Елдің бәсекеге
жарамдылығын бағалау әдістері
Ғылыми мүдде «Юрониен менеджмент форум» атты
швейцариялық ұйым әзірлеген Елдің бәсекеге жарамдылығын
бағалайтын әдістерді білдіреді. Оған сәйкес елдің бәсекеге
жарамдылығы 10 фактормен бағаланады. Бұл он фактор 245
критерийді ескереді. Оның 187-сі БҰҰ (ООН), ЭЫДҰ (ОЭСР), ХВҚ
(МВФ)-ның стратегиялық мәліметтеріне негізделсе, 58-і сараптау
жолымен анықталған.
Елдің бәсекеге жарамдылық факторларына әдістемеге сәйкес
мыналар жатады:
- экономика серпіні;
- өнеркәсіп өндірісінің тиімділігі;
- нарық серпіні;
- қаржылық жүйенің серпіні;
- адам ресурстары және инфрақұрылым;
- сауда қызметінің мотивациясы;
- жаңа енгізулерге қатысты елдің ұстанатын саясаты;
- елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай.
1982 жылы бұл ұйым 22 елдің бәсекеге жарамдылығын бағалады.
Бірінші орынға басқа елдермен салыстырғанда деңгейі жер мен
көктей биік Жапония шықты (бәсекелестіктің артықшылықты
факторларын пайдалану деңгейі 99,9%), одан кейінгі орындарда
Швейцария (87,5%), АҚШ (80,9%), ГФР (74,0%), Швеция (56%).
208
Басқарудың барлық деңгейі адам факторларын ескере отырып,
маркетинг тұжырымдамасы, ғылыми әдістер мен тәсілдер
негізінде объекті тудыратын бәсекелесудің қабілетіне қол жеткізуге
бағдарланған менеджмент тұжырымдамасына көшуі керек. Тауарлар
мен қызметтердің бәсекелесе алатын қабілетін зерттеу барысында
оған қол жеткізетін мына бес факторды ескерген жөн:
- құрылымның өңдеп жасауымен анықталған менеджмент
жүйесінің сапасы, мазмұны, осы жүйенің ішкі және сыртқы
байланыстары;
- тағайындалу (міндет), сенімділік, экологиялық, технологиялық,
эргонамикалық, патентке қабілеттілік, стандарттау және
бірегейлендіру, яғни бірыңғайлау (унификация) көрсеткіштерінің
прогресшілдігі
мен
оңтайлылығы
тұрғысынан
алғанда
конструкторлық-жобалау құжаттамасының сапасы;
- өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру деңгейімен, объектінің
сапасын басқару жүйесімен, материал, технология, саймандардың
прогресшілділігімен анықталатын объектінің дайындық сапасы;
- нормативтік қызмет мерзімі ішінде объектіні сатып алуға,
тасымалдауға, пайдалануға, жөндеуге және кәдеге жаратуға кеткен
нақты тұтынушының шығындары;
- тұтынушының мүддесін қорғаудың құқықтық, нормаларының
сақталу деңгейімен, буып-түюдің (орамының) сапасымен, сақталу
жағдайымен, сатумен, жабдықтаумен, кепілдікті қызмет етуімен,
жабдықтаумен және т.б. анықталатын нақты тұтынушының
қосымша қажеттіліктерінің қанағаттандырылу деңгейі.
2004 жылы АҚШ Давостағы халықаралық Экономикалық
форум қоғамдастығы ұсынған жыл сайынғы бәсекеге жарамдылық
рейтінгісінде жеткілікті дәрежеде табандылық танытып келген
Финляндияны артқа тастап, алдыңғы орынға шықты. АҚШ осы
жолы екінші орынды иеленіп, үшінші орынға Тайвань шықты, ал
бірінші алтылыққа, сондай-ақ, Дания, Норвегия және Сингапур
кірді.
104 елге жасалған бәсекеге жарамдылықтарының өсу индексі
екі типтегі мәліметтердің көмегімен есептеледі: 50-ге жуық
елдің 3,5 мыңға дейін жоғары және орта буын менеджерлерінен
статистикалық және мәліметтік сауалнама алынды.
Мәліметтерді талдау барысында үш өзгермелінің негізіне
сүйенуге болады:
209
- елдің технологиялық деңгейі;
- оның қоғамдық институттарының сапасы (заңды базалары
және т.б.);
- макроэкономикалық жағдайлары.
Достарыңызбен бөлісу: |