Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)



жүктеу 3,67 Mb.
бет1/13
Дата13.11.2017
өлшемі3,67 Mb.
#12
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. Е. ҚАҢТАРБАЙ, Ж. А. ЖҮСІПОВА


ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ
оқулық

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрлігі бекіткен

Аламаты, 2011
УДК 37.0(075.8)

ББК 74.04 я 73

Қ 39

Пікір жазғандар:

Ш. И. Жанзақова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;

К. Ж. Қарақұлов – педагогика ғылымдарының докторы, профессор;

Т. Ә. Ботағариев – педагогика ғылымдарының докторы, профессор.

С. Е. Қаңтарбай, Ж. А. Жүсіпова

Қ 39 Ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. Оқулық. Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір» 2011 ж. – 219 бет.
ISBN 978-601-217-226-3

ISBN 978-601-217-226-3

УДК 37.0(075.8)

ББК 74.04 я 73

© С. Е. Қаңтарбай, Ж. А. Жүсіпова, 2011

© ҚР Жоғары оқу орындарының

қауымдастығы, 2011




АЛҒЫ СӨЗ
Оқулық Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім берудегі жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес 5В010200 – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі», 5В010300 - “Педагогика және психология” мамандықтары бойынша “Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі” курсы жалпы кәсіби пәндердің қатарына жатады.

Даму инновациялық үдеріс, жаңалықтарды табу және игеру процесі арқылы жүзеге асады. Қазіргі мұғалім үлкенді-кішілі мәселелерді шешетін зерттеуші болып табылады. Сондықтан әдіснаманы меңгеру және ғылыми ізденістің әдістемесін игеру мұғалімдер даярлаудағы маңызды іс болып саналады.

Пәннің аты – ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі. Осында ғылыми зерттеу, педагогикалық зерттеу, әдістеме деген ұғымдар бар.

Ғылыми зерттеу – танымдық үдеріс, оның өзінің логикасы және құрылысы бар іс-қызмет (проблеманы анықтау, тақырыпты белгілеу, мақсаты, обьектісі, пәні, болжам, міндеттер, әдістер).

Ғылымның мақсаты мен қызметі – адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс-әрекет шеңбері, қоғамдық сананың бір түрі.

Қазіргі ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды (тұлғаны) қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және жеке адамның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай отырып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген. Демек, студенттерді қоғам өмірінің барлық саласында да, соның ішінде білім алуда да тек деректер жинап, жалпы ақпарат алумен шектелмей, терең білімді ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын, бәсекеге түсе алатын маман ретінде тәрбиелеу уақыт талабынан туып отыр. Ғылымның бүкіл саласында білім мазмұны тереңдеп, оның ауқымы қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық өрістеу кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы әрбір шәкіртте танымдық ізденімпаздық қалыптасуына тікелей байланысты.

Қазіргі жастар жоғары кәсіби деңгейде даярлығы болуымен қатар, ол өзін қоршаған дүниені ізденімпаздықпен (шығармашылық) танып-білуі тиіс.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді ғылыми- педагогикалық, зерттеушілік қызметке даярлау, шын мәнінде әлеуметтік-педагогикалық мәселеге айналып отыр.

Курстың мақсаты – студенттерге ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгерту. Міндеттері: болашақ мұғалімдердің іздену-зерттеу іс-әрекетіне бейімділігін дамыту; педагогикалық процесс міндеттерін шығармашылықпен шешу; зерттеудің әдіснамалық негіздерін игеру; түрлі ақпараттық көздермен жұмыс істеу біліктері мен дағдысын қалыптастыру; зерттеу нәтижелерін өңдеу, жинақтау және ғылыми ұсыныстар беруге үйрету.

1-тарау. ҒЫЛЫМИ ІС-ӘРЕКЕТ (ҒЫЛЫМИ ҮДЕРІС РЕТІНДЕ)
Жоспары:


  1. Ғылым-таным үрдісінің ерекше формасы

1.2 Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаттары мен ерекшеліктері

1.3 Жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс

1.4 Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысы
Практикалық сабақтар мазмұны:

1 Ғылыми іс-әрекет, оның мақсаты мен ерекшеліктері

Мақсаты: Ғылыми педагогикалық зерттеудің мәнін ашу.

Жоспары


  1. Ғылым туралы түсінік

  2. Ғылым-таным процесінің ерекше формасы

  3. Ғылыми іс-әрекеттің мақсаттары мен ерекшеліктері

  4. Жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс

  5. Ғылыми педагогикалық зерттеудің әдіснамасы

Тапсырма Педагогикалық зерттеулердің деңгейлері, әдіснамалық принциптерінің және зерттеу нәтижелерінің мағыналығына байланысты педагогикалық зерттеулерді топтап бөлудің моделін дайындаңыз, қысқаша беріңіз.

Әдістемелік нұсқау. Жоспар бойынша теориялық материалды еске түсіріп, ұғындыру мазмұнын ой елегінен өткізіңіз. Дәріс материалдарына зейін аударыңыз.
Глоссарий:

  • Ғылым (латын «scientf» - білім, ғылым дегенді білдіреді) заттардың, құбылыстар мен үдерістердің ішкі болмысын, табиғатын ашып көрсететін, олардың даму заңдылықтарын, байланыстарын ашып, даралап тұжырымдайтын шынайы ақиқат.

  • Ғылыми педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімдерді қалыптастыру үдеріс, оқыту, тәрбиелеу және дамыту обьективті заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекеттің түрі.

  • Іс-әрекет – дүниені және адамның өзін танып, өзгертуге бағытталған жеке тұлғаның психикалық белсенділігінің формасы.

  • Зерттеу – жаңа білім алу үдерісі және танымдық әрекет түрлерінің бірі.

Бұл тақырыпты оқу барысында ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесіне байланысты түсініктер мен ұғымдар, ғылыми іс-әрекеттің мақсаттары мен ерекшеліктері, зерттеулердің тиімділігінің негізгі өлшемдері, ғылымдағы таным үдерісі мен болашақ мұғалімнің танымдық үдерістеріндегі ұқсастықтары және айырмашылықтары, қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері, болашақ мұғалім-зерттеушіге қойылатын талаптар, жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс, студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының түрлері туралы ақпарат аласыз. Тақырыптың мазмұнына сәйкес өз беттерімен орындайтын тапсырмалар және тест материалдары ұсынылады.

Ғылым мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс-әрекет шеңбері, қоғамдық сананың бір түрі. Ғылым деген атаумен табиғат, қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік беретін бірте-бірте кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде ғылым тікелей өндіргіш күшіне айналып отыр.

Ғылым адамға өз өмірін сақтап қалу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс-айланы ойлап тапты. Өздігінен қалыптасып жатқандай болып көрінетін бүгінгі адамзаттың өмір сүру деңгейінің өсуіне әсер етер барлық заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи-мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.

Ғылыми эволюцияның білімді жинауға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа беруге себеп болған басты фактордың бірі болып жазбаның ойлап табылуы болды. Шумерлердің пиктографиялық жазбасы б.э.д. 3200 ж.ж. бұрын пайда болды. Б.э.д. 3000 ж.ж. Египетте иероглифтік жазба деген атқа ие болған жазбаның жаңа жүйесі пайда болды. Бұл жүйеде әріпті, дыбысты және сөздерді белгілеу үшін символдар пайдаланылған. Б.э.д. 2800 ж. бұрын шумерлердің көршілері болған вавилондықтар, ассириялықтар мен парсылар пиктографиялық жазуды ұшты жазбаға (клинопись) айналдырды. Ақырында б.э.д. 1300 ж. бұрын Сирияда ең алғашқы алфавит жасалып шығарылды. Онда 32 әріп болды, әріптің әрқайсысы белгілі бір дауысқа сәйкес болды. Көне гректер осы жазба жүйесін қабылдап, ол кейін латын алфавитінің негізі ретінде қолданылды.

Көне әлемде білімнің жеткіліксіздігінен табиғат күштері құдайдың құдіретті күші делініп, табиғатты зерттеушілер құдайдың абыздары деп саналды. Египеттегі астрономдар деп аталған осындай адамдар күнді аса үлкен сағат деп санап, ай мен жұлдыздардың орналасуына қарай, Ніл өзенінің тасу уақытымен көптеген мерекелерді тойлау мерзімдерін анықтап отырды. 365 күннен тұратын ең алғашқы күнтізбені египет астрономы Имхотеп жасап шығарғандығы белгілі.

Өз кезегінде шумерлер (б.э.д. 4000-3200 жыл бұрын) есептеудің ондық жүйесін ойлап тауып, өздерін шебер математик және астрономдар ретінде таныта білді.

Вавилондықтар (б.э.д. 1900-600 жыл бұрын) көп жылдық бақылаулардың нәтижесінде құрастырылған, планеталардың жылжуын сипаттайтын кестелерді пайдаланып, жұлдыздар мен планеталардың қозғалуы жайлы жорамал бере білді. Сонымен қатар вавилондықтар күнтізбені жетілдіріп, болашақты болжауға тырысты. Вавилондықтар жұлдыздарды өз құдайларының атымен атады. Вавилондықтардың білімі ертедегі гректер астрологиясының негізі болып табылды.

Жалпы қабылданған ұғым бойынша қазіргі заман ғылымының бастамасы – ертедегі грек мәдениеті болып табылды, бұл көзқарасты гректің ойшылдарының еңбектеріне сілтеме жасаған қазіргі заман ғылымының негізін салушы Н. Коперник, И. Кеплер, Г. Галилей қуаттады. Ертедегі гректердің адамды қоршаған әлемді зерттеуінің тереңдігі соншалық, олар түрлі бақылау жұмыстар, есептеулер жүргізіп, қоршаған дүниені бөліп топтастыру арқасында, өздерін қоршаған әлемде бақыланып отырған құбылыстар мен заттарды діни жағынан емес жаратылыстанушылық сипатта зерттеу қажеттігін түсінді. Ертедегі гректердің ең басты жетістіктерінің ішінде заттардың атомдық құрылысы жөніндегі ілімді шығарып, академия мен лицейлерді оқу мекемелері ретінде ашуы болып табылды. Ежелгі гректердің атом жөніндегі көзқарастары Р. Бойль, И. Ньютон, М. В. Ломоносов, Авогадро, Лавуазье, Менделеев секілді көрнекті табиғат зерттеушілерінің еңбектеріне үлкен ықпал етті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінің нәтижесінде, олардың идеяларына сәйкес атомдық құрылыс тәжірибе жүзінде дәлелденбей тұрып-ақ, заттардың физикалық-химиялық құрылысы жөніндегі теориясы жасалды. Аталған теорияның негізінде Х1Х ғасырда ғалымдар химия саласында тамаша жетістіктерге жетті.

Гректердің идеялары Европаға арабтар арқылы таралды. Ежелгі гректердің барлық еңбектері бізге араб тілінен латын тіліне аударылған аудармалары арқылытаныс. Араб ғалымдары антикалық дәуірдің идеяларын сақтай отырып, оларды орта ғасырлық Европаға жеткізе білді. Орта ғасырлық арабтар, кейін римдіктер ие болған ертедегі грек философиясы мен білімін тек игеріп қана қоймай, сонымен қатар аса ірі ғылыми жетістіктерге де жетті. Араб әлемінде әсіресе 900-1200 ж.ж. аралығы ғылым мен өнер шарықтап тұрған дәуір болды. Араб ойшылдары алгебраны ойлап тапты. Тіпті олардың ақындары бірінші болып математикамен айналысып, кейін ақын болып өлең шығарды. Үлкен қалалардың көркейіп, өсуі медицинаның дамуына ықпал етті. Қазіргі Өзбекстанның жерінен шыққан Абу Али Ибн Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды.

Араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана емес, сондай-ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри-алгебра, аль хемия- алхимия, аль хогол-алкоголь және т.б. Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде қалыптасады. Ал араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.

Білім ұрпақтан ұрпаққа кітаптар арқылы жеткізілді, кітаптар қолмен көшіріліп отырды. Кітаптарды көшірумен жазба жазушылар айналысты. Осы себепті кітаптар өте аз болды және өте қымбат тұрды. Қағаз бен кітап басып шығару пайда болысымен, кітапты қолмен көшіруші бір жылда жаза алмайтын парақты, кітапты басып шығарушы бір күнде басып шығара алатын дәрежеге жетті. Кітаптар мен брошюралар көпшіліктің қолына тиді, бұл жағдай жаңа идеялардың кеңінен таралуына тікелей әсер етті.

Ең алғашқы басылым VІІІ ғасырда Жапонияда жарық көрді деп есептеледі. Бұл ойып жазылған ағаш қалыптардан көшіріліп басылған, түрлі суреттер, қолтаңбалар салынған дұғалар болды. («Алмас сутра – б.э.д. 868 жылы ең алғашқы басылып шыққан кітап). Осындай қалыпты жасап шығаруға өте көп уақыт қажет болды, оның үстіне бұл қалып тек бір ғана бетті басып шығаруға мүмкіндік берді. Шамамен, 1045 жылы Қытайдың императорлық сотының мүшесі Ли Чен құрамалы шрифтті ойлап тапты. Ол әрбір қытай иероглифін саздан жасап, олардың әрқайсысын темірден жасалған арнайы рамаға орналастырды. Бұл белгілерді қажетінше құрастырып, қайта бөлшектеп, орналастырып, жаңа беттер жасауға болатын еді. XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен таныс емес, немістің алғашқы баспашысы Иоганн Гутенберг (1400-1468 ж.) баспа шрифтерін өз бетінше жеке құрастырып шығарды. Ол әрбір әріпті темірден құйып жасады. Сөздерді құрайтын әріптер бір ағаш рамаға жиналып, преске орналастырылды, осыдан кейін оларға бояу жағылып, бір парақ қағаз салынды. Осындай әдіс бір беттің мыңдаған экземплярын шығарып, одан кейін келесі беттерді басып шығаруға мүмкіндік берді. 1500 жылға қарай Италияда –100, ал Испанияда – 30 баспа станоктары іске қосылып, қызмет еті.

Қазіргі заманғы ғылым ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа европалық өркениеттің негізінде кітап басып шығару кең таралғаннан кейін пайда болды. Кітап басу бұл кезде коммерциялық қызмет, яғни пайда табудың бір түрі ретінде дамыды. Неміс философы К. Ясперс ғылымның қалыптасуының екі кезеңін көрсетеді:

1-кезең – ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің қалыптасуы;

2-кезең – қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістер мен танымның жаңа қағидалары ұсынылды.

Француз математигі және философы Рене Декарт, италияндық астроном Галилео Галилей, ағылшын дәрігері Уильям Гарвей, неміс астрономы Иоганн Кеплер, ағылшын математигі, механик, физик және астрономы Исаак Ньютон, ағылшын химигі және физигі Роберт Боиль, голландиялық Ханс Янсен ойлап тапқан микроскопты жетілдірген ағылшын оқымыстысы Роберт Гук және басқа да ғалымдар қазіргі заманғы ғылымның негізін салды. Бұл үрдістің негізгі себебі, XVІІ ғасырда ғылымның халықтың әл-ауқатын көтеру және адамның табиғатқа деген үстемдігін орнатудың тәсілі ретінде қарастырылуында болды. Декарттың замандасы Ф. Бэкон ғылымды табиғатты бағындырудың құралы ретінде көрсетіп, ғылым дамуының қажеттілігін негіздеуге көп күш жұмсап, "Күш – білімде" деген әйгілі афоризмін ұсынды. Ф.Бэкон табиғатты зерттеп, танып біліп тәжірибені табиғат-ананы қинаудың негізгі әдісі деп қарастырды. Ф. Бэкон тәжірибелік танымның міндеттерін анықтай отырып "зерттеу", "тексеру","сынау" секілді бірнеше мағыналарға ие “іnquіsіtіon” – сөзін қолданды. Осындай ғылыми инквизициялардың нәтижесінде табиғаттың құпиялары ашылды (орыстың “естествоиспытатель” сөзімен салыстырыңыз). Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес XVІІ ғасырда Лондонда Корольдік ғылыми қоғам (1662ж) және Парижде Корольдік ғылыми Академия (1666ж) құрылды.

Осы кезеңнен бергі ғылыми ойды төмендегідей екі түрде сипаттауға болады:

1) нәтиже беріп, оны қайта тексеруге мүмкіндік беретін тәжірибеге сүйену;

2) ары қарай бөлшектенуге келмейтін аса қарапайым элементтерді іздестіруге бағытталған талдамалы көзқарастың үстемдігі (редукционизм).

Көптеген ғалымдардың көзқарастары бойынша, қазіргі заманғы ғылымның бастамасы Европада XVІІ ғ. пайда болуы кездейсоқ жағдай емес. Ғылымның пайда болуының себебі – рационалдылыққа сүйенген жаңа европалық мәдениеттің ерекшеліктері. Яғни рационалдылық ғылымның пайда болуы мен дамуына орасан зор ықпал жасап, батыс мәдениетінің феномені болып табылды. Ғылымның дамуының әлеуметтік қозғаушы күштердің бірі ретінде жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет етіп дамып келе жатқан капиталистік өндірісті көрсетуге болады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның өндіргіш күші ретінде ғылымға деген сұраныс туды. Сонымен қатар жаңа ғылымға тән жаңа мақсаттары пайда болып, олар ертедегі ғалымдардың ұсынған мақсаттары мен міндеттерінен елеулі түрде өзгешеленді.

Батыс мәдениеті әдетте рационалды деп аталатындығы белгілі, сол себептен болар, ол капиталистік өндіріспен өте жақсы ұласып кетті. Батыс мәдениеті еңбек пен техниканың бөлінуі есебінен барынша мол табыс табуға мүмкіндік беретін аса рационалдық жүйе ретінде қалыптасты. Қазіргі іс- әрекеттің бағытталуы батыс мәдениетінің ғылымдағы өзіне ғана тән ерекшелігі болып қалыптасты. Себебі, жасалынып жатқан жұмыстың нәтижелілігіне көзі жетпесе, бір де бір капиталист ғылыми зерттеулерге қаражат бөлмейді.

Алайда барлық ғылыми жаңалықтар мен пікірлер бірдей оң көзқараспен қабылданған жоқ. Мысалы, Бартелеми Тимоньенің иненің құлағын, әдеттегідей иненің соңына емес басына орналастаруы (1830 ж.) тігін машинасын жасап шығаруға мүмкіндік берді. Бірақ тігін машиналары жасалып шығарыла бастаған кезде, тігіншілер жұмыссыз қалудан қорқып, 80-ге тарта тігін машинасын қиратып тастағандығы белгілі. Осыған ұқсас кітап басып шығарудағы Гутенбергтің жетістіктеріне саудагер Иоганн Фуст назар аударып, Гутенбергке алғашында қаржылай көмек көрсеткенімен, кейін 1455 жылы тез пайда табу мақсатында Гутенбергке қарсы сот ісін бастаған. Сот ісін жеңген ол барлық әріп теретін станоктарды тәркілеп тартып алып, Гутенбергтің көмекшісі болып жұмыс істеген күйеу баласымен бірге жаңа іс ашқандығы да тарихта белгілі. Жыл сайын пайда болып жатқан дәлелдемелерге, сондай-ақ, 1967 және 1982 жылдары Ватикандағы эволюцияның жаһандық сипатқа ие болғандығын ресми түрде мойындағанына қарамастан, эволюциялық теория діни қайраткерлер тарапынан сенімсіздікке, түрлі сын мен тіпті оны жоққа шығарушылыққа дейін ұшырады.

Қазіргі заманның ғылымы қоғам мен адамды, қоршаған ортаны өзгерту және оны танып-білудің аса қуатты құралына айналды. Оған ұялы телефондар мен интернет, көліктер мен кептелістер, бай өмірдің насихаты, жұмыссыздық пен қайыршылықтың көрінісі дәлел. Бұның барлығы капитализм деп аталатын қоғамдық формацияның өзіне тән белгілері. Осы формацияның және капиталистік қатынастардың негізі ретінде техникалық мәдениет пен қоршаған орта ресурстарын экстенсивті пайдалану жүзеге асады. Қоғамдық қатынастардың бұл түрі жаратылыстану және техникалық ғылымдарда қоғамның басты өндіруші күштері негізінде дамып, пайда болған.

Басқа сөзбен айтқанда, ғылым дамуының әлеуметтік қозғаушы күші болып жаңа табиғи ресурстар мен машиналарды қажет еткен капиталистік өндіріс өркен жайды. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамның өндіргіш күші ретінде ғылым қажет болды. Сталиндік типтегі социалистік жүйенің құлауы жаңа капиталистік қатынастардың бүкіл әлемге тарауына әкеліп соқты. Сол себепті қазіргі сәтте капиталистік техникалық мәдениет өзіне тән қарама-қайшылықтарына қарамастан қазіргі заманғы әлемдік қауымдастықтың идеалына айналып отыр. Сондықтан барлық мемлекеттер аса қуатты капиталистік елдер секілді пайда табудың жолына түсті.

Ғылымды - эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге негізделген дүниетанымның ерекше рационалды әдісі деп таниды. А. А. Горелов, аңызға айналған Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңының ашылуын мысал ете отырып ғылыми танымның құрылымын оригиналды түрде талдап қарастырды. Осы аңыз бойынша Ньютонның басына кенеттен алма құлап, сол мезетте Ньютонның ойында бір керемет ой пайда болып, ол бүкіл әлемдік тартылыс күші туралы заңды ойлап тапты деп саналады. Бұл жерде алманың Ньютонға дейін көптеген адамдардың бастарына қанша түссе де, олардың ойларына ешқандай ойдың кірмегендігі қарастырылмағандығын көрсеткен дұрыс. Сонымен эмпирикалық факт – яғни алманың түсу оқиғасын қарастырайық. Бұл жерде көрсетілген оқиға ғылыми зерттеудің бастапқы нүктесі болып ғылыми фактіге айналды. Шынымен де алмалар үнемі құлап тұрады ма жоқ па деген сұраққа келесі алманың құлауын күтуге де болады. Біздің бұл әрекетімізді зерттеудің әдісі немесе тәсілі деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл бақылау деп аталып, жаратылыстанудың кейбір салаларында ол зерттеудің жалғыз эмпирикалық әдісі болып табылады. Мысалы, астрономияда. Алайда алманың өздігінен құлауын күтудің ешқандай да қажеттілігі жоқ. Оның орнына алма ағашын сілкіп, яғни тәжірибе жүргізіп зерттеу объектісінің реакциясын бақылауға болады. Тәжірибе жүргізу барысында біз табиғатқа сұрақ қойып, одан бізге түсінікті жауап күтеміз. Ғылыми эксперименттің ерекшеліктерінің бірі – оны зерттеуші кез келген уақытта жүргізе алады. Алма ағашын сілкілеп көру сияқты қарапайым тәжірибенің нәтижесінде біз барлық алмалардың бірдей екендігін байқаймыз. Бірақ физикалық заңдылықты ашу үшін тек алмалар ғана жеткіліксіз. Ол үшін бізге басқа да денелерді қарастыру қажет және олардың неғұрлым бір- біріне ұқсамауы соғұрлым тәжірибе үшін пайдалы. Байқап қарасақ, барлық денелер оларға белгісіз бір күш әсер ететіндей Жерге құлайды екен. Бірақ Жерге барлық денелер құламайды. Мысалға Ай, Күн және басқа да Жерден алыс аса ірі және салмағы үлкен аспан денелеріне қатысты жағдай мүлдем басқаша. Яғни, біз бұл жерде әртүрлі денелердің бір-бірінен ерекшеліктерін анық байқаймыз, бұл әрине ойланатын жағдай. Сыртынан қарағанда мүлдем бөлек көрінетін денелердің өзара ортақ белгілері бар ма? Әртүрліден ұқсастық табу – бұл ғылыми зерттеудің міндетті кезеңі. Бірақ, барлық денелерге эксперимент жүргізу мүмкін емес. Денелердің айырмашылықтарындағы аналогияларды іздестіріп табу – ғылыми зерттеулердің ең қажетті кезеңі. Барлық денелерге дерлік тәжірибе жүргізуге болмайды.

Егерде біз, тәжірибе жасау міндетті деп табатын болсақ, оны модельдермен, яғни мөлшері мен массасы дененің өзімен салыстырғанда пропорционалды түрде бірнеше есе кішірейтілген денелермен жүргізуге болады. Модельді эксперименттің қорытындысын кәдімгі қалпындағы денелер үшін пропорционалды түрде қолдануға болады. Модельді эксперименттен де басқа, яғни ойша тәжірибе жүргізуге де болады. Ол үшін, шынында жоқ денелерді ойша елестетіп, оларға ойша тәжірибе жасау қажет. Бұдан соң эмпирикалық зерттеулердің қорытындысын жазу, яғни зерттеу қорытындыларын қағаз бетіне түсіру қажет. Бірақ қорытындыларды жазу, зерттеудің нәтижелерін жалпылап, түсініктер мен терминдердің мәнін қолда бар теориялық білімнің негізінде түсіндіру қажет. Түсініктер қалыптастыру - зерттеудің келесі теориялық деңгейіне жатады, бұл деңгей эмпирикалық емес, теориялық болып табылады. Ғылымда түсініктер мен терминдер ерекше рөлге ие. Терминді түсіндіру (басқа сөзбен айтқанда түсінікті анықтау) қарастырылып отырған заттың мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. Ғылыми терминдер мен белгілер толық қолданылса өте көп орын алатындықтан, шартты түрде қысқартылады. Ғылыми ережелердің фальсификациялануы қағидасы, яғни олардың тәжірибеде тексеріліп және жоққа шығарылуы, ғылымда қарсылықсыз қабылданып отырған жағдай. Танымның бір саласына қатысты бірнеше заңның жиынтығы теория деп аталады. Тәжірибеде дәлелденген теория осы мәселе жөніндегі белгілі эмпирикалық фактілерді ескі теорияға қарағанда толық түсіндіретін жаңа теория шыққанға дейін, сондай-ақ осы теорияны жоққа шығаратын жаңа эмпирикалық фактілер пайда болғанға дейін дәлел ретінде қолданылады.

Ғылымда қүдіретті күштің көмегімен ешқандай құбылыс жүзеге аспайды, осыған сәйкес Ньютонның басына алма құлауы мен оның бүкіл әлемдік тартылыс заңын ашуының арасында аса үлкен ара қашықтық бар. Бұл қашықтықты тек табиғатта орын алып жатқан құбылыстарды ұзақ уақыт бойы бақылау, тәжірибе жүргізу, болып жатқан процесстерге байланысты ой қорыту, жаңа түсініктерді ойлап табу және т.б әрекеттерді жүзеге асыру арқылы ғана игеруге болады. Бірақ ғалым күрделі ойларға шомып, ұқсас процестерді салыстырып отырғанда оның басына алманың құлауы, ғылыми жаңалықтың аяқ асты пайда болуына ықпал етуі де мүмкін.

Зерттеу құралдарына түрлі процедуралар, әдістер, тәсілдер, методикалар, жүйелер мен методологиялар кіреді. Бұл түсініктер төмендегі логикалық қатарды құрайды. Әдіс зерттеу барысында белгілі бір қорытынды алуға бағытталған, бір немесе бірнеше метематикалық, немесе логикалық операциялардың теорияға немесе тәжірибеге негізделген түрі. Рәсім (Процедура) – белгілі бір операциялар жиынтығының орындалуын қамтамасыз ететін іс-әрекеттердің жиынтығы. Тәсіл – күрделі әдіс болып табылады, ол зерттеу барысындағы бірнеше нысаналы әдістердің жиынтығы. Методика (әдістеме) – бір немесе бірнеше әдістер жиынтығына негізделген зерттеу жолдары, немесе олардың жиынтығына негізделген әдістер. Методология (әдіснама) - зерттеу әдістері, жүйелері мен методтары жөніндегі білімнің жиынтығы. Жүйе – күрделі құбылыстар мен үдерістерді зерттеу үшін қажетті техникалық құралдар мен методикалардың жиынтығы.

Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады. Ғылымның түсініктілігі бір-бірімен тығыз байланысты аксиомалар, теоремалар мен тұжырымдардың қатаң логикалық құрылысымен түсіндіріледі. Түсініктер көп жақты құрылымға біріктірілген. Теория – бұл түсініктің кеңейтілген түрі. Кез келген ғылыми теория – Евклидтің не Н. И. Лобачевскийдің геометриясы, кванттық механика, не қазіргі заманғы космогония – түсініктердің қалыптасуының мысалы бола алады. Түсініктердің қалыптасуы – үздіксіз жүретін күрделі үрдіс. Әрбір ғылым белгілі бір заңдылықтарға бағынатын түсініктер жүйесі.

Ғылым кумулятивті үрдіс деп аталатын тек қана фактілердің жай жиынтығы емес. Фактілерді әдетте гипотеза мен теориялар арқылы түсіндіруге тырысады. Олардың ішінде белгілі бір кезеңде парадигмаға айналатын жалпыға ортақ немесе фундаменталды теория болады. Кезінде осындай парадигма ретінде Ньютонның аспан және жер денелерінің қозғалыс теориясы қарастырылды, өйткені, бұл теорияға нақты механикалық процестерді зерттеуші дерлік ғалымдар сүйенді. Дәл осылай, электрлік, магниттік, оптикалық және радиотолқындық процестерді зерттеуші барлық ғалымдар Д. К. Максвелл жасаған электромагниттік теорияның парадигмасына сүйенді.

Ғылыми революцияларды талдау үшін, ғылымға парадигма түсінігін енгізген америкалық ғалым Томас Кун (1922-1996 ж.) олардың ерекшелігін – бұрынғы парадигманың жаңа парадигмаға ауысуы, яғни зерттеліп отырған процестердің жаңа, терең және күрделі түріне ауысуын көрсетіп кеткен. Оның пікірі бойынша ғылымның дамуын екі кезеңге бөлуге болады:

- қалыпты кезең – бұл кезде ғалымдар парадигманы жеке, арнаулы сипаттағы мәселелерді шешуге пайдаланған;

-экстраординарлық кезең – жаңа парадигманы іздеу кезеңі.

Осындай қөзқараста жаңа парадигманың бұрынғы зерттеулермен ешқандай байланысы жоқ бола тұрып, оның өзінің пайда болуы түсініксіз болатыны сөзсіз. Шын мәнінде, парадигмаға қарама-қарсы аномалиялық фактілер мысалдарынан – анализ, бағалау сияқты процестердің ғылымның даму кезеңінде-ақ пайда болып жатқандығын байқауға болады. Сондықтан ғылымның дамуының көрсетілген кезеңдерін бір-біріне үзілді-кесілді қарама-қарсы қою негізсіз болып, бұл көзқарас көптеген ғалымдардың тарапынан қарсылыққа кездесті.

Ғылымды эмпирикалық тексеру немесе математикалық дәлелдемелерге негізделген дүние танымның ерекше рационалды әдісі деп таниды.

Таным – ойлауда шындықтың көрініс табуы, талдау мен елестету процесі, нәтижесінде дүние туралы жаңа білім пайда болады; 2) меңгерген білім мен тәжірибенің жиынтығы.

Таным үрдісі – сарқылмайтын құбылыс. Мұғалімнің таңдау мүмкіндігі мол кезде оның шығармашылығы кең өріс алады.

Ғылыми танымның нәтижелері түсініктерді қалыптастырумен аяқталады.

Ғылыми таным – өзінің негізгі мақсаттарымен, ең бастысы, жаңа білімді алу және тексеру әдістерімен сипатталатын зерттеу.

Ғылыми теория – ақиқатты тікелей емес, идеялық дәл бейнелейтін абстрактілі ұғымдар мен пайымдар (пікірлер) жүйесі.

Ғылыми танымның құрылымдық схемасын төмендегіше беруге болады: модельдік реалды тәжірибе  бақылау  ғылыми факт  эмпирикалық факт зерттеулер қорытындысын эмпирикалық деңгейде ойша тәжірибе  тәжірибе  қолда бар теориялық білімді қолдану  эмпирикалық жалпылау  бекіту жаңа түсініктерді оны тәжірибе арқылы тексеру гипотеза құру  олардың мәнін анықтау  терминдер мен белгілерді енгізу  қалыптастыру қажет оны тәжірибеде тексеру  теория ойлап шығару  заң шығару болған жағдайда қосымша гипотезалар жасау.

Сонымен біз ғылымның – бақылау, тәжірибе, гипотеза, теория және аргументтерден құралатындығын анықтадық. Өз кезегінде ғылымның мазмұнын қарастыратын болсақ, бұл – бақылау және тәжірибемен дәлелденген эмпирикалық жалпылаулар және теориялар жиынтығы. Сондай ақ, бұл жерде теория мен аргументтерді ойлап шығарудың шығармашылық процесінің тәжірибе мен бақылаудан кем рөл атқармайтындығын көрсету керек. Жоғарыда айтылғанның нәтижесінде ғылыми зерттеудің құрылымы өте күрделі деген қорытындыға келеміз.

Ғылыми-педагогикалық таным нәтижесі педагогикалық білім жиынтығы болып табылатын педагогикалық болмыстың мәні мен заңдылығын түсіну.

Педагогикалық үрдістің жеке тұлға мен қоғамның келелі мәселелерін шешуде өзіндік алатын орны бар. Оның қыры мен сыры, бүгіні мен келешегі тұрғысынан қарағанда ғылыми зерттеуді талап етуде. Қазіргі және болашақ мұғалімдер жоғары деңгейде кәсіби бірнеше құзыреттілікті игеруі қажет. Себебі, мұғалім мен студент қызметінің мақсаты жаңа талаптарға сай жауап беруінде болып тұр.

Ғылым – адамның өзі туралы және оның қызметінің мақсаты мен міндеттері, сыртқы әлем туралы білім қалыптастырып, теориялық жүйелейтін саласы; қоғамдық сананың бір түрі; ғылыми ілімнің педагогика, психология және т.с.с. жеке салаларын белгілеу үшін қолданылатын ұғым.

Ғылым – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған таным формасы.

Ғылым – таным процесінің ерекше формасы.

Ғылым – адам, табиғат, қоғам жөнінде жаңа (тың) білім алуға бағытталған зерттеу әрекетінің сферасы.

Ғылым – білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған.

Ол обьективті ақпаратқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғары нысаны.

А. М. Новиковтың пікірінше, ғылым, ғылыми-педагогикалық, индустриялдық, т.с.с. кез келген ғылым сияқты, адамның кәсіби қызметінің бір саласы болып табылады. Ғылымның бір ерекшелігі, егер адам қызметінің басқа салаларында ғылымнан алынған білім пайдаланылатын болса, ал ғылымда ғылыми білім алудың өзі басты мақсат болып табылады.

Ғылым жаратылыс, шынайы өмір туралы обьективтік білімді жинақтайтын және оны теориялық тұрғыдан жүйеге келтіретін адам қызметінің саласы ретінде айқындалады. «Ғылым» деген термин қысқа мағынасында пайдаланылып, «физика», «химия», «психология», «педагогика» сияқты ғылымның жекелеген салалары бөлінген.

Ғылым ұғымының астары өте көп. Ғылым туралы айтқанда, ең құрығанда, оның негізгі үш түрлі астарын ескермесе болмайды, олар:



  • Ғылым – әлеуметтік институт (ғалымдар қоғамдастығы, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызмет көрсету құрылымдарының жиынтығы);

  • ғылым – нәтиже (ғылыми білім жүйесі);

  • ғылым – үдеріс (ғылыми іс-әрекет).

Ғылыми шығармашылық – қоғамның материалдық және рухани өмірін жетілдіруде бұрын болмаған жаңа, соны заттар, шығармалар және т.б. өндіретін адамның танымға және шындықты түрлендіруге, дәлелдеуге бағытталған саналы, мақсатты белсенді іс-әрекеті. Шығармашылық тек адамға ғана тән. Ол өмірді мағынасын ұғады, жаңа шығармашылық жинақтау жасауды, жаңа идеялар көтерудегі зиялылық іс-әрекетті және оларды өмірге ендірудегі дене еңбегін біріктіреді. Әр түрлі іс-әрекеттің өзіне тән ерекшеліктеріне сай шығармашылық барысы да сан-салалы болады.

Мұғалім шығармашылығының оқушыларды дүниеге көзқарасын қалыптастырудағы және өмірге, еңбекке құлықтық-талғамдық қатынасын арттыру сияқты күрделі тәрбиелік міндеттерін шешуде ерекше мәні бар. Мұғалім шығармашылығының негізі теорияны терең білу, осы заманғы келелі мәселелердің мағынасын ұғу болып табылады. Ол оқу-тәрбие міндеттерін жоғары тиімділікпен шешілуінен ойлаудың томаға-тұйық еместігінінен, өз ойын сауатты баяндап беруінен, өзіне деген зор сенімнен көрінеді, осылайша оқушы бойындағы қоғамдық белсенділікті оятады.

Ғылыми-педагогикалық шығармашылық – педагогикалық ғылым мен тәжірибені дамытуға арналған жаңа құнды педагогикалық білімді табу және оны меңгеру.

Ғылыми ізденіс – ол зерттеу нысаны, оның көптеген ғылыми-педагогикалық мәтіндер мен құжаттардан алынған мәні, белгісі, айқындау қасиеттері мен түрі жөніндегі ғылыми ақпараттарды (заңдылығын белгілейтін мәліметтер, ғылыми фактілер және т.б.) мақсатты бағытта тарту немесе тәжірибелі-эксперименттік жұмыс барысындағы процесс.

2. Іс-әрекеттің адам өмір сүруінің жалпыға бірдей тәсілі ретінде қарастырылуы баршамызға белгілі.

Іс-әрекет – қоршаған ортаға адамның қарым-қатынас тәсілі, адам шығармашылықпен табиғатты қайта өзгертеді, сол арқылы өзін-өзі іскер субьект ретінде көрсетіп, ал олардың меңгерілетін табиғат құбылыстарын өз қызметінің обьектісіне айналдыратын үдеріс. Әрбір әрекетке сәйкес келетін өзіндік жеке мақсаты немесе міндеттері бар ең кіші бірліктерінен тұрады. Оған мақсат, себеп, тәсілдер, шарттар және нәтиже кіреді:

Іс-әрекет –адамның айналадағы өмірмен белсенді қарым-қатынасқа түсуі. Оның барысында мұғалім нысанаға мақсатты түрде әсер етеді және өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын субьект ретінде танылады

Педагогика – дамып отыратын ғылым. Оның алдында тұрған көпетеген міндеттерді шешу үшін арнаулы зерттеулерді одан әрі жүргізе беру керек.

Педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар: жаңа ғылыми жаңалықтардың өмірге келуі, оның өмірге қажеттілігі, оқу-тәрбие жұмысының сапасын көтеруге ықпалы; болашақтағы зерттеулерге негіз болу; болжамның тәжірибе жүзінде дәлелденбеуінің өзі де оның тиімді жолдарын іздестіруге мүмкіншілік береді.

Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Мұғалімдердің ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгеруі педагогикалық үдеріс нәтижесі сапасының жоғары болуына ықпал ететіндігі айтыс тудырмайтыны анық.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесіне қойылатын талаптар: қоғамдық мәнділігі; ғылыми жаңалығы; теориялық және тәжірибелік мәні; ғылыми анықтылығы; қорытынды және нұсқауларының өмірге қолдануға мүмкіндігі, түсініктілігі; мектеп өміріне тез енгізу мүмкіншілігі.

Ғылыми-педагогикалық зерттеулердің тиімділігінің негізгі өлшемдері:



  • жаңа ғылыми нәтиже алу;

  • теориялық білімді жетілдіру;

  • оқу-тәрбие удерісін жетілдіруге ықпалы;

  • ғылым мен дамуға болжам жасау.

  • Зерттеу міндеттерінің орындалуы.

Тәжірибеде педагогикалық үрдістегі ақиқат пен дүниені тану мен ғылыми зерттеулердегі ақиқат арасындағы дүниені тануда шатастыру жиі кездеседі. Сондықтан ғылымдағы таным үрдісі мен оқушылардың (студенттердің) танымдық үрдісіндегі айырмашылықтары мен ұқсастықтарына жете көңіл бөлген жөн. Ол ғылыми-педагогикалық зерттеулердің пәнаралық тұтастығын қамтамасыз етуге ғылыми-зерттеушілік қызметтің сапасын жақсартуға, түпкілікті нәтижесіне бағдарлануына ықпал етеді.

Таным үрдісінің ұқсастықтары:



  • олар үнемі ақиқатқа жақындау үрдістері;

  • олар диалектикакалық, үздіксіз дамуда болады;

  • таным қозғалыстарының негізіне қарама-қайшылықтар болуы;

  • таным әдісінің құрылысы бірдей, нақты пайымдауға, абстрактілік ойлаудағы және тәжірибедегі өзара алмасуы көрсететін жалпы жолдары;

  • әдіснамалық негіздері бірдей;

  • таным-қоғамдық-тарихи категория.

Ғылымның танымдық әрекетінің өзіне тән ерекшеліктері бар:

  • таным үрдісінің ғылымдағы нысанасы белгісіз құбылыстар;

  • қандай да бір ғылыми жаңалықтың ашылуы;

  • ғалымның танымын эксперимент, ғылыми ойлау, сараптау, қателіктер, теориялық пікірлер құрайды;

  • тұлға аралық өзара әрекеттің көбіне көмегінсіз таниды;

  • ғалымдар жаңалықты алғаш таниды;

  • ұзақ ғылыми ізденісті қажет етеді.

Оқушылардың танымдық әрекетінің ерекшеліктері:

  • оқушылар (студенттер) бұрыннан белгіліні жаңалық деп қабылдайды;

  • оқушылардың таным үрдісі қалыпты жағынан үнемдірек;

  • таным үрдістері олардың жас мүмкіндіктері мен ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылады;

  • таным үрдісі тек білім берушілік емес, тәрбиелеушілік, дамытушылық сипатта болады;

  • мұғалімнің бағыттауымен жүргізіледі;

  • оқушылардың (студенттердің) оқуды әрі қарай жалғастыруға және өз бетінше еңбек әрекетіне дайындалуына қажетті іскерлік пен дағдыларды игеруіне жол ашады;

  • білмеуден білуге қарай қадам басуы.

Демек, ғылым обьективті жаңаны, ал оқушы субьективті жаңаны таниды.

Басқа ғылым салаларына қарағанда, педагогикалық зерттеулердің қорытындысы, негізінен, мектептер мен жоғары оқу орындарына ғылыми-практикалық мәні бар ұсыныстар енгізгеніне байланысты бағаланады.

Жан-жақты ғылыми зерттелген материалдарды оқып білу арқылы мұғалім өзінің ұстаздық жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға, шәкірттеріне сапалы да тиімді білім беру еді. Мектеп өмірінің күнделікті іс-тәжірибесіне ғылыми-педагогикалық тәуір зерттелімдерін неғұрлым молырақ пайдалана білу мұғалімнің кәсібилігінің көрінісі, оның бүгінгі күн талап деңгейінен көрінуі, өскелең өмір заңымен үлесе алуы деген сөз.

Ғылым инновациялық үрдістің бастапқы буыны болып келеді.

Қазіргі уақытта әлемдік стандарттар деңгейінде ғылыми зерттеулерді жүргізуге дайындалған, қазіргі әдістерді, ғылыми зерттеулердің менеджментін қолдана білетін, ғылымның өзекті сұрақтарын шешуге және жаңа технологияларды құруға қабілетті мамандарды талап етеді.

Қазіргі заманғы ғылымның ерекшеліктері



  • зерттеу бағдарламаларының кешенді қолданылуы;

  • әр түрлі ғылымдар принциптері мен әлемнің жеке ғылыми бейнелерінің өзара әрекеттесуі

Педагог тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы зерттеу іс-әрекетінің орны ерекше.

Болашақ педагогтардың ізденіс, зерттеу іс-әрекетіне қызығуын дамыту-студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі міндеті.

Педагог-зерттеушінің жетістікке жетуі өзінің жеке тұлғасына байланысты.

Ғылым үлкен еңбекті, жұмысқа қабілеттілікті қажет етеді. Ғылым – бұл үздіксіз ізденіс, ой-пікірлердің тоғысуы.

Педагогикалық зерттеу – бұл адамдармен жұмыс, жауапкершілік, адамдардың жан дүниесін түсіне білу, көмек көрсетуге ұмтыла алуы, шыдамдылық, ұстамдылық зерттеушіге қажетті компоненттер.

Зерттеуші өз кезегінде адамдардың назарында болады.

Қазір оқу үрдісін ұйымдастыру үстінде студенттердің өздігінен жұмыс істеуіне, өз мүмкіншілігіне сендіре білуіне, күнделік ғылыми-педагогикалық және саяси ақпараттың зор тасқынымен дұрыс бағдарлас болуына ерекше назар аударылуда.

Басқа ғылым салаларына қарағанда, педагогикалық зерттеулердің қорытынды, негізінен, мектептермен жоғары оқу орындарына ғылыми-практикалық мәні бар ұсыныстар енгізгеніне байланысты бағынады.

Бұған оқу-тәрбие тәжірибесінен алынған монографиялар, кітапшалар, оқу-әдістемелік және көрнекі құралдар, оқулықтар мен оларға қосымша құралдар, ғылыми баяндамалар, мақалалар, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік талдамалары жатады. Мұндай жан-жақты ғылыми зерттелген материалдарды оқып білу арқылы мұғалім өзінің ұстаздық жұмысын шығармашылықпен ұштастыруға, шәкірттеріне сапалы да тиімді білім беруіне әсерін тигізері хақ.


    1. Жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс

Зерттеуші мен білім беру саласындағы қызметкерлер (мұғалімдер, тәрбиеші, психолог т.б.) іс-әрекетінің мақсатында өзгешеліктер болады.

Мұғалім оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде жоғары көрсеткішке жетуге ұмтылса, зерттеуші жаңа ғылыми білім алуға, қандай жағдайда көрсеткіш жоғары болатындығын түсіндіреді және болашаққа болжам жасай алады. Сонымен қатар, зерттеуші, әдетте, педагогикалық процестің бір аспектісін қарастырса, мұғалім, тәрбиеші, білім беру мекемесінің директоры өз жұмыстарында педагогикалық үдерістің барлық жақтарын кешенді тұрғыдан қарастырады.

Мысалы, оқушының өзін-өзі бағалауы.

Педагог қызметкердің практикалық және зерттеу қызметіндегі айырмашылықтарды бейнелеуге болады.





Жеке ғылыми қызметтің ерекшеліктері

Ғылыми қызметті ерекшеліктеріне байланысты жеке және ұжымдық ғылыми жұмыс деп қарастыруға болады.


    1. Ғылыми жұмыстың мақсатының анық болуы.

Кәсіби қызметке тән еңбектің бөлінуі ғылымда да болады. Ғалым ғылымның барлық мәселелерімен айналысуы мүмкін емес. Ол педагогика ғылымына да тән. Зерттеуші өзінің нақтылы ғылыми жұмысының бағытын анықтап алуы керек. Соған сәйкес мақсатына жетуге әрекет жасалынады. Зерттеу барысында қызықты әртүрлі құбылыстар және құнды деректер кездеседі. Зерттеуші өзінің барлық қабілетін тек қана зерттеп отырған мәселесіне шоғырландыруы қажет.

Ғылыми жұмыс бұрын зерттелінген еңбектерге негізделеді. Мәселеге байланысты осы уақытқа дейін не істелгенін және ғылыми әдебиеттерде не жазылғанын зерттеу керек.

Зерттеуші ғылыми атауларды меңгеруге және өзінің ұғымдық аппараттарын анықтай отырып, олардың мазмұнына тоқталады.

Ғылыми жұмыстың, зерттеудің нәтижесі міндетті түрде жазбаша (есеп, баяндама, мәнжазба, мақала, кітап т.б.) түрде беріледі. Оның екі себебі бар:



  • автор өзінің идеясын және зерттеу нәтижесін ғылыми тілде жүйелі баяндайды. Ауызша сөйлеуде жүйелілік, бірізділік сезіле бермейді;

  • ғылыми жұмыстың мақсаты зерттеу нәтижесі жаңа білімді адамдарға жеткізу.

Сондай-ақ, ғылыми басылымдардың саны мен көлемі зерттеушінің көрсеткіші ретінде қарастыралады. Сондықтан бұл бағытта да тұрақты жұмыс жүргізіледі.
жүктеу 3,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау