Оқулық Алматы, 2013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



жүктеу 3,79 Mb.
бет119/140
Дата09.12.2023
өлшемі3,79 Mb.
#44625
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   140
kabysheva-topyraktanu

13-ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН ТОПЫРАҚТАРЫ

    1. Қазақстан топырақтары жəне олардың

қалыптасуының экологиялық жағдайы


Қазақстанның барлық жер қоры ауданы 272 млн 490 мың гектар. Жер кодексінің 1 бабына сəйкес Қазақстан Республикасы жер қоры нысаналы мақсатына сəйкес келесідей санаттарға (категорияларға) бөлінеді жəне 2006 жылғы есеп бойынша олардың алатын ауданы төмендегідей:



  1. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер – 85,0 млн. га;

  2. елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері – 21, 2 млн, га;

  3. өнеркəсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері жəне өзге де ауылшаруашылық мақсатына арналмаған жер – 2,5 млн.га;

  4. ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекриациялық жəне тарихи-мəдени мақсаттағы жер

  • 3,3 млн. га,

  1. орман қорының жері – 23,4 млн. га;

  2. су қорның жері – 3,7 млн. га;

  3. босалқы жер – 122,0 млн га.

Қазақстанның жер қорының 222,6 млн. гектары ауыл шаруашылығы алқаптары (барлық жер ауданының 81,7%-ы). Оның ішінде:

  • егістіктер ( жыртылған жер) –23,2 млн. га;

  • көпжылдық екпелер егілген жер – 115,5 мың га;

  • тыңайған жер – 5,4 млн га;

  • шабындықтар – 5,5 млн га;

  • жайылымдар – 189 млн. га.

Еліміздің жер қорының топырақ жамылғысы алуан түрлі бо- лып келеді (26-кесте). Еліміздің топырақ жамылғысы ішінде құнарлылығы төмен, пайдалану үшін оларды жақсарту (мелиора- ция) жұмыстарын іске асыру қажет кейбір, кебірленген, сорланған, су жəне жел эрозиясына төзімсіз топырақтар түрлеріде мол тараған. Қазақстанның жер қоры өте мол, оның топырақ жамылғысы құрамында құнарлылығы жақсы, егіншілікте қолдануға тиімді
топырақтармен қатар егіншілікке тиімсіз құнарлылығы төмен топырақ түрлері кездеседі.
Сондықтан еліміздің жер қорын экологиялық жағынан негізделген бағдарлама бойынша тиімді пайдалану қажет. Қазіргі уақытта жер қорын пайдалануда байқалған келесідей келеңсіз жайттар қалыптасқан: өндіріс орындарының қалдықтарымен ластанған, бүлініп істен шыққан 169,7 мың гектар жер; жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды барлау өндіру, оларды тасы- малдап, байыту кезінде қалыптасқан карьерлер, үйінділер жердің топырақ жамылғысын жойған. Топырақ өзінің басты экологиялық қызметтерін – биологиялық масса өндіруін жəне атмосфераның химиялық құрамын реттеуге қатысуын жоғалтқан. Яғни топырақ өлі денеге айналған. Сөйтіп бұл жерлердің экологиялық-санитарлық жағдайы төмендеген.
Елімізде «қорғаныс» мақсатына бөлінген, ядролық қару- жарақтарды сынау, ғарыш кемелерін ұшыру кезінде оның қалдықтарымен немесе олардың сəтсіздіктен жерге жарылып қайта құлауынан радиацияға шалынып, бұзылған, улы заттармен ластанған жерлер ауданы 20 млн. гектардан асып түседі. Бұл жерлердің басым бөлігі Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.
Жер қорының экологиялық жағдайын қарастырғанда Қазақстандағы шөлейттену құбылысы туралы мəселе ерекше орын алады. «Шөлейттену» деген ұғым əртүрлі факторлар əсерінің, климат өзгеруінің жəне адам əрекетінің нəтижесінде жартылай құрғақтау жəне құрғақ климатты аудандардағы топырақ деградация- сын білдіреді.
26-кесте

жүктеу 3,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   140




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау