құю, қорғаныс мекемесшщ қажеттілігіне немесе елдегі қаржы
жағдайына қарай рентабелды емес өндірісті сатып алу сияқты
жолымен ауық-ауық араласып отырады. Осылайша, экономикаға
мемлекеттік араласу кездейсоқ, ретсіз сипатта болады. Сондықтан
араласуды мэннің көрініс беру түрі ретінде қарапайым формамен
атаута болады.
Қоғамдық өндірістің жан-жақты дамуына қарай мемлекеттің
экономикалық істерге едэуір тұрақты араласуына қажеттілік пай-
да болады. Қоғамның экономикалық қатынастары беткейінде мем-
лекеттің эртүрлі қүралдар мен механизмдер арқылы шаруашылық
үдерістеріне ықпал етуі жүріп жатады. Экономикалық істер-
де мемлекеттің белгілі бір экономикалық саясаты қалыптасады.
Мемлекеттің экономикаға ықпалы заң шығарушылық, әкімшілік
жолдармен, яғни мемлекеттік кәсіпорындар мен фирмаларды ку
ру жэне олардың қызметін тоқтату арқылы, мемлекеттік жэне
мемлекеттік емес құрылымдарды елдегі экономикалық жағдай
жайында, болашақты болжау мен үкіметтің жоспарлары туралы
хабардар ету, мемлекеттің аймақтың меншігіндегі ірі холдингтер
мен акционерлік қоғамдардың, қоғамдық өндіріс салаларының
қызметін реттеу жэне қабылданған заңдар мен шешімдердің орын-
далуын бақылау арқылы көрінісі береді.
Шаруашылық үдерістеріне мемлекеттің ықпалы қорғаныс қа-
жеттіліктері үшін мемлекеттік тапсырыстар мен сатып алулар,
құқықтық тэртіпті сақтау, мемлекеттік мекемелердің жұмысын
қолдау, халықтың белгілі бір бөлігіне әлеуеттік төлемдер жасау
жэне т.б. сияқты мемлекеттік бюджеттің қомақты бөлігін құрай-
тын эртүрлі шаралар арқылы да жүргізіледі. Мұнда мемлекеттік
ықпал жағдайға қарай емес, ретті, тұрақты сипатта болады. Даму
бағдарламалары негізінде болжамдар, жоспарлар жасалады, осы-
лардың негізінде билік экономикалық үдерістерге ықпал етеді.
Қандай да бір елдер азаматтарының элеуметтік қажеттілікте-
ріне кететін шығындар мемлекеттік шығындардың қомақты бөлі-
гін қүрайтын болды. Бұдан бөлек соңғы ондаған жылдар бойы адам
капиталының, ал одан кейін адам даумының теориясы пайда болуы-
мен білім беру мен денсаулық сақтауға кететін шығындар қоғамның
экономикалық дамуындағы маңызды факторы болып табылады.
Мүның бэрі шаруашылық үдерісінде мемлекеттің рөлін күшейте
түсті жэне нарықтық экономика қызметінің маңызды шарты бо-
11
лып отыр. Реттеудің едәуір дамыған түрі ретінде ықпал ету өзіндік
тұрғыда араласудан тұрады жэне осының салдарынан өмірде үстірт
тұрғыда ол ықпал етумен бір қатарда тұрады. Сонымен бірге,
қоғамдық өндірістің бір ғана реттегіші А. Смиттің «көрінбейтін
қолы» жоғалып та кетпейді.
Осыдан келіп олардағы көзқарастар қырлары мен тәсілдер де
әртүрлі. Билік органдарының шаруашылық үдерістеріне араласуы
ақшалай қаражатты құю, жеңілдікті несие беру, рентабелды емес
кэсіпорындарды сатып алу жолдарымен іске асырылады. Мем-
лекет алдына қойған мақсатын орындағаннан кейін бағыттағыш
қызметінен шығады, өстіп фирмаларға өз бетінше шаруашылығын
жүргізуге мүмкіндік береді жэне шаруашылық меншіктерінің
эртүрлі субъектілері арасындағы өзара қатынастарға қатысты
экономикаға ықпал ететін өз тэртіптерін орнатудан да кетеді.
Қоғамдық өндіріс дамуының белгілі бір сатысында экономи-
калық үдерістерге үздіксіз ықпал ету мемлекеттік реттеудің тари-
хи формасы болып табылады. Болжамдық жэне басқаша дерек-
тер негізінде жоспарлаумен, бағдарлаумен айналысатын арнайы
мемлекеттік мекеменің пайда болуы осыны растайды. Мемлекет
заң шығарушылық, қаржылық жэне қаржылық емес экономикалық
салада белгілі бір шараларды қолға алады.
Осыған орай, экономиканы мемлекеттік реттеу эртүрлі шару-
ашылық жүргізу субъектілері эрекеттесуінің белгілі бір тэртібін
экономикалық заңдардың жэне олардың көрініс беру формаларының
эсер етуіне сәйкес белгілеу болып табылады.
1.2. Экономиканы реттеудегі мемлекеттің орны мен
рөлі. ЭМР формалары мен тәсілдері.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі экономикадағы
мемлекеттік реттеу ауқымын жэне құралдарын түрақты модифика-
циялап отыруды қажет ететін тұрақты өзгерістерден туындаған.
Мемлекеттің рөлі мен орны қызметінің негізгі бағытын көр-
сететін оның функцияларымен айқындалады. Келесілерін: қү-
қықтық,
экімшілік-ұйымдастырушылық,
экономикалық,
жаңа
технологиялық негіздегі қайта жаңғыртушылық, бәсекелестікті
қорғау, тұрақтандырғыштық, болжамдық, бақылаушылық функци-
яларын бөліп көрсетуге болады.
12
Құқықтық функция шаруашылық жүргізу субъектілері арасын-
дағы мемлекеттік қорғауды қажет ететін едэуір маңызды қаты-
настарды реттейтін өзіндік құқықтық институт болып табылады.
Жаңа технологиялық негіздегі қайта жаңғыртушылық функци-
ясы ғылымның заманауи жетістіктеріне негізделген жаңа техно-
логиялық негіздегі өндірістің қалыпты дамына жағдай жасайды.
Бәсекелестіктен қорғау функциясы Қазақстан Республика-
сының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы «Бэсекелестік туралы»
№ 112-IV ҚРЗ Заңымен реттеледі, ол эрқайсының тиісті тауар
нарығындағы тауар айналымының жалпы шарттарына бір жақты
әрекет ету мүмкіндігін тиімді шектеп, нарық субъектілеріне бэ-
секелестік жағдайын туындатуды қарастырады. Бұл Заң бэсекелес
нарықта қандайда бір тауарды өндіруге, сатуға немесе сатып алуға
тек мемлекет құқылы мемлекеттік монополия салаларын қорғаудың
ұйымдық-кұқықтық формаларын егжей-тегжейлі түсіндіреді.
Мемлекет монополияларға қатысты дифференциалды көзқа-
расты ұстануы тиіс екенін атап өту қажет. Экономикада табиғи
монополия аймақтарын сақтау мақсаты көзделеді, басқа фир-
маларға қатысты монополияға қарсы қатаң саясат жүргізілуі тиіс.
Монополияға қарсы мемлекеттік саясаттың негізін тиісті заң құ-
райды, онда бэсекелестікті қорғауға жэне күшейтуге, мезгілінен
бұрын экономикалық пайда табу мүмкіндігін төмендетуге арналған
құқықтық нормалар көрсетілген. Үйымдастыру шаралары нарықты
ретімен либерализациялау жолымен жүргізілетін монополияға
қарсы саясатты мақсат тұтады.
Тұрақтандыру функциясы үкіметтің экономикалық өсімді қам-
тамасыз етуге, толық жұмыспен қамтуға жэне бағаны тұрақтан-
дыруға бағытталған қызметі болып табылады. Өндіріс көлемін
ұлғайту үшін, оны қамтамасыз етуге жиынтық шығындардың өсуі
қажет, оған нарықтық экономиканың қауқары жетпейді.
Экономикалық дамудың басым бағыттарын болжамдық функ
циясы айқындайды, ол экономикалық дамуды болжау, ғылым мен
техниканың үрдісін жэне бағытының барысын айқындау, нарық-
тық шаруашылық жүргізу механизмдерін қалыптастыру, халық-
тың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету мен жұмыссыздықты
реттеу негізінде әзірленеді.
Мемлекеттің бақылаушылық фунциясы мемлекеттік заңнама-
лық жэне қосалқы заңнамалық фунцияларының орындалу не-
13
Достарыңызбен бөлісу: |