Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет122/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   140
kabysheva-topyraktanu

Сортаң топырақтар


Елуінші жылдары басталған тың игеру эпопеясынан кейін Қазақстанда бос игерілмей жатқан жақсы жерлер қалмады. Ал қосымша күш жұмсап, жерді жақсартып пайдалануға болатын- дай етіп игеретін жерлер жеткілікті. Сондай жерлердің бірі – сортаңданған жерлер.


Сортаңданған жерлер – тұзданған жерлердің бір түрі. Бұл жерлердің шын мəнісінде сорланған топырақтарға қарағанда жоғары кабаттарында өсімдіктердің өсуіне зиян келтіретін ащы тұздары жоқ, олар кезінде бар болғанымен, кейін жауын-шашынмен жуылып, топырақтың төменгі қабаттарына шайылып сіңіп кеткен. Деген- мен, кезінде суға ерігіш тұздардың құрамындағы натрий катионы топырақтың құрамына еніп, барынша қанығып, сіңіп қалған. Бұл жерлерде топырақтың сіңіру құрамының 20%-дан астамы осы на- трий катионының үлесіне тиеді. Мұндай жерлерді егістікке иге- руге қиындық келтіріп тұрған – осы натрий катионы. Құрамында натрийі мол топырақтарда органикалық жəне коллоидты мине- ралды бөліктер бірігіп, байланысу орнына, ылғалдан ісініп, ыды- рап, сумен төмен шайылады. Осының нəтижесінде топырақтың жоғары қабатындағы құнарлы заттар төмен ығысып, жоғары қабаттың түсі кремнийге байығандықтан бозғылт тартады, оның есесіне топырақтын төменгі қабаты ұнтақталған коллоидты жəне органикалық қосылыстарға қанығып, түсі қара қонырға ай- налады, ал оның реакциясы сілтілі болады. Су тиген кезде бұл қабаттың көлемі ісініп, жібіп, батпаққа айналады, ал кепкен кезде құрылымы ірі кесекті, бағаналы болып, қатып қалады. Бұл қабатта суға ерігіш тұздар жоқ, ал төменгі қабатта жоғарыдан шайылып сіңген тұздар жеткілікті. Осы тұздардан жоғары жатқан сорланған қабаттың физикалық қасиеттерін алдын ала жақсартпайынша, мұндай жерлерден жақсы өнім алуға мүмкіңдік жоқ. Қазақстанда 75 млн гектардай сортаңданған жерлер бар.
Қазақстанның сортаңданған жерлерін зерттеу жұмыстары 1956 жылы басталған еді. Бұл жұмыстарды Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның Топырақтану институты негізінен үш бағытта жүргізген болатын.

  1. Сортаңданған жерлерді картаға түсіріп, агромелиоративтік қасиеттерін анықтау үшін территориялық зерттеулер жүргізу. Сортаң топырақтың əртүрлі табиғи аймақтарда орналасуына, агромелиоративтік қасиеттеріне қарай оларды игеру, жақсарту жолдары да əрқилы. Сондықтан сортаң жерлерді алдымен картаға түсіріп, олардың əрқайсысының шекараларын анықтау қажет. Мұндай жұмыстарды Қазақстанның терістігі, орталық жəне шығысында Топырақтану институтының ғалымдары, батысын- да кезіндегі Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылым академиясы

жайылым-шабындық шаруашылығы институтының ғалымдары жүргізді.

  1. Сортаң жерлерді игерудің əдісі мен технологиясын жетілдіруде тұрақты тəжірибе жұмыстары жүргізілді. Қолданған əдістердің арқасында жақсы нəтижелер алынды.

Фитоагротехникалық мелиорация əдісі негізінен шалғынды- далалы жəне далалық қалдық сортаңдар кешенін игеру үшін қолданылады. Мұнда жерді сортаң қабатына дейін қайырмалы əдіспен жыртады да, одан төменгі қабатын қайырмасыз əдіспен терең қопсытады. Жыртылған жерге дəнді-бұршақты дақылдар ара- ластыра егіледі. Бұл əдіс орта есеппен гектарынан 15 центнер шөп, ал шөпті жыртып, астық еккенде, гектарынан 10 центнер дəн береді. Агрохимиялық мелиорация. Бұл əдіс – сортаңның химиялық қасиетін жақсарту үшін арнайы өңдеу арқылы топырақтың төменгі
қабатында жатқан əк пен гипсті пайдалану.
Ол үшін сортаң топырақтарды терең етіп, плантажды не- месе топырақтың əр қабатын арнайы өндейді. Өнделген жерге көпжылдық бұршақты шөптер егеді. Шөп өнімі гектарына 15-22, ал шөп жыртылған жерге егілген арпа гектарына 9-12 центнер өнім береді.

жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау