Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет44/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68

4) 
елдің  азық-түлік  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етумен,  яғни  ха- 
лықтың  аштық  жанжалының  өршуін  немесе  ауылшаруашылығы 
өндірісіндегі  экожүйенің  деградациясы  мен  экологиялық  қауіп- 
сіздіктің  төмендеуін  туындататын  жүйесіз  немесе  бақылаусыз 
ұлғаюды болғызбаумен айқындалады.
Осы  жэне  басқа да  функцияларды  жүзеге  асыру  үшін  мемлекет 
рационалды  протекционизм  саясатын  пайдаланады.  Мемлекеттер 
өзінің эконмикалық саясатында Ауылшаруашылықтың дамуына ба- 
сым назар аударуы жэне жан-жақты қолдау көрсетуі, сондай-ақ оған 
қызмет  көрсетумен  айналысатын  салаларда  қайта  жаңғыртылуды 
сенімді қолдауы тиіс.
Егіншілікті дамыту саласындағы  бүгінгі негізгі  бағыттар: 
елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз  ету; 
еңбек өнімділігін арттыру;
-  өсімдік  шаруашылығы  мен  мал  шаруашылығында  өндірілген 
өнімнің сыртқы және  ішкі нарықтағы бәсеке қабілеттілігін;
-  аграрлық  сектордағы  экспорттық  элеуетті  ұлғайту  болып  та- 
былады.
Мал  шаруашылығын дамытуда:
-  өнімдік  сапаға қол  жеткізу үшін  мал  шаруашылығында  селек­
ция бағдарламасын іске асыру;
етті түқымды мал санын арттыру;
қайта жасақталған  асыл  тұқымдық  сапаға  жауап  беретін  жем- 
шөп базасын жасау жөніндегі кешенді  шараларды қолға алу;
-  асыл  тұқымды  мал  шаруашылығын  дамыту  арқылы  еңбек 
өнімділігін арттыру сияқты  негізгі  бағыттарды  атауға болады.
АӨК-ті  дамытудың  аталған  бағыттарынан  туындата  отырып, 
мемлекеттің күқықтық, экімшілік, экономикалық жэне ұйымдық ме- 
ханизмдер  арқылы  суармалы  егіншілікті  дамыту  үшін  минералдық 
тыңайтқыштарды  өндіру,  элиталық  түқым  сүрыптау  жэне  асыл 
тұқымды  өркендету,  ветеринария  мен  өсімдік  ауруларымен  күрес 
ісі  үшін,  сондай-ақ  АӨК  үшін  ақпараттық  жүйені  құру  жэне  да­
мыту,  ауыл  шаруашылығы  өнімдерін  өңдейтін  кәсіпорындарды 
техникалық-технологиялық қайта жарақтау жөніндегі материалдық- 
техникалық  базаны  дамыту  үшін  жағдай  жасау  және  т.б.  болып  та- 
былады.
138


Қазақстанда  ауылшаруашылығы  өндірісінің  басымдықты  да- 
муын  мемлекеттік реттеу механизмінде  бюджеттік  қаржыландыру- 
мен,  жеңілдікті  несиелеумен  жэне  салық  салумен,  тэуекелдер- 
ден  сақтандырумен  аграрлық  сектордың  түрлі  салаларындағы 
баға  тепе-теңдігін  белгілеумен  байланысты  экономикалық  шара- 
лар  үлкен  рөл  ойнайды.  Агроөнеркәсіптік  кешенді  субсидиялау 
субсидияны  нақты  алушыларды  бюджеттік  қаражаттан  біржола 
жэне  қайтарымсыз  негізде  қаржыландыру  жолымен  Ауылшаруа- 
шылықтың  дамуын  экономикалық  көтермелеу  ретінде  жүзеге  асы- 
рылады.  Ауылшаруашылығы  өндірісшілерін  субсидиялау  оларды 
жаңа  техникамен  жэне  жабдықпен  қамтамасыз  ету  мақсатында, 
сондай-ақ  өсімдіктердің  жоғары  бағалы  сорттары  мен  жануар- 
лар,  қүстар,  балықтар  тұқымының  генетикалық  қорын  сақтау 
үшін  аграөнеркәсіп  кешеніне  несие  берген  кезде  пайыздық  став- 
каны  арзандату  жолымен  жүзеге  асырылады.  Несие  беру  несиелік 
серіктестіктерді ұйымдастыру мен несиелеу, өндірілген тауарларды 
сатып  алу,  өндіру,  өңдеу  жэне  сату,  микронесиелеуді  ұйымдасты- 
ру  жолымен  ауылшаруашылығы  техникасы  мен  технологиялық 
жабдықтар үшін  лизинг  беру арқылы  ауылшаруашылығы  өндірісін 
қалыптастыру  мен  инфрақұрылымын  дамыту  мақсатында  жүзеге 
асырылады.
Рационалды  протекционизмнің  механизмінде  экспортты  суб­
сидиялау  жэне  отандық  ауылшаруашылығы  тауар  өндірушілер  та- 
уары  мен  импорттық  өнімнің  арасындағы  өзіндік  қүнды  арттыра- 
тын айырмашылықты тегістеу үшін өз  өндірушілеріміздің бэсекеге 
қабілеттілігін арттыратын импорттық салықтар мен басқа да салық 
түрлерін белгілеу пайдаланылады.
Аграрлық саланы реттеу механизміне АӨК орнықты дамуы үшін 
маңызды  мэні  бар  мақсатты  бағдарламаларды  пайдалану да кіреді. 
Бағдарлама ауылшаруашылығы өндірісінің дамуын қамтамасыз ету 
жөніндегі  шараларды,  сондай-ақ  қаржыландыру  мен  материалдық 
қамтамасыз  етудің  кепілді  көздерін  қарастырады,  бұл  орайда 
оның  іске  асуы,  орындалу  мезрімдері  мен  күтілетін  нәтижелер 
үшін  жауапкершілікте  болатын  мемлекеттік  жэне  коммерциялық 
қүрылымдар айқын анықталады.
Экономиканың  аграрлық  секторын  мемлекеттік  реттеу  билік 
органдарының жэне арнайы мекемелердің сапалы тауарлар шығару, 
ауылдың  әлеуметтік  жэне  инженерлік  инфрақұрылымын  дамыту,
139


аграриилер  әлеуетінің  өсуі,  экологиялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз 
ету  және  т.б.  үшін  стандарттарды,  нормативтерді,  нұсқаулықтар 
мен  эдістемелерді  жэне  ұсыныстарды  эзірлеу  жолымен  жүзеге 
асырылады.  Экономиканың  аграрлық  секторын  мемлекеттік  рет- 
теу  өз  механизмінде  ауылдық  аумақтарды  дамыту  бағдарламасын 
қамтиды,  ветеринария  қызметінің,  денсаулық  сақтау,  әлеуметтік 
қамсыздандыру, білім беру, мәдениет пен спорт қызметкерлерін Тар­
ту  оның  маңызды  элементі  болып  табылады.  Аталған  мамандарға 
мәслихаттың шешімімен 25% кем емес жоғары жалақылы тарифтік 
ставкалар  белгіленуі,  отын-суға  элеуметтік  көмек  пен  баспана  са- 
тып any немесе салу үшін элеуметтік жэрдем көрсетілуі мүмкін.
Экономиканың  аграрлық секторының  механизмі туралы  айтыл- 
ғандарды қорытындай келе келесі шаралады:
1)  ауылшаруашылығы  өндірісшілерінің  кірісін,  топырақтың, 
қүнарлылығын,  мал  шаруашылығының  өсімдік  шаруашылығының 
өнімділігін демейтін төлемдерді;
2)  өндірілетін тауарлардың нақты  номенклатурасына мемлекет- 
тік тапсырыстарды белгілеуді;
3)  қуатпен  қамтамасыз  етуге,  жылытуға,  несиелерге,  тэуекел- 
дерді сақтандыруға және т.б.  жеңілдіктер  белгілеуді;
4)  аймақтық  деңгейде  мемлекеттік  бағдарламаларды  жүзеге 
асыруға қаражат бөлуді;
5)  ауылшаруашылығы  өндірісінің  болашақтағы  тиімділігін  арт- 
тыру  үшін  үзақ  мерзімдік  шараларға  қаражат  бөлуді  атап  көрсету 
керек.
6)  «Агробизнес  -  2020»  бағдарламасының  қабылдануымен  ин- 
вестициялық  субсидиялар,  АӨК  субъектілерінің  займдарын  сак- 
тандыру  мен  қаржы  институттары  алдында  кепілдік  беру,  екінші 
деңгейдегі  банктерді  қорлармен  қамтамасыз  ету  ендігі  жаңа  меха- 
низмдер болмақ.
Осы  шараларды  іске  асыру  үшін  біртекті  механизмді  пайдала- 
ну  мүмкін  емес,  өйткені  бұл  жерде  Ауылшаруашылықтың  әртүрлі 
қосалқы  салалары  бар.  Мал  шаруашылығы  өндірісін  қолдау  ме­
ханизм! өсімдік шаруашылығына жэне аграриилер үшін машиналар 
мен технологияларды  жасаумен  айналысатын  өнеркәсіп  секторына 
эркезде  жарамды  бола  бермейді.  Дегенмен,  қаржыландыру,  ин- 
фрақүрылымын  жасау мен т.б.  сияқты  ортақ механизмі де болады.
140


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау