қызметшілердің жұмысын төлеу үшін, 2 млн теңге кадрларды дай-
ындау мен қайта дайындауға жұмсалды.
Алматы қаласының кэсіпкерлік пен өнеркэсіп басқармасының
деректері бойынша, оңтүстік астанада (2011 ж. 22 ақпанына қарай)
2137 жұмыс орны сақталған жэне қарқынды индустриялық-
инновациялық даму аясында 2460 жаңа жұмыс орны құрылған.
Тұтастай алғанда статистикалық ресми деректер бойынша
Қазақстанның еңбек нарығыда экономикалық белсенді халықтың
деңгейі 2010 жылдың соңында 8,65 млн. адамды күрады, оның
ішінде шағын жэне орта бизнестегілер - 2,15 млн. адам немесе
24,8%, шағын бизнестегілер - 0,55 млн адам, орташа кәсіпкерлік
ұйымдарында - 0,42 млн адам, жеке кәсіпкерлікте - 0,73 млн адам,
шаруа қожалықтарында - 0,45 млн адам болды. ЕӘҚМ (Еңбек жэне
әлеуметтік қорғау министірлігі) мүгедектер, мүгедек балаларды
тәрбиелеуші ата-аналар, баланы күту жөніндегі демалыста жүрген
әйелдер үшін өнімді еңбекпен қамтылу қолжетімділігін кеңейтуді
көздеп отыр. Бұл еңбекпен қамтылудың айрықша жағдайларын
қажетсінетін адамдарға қатысты. «Еңбекпен қамтылу - 2020»
толықтырылған бағдарламаға сәйкес ЕӘҚМ-нің еңбек нарығын
реттеу жөніндегі екінші қадамы еңбекпен қамтылу арттыру мен
жұмыссыздықты төмендету мэселесінде аймақтық тепе-теңсіздікті
азайту болып табылады. Жұмыс істейтін халықтың кэсіби ісінің бүкіл
жалғасы бойында жұмыс істейтін халықтың еңбек қабілеттілігін
сақтау, оның үшінші қадамы болып табылады. Еңбекпен қамтылған
халықтың «Еңбекпен қамтылу 2020» бағдарламасына ішкі астары
жағынан тэн әлеуметтік қорғау жүйесін құру бесінші қадамы бо
лып табылады. ЕӘҚМ-нің алтыншы қадамы халықтың мақсатты
бөлігінің еңбек белсенділігін арттыруға өту болып табылады.
Осылайша, Қазақстанның еңбек нарығында оның (барлығы
16,8 млн) халқының тең жартысынан астамы бар, соның ішіндегі
жұмыссыздар саны 530 адамды құрайды және 5-6% шегінде ауытқып
отырады, ғалым-экономистердің пікірінше, бұл жол берілетін нор
ма болып табылады. 2013 жылдың қаңтарында ҚР Статистика
жөніндегі агенттігінің деректері бойынша жұмыссыздар саны 488,1
мың адамды немесе
5,4%, құрайды, экономикада 8,5 млн адам
еңбекпен қамтылу болды. Қазір мемлекеттік билік органдарының
өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етуші деп аталатын халықпен бай-
ланысты қабылдаған шаралары еңбекке жарамды халықтың жал-
156
пы санындағы еңбекпен қамтылғандар үлесінің артуына ғана емес
халықтың кейбір бөлігінің жағдайы жақсартуына да алып келуі тиіс.
Бұл санатқа ауық-ауық атқарар жұмысы болып тұратын адамдар
немесе денсаулығына байланысты жүмыс істей алмаған адамдар
жатады. Бұл мәселенің шешілуі халықтың еңбекпен қамтылуы ту-
ралы статистикалық деректер шынайлығының күмэнділігі туралы
әңгімені тоқтатар еді. ҚР МИНТ алдын ала есебі бойынша ИИДҚ
МБ алдына қойылған міндеттердің іске асырылуы 1,5-1,7 млн-
нан астам қосымша қызметкерлерді, бұл орайда тек жұмысшылар
мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді ғана емес, белгілі бір
жүмысшы жэне инженерлік білігі бар адамдарды қажет ететін бо-
лады. Сондықтан Қазақстанның кәсіптік білім беру, орташа кәсіптік
және жоғары мектебі қызметінің жүйесін қайта құру қажет.
Қысқаша қорытындылар:
1. Халықтың еңбекпен қамтылуы жэне еңбек нарығы - ха-
лықты әлеуметтік қорғаудың маңызды мэселелері. Осыдан келіп,
мемлекеттік билік органдары 2007-2009 жылдары қаржылық-
экономикалық дағдарыс кезеңінде де, дағдарыстан кейінгі кезеңде
де жүмыссыздық деңгейін төмендетуге жэне кәсіпкерлер мен ор
таша бизнес түріндегі жұмыс берушілер санын арттыруға ұдайы
көңіл бөліп отырды.
2. Мемлекеттік билік органдары қызметкерлердің еңбекке қа-
білетілігінің сұранысы мен ұсынысының қалыптасуына түрлі ме-
ханизмдер арқылы ықпал етіп, оларды оқыту, мүдделерін қорғау
арқылы еңбекпен қамтылу таңдауын жасауға мүмкіндік береді,
еңбекақы төленуін реттеу жэне басқа да шаралар арқылы еңбек
нарығын реттеп отырады
3. Қазіргі кездегі Қазақстан статистика деректері бойынша,
жұмыссыздық деңгейі томен жэне өзін-өзі жұмыспен қамтушылар
деңгейі жоғары, шамамен еңбекке қабілетті халықтың ширегіне
жуығы шағын жэне орташа бизнеспен айналысатын елдердің
бірі. Сонымен қатар ИИҚЦ Мемлекеттік Бағдарламасына сэйкес
таяу жылдары инженерлік-техникалық біліктілікке ие 1,5 млн-нан
астам қызметкерлер қажет, бұл қалайда өнімді жұмыспен өзін-өзі
қамтамасыз ететіндер деңгейін төмендететін болады.
157
Н егізгі терм индер мен үғы м дар:
• өзін-өзі жұмыспен қамтушылар
• жұмыспен толықтай емес қамтылу
• жұмыспен жасырын қамтылу
• еңбек еркіндігі
• старттық жағдайлар
• еңбекпен қату бағдарламасы
• еңбек нарығын бәсең реттеу
• еңбек нарығын белсенді реттеу
• еңбекке орналастыру
• еңбек қатынастары
Сүрақтар мен оқу тапсырмалары:
1. Өзінің бір сұхбатында Еңбек жэне әлеуметтік қорғау министрі
2020 жылға қарай өзін-өзі жұмыспен қамтушылар проблемасы толық
шешілетін болады деп мәлімдеді. Нарықтық экономика жағдайында
бұлай мэлімдеу дұрыс па? Өз көзқарасыңызға негіздеме беріңіз.
2. Мемлекет реттейтін еңбек нарығының параметрлерін са-
наңыздар. Сіз қай параметрлерді ұсынар едіңіз жэне неліктен?
3. Еңбек нарығындағы мемлекеттік саясаттың белсенді жэне
бэсең формаларын атаңыздар. Билік органдары үшін олардың ара-
ларында өзара байланыс бар ма? Егер - иэ болса, өз аргументтеріңіз
бен дәлелдеріңізді келтіріңіз.
4. Біздің кейбір азаматтарымыз Статистика жөніндегі агенттігі
көрсететін сандардың дұрыстығына күмэнданады. Бұл күмэндар
неден туындап отыр?
Жаттығу:
Келтіріліп отырған деректер негізінде еңбек нарығының көр-
сеткіштерін талдаңыз. ҚР Үкіметі жұмыссыздық деңгейінің төмен-
деуіне қалайша қол жеткізгенін түсіндіріңіздер.
158
Достарыңызбен бөлісу: |