Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет120/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   189
стратегиялық менеджмент

Нарық құрылымы
Осы заманғы нарық әлеуметтік бағдарланған, тиімді реттелетін 
үрдіс ретінде көрінеді.
Нарық – еркін қалыптасқан баға бойынша тауарды сату-сатып 
алуды  жүзеге  асыратын  орын.  Нарықтық  экономика  –  меншіктің 
алуан түрлілігі, яғни барлық меншік формалары болған жағдайда 
ақшаның көмегімен жүзеге асатын тауар мен қызметті сату-сатып 
алу бойынша экономикалық қатынастар жүйесі.
Нарықты жіктеудің түрлері көп. Қосымша объектілері бойынша 
былайша бөлінеді: тауар нарығы, қызмет нарығы, құрылыс нарығы, 
технологиялар нарығы, ақпарат нарығы, несие нарығы, қор нарығы, 
жұмысшы күші нарығы.
Кеңістікті қатынаста былайша бөлінеді: қысқа (локальды, яғни 
тұжырымды), аймақтық, ұлттық, біріктірілген елдер тобы бойынша 
аймақтық, әлемдік нарықтар.
Жұмыс істеу тетіктері бойынша: еркін, монополияландырылған, 
мемлекеттік-реттелмелі; жоспарлы-реттелмелі нарықтар.
Толыққандылығына  қарай:  тепе-тең,  (көлемі  мен  құрылымы 
бойынша), тапшылық және артық деп бөлінеді.
Қоғамдық  ұдайы  өндірісті  реттеу  үрдісінде  нарық  мына 
қызметтерді атқарады:
а)  ақпараттық,  яғни  нарықтық  жағдайда  адамға  қажетті  әр 
түрлі ақпараттарды тарату;
ә)  делдалдық. Дамыған еңбек бөлісі жағдайында экономикалық 
оқшау өндірушілер өз еңбектерінің нәтижелерімен алмаса алады;
б)  шаруашылықты тиімді жүргізуді ынталандыру, тепе-теңдік 
баға  тетігінің  көмегімен  адамдардың  және  қоғамның  шектеулі 
ресурстарды ұтымды пайдалану:
- өндірістің көлемі мен құрылымдық үйлесімділігін ең жоғары 
деңгейде оңтайлы қалыптастыру;
- шектеулі өндірістік ресурстардың оңтайлы бөлінуін қамтамасыз 
ету;
-  өндірістің  технологиялық  ең  мықты  тәсілі  жасалып,  жоғары 
сапалы өнімді ең аз шығынмен өндіруге қол жеткізу;
в)  бөлу және айырбас. Қоғам топтарының арасында бөлу және 
айырбас қамтамасыз етіледі;
г)  үйлесімділік. Нарық өндіріс пен тұтыну арасында сәйкестік 
орнатуға ықпал етеді;


203
д)  сауықтыру.  Әдетте  аса  ірі  банктердің  немесе  мемлекеттің 
көмегімен  ірі  кәсіпорындарды  банкроттан  аман  алып  қалу  үшін 
жүргізетін  шаралар  жүйесі.  Бәсекелестік  күрес  тетігі  арқылы 
нарықты  бәсекеге  жарамсыз  кәсіпорындардан  тазарту  жүзеге 
асырылады.
Нарық  қоғамдық  еңбек  бөлінісі  негізінде  оқшауланған 
өндірушілердің арасындағы байланыс тәсілін анықтаушы әрі соған 
үстемдік жүргізуші ретінде болады.
Тауар  өндірісі  жағдайында  нарықтық  байланыс  экономикалық 
қатынастардың  барлық  жүйесін,  барлық  субъектілерін  қамтиды. 
Нарық  құрамына  өзінің  жұмыс  күшін  сататын  жұмыскерлер  де, 
кәсіпкерлер де және түпкілікті тұтынушылар, ссудалық капиталдың 
меншік иелері, құнды қағаздардың қожайындары және т.б. кіреді.
Миллиондаған  адамдар  бір  орталықтан  басқарусыз-ақ  жүз 
мыңдаған тауар өндіреді және бұл арада сұраныс пен ұсыныстың 
теңгерімділігі қамтамасыз етіледі.
Нарықтық  экономиканы  адам  өркениетінің  жетістігі  ретінде, 
қоғамдық  өндірісті  ұйымдастырудың  барлық  нысандарының 
ішіндегі ең тиімдісі ретінде қарастыруға болады.
Нарық қалай жұмыс істейді, ол негізгі экономикалық міндеттерді 
қалай шешеді? Өйткені миллиондаған тұтынушылар қандай тауарды 
және  оның  қаншасын  сатып  алуда  дербес  шешім  қабылдайды; 
кәсіпкерлердің көпшілігі – қалай өндіру керек немесе аса қатерлі 
де  күрделі,  жауапкершілігі  орасан  зор  міндетті  қалай  орындау 
қажет,  деп  бас  қатырса,  ал  өндіріс  факторларының  қожайындары 
өз таңдауын жасайды – тауарды кімге және қалай сату керек. Бұл 
субъектілер нарық арқылы бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Нарық белгілерінің сипаттамалары маңызды орын алады.
Біріншіден, осы заманғы нарық тұтынушылардың нарығы болып 
табылады. Бұл мынаны білдіреді: нарықта тауарға деген ұсыныс сол 
тіркелген бағадағы сұраныстан асады деген сөз. Нарықтың мұндай 
жағдайы  өз  негізінде  «тұтынушылардың  диктаты»  сатушылармен 
салыстырғанда өнімді тұтынушылардың артықшылықты жағдайын 
анықтап береді.
Сатып  алушы  нарығы  іскерлік  қатынастың  тұрақты  әрі  ұдайы 
өндірістік белгісі ретінде болады.
Нарықтың екінші міндетті белгісіне оның бәсекелестік сипаты 
жатады.  Бұл  мынаны  білдіреді:  бизнес  жүйесінде  әрбір  субъекті 


204
барлық субъектілермен бәсекелесуші жақ болып табылады.
Осы  заманғы  нарықтың  үшінші  белгісі  –  субъектілер 
арасындағы  қатынастың  интеграция  негізінде  тұрақтануы.  Нарық 
–  бұл  кәсіпкерлердің  және  басқа  да  экономиканың  егеменді 
субъектілерінің  серіктестік  сахнасы.  Сонымен  бірге,  іскерлік 
қатынас  субъектілерінің  бәрі  де  экономиканың  бір  қолға  өтуіне, 
яғни экономиканың монополиялануына қарсы.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау