Оқулық Алматы, 2014 Әож 330(075. 8) Кбж 65 я73 ж 39


  МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК



жүктеу 6,32 Mb.
Pdf просмотр
бет27/68
Дата31.01.2020
өлшемі6,32 Mb.
#27882
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68

6. 
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК 
ОРТАНЫ Қ¥РУЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ РЕТТЕУІ
6.1.  Қазақстан экономикасында бәсекелестік 
ортаны қалыптастыру
Қазіргі  заманғы  экономикалық  әдебиетте  бэсекелестік  ұғы- 
мының  эртүрлі  анықтамасы  бар.  Бірқатар  авторлар  біздің  тари- 
хымыздың  кеңестік  дәуіріндегі  анықтамларды  ұстанады  жэне  бұл 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілер  арасындағы  экономикалық 
бақталастықтың  антагонистік  формасы,  осымен  бэсекелестіктің 
өзіне  теріс  көзқарас  туындатады  деп  атап  көрсетеді.  Шын  мәнінде 
бәсекелестік тиісті тауар нарығында нарық субъектілерінің жарысқа 
түсу  қатынастары  болып  табылады.  Бүл  бәсекелестік  ұғымы  К. 
Маркстың  «Капиталында»  бар,  онда  негізгі  мэтінге  мазмұнда  ол 
жарыстың тартыстылығы туралы жазады.
Тартыстылық қатынастарға қолдау жасау кәсіпкерлік орта үшін 
ғана емес, экономикадағы тұрақтылықты жэне халықтың әлеуметтік 
қорғалуын ұстап түру үшін де  мемлекетке  қажет.  Жеке  кәсіпкердің 
мақсаты  аз  шығындармен  көп  табыс  табу  болса,  онда  олардың 
әрқайсысы  нарықта  басым  немесе  монополиялық жағдайда болуға 
үмтылады.  Бізде,  Қазақстанда  монополиялық  қызмет  түрлеріне: 
нарық  субъектілерінің  бәсекекге  қарсы  келісімшарттары;  нарық 
субъектілерінің  бәсекеге  қарсы  келісілген  эрекеттері;  басым 
жэне  монополиялық  жағайды  теріс  пайдалану  жатады.  Қазақстан 
Республикасының  «Бәсекелестік  туралы»  заңының  2-тарауын- 
да  адал  емес  бэсекелестікті  қоса  осы  монополиялық  қызмет 
түрлерінің  әрқайсысы  нақты  жазылған.  Заң  бойынша  басым  не­
месе  монополиялық  жағдайға  иелік  етуші  ретінде  тиісті  тауар 
нарығын  бақылауға  немесе  тауар  айналымының  жалпы  шартта- 
рына  ықпал  етуге  мүмкіндігі  бар  нарық  субъектілері  танылады. 
Қазақстан  нарығында  басым  жағдайға ие  болу ретінде  тиісті  тауар 
нарығындағы үлесі  35  пайызды құрағанда жэне одан да көп болған 
субъектілер танылады.
Мемлекеттің  монополияға  қарсы  саясатының  мақсаты  тиімді 
бақылау,  нарықта  бар  монополиялар  қызметін  шектеу  және  жаңа
83


бірлестіктердің  пайда  болуына  жол  бермеу  болып  табылады. 
Мақсатты іске асыру бірқатар міндеттерді атқару,  атап айтқанда  :
1)  монополиялық  бірлестіктер  қызметін  реттейтін  жэне  ба- 
қылайтын заңнамалық базаны жасау;
2)  орталықта  жэне  жергілікті  жерлерде  тауар  нарығындағы  си- 
туацияны қадағалайтын жэне монополиялану деңгейін анықтайтын 
мемлекеттік институттарды қүру;
3)  монополиялық  жағдайын  теріс  пайдалануға  ықпал  ететін 
механизмдер  мен  тетіктерді  пайдалану  арқылы  жүзеге  асады. 
Ықпал  ету  тетіктеріне:  сіңісу  жэне  сіңу  үдерістеріне  тыйым  салу; 
монополиялық  күрылымдарды  мәжбүрлеп  бөлу;  монополиялық 
бірлестіктерді  қайта  жекешелендіру;  салық  салу  ставкасын  көтеру, 
монополиялық бірлестіктер бағасын реттеу жэне т.б.  жатады.
Әлемдік тэжірибеде  монополияланудың  екі  көрсеткіші:  шоғыр- 
лану  коэффициенті,  немесе  CR  (ірі  компаниялардың  тиісті  тауар 
нарығындағы басым жағдайын көрсететін concentration rations;  мы- 
салы, CR-5, CR-10 және.т.б.) бар. Екінші көрсеткіш ол Харфинделл- 
Хиршман индексі (ИХХ)  ол былайша есептеледі:
и х х
 = 
,
; = І
Мұнда, 
X
.
 -  фирманың нарықтағы % көрсетілген і үлесі, п -  тау­
ар нарығындағы фирмалардың жалпы саны.
Қалыптасқан  ситуацияға  қарай  нарықтық  экономикасы  бар  ел- 
дер монополияны шектеу үшін монополияға қарсы реттеудің келесі 
әкімшілік  шараларын:  монополияға  қарсы  заң  қабылдауды,  салык 
саясатын және мэжбүрлеп монополиясыздандыруды  пайдаланады.
Қазақстан  заңнамасы  тартыстылыққа,  адалдыққа,  заңдылық 
пен  тұтынушылар  құқын  сақтауға  негізделген  бәсекелестік 
принципін  көздей  отырып,  бәсекелестік  қатынастар  саласындағы 
мемлекеттік реттеудің рөлін  едәуір  ауқымдырақ аяда  қарастырады. 
Атап айтқанда, біздің заңнама бойынша мемлекет үлттық мүдделер 
мен  үлттық  қауіпсіздік  тұрғысындағы  қажеттіліктен  ғана  емес, 
бәсекелестік  жоқ  немесе  жеткіліксіз  дамыған  тауарлар  өндірісіне 
қоғамдық қажеттіліктің болуы түрғысынан да кәсіпкерлік қызметке 
қатысады.
Тиісті  тауар  нарығында  бәсекелестік  қатынастарды  үстап  түру 
үшін  мемлекет  нарықтық  жеке  субъектілеріне  мүліктік  немесе
84


ақшалай көмек көрсетеді.  Тұғырлы жэне қолданбалы ғылыми зерт- 
теулер  жүргізгенде,  ауылшаруылығы  өнімін  өндіргенде,  шағын 
жэне  орташа  кәсіпкерлік  субъектілеріне  қолдау  жасағанда  да 
мемлекеттік көмек көрсетіледі.
Экономикада  мемлекеттің  рөлі  күшейген  жағдайлардағы  мем- 
лекеттік  органдардың  бәсекелестіктің  шектелуіне  немесе  бәсе- 
келестіктің  жойылуына  немесе  тұтынушылар  құқығының  бұзы- 
луына экеп соғатын бәсекелестікке қарсы әрекеттеріне тыйым салу 
мен оны жарамсыз деп тану маңызды нәрсе болып табылады.
Бәсекелестік  қатынастарды  қорғаудағы  маңызды  нәрсе  оларды 
сіңістіру немесе  қосу жолымен нарық кәсіпорындарын  қайта құру; 
кәсіпорындардың,  мекемелердің  жарғылық  капиталындағы  дау- 
ыс  алатын  акциялардың  25%  астамына  иелік  ету  құқын  алу  үшін 
оларды  сатып  алу  арқылы  экономикалық  шоғырлануға  мемлекет- 
тік  бақылау  жасау  болып  табылады.  Мемлекеттің  реттегіш  рөлі 
тұтынушылардың  немесе  үлттық  немесе  мемлекеттік  мүдделерге 
орай экономикалық шоғырлануға тыйым салу немесе келісім  беру- 
ге құқылы болуынан көрініс табады.
Нарықтық  қатынастар  монополизациялануға  қарсы  тұратын 
факторларды  туындататынын  атап  өту  керек,  олар  алмасытрғыш 
тауарларды  жасаумен,  тауар  өндірушілер  мен  тұтынушылардың 
басқаша  ықыласымен  жаңа  тауарлардың  жасалуы  салдарынан  тұ- 
тынушылардың  таңдау  басымдығының  алмасуымен,  нарықтық  қа- 
тынастарды жаһандануымен көрініс береді.
Осылайша,  қоғамдық  өндірістің  қандай  да  бір  түрлерінде  мо­
нополия  жасалу  жолдары  тым  көптүрлі  болады.  Мемлекеттің 
бәсекелестік қатынастарды қорғау жолдары да әрқилы. Мемлекеттің 
реттегіш  әрекетіндегі  басты  нэрсе  -   бэсекелестік  қатынастарды 
қорғау  ғана  емес,  бэсекелестіктің  ең  негізгі  принциптері  -  
тұтынушылардың құқығын сақтау болып табылады.
6.2.  Қазақстан экономикасындағы монополияға қарсы
реттеудің спецификасы
Қазақстан  дербес  мемлекет  ретінде  нарықтық  экономика 
жағдайында өмір сүрмеген.  Оның үстіне КСРО құрамында біріңғай 
халық шаруашылығы кешенін құру жоспарында Қазақстанға КСРО- 
ның  еуропалық  бөлігінің  шикізат  беретін  қосалқысы  рөлі  берілді 
де,  Қазақ  КСР  аумағында  (Теміртауда,  Жезқазғанада,  Балқашта,
85


жүктеу 6,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау