|
Оқулық Алматы, 2019 ӘОЖ: 336. 71 (075. 8) Кбж
|
бет | 20/37 | Дата | 27.10.2022 | өлшемі | 150,33 Kb. | | #39884 | түрі | Оқулық |
| Инвестиция негіздеріИнвестициялық декларация инвестициялау мақсаттарын, стратегиясын, бағыттарын, тәуекелдерді басқару саясатын, баға- лы қағаздардың әр түрі бойынша бағалы қағаздар портфелін әртараптандыру нормаларын және қордың инвестициялық жобаларға қатысуын тоқтату шарттарын белгілейді. Қордың Инвестициялық декларациясын Қазақстан Республикасының үкіметі бекiтедi.
Қазақстан инвестициялық қорының жарғылық капита-лын республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен акцияларға олардың нақтылы құны бойынша төлеу арқылы ҚР-ның Үкiметi қалыптастырады. Жарғылық капиталын ұлғайтуға Қордың жал- ғыз акционерiнiң шешiмі бойынша жол беріледi және акция- ларды ҚР-ның заңдарына сәйкес шығару мен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ оның орналастырылатын акцияларын төлеуге ақша ғана салынуы мүмкiн. Қордың таза кiрiсi оның жылдық есебін бекiту қорытындысы бойынша резервтік капиталды қалыптастыруға ғана жұмсалады. Резервтiк капиталды бөлу тәртiбін жалғыз акционер белгілейді.
Қор өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшін ҚР-ның заң актiлерiнде көзделген негiздер бойынша және тәртiппен жауап береді.
«Қазақстан инвестициялық қоры туралы» ҚР-ның заңдарын бұзу қордың, мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың ара- сында туындайтын даулар ҚР-ның заңдарына сәйкес шешіледі.
Қазақстан инвестициялық қорының тұжырымдамалық ережелері:
Қор акциялардың 49%-ке дейінгі бөлігін сатып алуымен, жобалардың тікелей инвесторы болады.
Инвестициялық жобалардың табысты іске асырылуы мақса- тында жобаның орындалуына тиісті ұйымдастыру деңгейін қам- тамасыз ететін, жобаның техникалық-технологиялық жақтарын жүзеге асыру үшін маркетингтік және технологиялық жеткілікті тәжірибесі бар, сондай-ақ акциялардың 50%-тен астамын бақылайтын стратегиялық инвесторлары (бір инвестор немесе инвесторлар тобы) бар, кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысқаны неғұрлым тиімді болады.
Қор және басқа акционерлердің тараптарынан кәсіпорынның жарғылық капиталына салынатын инвестиция жобаны іске асырудың түрлі сатыларында қаржыландырудың басқа көзде- рімен де ұштастырылуы мүмкін, соның ішінде листингтен өт- пеген облигациялар, банктік займдар, бірлестірілген займдер, лизингтер және мерзімі ұзартылған төлеммен сатып алу, экс- порттық несие агенттіктерінің қатысуымен алынатын несиелер.
Қазақстан инвестициялық қоры инвестор ретінде кәсіп- орынның жарғылық капиталына қатыса отырып, жобаны іске асыру барысындағы, тәуекелдер мен тиімділіктерге ортақтаса- ды. Қор тәуекелдерді барынша азайтуға ықпал ете отырып, осы өңірдегі мемлекеттік мекемелермен және басқа да инвестицияға қатысушыларымен өзара қызметті үйлестіреді.
Жоба іске асырылу сатысынан өтіп, сатылым мен өндіріс тұрақты деңгейге жеткен кезде Қазақстан инвестициялық қоры өзінің үлесін стратегиялық серіктестеріне, басқа акционерлерге және портфельдік инвесторларға сату жолымен жобадан шыға- ды.
Қазақстанда және әлемнің басқа елдеріндегі салаларды дамы- ту беталысын талдау негізінде, бәсекеге қабілетті салалар мен кластерлерді құру мақсатындағы инвестициялаудың басымды бағыттары анықталды, атап айтқанда:
ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу (консервілік, жүнді және мақтаны қайта өңдеу өнеркәсібі мен басқа салалармен бірге агроөнеркәсіптік кешен);
құрылыс материалдарының өндірісі (алғашқысынан бас- тап құрылыс материалдарының әрлеу мен қаптауына дейінгі өндірісіне дейін);
әйнек өнеркәсібі;
химия және мұнай химия өнеркәсібі;
металлургия;
машина жасау;
орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;
балық өнеркәсібі;
энергетика және көлік инфрақұрылымы.
Қазақстан инвестициялық қорының қызметі құрылымды құрайтын мәні бар және экономикалық кластерлерді жаңадан құру мен құрастырылғандарын толықтыруға жағдай жасайтын ірі, келешегі бар маңызды жобаларды кезеңмен қаржыландыру- ға ауыстырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|