Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011 2



жүктеу 4,22 Mb.
Pdf просмотр
бет128/189
Дата11.01.2022
өлшемі4,22 Mb.
#32450
түріОқулық
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   189
стратегиялық менеджмент

Менеджменттің эконо-микалық 
тетігіндегі шаруашылық есеп
Шаруашылық  тетіктің  экономикалық  тұтқасы  фирманың 
әлеуметтік-экономикалық  табиғатымен  сәйкеседі  әрі  нарық 
негізінде  айырбастаудың  және  өндірісті  дамытудың  бір  факторы 
болып табылады. Мұнда шаруашылық жүргізудің маңызды элементі 


216
ретінде коммерциялық есептің мазмұнын зерделеудің айрықша мәні 
бар.  Ол  басқарудың  міндетті  ісінде,  экономикалық  тұтқалар  мен 
құралдарды да синтездейді. Ол өндірістің пайдасын – нәтижелерін, 
шығынын өлшеуге бағытталған.
Фирманың  іс-әрекет  жасауының  экономикалық  тетігі 
коммерциялық есеп әдісін пайдалануды ұйғарады. Бұл ұйғарымның 
себептері мынадай:
- өндіру мен өткізудің пайдалы болуын қамтамасыз ету;
- инвестицияларды бөлу және өндірісті орналастыру;
- қаржыландыру және несие беру;
- технологияларды дамыту және т.б.
Орталықтандырылған  тәртіптегі  коммерциялық  есеп  аясында, 
сондай-ақ,  мынадай  экономикалық  тұтқалар  мен  құралдар 
пайдаланылады:
- баға белгілеу саласындағы ғаламдық саясат;
- өндіріс шығындары;
- қаржыландыру және несие беру.
Бұл  саясат  тұрақты  пайда  алып  отыруды  көздейді.  Ол 
коммерциялық есептің түпкі мақсаты болып табылады.
Коммерциялық  есептің  ерекшеліктері,  яғни  ерекше  жақтары 
(орталықтандыруды күшейту және өндірістік бөлімдерге дербестік 
беру) ең алдымен жоспарлау, бақылау функцияларын дамытумен әрі 
коммерциялық есепті осы функцияларды істерді жүзеге асырудың 
әдісіне айналдырумен байланысты.
Коммерциялық  есеп  аясында  ішкі  фирмалық  есеп  деп  атауға 
болатын  фирма  ішіндегі  қарым-қатынастардың  формасы  пайда 
болып,  дамиды.  Бұл  форма  корпорация  ішіндегі  жабдықтаумен 
байланысты  фирманың  жекелеген  бөлімшелерінің  өзара  қарым-
қатынасын,  сондай-ақ  осы  негізде  қалыптасатын  шаруашылық 
қатынасты бейнелейді.
Ішкі  фирмалық  есеп  шаруашылық  жүргізудің  жаңа  әдісі 
ретінде  басқарудың  орталықсыздандырылған  құрылымына  ие 
кәсіпорындарға тән.
Коммерциялық және ішкі фирмалық есеп әдістері шаруашылық 
есептің  біртұтас  жүйесін  білдіреді.  Бұл  олардың  мақсаты  мен 
міндеттерінің  ортақ  болуымен  түсіндіріледі.  Яғни,  бүкіл  фирма 
мен оның бөлімшелерінің алдына қойылған мақсат пен міндеттер 
коммерциялық  және  ішкі  фирмалық  есеп  әдістерін  шаруашылық 


217
есептің біртұтас жүйесіне айналдырады.
Ішкі  фирмалық  есеп  көп  жағынан  коммерциялық  есептің 
элементтерін  қамтиды,  өйткені  ол  коммерциялық  есептің 
мақсаттарын жүзеге асыруға бағдарланған.
Ішкі  фирмалық  есептің  басты  айырмашылығы:  ол  бір  ғана 
компанияның меншік аясында жүзеге асырылады, ал коммерциялық 
есеп – бұл есепті жүргізуге мүмкіндік беретін әрі әр түрлі меншік 
иелерінің арасындағы қарым-қатынасты бейнелейтін шаруашылық 
етудің әдісі болып табылады.

жүктеу 4,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   189




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау