Жаттығу:
Индустриялық өнімнің физикалық көлемінің экономикалық
қызметтің негізгі көрінісі бойынша әріпсандары, %-бен 1990 ж.
Тау-кен өнеркәсібі
Өндеу өнеркэсібі
Элеістроқуатты, газ жэне суды өндіру жэне тарату
Дереккөз: ҚР статистика жөніндегі агенттігі
Берілген диаграммаға сипаттама беріңіздер. Шикізаттық бағыт
пен экономика дамуының бір жақтылығы жэне өнеркәсіптің
құрылымдық дипропорциясы неліктен пайда болды? Қазақстан
экономикасының қазіргі кездегі даму сатысындағы жағдайы қандай?
Ә
д
е
б
и
е
т
:
1. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы «Инвестициялар
туралы» Заңы.
2. Сборник инструментов государственной поддержки инду
стриально-инновационного развития Республики Казахстан.
http://www.rnint.gov.kz/?id=137
3. Кошанов А. К. Национальные экономические интересы и от
ношения собственности. Алматы. 2009 г. Гл 2. § 2.3.
3. Бирман Г., Шмидт С. Капиталовложения: экономический
анализ инвестиционных проектов. М. 2003 г. 4.1. Гл. 1,4.
134
10. ЭКОНОМИКАНЫҢ АГРАРЛЫҚ СЕКТОРЫН
МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Экономиканың аграрлық секторы - меншіктің эртүрлі форма-
ларына жататын кәсіпорындардан тұратын күрделі әлеуметтік-
экономикалық жүйе. Ауыл шаруашылығы капитал шығындайтын
өндіріс болып табылады жэне кез келген инвестор әртүрлі қажеттілігі
бар экономиканың бұл саласына өз қаражатын сала қоюға дай-
ын емес. Ауылшаруашылығы өндірісі әртүрлі табиғи-климат-
тық жағдайларда қызмет етеді, бүл да жекелеген аймақтардағы
шаруашылық субъектілеріне, өндірістің орналастырылуына қа-
тысты элеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыруда диффе-
ренциалды көзқарастың қалыптасуына түрткі болады.
Б ¥ ¥ Бүкілэлемдік ақық-түлік жэне ауылшаруашылығы ұйы-
мының болжамдары бойынша ет өнімдеріне жыл сайынғы сұ-
раныс 2050 жылға қарай 228-ден 463 млн. тоннаға дейін артады.
Мүйізді ірі қара малының басы 1,5-тен 2,6 млрд-ке дейін, ал ешкі
мен қой басы 1,7-ден 2,7 млрд-ке дейін артады. Дэнді дақылдар
жөніндегі халықаралық кеңестің болжамы бойынша әлемдік бидай
өндірісі 2011-2012 маркетингтік жылы 677 млн.тонна. 2011-2012
маркетингтік жылға соңғы болжам бойынша рекордтық 1,82 млрд.
тонна құраған.
ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша Қазақ-
станда, экономиканың аграрлық секторында 193,5 мыңнан астам
ауылшаруашылығы қүрылымдар болса, оның 185 мыңа жуығы -
шаруа жэне фермер қожалықтары болған. 2012 жылы 1 қаңтарға
қарайғы болжам бойынша шаруа қожалықтарының барлық
санаттарындағы мүйізді ірі қара малының басы 5750 мыңды (2010
ж - 6 млн-нан астам), қой мен ешкі 18258 мың басты (2010 ж. -
171,5 млн.), шошқа - 1257 мың (2010 ж- 1,5 млн) жылқы -11590 мың
(2010 ж. - 1,5 млн) басты, түйе 180 мың (2010 ж. - 155 мың) басты,
күс 32800 мыңды (2010 ж. - 33 млн) құраған. Бұл 2000 жылдың ба-
сымен салыстырғанда 1,5 есе көп. Қазақстан шаруашылықтарының
барлық санаттарында 2011 жылы сойылған салмағындағы ет
өндірісі 937 мың тонна, сүт 5247 мың тонна, жұмыртқа - 37335 млн
дана, жүн - 38,5 мың тонна, бункерлік салмағындағы орылған дэн
135
гектарына 18,5 центнерден айналған түсімінде - 29,9 млн тонна
құраған, оның 24 млн тоннасы бидай болған.
10.1. Ауылшаруашылығы өндірісін мемлекеттік
реттеудің мәні, күрылымы мен механизмі
Дамыған елдерге қарағанда, Қазақстанда ауылшаруашылығын
орнықты д амыту үшін мем л екеттік реттеу мен қолд ауға зәрул ік ед эу ір
жоғары, бұл шаруашылық жүргізудің кеңестік жүйесінен нарықтық
жүйесіне
трансформациялануға
байланысты.
Қазақстанның
тәжірибесі шаруашылық жүргізудің бір жүйесінен екінші жүйесіне
өту аграриилерге ауыр тиетінін, ал жекелеген аймақтарда бұл
үдеріс өте көп уақытты алатынын көрсетті. Экономиканың аграр-
лық секторын дамытудағы мемлекеттік реттеудің мақсаты ауыл
қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерінің қолайлы өмір
сүру жағдайы бар ауылдық аумақтар әлеуметтік және инженерлік
инфрақұрылымының қызмет етуі негізінде ішкі жэне сыртқы
нарықты бәсекеге қабілетті сапалы тауарлармен қамтамасыз ететін
орнықты жэне тиімді ауылшаруашылығын қалыптастыру болып та-
былады.
Мақсат ауылшаруашылығын дамыту үдерісін қамтамасыз ететін
келесі бағыттарды:
1) елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында
шаруалардың ұйымдық жэне шаруашылық әлеуетін анықтау үшін
экономиканың аграрлық секторындағы институционалды қайта
өзгерістерді;
2) нарықтық принциптердің артықшылығына жэне мемлекеттік
реттеу мен қолдауға негізделген фермерлік, шаруа қожалықтары
қызметінде нарықтық қатынастарды қалыптастыруды жэне қызмет
ету механизмдерін істетуді;
3) шаруалардың шаруашылық қызметінде ғылымның рөлін кү-
шейту мен олардың мал дәрігерлік-санитарлық және фитосани-
тарлық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуін;
4) шаруалардың сыртқы экономикалық қызметін экономикалық
шаралармен қолдауды;
5) мемлекеттік билік органдарының әлеуметтік және кадрлық
саясат саласында ауылдықтардың ішкі және сыртқы нарықта
136
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ ауылдарда халықты
ұтымды қоныстандыру мақсатында жүргізетін мақсатты жұмысын
айқындайды.
Ауыл шаруашылығындағы қайта өзгерістердің аталған бағыт-
тарынан қарастырылып отырған экономикалық сектордағы мем-
лекеттік реттеудің мэні де айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агро-
өнркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік
реттеу туралы» Заңында мемлекеттік реттеу:
1) мемлекет іске асыратын шаралардың мөлдірлігі;
2) отандық агроөнеркәсіптік өндірістің бэсекеге қабілеттілік
артықшылықтарын дамыту үшін мемлекеттік қолдау шараларын
беруде мақсатты сипатта болу;
3) ішкі нарықты адал емес бәсекелестіктен қорғау;
4) агроөнеркэсіп кешені қызметінің жэне ауылдық елді
мекендердегі тұрғындардың экологиялық қауіпсіздігі жэне т.б.
принциптерге сәйкес іске асырылатындығы туралы айтылады.
Аграрлық саладағы мемлекеттік реттеудің экономикалық мәні
оның келесі функцияларымен:
1) аграрлық салада нарықтық қатынастардың тиімді субъек-
тілерін қалыптастыру - тиісті құқықтық базамен, ғылыми негіз-
делген экономикалық, әкімшілік, ұйымдық формалары және кад-
рларды даярлау мен қайта даярлауды іске асыруға мүмкіндік беретін
реттеу тетігі бар тиімді субъектілерін - нақты меншік иелерін,
кәсіпкерлерді, менеджерлерді жэне т.б. қалыптастырумен;
2) ауылшаруашылығы өніміне орнықты сұраныс пен ұсынысты
қалыптастыру жэне қолдаумен айқындалады. Бүл бір жағынан
халықтың негізгі тобының кірісін қалыптастыру жэне халықты
еңбекпен қамту мәселесінің шешілуі болып табылады. Басқаша
жағынан алғанда отандық жэне шетелдік капиталды тарту үдерісі-
не көмектесу, өндірістің рационалды мамандануын көтермелеу,
өндіріске алдыңғы қатарлы ҒТП жетістіктерінің енгізілуі үшін
жағдай туғызу болып табылады;
3) ауылшаруашылығы өніміне оған тұрақты ұсыныс пен сұ-
ранысты көтермелейтін бағалар жүйесін бақылау жэне қолдаумен,
ауылшаруашылығы техникасын қамтамасыз ететін және сол өнімді
өңдейтін монополиялық құрылымдардың жағымсыз ықпалын жо-
юмен;
137
Достарыңызбен бөлісу: |