ланысты зиянды заттардың жол берілетін шығарылу нормативтері
белгіленеді. Сондай-ақ жол берілетін шекті концентрацияның
(ЖШК) нормативтері қолданылады. Санитарлық-гигиеналық ЖШК
адамдар өмірінің гигиеналық жағдайларына қолайлы болатын ауа
тазалығын барынша жоғары деңгейде сақтауға бағытталған. ЖШК-
мен қатар, деңгей жол берілетін нормалардан асып кеткенін жэне
ластану деңгейін азайту шараларын шұғыл қолға алу керектігін
көрсететін - ластанудың шекті деңгейі де пайдаланылады. Бұл
көрсеткіш көп ретте Алматы, Өскемен жэне т.б. қалалары бойынша
қыскы мезгілдерде бұкаралык ақпарат құралдарында келтіріледі.
Табиғатты пайдалануды мемлекеттік реттеудің экономикалык
тэсілдері
табиғатты
ақылы
пайдалануды
енгізумен
және
оны кеңейтумен, қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппүл
белгіленуімен, оны «жасыл» салық деп атайтын экологиялык
салықтың, экологиялық сақтандырудың жэне т.б. енгізілуімен
айқындалады.
Соңғы онжылдықта табиғат ресурстарын пайдалануға және
оныңтөңірегіндегі эзірлемелерге қатысты салалардағы монополияға
қатысты мемлекеттік реттеудің салмағы барған сайын артып келеді.
Монопоиялық өндірістік кәсіпорындар мен фирмалар өндіріс
шығындарын жеңілдету жэне монополиялық рентаға ие болу
мүддесі тұрғысында табиғи ортаны қалпына келтіру проблемасы-
нан аулақ болу үшін заңды айналып өтуге тырысып, мемлекеттік
жэне жергілікті деңгейлерде өз мүдделерін тықпалауда.
Мемлекеттік реттеудің келесі тәсілі қаржылық емес тэсілдер
болып табылады. Соңғыларын мемлекет ақпараттық жүйе арқылы
пайдаланады, сол арқылы халыққа табиғатты аялаудың маңызы мен
қажеттілігі түсіндіріледі. Көптеген қаржылық емес тәсілдер, мыса-
лы, экотуризм енді-енді ғана туындап келеді жэне зор танымалдыққа
ие болып келеді.
13.3. Табиғатты қорғау қызметін мемлекеттік реттеудің
механизмдері мен тетіктері.
Қазақстан
Республикасының нарықтық экономикаға енуі
Экономикалық ынтымақтастық пен даму үйымы қысқа да нүсқа
мағынада - «Ластаушы төлейді» деп қалыптастырып енгізген
механизмді айқындады.
180
Сонымен қатар елдердің бэсекеге қабілеттілік үшін жанкешті
күресінде табиғатты қорғау қызметін мемлекет тарапынан субсиди-
ялау қажеттігі объективті түрде пісіп жетілді.
Табиғатты қорғау қызметін мемлекеттік реттеу механизмінде
эдетте тетіктердің екі тобы:
1) Табиғатты қорғау қызметіне бағытталған тікелей мемлекеттік
шаралар;
2) Макроэкономикалық саясаттың жанама ықпалы бөліп
көрсетіледі.
Табиғатты қорғау қызметіне макроэкономикалық саясаттың
жанама ықпалы соңғысының сипатына байланысты. Қазақстан
Республикасының тэжірибесінен туындаған нэрсе шетелдік инве-
стицияларды көтермелеу экологиялық тұрғыда қауіпті өндірістің
одан әрі кең ғанат жаюына әкеп соғуына (мысалы, Каспий теңізінің
жағалуындағы суды игеру мен тюлендердің өлі денелсрі) әкеледі.
Мемлекеттік билік органдарының тікелей эсер ету тетіктеріне
қазіргі кезде келесі элементтерді:
а) табиғат кадастрларын;
б) табиғатты ақылы пайдалану тәжірибесін енгізу мен кеңейтуді;
в) қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдерді енгізуді, эко-
логияны қорғаушыларды салықтан босату мен басқа да салықтық
жеңілдіктерді;
г) экологиялық таза өнімге көтерме баға белгілеуді, экологиялық
қолайсыз тауарлар мен қызметтердің бағасын төмендетуді;
д) экологиялық сақтандыруды;
е) қоршаған ортаны ластауға құқықтың сатылуын;
ж) мемлекеттік жэне жергілікті билік органдарының субсидия-
лар жүйесін;
3) табиғатты қорғаудың негізгі өндірістік қорларды амортизаци-
ялау нормаларын жатқызады.
Табиғатты қорғау қызметінде кадастрлар жүйесі маңызды рөл
атқарады. Табиғи ресурстардың кадастры - табиғи ресурстың сапа-
лық және сандық көрсеткіштерін, табиғатты пайдаланушылардың
құрамы мен сапасын сипаттайтын экономикалық, техникалық жэ
не ұйымдық көрсеткіштердің жиынтығы. Кадастрлар мәліметтері
табиғи ресурстардың күнын бағалау, қоршаған ортаны рекреаци-
181
ялау мен сауықтыру жөніндегі шаралар жүйесін анықтауға арнал-
ған база болып табылады. Қазақстанның кадастрлар жүйесіне:
жер кадастры, пайдалы қазбалар жер қойнауларының кадастры,
орман кадастры, су кадастры, Сирек кездесетін жануарлар мен
өсімдіктердің қызыл кітабы, ұлттық саябақтарды, табиғатқорық-
тары мен ескерткіштерін қамтитын табиғи қорықтық аумақтар тіз-
бесі енеді.
Табиғи ресурстарды рационалды пайдалану объективті түрде
табиғатты пайдаланудың ақылы болуына алып келді. Әртүрлі
елдердің тәжірибесі төлемдердің келесі түрлерін:
- табиғи ресурстарды пайдалану, қайта жаңғырту мен күзетуге
төлемді;
- жер үшін төлемді;
су ресурстарын пайдалану үшін төлемді;
жануарлар элемі үшін төлемді;
орнын толтыру, көтермелеу жэне экономикалық ретінде көрініс
беретін қоршаған ортаның ластануы үшін төлемді айқындады.
Табиғи ресурстар үшін төлемдер жүйесіне сонымен қатар
айыппұлдар мен санкциялар енеді. Оларды билік органдары жерді
топырақты бүлінетіндей өңдегені, топырақты, ауа мен су аясын улы
материалдармен ластағаны жэне т.б. үшін салады.
Мемлекеттің табиғатты қорғау қызметінің тетіктеріне сондай-ақ
табиғатты қорғау мақсатында пайдаланылатын негізгі қорлардың
(ЖЭО-на сүзгілер мен т.б.басқалар) жедел амортизациясы,
табиғатты қорғау қызметін жеңілдікті несиелеу мен субсидиялау,
табиғатты пайдалануға жүмсалатын күшті, сондай-ақ тауарлар мен
қызмет көрсетулерді есепке ала отырып бағалар жүйесін белгілеу
де жатады.
Киото Келісімінің негізінде әлемдік тэжірибеге ластауға қүқық
сату енгізілген, бұл олар келтіретін экологиялық зиян ескеріле оты
рып кэсіпорындардың шығындарын оңтайландыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны ластауға қүқықтарды сату қоршаған ортаны ла-
стайтын зиянды қалдықтардың шығарылуына лимиттің енгізілуіне
негізделген. Қоршаған ортаны ластайтын қалдықтардың артуы
айыпкүл санцияларын туындатады. Егер өндірісті қосымша кеңейту
мен арттыру зиянды қалдықтардың ауа шығарылу көлемін арт-
тырса, онда кәсіпорын тазартқыш қүрылғыларын жетілдіруге не-
182
Достарыңызбен бөлісу: |