айналысады). Ғылыми зерттеулерді, жаңа техника мен жоғары
технологияларды өндіріске енгізуді мемлекеттік көтермелеудің
механизмі:
1) жекеменшік сектор тауарлары мен қызмет көрсетулеріне
мемлекеттік тапсырыстар жүйесін жетілдіруді;
2) жұмыскерлердің инновациялық фирмаларға ауысуына жағдай
жасауды;
3) тауарлар мен қызмет көрсетулердің сапалық стандартын арт-
тыруды ;
4) жекеменшік кэсіпорындар мен мекемелердің ғылыми зертте-
улер мен ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуді қаржыландыруды
көтермелеуді;
5) өндірістегі кооперацияның кеңеюін жэне инновациялық
тауарлар мен қызмет көрсетулерді ішкі және сыртқы нарықта
халықаралық еңбек бөлінісі негізінде іске асыруды қамтиды.
Мемлекеттік реттеуде АҚШ тәжірибесі кызығушылык ту-
дырады. Атап айтқанда, 1997 жылы АҚШ Конгресі қабылдаған
«Ғылыми және технологиялық саясат, ұйымдастырылуы мен
басымдықтары туралы» АҚШ заңы ғылыми-техникалық прогрестің
мүмкіндіктерін:
- әлемдегі АҚШ-тың көшбасшылық жағдайын қамтамасыз ету
үшін;
- материалдар мен өнімдердің тиімділігін арттыру үшін;
- елді азық-түлікпен, шикізатпен, материалдармен жеткілікті
қамтамасыз ету үшін;
- денсаулық сақтау сапасын арттыру мен салауатты және
эстетикалық тұрғыда жетілген табиғи ортаны жасау мәселелерін
шешу үшін;
- теңіздердің, мұхиттардың, жағалау аймақтардың, сондай-
ақ полярлық облыстардың сақталуын және олардың ресурстарын
тиімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін;
- экономиканы нығайту жэне толықтай жұмыспен қамтылуды
қамтамасыз ету үшін;
- білім беру мен халық ағарту сапасын арттыру үшін;
- елдің табиғи және адам ресурстарының сақталуы мен тиімді
пайдаланылуына көмектесу үшін;
- тұрғын үй қорын, көлік пен байланыс жүйелерін дамыту,
тиімді қоғамдық қызмет көрсетулерді қамтамасыз ету үшін;
128
~ aya мен судың денсаулық үшін зиянды ластануын немесе
тиімсіз дэрілік препараттар мен басқа да тамақ өнімдерін жою үшін;
~ космосты зерттеуге жэне бейбітшілік мақсатында қолдануға
жэрдемдесу үшін пайдалануды қарастырады.
АҚШ тәжірибесі бүл міндеттер күнделікті экономикалық
практикада елдің элемдік ғылым мен техникадағы көшбасшылық
жағдайының қамтамасыз етілуі, әлемдік технологиялық нарықта
арта түскен бэсекелестікті жеңуі, бэсеке қабілеттілікті сақтау
мен арттыруы, технологиялық базаның көмегімен елдің ұлттық
қауіпсіздігінің жасалуы, сыртқы нарық үшін күресте еңбек өнім-
ділігінің жэне өнеркэсіп тиімділігінің арттырылуы, сыртқы
экономикалық мақсаттарды іске асыруға жэрдемдесуі, жалпы өмір
сапасының жақсаруы арқылы нақты сипат алатынын көрсетеді.
АҚШ-та теориялық зерттеулерді мемлекеттік қаржыландырудың
жэне олардың нәтижелерін жекеменшік бизнеске өтеусіз берудің
дамыған жүйесі бар. Мұндай қырынан келу инновациялық
кәсіпкерлікті мемлекеттің қаржылай қолдауына жэне олар үшін
қажетті ортаны жасауға негізделген. Мемлекеттік қаржыландыру
нақты зерттеу бағдардамаларына жэне кадрлар даярлауға, жаб-
дықтар сатып алуға, ғылыми инфрақүрылымды дамытуға қаржы
салуға тармақтанады. Салықтық көтермелеу мен венчурлі кэсіп-
керлікке салықтық жеңілдіктер, жеделдетілген аммортизация,
кепілді займдар, субсидиялар түріндегі мемлекеттік көмектің
несиелік механизмі пэрменді жұмыс істейді. Субсидиялардың
пәрменділігі: инвестициялар көлемімен; тікелей жэне аралық
нәтижелермен; зерттеулердің жағымсыз әсерлермен; түпкілікті
нэтижелер көрсеткіштерімен сипатталады.
АҚШ-та инновацияларды реттеу мемлекет:
- мемлекеттік ресурстарды ғылыми-зерттеудің эртүрлі бағыт-
тары арасында бөлуді іске асыратын жэне мемлекеттік зерттеулер
құрылымын анықтайтын;
- ғылыми-зерттеулерді жэне оларды экономиканың жеке меншік
секторында іске асыруды ақшалай қаражатпен көтермелейтін;
- экономикадағы инновациялық климатты қалыптастыратын;
- зерттеулер мен әзірлемелерді қамтамасыз ету үшін ин-
фракұрылым қалыптастыратын, статистика, стандарттау, ғылыми-
техникалық ақпарат, халықаралық ынтымақтастық қызметі сияқты
жэне т.б. қызметтерді қүратын.
129
қоғамдық өндірістің энергетика, экология жэне т.б. сияқты же-
келеген салаларындағы зерттеулер үшін тікелей жауапкершілікте
болатын.
кадрларды даярлау және қайта даярлау бағыттар бойынша
жүргізіледі.
Көріп отырғанымыздай Қазақстанның мемлекеттік билік ор-
гандарына басқа елдер тәжірибесінен оқып үйренетін жэне қа-
былдайтын нэрселер бар.
Мыналар:
1) өтпелі кезеңде ғылыми әлеуеттен ішінара айырылу (ғы-
лыми қызметкерлердің эмиграциясы, жобалау-конструкторлық
институттардың ыдырауы жэне т.б.);
2) гылыми-зерттеу жұмыстарын, өндіріс пен қызмет көрсетулер
саласын аспаптармен жэне басқа да зерттеу күралдарымен қам-
тамасыз етудегі техникалық жэне технологиялық артта қалушылық;
3) қоғамдық өндірістің ресурс сыйымдылығының жоғарылығы
мен осының салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсулердің
бәсеке қабілеттілігінің төмендігі;
4) қолда бар ғылыми әзірлемелерді өндірістің элсіз қажетсінуі
(шетелдік фирмалар басшылырының менсінбей қарауы, отандық
фирмалар басшыларының жэне кәсіпкерлердің жаңа әзірлемелермен
жүмыс істеуге күлықсыздығы мен қырсыздығы) Қазақстанның
гылыми-техникалық жэне инновациялық дамуының ерекшелігі бо-
лып табылады.
2010 жылы Қазақстанда ғылымға кететін шығынның үлесі ел
ЖІӨ-нің 0,2% қүрады. Халықаралық академиялық кеңес дамушы
елдер үшін ғылымға шығындар үлесін ЖІӨ-нің 1-1,5% көлемінде
болуын ұсынады, яғни ұсынылған көрсеткіштерден кейін қалу 5-7
есе болып отыр. Бұл тұрғыда осы көрсеткіш Ресейде 1,3 %, Қытайда
- 1,4%, Германияда
2,5%, АҚШ-та - 2,8 %, Жапонияда - 3,3 %
құрап отыр. Қазақстанда берілген патенттер саны 1671, Ресейде
-19641, Қытайда
26292, АҚШ-та - 154760, Жапонияда - 217364
қүраған. Қазақстандық өндірістік фирмалар өздерінің ақшалай
қаражаттарын ғылымға жэне НИОКР өнімдерін сатып алуға сал-
майды, нәтижесінде олардың инновациялық белсенділігі 3-4 %
деңгейінде ауытқып отырады, бүл дамыған елдер көрсеткішінен тым
томен. Қазақстандық ғылыми-зерттеу кешенінің тагы бір кемшілігі
130
Достарыңызбен бөлісу: |