194
жеке адамдар мен ұжымдар, сондай-ақ тұты¬нушылардың одағы
мен
қауымдастықтар;
- келісімшарт немесе басқа негізде жалданып еңбек ететін
жұмыскерлер, сондай-ақ
олардың кәсіподақтары;
- мемлекеттік құрылымдар. Олар тек мәмілеге тікелей қатысқан
жағдайда ғана бизнес субъектісі бола алады (кәсіпкерлерге үкімет
тапсырыстарын беру, бағаны белгілеу, әлеуметтік жұмыстарды
орындаудағы жеңілдіктердің құрамы мен объектілері және т.б.).
Кәсіпкерлік – бизнес жүйесінің элементі. Оның негізін
жеке меншіктегі өндіріс құралдары құрайды. Ал, жеке меншік
өндіріс құралдарынан мемлекеттік емес меншіктің осы заманғы
формалары пайда болды. Олар – топтық меншік, ұжымдық меншік,
кооперативтік меншік,
акционерлік меншік, пай.
Кәсіпкерлік бизнестің үш негізгі компонентері бөліп көрсетіледі:
-
өнім өндірісі;
- коммерция (сауда);
- коммерциялық делдалдық.
Бизнесті тек сауда және делдалдық қана деп жансақ ұғуға
болмайды.
Иә, бизнес тек сауда мен делдалдық қана емес, ол сондай-ақ кез
келген мемлекеттің экономикалық өмірінің негізін (ең алдымен)
құрайтын өндіріс болып табылады. Нақты осы өндіріс арқылы ең
маңызды іс бастамалары жүзеге асырылады.
Барлық қызметті бизнеспен шатастыруға болмайды. Бұл
жөнінде Г. Форд былай дейді: «… өнімді дайын күйінде алып-сату
(алыпсатарлық) нағыз іспен ешқандай байланысы жоқ – ол заң
жолымен жоюға келмейтін ұрлықтың әдепті түрін ғана танытады».
Іскерлік қатынастағы субъектілердің екінші категориясына
тұтынушылар жатады. Олар кері байланысты тудырады әрі өндіріске
ықпал етеді. Кәсіпкерге табыс қажет болса, ал тұтынушыларға
өз қажеттіліктерінің толық қанағаттандырылғаны керек. Өзінің
тұтынушылық мүддесін жүзеге асыру бұл өзіндік ерекшелігі бар
тұтыну бизнесі.
Бизнестің осы нысандарының ерекшеліктері: біріншіден, оны
кәсіпкерлік бизнеске қарсы барлық азаматтар жүзеге асырады
(іскерлік қатынастар жүйесіне адамдардың жаппай қатысуы);
екіншіден, тұтыну бизнесі өндірістің түпкі нәтижесіне адамдардың
мүдделілік танытуын бейнелейді; үшіншіден, тұтыну бизнесі бір
196
- тұрақты түрде ұзақ уақыт бойы
салааралық және аймақаралық
байланыстар арқылы қалыптасатын бірыңғай нарықтық кеңістікті
қалыптастыру;
- бір жағынан – «тұтынуды арттыруды», екінші жағынан
ұсынысты кеңейтуді
бір-біріне себепкер ету;
- бәсекелесуші әлеуметтік топтардың (ең алдымен кәсіпкерлер
мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы) әлеуметтік қарама-
қайшылығын бәсеңдетуге (амортизация) мүмкіндік тудыратын
экономикалық реттеудің
әлеуметтік бағдарлануы;
-
экономиканы
монополизациялауға,
теріс
пиғылды
бәсекелестікке қарсы бағытталған тауар нарығындағы бәсекелестік
қатынастарды заң тұрғысынан да, экономикалық тұрғыдан да
орталықтандырып, реттеу;
- акционерлік және басқа да ұжымдық меншік формаларын
дамыту арқылы тауар нарығындағы бәсекелестік қатынасқа кез
келген азаматты қатыстырудың мүмкіндіктерін кеңейту.
Достарыңызбен бөлісу: