185
2010 жылы ҚХР экономикасы ЖІӨ номиналдық өсімі бой-
ынша əлемде Жапониядан асып өтіп 2 орында жəне сатып алу
қабілеттілігінде ЖІӨ бойынша 2 орында болды. 1980 жылдан ба-
стап Қытай экономикасы жылына орташа 15% өсіп келе жатты,
ал 90-жылдары экономикалық өсім жылына 8%-ға
дейін өсімі
ақырындады, бірақ ҚХР 2001 жылы əлемдік сауда ұйымына кіруіне
байланысты тікелей инвестициялар құйылуы жəне экспорттың
кеңеюі жаңа жетістіктерге жол ашты. Нақты деректер бойын-
ша Қытайдың ЖІӨ 2003 жылы 10%-ға өсті, ал сыртқы сауда
көлемі 2005 жылы 23%-ды құрады. Елдің экономикалық өсімінің
жарқын көрінісі ол энерготасымалдаушылардың қолданысы. Мы-
салы, 1960-шы жылдан бастап Қытайда 40
жылда мұнай пайда-
лану 25 есе өсті, 2005 жылы ҚХР мемлекеттік статистика дерегі
бойынша 300 млн тонна. ОПЕК дерегі бойынша Қытайда күніне
6,5 млн баррель мұнай тұтынады екен, ал жылына 170 млн тонна
тұтынады. Экономикалық өсімді есепке ала отырып болжам бой-
ынша Қытайға 2020 жылы 450 млн
тонна мұнайды тұтыну им-
порты қажет болады, ал 2025 жылы 710 млн тонна мұнай көлемі
қажет болады. ҚХР-да табиғи газды тұтыну 50 млрд куб.м. Бол-
жам бойынша 2020 жыл табиғи газ тұтыну болжаммен 200 млрд
куб.м. құрайды.
Қазіргі таңда ҚХР−да 4 арнайы экономикалық аймақ бар –
Шэнь чжэнь, Чжухай, Шаньтоу, Сямэнь, 14 еркін сауда (алым-
сыз) аймағы, 53 жоғарғы жəне жаңа технология аймағы, 70-ке
жуық шетелде білім алуған мамандар үшін ғылыми-техникалық
аймақ, 38 экспортқа бағытталған өнімдерді
қайта өңдейтін аймақ
бар.
Қытайдың арнайы экономикалық аймағының төртеуінің
үшеуі – Шэньчжэнь, Чжухай, Шаньтоу – Гуандун провинция-
сында орналасқан. Осы аймақтардың арқасында Гуандун провин-
циясы Қытайда электроника, тамақ,
фармацевтикалық өнімдерін
жəне тұтыну техникаларын өндіру бойынша алдыңғы орында.
2011 жылы барлық Қытайлық жиында ҚХР мемлекеттік кеңес
премьері Вэнь Цзябаоның айтуы бойынша Қытайдың бюджеттік
тапшылығы 150 млрд юаннан (22,8 млрд доллар) – 900 млрд
юаннға (136 млрд долларға) дейін қысқарды. Қытай қаржы
министрлігінің бюджеттік жобасы бойынша 2011 жылы орта-
лық бюджеттің жалпы табысы 4,736 трлн юанды (720 млрд дол-
13–1540
186
лар), ал шығыс бөлігі 5,436 трлн юанды(827 млрд долларды)
құрады.
ҚХР-да статистика дерегі бойынша халық саны 1,4 млрд−қа
жуық.
ҚХР экономиканың
мемлекеттік емес секторы, кіші жəне
орта кəсіпорындарды қоса алғанда экономикалық дағдарыстан
үлкен қарқынмен дамып шықты. Қытай экономикасының жеке
секторының қарқында дамып келе жатқанына статистика дерегі
куə болып отыр.
Қазіргі кезде мемлекеттік емес кəсіпорындар басты жұмыспен
қамтушы болып табылады. Жұмыспен қамту үлесі 1978 жыл-
дан бері 40%-дан 2008 жылы 84%-ға дейін өсті,
осыған орай
мемлекеттік сектор 16% қысқарды. Мемлекеттік емес сектор 2007
жылы ҚХР мемлекеттік бюджетіне 80% салықтық түсімдерін
құрады.
Қытайда 2009 жылы ең ірі 500 жеке кəсіпорын құны 4,74
трлн. юань тұратын өнім өндірді, 2008 жылға көрсеткішпен
салыстырғанда 15% өсті.
Достарыңызбен бөлісу: