларда
іс жүзінде жүргізілуге тиіс.
Сонымен қатар, ғылыми зерттеулердің қысқа мерзімін, жоғары
қайтарымын, коммерциялық өнімді тез алуды қамтамасыз ететін
дүниежүзілік деңгейдегі жаңалықтарды анықтау және алмасымды
кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен республиканың ғылыми-
техникалық әлуетіне егжей-тегжей тексеру жүргізу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |